- Учителю
- Открытый урок по теме 'Телевидениенің бағдарламалары'
Открытый урок по теме 'Телевидениенің бағдарламалары'
Ашық сабақ
12. 03. 2015 жыл
9 «А» сынып. Қазақ тілі.
С/тақырыбы: «Телевидениенің бағдарламалары»
С/мақсаты: оқушыларды телевидениенің бағдарламаларымен таныстыру, оқушыларды бір бағдарламаның үзіндісін көрініс ретінде көрсетуге ынталандыру және жобалауға үйрету
С/міндеттері:
1.Өткенді қайталау: телевидение, Алматы телевизия мұнарасы туралы оқушылардың білім деңгейін анықтау;
2.Үй жұмысын тексеру: «Қазақстан телеарналары» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере алуын анықтау және Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелеуін жауаптарын тыңдау, жазба жұмысын орындауын тексеру
3.Оқушыларды 3 топқа бөлу, бағалау парағымен жұмысын түсіндіру.
4. Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру, бір бағдараламаның үзіндісін көрсетуге ынталандыру және «Денисовка телевидениесі» жобаны қорғау
5.Рефлексияны өткізу, бағалау, қорытындылау
С/әдісі: сұрақ-жауап, сөйлесу, түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау, АКТ, жоба технологиясы, топтық жұмыс, бағалау формалары
С/түрі: аралас
С/көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, түрлі түсті маркерлер, ватман, тест сұрақтары (үлестірмелі қағаз)
Пәнаралық байланыс: информатика сабағы, физика, әдебиет, музыка, әдеп, дене шынықтыру сабақтары
С/барысы:
Саб.
Кезеңі, уақыты
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Ескертпе
1.Ұйым-дастыру кезеңі, 3минут
-Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Тренинг өткізу
Бағалау туралы айту
-Сәлемдеседі
-Кезекші мұғалімнің сұрақтарын жауап береді
-Оқушылар тренингте қатысады.
Мен саған бүгінгі сабақта жақсы білім алуға тілектеспін
Мен саған бүгінгі сабақта бес алсын деймін
Сен бүгінгі сабақта жақсы білім ал
Телевидение туралы көп біл
2.Өткенді қайталау, 7 минут
Сұрақтарға жауап беру:
Телевидение туралы:
1.Қазіргі радио мен телевидениеде қандай өзгерістер болып жатыр?
2.Хабарларды түсіру мен беруде қандай жаңа технологиялар қолданып жатыр?
3.Коммерциялық телевидение дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қоғамдық телевидение халықты қандай бағдарламалармен қамтуға тырысады?
5.Теледидардан қандай бағдарламаны көргенді ұнатасыңдар? Неге?
6.Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні қашан?
Алматы телевизия мұнарасы:
7.Телевизия мұнарасы деген не?
8.Ол қай жерде орналасқан?
9.Мұнараның биіктігі қандай?
Сұрақтарға жауап береді:
1.Қазіргі радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр.
2.Хабарларды түсіру мен беруде сандық технологиялар қолданып жатыр
3.Коммерциялық телевидение - ақылы телевидение
4.Қоғамдық телевидение халықты жаңалық және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады
5.Теледидардан білімдік бағдарламаны көргенді ұнатамын. Өйткені олар білім деңгейін көтереді.
6.1996 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қарашаны бүкіл дүниежүзілік теледидар Күні деп жариялады
7.Радио-телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені
8.Көктөбенің беткейінде орналасқан
9.372 метр
Интерактивті тақтада суреттері көрсетіледі
3.Үй жұмысын
Тексеру, 7 минут
«Қазақстан телеарналары» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру:
А)1.Қазақстан Республикасында қандай телеарналар бар? Атап шығыңдар
2.Қандай телеарнаны жиі көресіңдер?
3.Қазақстан» телеарнасынан қандай хабарлар беріледі?
4.Қазақстандық теледидар хабарлары сағат нешеде басталады? Аяқталатын уақыты қашан?
5.Қандай телеарнадан білім беру хабарларын көруге болады?
Ә)Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелеңдер
Б) «Хабар» телеарнасы бойынша өздеріңе ұнайтын бағдарламалар бойынша кестені толықтырыңдар
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді:
1.»Қазақстан», «КТК», «Хабар», «31 арна», «Евразия», «НТК»
2. «КТК» арнасын жиі көремін
3. «Таңшолпан», «Сырғалым», «Айтуға оңай», Жаңалықтар, «Ұлы Жеңіске - 70 жыл», «Жарқын бейне» және тағы басқалар
4. Қазақстандық теледидар хабарлары сағат таңғы алтыда, жетіде басталады? Аяқталатын уақыты - түнгі сағат екіде, үште?
5. «Қазақстан» телеарнасында «Поэзия әлемі» хабарын, «Евразия» телеарнасында «101 кеңес» хабарын көруге болады.
Ә)Қазақстан телеарнасында «Таңшолпан» танымдық бағдарламасы өте көп мәлімет береді
Б)Оқушылар жазбаша түрде тапсырмасын көрсетеді, түсіндіреді.
Интерактивті тақтада сызба берілген, оқушылар тақтада флипчарт бойынша толтырады
4. Жаңа сабақ, 12 -14 минут
1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді: әр түрлі түсті қағаздарда телеарналардың аты жазылған, буынға бөліп, оқушылар буындарды қосып, арнаның атын тауып, топтар ұйымдастырылады.
«Қазақстан», «Евразия», «Хабар»
2.Тапсырма: берілген бағдарламаларды мұқият оқып, өз арнасының бағдарламасын табу:
Сөздік жұмысын өткізу кейбір сөздермен жұмыс
«Пусть говорят», «Жаңалықтар», «Бармысың, бауырым?», «Жаңа күн», «Айтуға оңай», «Ұлт мақтанышы», «Ду қол шоколад», «Караоке такси», «Спорт әлемі», «Айтұмар», «Ұлт саулығы», «Сәтті сауда», «Баламен бетпе-бет», «Жаңалықтар», «Жарқын бейне», «Жұма уағызы», «101 кеңес», «Әр үйдің сыры басқа», Таңшолпан»
3.Тапсырма: Әр топ өзінің арнасында өтетін бір бағдарламаны таңдап алып, әңгімелейді, ноутбук бойынша бейнесюжет тауып көрсету, рольдерін орындап үзіндісін көрсету. Әр топ бір-біріне баға қояды
Бағалау критерийлері:
1.Бағдарлама туралы әңгімесі қысқа, ең негізгі бағдарламаның жұмысы (жарнама түрінде)
2.Бейнесюжетінің сапасы өте жақсы, түсінікті, қысқа, мерзімі 1 минут.
3.Үзіндісі 1минуттың ішінде орындалып, аяқталу керек.
1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді
«Қазақстан», «Евразия», «Хабар»
2.Телеарналар:
«Қазақстан»
«Евразия»
«Хабар»
«Таңшолпан», «айтуға оңай», «Баламен бетпе-бет», «Жаңалықтар», «Ұлт мақтанышы», «Жарқын бейне»
«Пусть говорят», «Жаңалықтар»,»Жұма уағызы», «Ду қол шоколад», «Караоке такси», «101 кеңес»
«Бармысың, бауырым?», «Жаңа күн», «Сәтті сауда», «Ұлт саулығы», «Айтұмар», «Спорт әлемі», «Әр үйдің сыры басқа»
3. «Қазақстан арнасы» - «Таңшолпан» бағдарлама туралы бейнесюжет тауып, әңгімелейді, үзіндісін көрсетеді:
оқушылар сергіту сәтін көрсетеді (барлық сынып қатысып отырады)
«Евразия» арнасы - «Караоке такси»:
Караоке бойынша бір қазақтың әнін орындайды
«Хабар» арнасы «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының үзіндісін көрсетеді
5.Жаңа сабақты бекіту, 6 минут
1.Тапсырма: ақ парақта әр топқа тапсырма Денисовка телевидениесі туралы жобасын жасау, жұмыс уақыты - 3-4 минут
1 топ - Денисовка телевидениесінің қандай тілде жүргізілу керек, жұмыс уақыты, жұмыс орны қайда болу керек?
2-топ - қандай мамандар жұмыс істеу керек, олардың негізгі қызметі қандай?
3-топ - қандай бағдарламалар болу керек? Неге?
6.Үйге тапсырма, 1-2 минут
3-тапсырма 167 бетте: диалогті әрі қарай жалғастырып, өзара сөйлесіңдер және тест тапсырмаларын орындау:
Тест:
1. «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет қашан шықты?
А)1956 жылы 8 наурызда
В)1991 жылы 8 наурызда
С)1958 жылы 8 наурызда
2.»КТК» телеарнасы қай жылдан бастап жұмыс істейді?
А)1956 жылдан
В)1991 жылдан
С)1995 жылдан
3.»31 арна» хабарларының таратылуы қашан басталды?
А)1956 жылдан
В)1998 жылдан
С)1995 жылдан
4. «Таңшолпан» бағдарламасы қандай телеарнаға жатады?
А)КТК
В)Қазақстан
С)Хабар
5. «Жаңалықтар» бағдарламасы қандай телеарналарда жүргізіледі?
А)КТК, НТК
В)Евразия, Қазақстан
С)Хабар, Алау
7.Рефлексия,
3 минут
Берілген ақ қағаздан микрофон жасау:
Микрофонның басына: не білдік?
Микрофонның тұтқасына: не білгіміз келеді?
Келген қонақтар өз ұсыныстарын, тілектерін берілген стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.
8.Бағалау, 3 минут
Бағалау парақтардағы балдарды санап, жалпы житондарын санап, қызыл житон - «5», көк житон - «4»,
Сары житон - «3»
8