7


'Кірме сөздер' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі 5 сынып.Тақырыбы: Кірме сөздер.Мақсаты: 1. Басқа тілден енген сөздер туралы деректерді өздері ізденіп, таба білуді үйренеді;2. Блум тапсырмалары арқылы оқушылардың білім, түсінік, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бойынша құзыреттіліктері қалыптасады.3. Бірлесе
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 5 сынып.

Тақырыбы: Кірме сөздер.

Мақсаты:


1. Басқа тілден енген сөздер туралы деректерді өздері ізденіп, таба білуді үйренеді;

2. Блум тапсырмалары арқылы оқушылардың білім, түсінік, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бойынша құзыреттіліктері қалыптасады.


3. Бірлесе топта, жұпта, жекелей жұмыс орындайды.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Кірме сөздер тақырыбы бойынша бір-бірімен пікір алмасады, ой бөліседі, Өзара бағалау арқылы әділ бағалауды үйренеді.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

«Психологиялық ахуал орнату» жаттығуы.


Оқушылар туған айларына қарай бір қатарға тұрады. Яғни, қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін. Бір-екіге саналып, бір сандарын атағандар орнында, екі санын атағандар оларға қарама-қарсы жұптасы болып тұра қалады. Бір-біріне комплимент айтып, қолындағы жасанды гүлдерін ұсынады. Гүлдің түрлері: қызғалдақ, раушангүл. Сол бойынша топқа бөлінеді.


Коллаборативтік қолайлы орта қалыптастыру.


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларды топқа бөлу. Жокейлерде сұрақтар, жылқыларда жауаптар болады, Жылқылар жокейлерін табады.

Оқушылар сұрақтың жауабын тауып оқиды, қалғандары дұрыс, бұрыстығын айтады, қосары болса жауаптарын толықтырады.

Үлестірме қағаздар

Жаңа тақырыпқа шығу.

Жаңа сөздер мен кірме сөздер жазылған кестені іліп, сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Тақырыпты өздері табады

Түрлі-түсті фломастер, ақ қағаз, стикер

Жаңа сабақ

Оқушылар мақсат қояды . Жаңа тақырыпты оқиды. Блумның деңгейлі тапсырмаларын орындайды.

Блумның 1,2 деңгейлі тапсырмаларын жұппен, 3,4 деңгейлерін топпен, 5,6 деңгейлерін жекелей орындады.


Деңгейлі тапсырмалар

Бекіту

Тақырыптық тест «ия, жоқ»- жауаптары бойынша.

Оқушылар жекелей орындайды.

Тест парақтары

Кері байланыс

«Жетістік ағашы»

Өздерінің «Жетістік ағашының» қай тұсында екенін белгілейді.

«Жетістік ағашы» парағы

Үй тапсырмасы

184-жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал