7


  • Учителю
  • Қисынды сөз-ой көркі. Жаттығу жұмыстарын орындату

Қисынды сөз-ой көркі. Жаттығу жұмыстарын орындату

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қисынды сөз-ой көркі.Жаттығу жұмыстарын орындату

Сабақтың мақсаты : а)Қисынды жүйелі сөйлеуге үйрету,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;

б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндір

Сөз құдіретін түрік туыстар "Он сөз өзен тоқтатар" деген мақалмен түйіндеген. Дегенмен, адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін - құр жағын жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. ХІ ғасырда өмір сүрген тәжік шайыры Кайкавус "Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы - ұқыпты сөйлеу", - дейді. Бұл жерде әңгіме сөздің тұжырымды, айқын, бейнелі болуы жайында екені түсінікті. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды қасиетін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә. Науаи : "Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді" ,- деп көрсетеді.

Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықылысына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берген. Бұл жөнінде Құранда да айтылған: "Менің пенделеріме айт: жақсы сөздер сөйлейтін болсын", - деп.

Әрине, сөйлей білу - үлкен өнер. Ол арымай -талмай, шешендік сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. Абай: "Тіл өнері -дертпен тең " , -деп, өткеннің сабағы, өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр. әсем сөйлеуге көп тығдап, көп оқып, қалықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары - мақал, мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жалығып, төселеді. Халықтың "Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды, бір айтпаса нақылды - ақылсыз айтпайды" деген тұжырымы содан шыққан. "Жұздің көркі - сақал, сөздің көркі -мақал" деген де соған мегзейді.

Сондықтан, балалардың жас кездерінен бастап өлең - жырлар жаттап, шешендің үлгілілерді, неше түрлі тәмсіл сөздерді жаттап өсуі, өзінің де тақпақ, өлең жазуға талпынып, үй ішінде, сынып, мектеп жиындарында тартынбай сөйлеп, ойын түсінікті, бейнелі етіп айтып жеткізуге машықтанулары, ата-ана, тәрбиеші -ұстаздар оларды соған тәрбиелеуі қажет. Бұл ретте бүлдіршіндерге ертегі айтып беру, өздеріне айтқызу, жұмбақтар шешкізу, сөз ойындарын ойнату аса пайдалы болмақ. Сөйлеудегі ең жақсы қасиет -ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын, күміс, гауһардың қымбат санаулы -олардың аздығы, тазалығы десек, қысқа, қоспассыз, ұғымды сөз де қадірлі. Орыстың аса шебер жазушысы А.П. Чеховтың "Қысқалық - таланттың сыңары" деуі де сондықтан. Ғұламалар "Көп нәрсенің қадірі болмайды" дегенді айтады. Мұның сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Бұрынғының даналарынан "Қанша көп сөйлесең, сонша аз айтасың" деген нақыл қалған. "Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді" деген нақылдардың да маңызы зор.

Жаттығумен жұмыс: 97-98-99-жаттығу Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Тілдерек




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал