- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку по теме 'Дәрігердің қабылдауында '
Поурочный план по казахскому языку по теме 'Дәрігердің қабылдауында '
Сабақтың тақырыбы: «Дәрігерде» 5 сынып
Күні:
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өткен материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақты, ондағы жаңа сөздерді игерту, сөздермен сөйлем құрастырып, оларды тілдік қатынаста пайдалануға үйрету. Лексикалық тақырып көлемінде сөйлей білу.
2. Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын молайтып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 - 3мин.)
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру (5 - 6мин.)
III. Жаңа сабақ (25мин.)
Ребусты шешу . «Дәрігерде»
Миға шолу.
Сұрақ - жауап. Дәрігер ол кім? Ол не істейді? Ол қандай мамандық?
Сөздікпен жұмыс. Хормен оқу. Қатармен. Жеке- жеке.
Кітаппен жұмыс.
1 - тапсырма. Диалогты оқыту.
жаңа сөздерді табу. Аудару.
2 - тапсырма. Рөльге бөліп оқыту.
3 - тапсырма. Тақтада жұмыс.
Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру.(4 сөйлем)
Сергіту сәті.
5 - тапсырма.
Тиісті әріптерді табу. Сөздерді аудару. Сөздерден сөйлем құрастыру.
V. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау.
VI. Сабақты қорытындылау (5мин.)
Қандай тақырыппен таныстық? Не үйрендік?
VII. Білімді бағалау (3 - 4мин.)
Үй тапсырмасы бойынша, жаңа сабақты өту барысында белсенді болған оқушыларды бағалау,бағалау қағаздарын ескеру.