- Учителю
- Разработка урока казахского языка Менің мектебім (3 класс в школе с русским языком обучения)
Разработка урока казахского языка Менің мектебім (3 класс в школе с русским языком обучения)
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: мектеп туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, көрнекілік, тіл дамыту, ізденіс, шығармашылық, суреттеу, ойын, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны: «Бір-бірімізді қайталамай, толықтырамыз, өзгертіп айтамыз. Әрқайсымыз қатысуға ынталанамыз. Бір-бірімізді тыңдаймыз.Тақырыпқа байланысты еркін сөйлейміз.»
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бір біріне сәттілік тілеу.
- Балалар, біз бүгін өткен сабақтардан өзгеше сабақ өткіземіз. Сендерге дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды жылдам орындап, жақсы баға алу керек. Әр тапсырма бағалау парағында бағаланып, қорытындылады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұраққа жауап беру
1. Сенің досың бар ма? 2. Оның есімі кім? 3. Досың неше жаста? 4. Ол нешінші сыныпта оқиды? 5. Ол қалай оқиды? 6. Немен шұғылданады?
Тест сұрақтары:
-
Мақалды аяқта:
«Жаман жолдастан .....»
-
Сөздердің аудармасын тап:
-
Елгезек а) безмолвно
-
Кінәлы ә) общаться
-
Үнсіз б) чуткий
-
Араласу в) виноват
-
Сөйлемді дұрыс құра:
1 2 3 4 5
Жазбайды, де, қашан, жұбын, көрсең
-
Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Дұрыс па?
-
Иә
-
Жоқ
-
Сұраққа дұрыс жауап бер.
Досың неше жаста?
-
он екінші
-
он екеу
-
он екіде
-
Жақша ішіндегі сөзді дұрыс аудар:
Назым мен Бейсенгүл (ровесники)
-
жұбын жазбайды
-
кішіпейіл
-
түйедей құрдас
-
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз:
А...кө...іл бала
-
к,н
-
қ,ң
-
қ, н
Ой толғау: (мектеп суреті) - Сурет бойынша қандай ойлар келеді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Ендеше бүгін сабақтың тақырыбы: менің мектебім.
Парақтардағы сөз тіркесі, сөйлем арқылы екі топқа бөліп, грамматикалық тақырыбын ашамыз.
Менің досым, жұбын жазбайды, күлімсірей қарау, мінезі жұмсақ, түйдей құрдас, оқу озаты. Күн демалыс. Досың неше жаста? Біз бір сыныпта оқимыз. Мен оны құрметтеймін. Менің досым ақкөңіл. Екеуі сабаққа бірге барады.
Топтық жұмыс: сөз тіркесі мен сөйлемнің ережесін шығару. Слайдтар көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа сөздермен танысу, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
Жаяу - пешком оқырман - читатель
Қазіргі талапқа сай - соотвествуют современным требованиям
Жабдықталу - оснащаться мәжіліс - заседание
Гүлзар - клумба мектеп бітіруші - выпускник
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
-
сөздерді мәнерлеп оқу:
-
оқушылар тізбектеп оқиды
Сөз тіркестер, сөйлем құрастыру
Сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру
Сызбаға қарап, мәтінді мұқият тыңдайды. «Мәтін құра» ойыны:
Ойының шарты: оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Әрбір оқушы сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны қорапқа салады. Мәтінді тағы бір рет оқып шығады. Сосын қораптан кез келген парақты алып, жауабын табады. Жауаптарын талқылап, мәтіндегі тәртібі бойынша түзетеді.
Сергіту сәті
Әр топ өз мектебің туралы кластер құрап, әңгімелейді,қорғайды.
Бағалау. Бағалау парақтары бойынша.
Үйге тапсырма: 35-бет, ереже жаттау
</<br>