- Учителю
- Поурочные планы по английскому языку для 1-класса
Поурочные планы по английскому языку для 1-класса
Greetings Unit 1.
Lesson 1
Сабақтың тақырыбы: Hello!
Сабақтың мақсаты: «Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда - тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерін дамыту; Hi, Hello, a teacher лексикалық бірліктерін меңгеру; Good morning, Hello, goodbye, I'm... ҮФ (модельді фраза бұдан ары қарай); қолдану; we, say, and ЛБ есту арқылы қабылдау;
тұлғалық: оқушы үшін жаңа болып табылатын білім алушы әлеуметтік рөлін түсіну. Оқушының ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын, жады мен зейінін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқулық пен дәптерді пайдаланудың бастапқы дағдылары.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD-ойнатқыш, дүниежүзінің географиялық картасы, атаулары ағылшын тілінде жазылған заттардың орамалары, Лондонның көрнекі жерлерінің суреттері фонында бейнелентен қарғаның суреті.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка ("We say hello" әнін орындау), география (ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдердің атаулары).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
- Балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстарымен және ағылшын тілінде бір-бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.
ІІІ Тірек білімдерді белсендіру
Бүгін мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына заттарға, олардың сыртында жазылған жазуларға қараңдар. Бұл жазулар қай тілде жазылғанын білесіңдер ме? (С1: ағылшын тілінде). Жарайсыңдар! Бүгін сендер үшін есте қаларлық күн. Біздер ағылшын тілін үйрене бастаймыз. Әр сабақта ағылшын тілін үйрене отырып, ағылшын тілінің сөздері, әндері және тақпақтары әлеміне қызықты саяхат жасайтын боламыз. Дүниежүзі картасына қарандаршы. Ағылшын тілі Англия, Америка, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия тұрғындары үшін ана тілі болып табылады (мұғалім картадан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді көрсетеді және атайды).
- Балалар, әртүрлі елдердің адамдары бірін-бірі түсіне алады ма? Ата-аналарыңмен бірге шетелде болғандарың бар ма? (Балалар болған елдерді атайды). Әртүрлі елдердің адамдары өзара қай тілде сөйлеседі? Дұрыс, ағылшын тілінде. Балалар, ағылшын тілінде қандай сөздерді білесіңдер? (CI: Yes, No etc.) Осы оқу жылынан бастап ағылшын тілін оқып үйренеміз.
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Фонетикалық ойын.
- Балалар, Ақылды Қарға бізге ағылшын тілін үйренуге көмек көрсетеді. Mr. Wise Crow! Ол бізге Англияның, Лондон қаласынан ұшып келді. Онда оны ұзақ жасайтындығы және ақылы үшін құрмет тұтады (Лондонның қызықты жерлеріндегі қарғаның суретін көрсетеді). Mr. Wise Crow өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге көмек көрсетеді.
Mr. Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырады /еі/, /еі/, /еі/. Ал енді, балалар, сендердің кезектерің келді. Ақылды Қарғаның артынан дыбыстарды қайталандар. Now you. Repeat after Mr. Wise Crow, please: /еі/, /еі/, /еі/. Өте жақсы, балалар. Well done, children! Біздің досымыз кішкене тасты басып кетіп, аяғын ауыртып алды: /аі/, /аі/, /аі/. Repeat after Mr. Wise Crow: /аі/, /аі/, /аі/. Well done, children! Досымызды мұқият тыңдандар, ол не айтып тұр? Бұл /d/ дыбысы. Repeat after Mr. Wise Crow, please: /d/, /d/, /d/. Балалар, бұл жай дыбыс емес. Тілдеріңді алдыңғы жоғарғы тістеріңнің артындағы бұдыр жерге тіреп, осы дыбысты тағы бір айтып көреміз: /d/, /d/, /d/. Бұл дыбыс Mr. Wise Crow тұратын қаланың атауында кездеседі. Тыңдандар. Listen: /lʌndan/, / lʌndan /, / lʌndan /. Енді Лондон сөзін ағылшын тілінде айтамыз. Repeat, please: / lʌndan /, / lʌndan /, / lʌndan /. Well done, children!
Оқулықпен жұмыс
l-жаттығу. Listen to your teacher and repeat.
- Суретке қараңдар. 1 қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз? Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Мұғалім: Good morning, I'm a teacher! - Сәлеметсіңдер ме, мен мұғаліммін!
Repeat after me : Good morning!
Әдетте таңертең ересек адамдарға «Good morning!» дейміз, бірақ бір-бірлеріңе «Ні!» немесе «Неllо!» деуге болады. Бір-біріңмен амандасыңдар.
Бала: Hello, I'm Alibek! - Сәлеметсіз бе, менің атым Әлібек!
Repeat after me: Hello, I'm Alibek!
Танысу үшін: Who are you? деген сұрақты қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер: Who are you? - І am Anar.
Track 1
Teacher: - Good morning. I'm a teacher.
Alibek: - Good morning.I'm Alibek.
«Танысу» дидактикалық ойыны. (Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі: - Hello, I'm ... сөздерінің көмегімен өздерін таныстырады. Одан кейін: Who are you? сұрағын және оған берілетін жауапты пысықтайды.)
2-жаттығу. Listen and sing.
- Енді ән тыңдаймыз.
Track 2.
Listen and sing.
We say hello,
We say hi!
Hello and hi,
Hello and hi.
We say - Біз сөйлейміз.
Балалар, осы тақпақты аударып көрейік. Балалар мұғаліммен бірге ән айтады.
3-жаттығу. Listen and repeat.
- Біздін кейіпкерлердің не айтып тұрғанын тыңдаймыз. Ал енді, балалар, әр сөйлемді аударып, балалардың соңынан қайталаймыз.
Track 3
- Hi! I'm Anar. I'm a girl.
-Hi! I'm Olga. I'm a girl.
- Hello, I'm Alibek. I'm a boy.
- Hello, I'm Misha. I'm a boy.
- Енді кейіпкерлерге өздеріңді таныстыру кезегі келді. Берілген үлгіні пайдалана отырып, кезекпен өздеріңжөнінде әңгімелеп беріңдер.
Әр балаға өзі туралы әңгімелеп беруге жағдай жасаңыз.
Сергіту сәті
- Шаршаған шығарсыңдар. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын жасаймыз (жаттығулар балалар үшін көңілді және қызықты болу керек). Сөздерді сәйкес қимылдармен және ишарамен көрсетуді ұмытпаңдар.
- Қимылдарды орындап, сөздерді менің соңымнан қайталаңдар.
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Дәптермен жұмыс
Жұмыс дәптерінде бекітуге арналған жаттығу жасау ұсынылады.
1- жаттығу. Finish the picture and say: a boy, a girl, a teacher. Оқушыларға балалардың және мұғалімнің аяқталмаған суреттерін толықтырып салу міндеттеледі және оларды ағылшын тілінде атаулары керек.
2- жаттығу. Draw yourself and say your name.
Оқушылар өздерінің суреттерін салып, өздерінін есімдерін айтады. Қосымша практикалық жұмыс ретінде сабақта өтілген: I am a girl. I am a boy сөйлеу үлгілеріне сәйкес өздері жөнінде әңгімелеп берулерін сұрау керек.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлесетінін, ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіңдер. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата-аналарыңа не туралы айтар едіндер? (С1.: Біз ағылшын тілінде амандасуды Hello - «Сәлеметсің бе» сөзін айтуды үйрендік). Бүгін үйренген сөздерді есімізге түсірейік. (С1.: a teacher, hello, hi, a boy, a girl.) Сонымен бірге өз атымызды ағылшын тілінде айтып үйрендік. I'm .... (мұғалім бірнеше баладан ағылшын тілінде өз аттарын атауын сұрайды).
Мұғалім: Well done, children!
- Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл ән адамдар бір-бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар:
We say hello,
We say hi!
Hello and hi,
Hello and hi!
Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!
Ал енді қоштасамыз: Goodbye!
Unit 1.
Lesson 2
Сабақтың тақырыбы: What's your name?
Сабақтың мақсаты: «What's your name?» сұрағын қоюды үйрету.
Оқушыларды ағылшын тілінің [Ө], [w] ерекше дыбыстарымен таныстыру. 1-ден 5-ке дейін сан есімдерін үйрену.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: фонетикалық ойын-жаттығу арқылы фонетикалық дағдылар мен білімді дамыту, «What's your name? My name is Kate. Good morning, children!» сөйлемдерін меңгеру және сөйлеу тілдерінде қолдана білу; қарапайым сыпайы сауал-диалог жүргізу дағдысы. 1-5 сандарын енгізу;
тұлғалық: оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын дамыту, зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдарды құрметтеуге және сыпайы болуға үйрету;
жүйелік-әрекеттік: «What's your name?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу және дұрыс сұрақ қоя білу, ағылшын тілінде 1-ден 5-ке дейін санауды үйрену.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті карта, сандар бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка ("We say hello" әнін орындау), математика (1-ден 5-ке дейін санау).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті
Сәлемдесу:
Мұғалім: Hello, children. I'm (мұғалім өзін таныстырады). Мұғалім ишарат жасап, балаларды орындарына отыруға шақырады: Sit down, please.
ІІ Тірек білімді белсендіру
Фонетикалық ойын-жаттығу.
- Балалар, бүгін бізге тағы да Mr. Wise Crow келді. Онымен амандасайық: Hello, Mr. Wise Crow! Оның халі қалай екен: How are you, Mr. Wise Crow!
Мұғалім даусын сәл өзгертіп, Қарғаның орнына жауап береді: I'm fine, thank you, children!
- Балалар, Mr. Wise Crow қандай мақсатпен келді екен? Оның әңгімесін тыңдап, артынан дыбыстарды қайталаймыз: Repeat after Mr. Wise Crow, please.
Мұғалім Қарға болып былай дейді:
- Бірде Лондонда серуендеп жүріп, катты шөлдедім. Кофе ыстық болатын, бірақ менің шөлдегенім сондай, оның суығанын күтпестен ішіп қалып едім, тілімді күйдіріп алдым. Ауырғанын басу үшін тілімді шығарып, тісімнің арасынан оған үрледім: [Ө], [Ө], [Ө]. Менің артымнан қайталап көріңдер: [Ө], [Ө], [Ө].
Шөлім қанғасын серуендеуді жалғастырдым. Көшелердің бірінде әдемі машинаны көріп: Wow! - деп, айқайлап жібердім. Еріндеріңді дөңгеленте алға қарай созыңқырап, күрт еріндеріңнің арасын ашыңдар:
[w], [w], [w].
Well done, children. Bye, children!
«Өзіңнің есіміңді ата» дидактикалық ойыны.
Біреуіңе допты лақтырып: Hello, I'm a teacher, - деймін. Ал сендер өздеріңді таныстырыңдар. Мысалы, Hello, I'm Zhangir.
Өзімізге таныс әнді айтайық:
We say hello,
We say hi!
Hello and hi,
Hello and hi!
Well done, children!
ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Балалар (children), бүгін біз: «Атың кім?» - «What's your name?» сұрақтарын қоюды және оларға жауап беруді үйренеміз: «Му name is ...» . Ағылшын тілінде 1-ден 5-ке дейін санауды үйренеміз.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалім өзі «What's your name?» деген сұрақты қойып және оған жауап береді: «Му name is ...».
Мұғалім оқушылардың назарын ағылшын тіліндегі [w] ерекше Дыбысының дұрыс артикуляциясына аударады.
- Балалар, бүгін Ақылды Қарға бізге [w] дыбысы қалай айтылатының үйретті. Listen and repeat after me: [w], what, what's your name? Осы дыбыс қай сөзде естіледі? What's your name? (C1:what). Well done! Одан кеиін оқушылардың бірін тақта алдына шақырып, оған сұрақ қояды: What's your name? Бала жауап береді. Мұғалім баладан дәл осы сұрақты енді оған қоюын сұрайды.
«Құмырсқа илеуі» дидактикалық ойыны.
Ойынның мақсаты: «What's your name?» және « My name is ...» үлгілік фразаларын (бұдан әрі ҮФ деп қысқартылып көрсетіледі) пысықтау. Әp оқушы тұрып, осы сұрақты қойып, барынша сынытастарының көпшілігімен танысады.
Оқушыларға үлгі диалог: Hello, what's your name? Hi, my name is Oleg.
Оқлықпен жұмыс
1-жаттығу.
- Look, listen and repeat. (Мұғалім қолымен ишарат жасап, осы құрылымдардың мағынасын білдіреді).
Балалармен бірге аудиожаттығу мәтінін тыңдаңыз. Балалармен кім амандасты? Амандасқаннан кейін мұғалім балаларға қандай сұрақ қойды? Балалар не деп жауап берді?
Мәтінді екінші рет тыңдап, мәтіндегі фразаларды артыңыздан қайталауды сұраңыз.
Track 4.
Teacher: Hello, children.
What's your name?
Alibek My name is Alibek.
Anar My name is Anar.
2-жаттығу. Listen and sing.
Балалармен бірге әнді тыңдаңыз. Балалар фразаларды дұрыс естіп, қайталай алуы үшін әр жолды бәсең қарқынмен айтыңыз.
Әнді тыңдағаннан кейін мұғалім балалардың бірнешеуін тақта алдына шақырып, оқушыларға өз атын әнге қосып айтуға мүмкіндік береді. Осы жаттығу әннің әртүрлі нысанда орындалуын көздейді (топтасып, жұптасып, жеке).
Track 5. What's your name?
Hello! Hello!
What's your name?
What's your name?
Hello! Hello!
What's your name?
What's your name?
My name is.......
My name is.....
My name is...
My name is.....
4-жаттығу. Listen and learn.
Оқушыларды 1-ден 5-ке дейін сандармен таныстыру. Мұғалім окуіпыларға 1-ден 5-ке дейін сандарды көрсетіп, ағылшын тілінде атауларымен таныстырады.
Track 6.
One, two, three, four, five.
«Let's count» дидактикалық ойыны.
Мұғалім 'count' сөзінің мағынасын түсіндіреді және әртүрлі заттарды санауды ұсынады (қолдағы саусақтар, қарындаштар, кітаптар және т.б.). Осы ойын арқылы 5-ке дейін механикалық есепті бекітеді.
Осыдан кейін балаларға карточкалармен (1-ден 5-ке дейін сандар) жұмыс істеуді ұсынуға болады. Мұғалім сандарды шашыранды түрде көрсетеді, ал балалар оларды атайды.
«Көршісін ата» дидактикалық ойыны. Мұғалім тақтаға 2 цифрын жазады да алдына және артына (шаршы) қояды сұрақ белгісімен. Оқушылар бұл цифрларды атаулары тиіс.
«Қай цифр қалдырылған» дидактикалық ойыны.
Мұғалім бір қатарға цифрларды жазады. Ол цифрлардың арасынан бірнешеуін қалдырып қояды. Оқушылар қалдырылған цифрларды атайды.
Сергіту сәті
- Балалар, сендер шаршаган боларсыңдар. Біраз демалатын уақыт келді. Әткен сабақта айтқан сөздерді қайталап көрейік (Сөздеріңізге қоса қимыл жасауды ұмытпаңыз).
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Дәптермен жұмыс
Жұмыс дәптерінде берілген материалды бекітуге арналған жаттығулар беріледі.
1-жаттығу. Find and tick.
Бұл жаттығу балалар бірінші сабақта танысқан лексикалық бірліктерді қайталайды және бекітеді. Балалар ер баланы, қызды және мұғалімді тауып, тиісті төртбұрышқа қанатша белгісін қоюға тиіс.
2-жаттығу. Count and trace over the number.
Оқушылар суреттегі заттарды санап, ағылшын тілінде атап оны қоршап сызуға тиіс.
V Сабақты қорытындылау.
- Сендердің әркайсысың бүгін не үйрендіңдер? Бүгін үйге барғанда ата-аналарыңа, достарыңа сендер не айта аласыңдар? Бүгінгі сабақ үшін кімді мақтай аласыңдар?
- Дұрыс, бүгін сендер «What's your name?» деген сұраққа жауап беруді үйрендіңдер, 1-ден 5-ке дейін санауды, [Ө], [w] дыбыстарын айтуды үйрендіңдер (әр сабақта балалардың жетістіктерін көрсетіп отыру маңызды).
Ата-аналарға арналған тапсырма: 1-ден 10-ға дейін сандар белгіленген карточкалар дайындау.
Unit 1.
Lesson 3
Сабақтың тақырыбы: I' m 7.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 6-дан 10-ға дейінгі сан есімдермен таныстыру. Балалардың бұрын оқылған сұрақтарды қою және оларға сәйкес жауап беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту. Өзге адамдарды құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: сұраулы және мақұлдау сөйлемдерін құру, сұрақтарға қысқа жауап беру, сандарды ажырату дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды [t], [h], [ә:], [әu] дыбыстарымен таныстыру;
тұлғалық: шет тілін меңгеруге тұрақты ынта қалыптастыру, амандасу және танысу кезінде тілдік этикетті сақтау; өзге адамдармен қарым-қатынас кезінде оларды құрметтеу;
жүйелік-әрекеттік: әдеттегі танысу жағдайларында тілдік клишелерді пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар; интерактивті тақта; сандар белгіленген флэшкарталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, 1-ден 10-ға дейін сандар бейнеленген карточкалар.
Пәнаралық байланыс: музыка (" I count to five, I count to five" әнін орындау), математика (1-ден Ю-ға дейін санау).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
- Good morning, children! I'm ... (Мұғалім өз атын атайды, балалар мұғаліммен амандасады). How are you? (CI. Fine thanks.) Sit down, please. (Мұғалім нұсқауларын қолының ишарасымен көрсетеді).
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Осы сабақта 1-ден 5-ке дейін санауды қайталаймыз және 10-ға дейін санауды және жаңа [h], [ә:], [әu], [t] дыбыстарын үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
- Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді: Hello children. How are you? Онымен амандасыңдар. Балалар, менің артымнан [h] дыбысын қайталаңдар. Бұл дыбысты ағылшын тілінің қандай сөздерінде естиміз? (CI: Hi, Hello). Let's practice saying this sound (қажет болған кезде мұғалім бұл фразаны аударып береді) [h], [һ], [һ]. Қолдарымыз тоңған кезде біз оларға үрлейміз [h], [һ], [һ].
- Ал мына дыбыстар өте қызықты болып көрінеді: [ә:], [әu]. Listen to me and say after me: [ә:], [әu]. Балалар, пойыз жүрерде қандай дыбыс шығарады? Дұрыс, пойыз аттанарда біз [t] дыбысына ұқсас дыбысты естиміз. Let's practice saying this sound (қажет болған кезде мұғалім бұл фразаны аударып береді): [t], [t], [t].
Өткен сабақта сендер ағылшын тілінде 1-ден 5-ке дейін санауды үйрендіңдер. Қай санның атауында [t] дыбысы естіледі? Мен сендерге сандарды көрсетемін, ал сендер оларды атаңдар.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and say the chant.
Мұғалім балалармен бірге 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталайды және жаңа сандардың (6-10) атауымен таныстырады.
Оқушылар аудиожазбаны тыңдайды, мұғалім оларға сандарды көрсетеді, одан кейін оқушылар мұғаліммен бірге олардың атауларын бірге қайталайды.
Track 7.
One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.
Карточкалармен дидактикалық ойын.
1-ден 10-ға дейін сандарды пайдалана отырып, өткен сабақтағы ойынды қайталаңыз. Мұғалім оларға цифр бейнеленген карточканы көрсетеді, оқушылар оларды атайды.
«Қай цифр жоқ» дидактикалық ойыны.
Мұғалім тақтаға 3, 6, 8, 9, 1, 4, 5, 7 цифрларын шашыратып қояды. Оның ішінде бір сан жоқ болады (мысалы, 2).
«Кері санау» дидактикалық ойыны.
Мұғалім балалардан 10-нан 1-ге дейін кері санауды сұрайды.
2- жаттығу.
- Сандар туралы ән үйренеміз. Ағылшын тілінің «count» сөзі қалай аударылатынын есімізге түсірейік. Енді ән тыңдап, оны жаттап алайык.
Track 8.
Listen and sing.
I can count to five. I can count to five.
One, two, three, four, five.
I can count to five. I can count to five.
One, two, three, four, five. I can count to ten.
I can count to ten.
Six, seven, eight, nine, ten.
I can count to ten,
I can count to ten.
Six, seven, eight, nine, ten.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
3-жаттығу. Look, listen and repeat.
- Балалар, суреттегі кейіпкерлерге қараңдаршы. Олармен жақынырақ танысып, жастары нешеде екенін білейік. Ағылшын тілінде жасымыз нешеде екенін айту үшін: I'm 6. I'm 10 және т.с.с. айтамыз.
Жаттығуды тыңдаймыз, одан кейін менің сұрақтарыма жауап беріндер.
Track 9.
Hello. My name is Bota. I'm 3.
Hi. I'm Alibek. I'm a boy. I'm 6.
Hello. My name is Misha. I'm a boy. I'm 7.
Hello. My name is Olga. I'm a girl. I'm 6.
Hi. I'm Anar. I'm a girl. I'm 7.
- Балалар, жаңа кейіпкеріміздің аты кім? Жасы нешеде? Қалған балалардың жастары нешеде? (Балалар He/she is 6. құрылымымен әлі таныс болмағандықтан ағылшын тілінде сандарды ғана атайды.)
Жаттығуды тағы бір рет тыңдаймыз. Аудиожазбаны әр сөйлемнен кейін тоқтатып, оқушыларға диктордың (немесе мұғалімнің) артынан зр фразаны қайталауды ұсыныңыз.
Рөлдік ойын.
Балаларға 3-жаттығу бойынша рөлдерді ойнауды ұсынып, көрініс койыңыз. Осы оқулықтың кейіпкерлері бейнеленген бейджи (осы ОӘК көрнекі материалына қосымша) оларға көмек көрсетеді.
«Жылан» дидактикалық ойыны.
Оқушылар 3-жаттығудың репликаларын пайдалана отырып, өздері туралы әңгімелейді.
Мұғалім жыланның басы болатын баланы таңдап алады, ол бірінші тұрғандықтан өзі туралы ағылшын тілінде баяндайды және соңғы тұрған бала - жыланның құйрығы болады. Егер біреуі мүдіріп қалса, жылан болмай қалады. Шағын командаға бөлінген балалар осылай бір-бірімен жарысады.
Сергіту сәті
Балалар қимылга сәйкес келетін сөздерді естерінде сақтап алғанша бір сергіту сәтін бірнешерет қайталауды ұсынамыз. Үлгерімдері жацсы сыныптарға, балама ретінде мына сергіту сәтін ұсынуға болады.
One, two
Clap, clap
Three, four
Stamp, stamp
Five, six
Jump, jump
Seven, eight
Hop, hop
Nine and ten
Stop, stop.
«Санды тап» дидактикалық ойыны.
Мұғалім сандарды шашыраңкы атайды, балалар тиісті сандар бейнеленген карточкаларды (алдын ала дайындалған) көрсетеді.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Fint the number circle it and say it.
Оқушыларға әртүрлі заттарда жасырынған сандарды тауып, оларды айналдыра сызу және атау ұсынылады.
V Сабақты қорытындылау.
- Сабақта жаңадан не үйрендіңдер, қандай сөздер мен фразаларды білдіңдер? Балалар сабақта жаттаған сөздер мен фразаларды қайталайды (С1: біз 1-ден 10-ға дейін санауды, өзіміз туралы әңгімелеуді үйрендік. Мысалы, Hello, I'm Alma. I'm 7.). Егер балалар барлық фразаларды айтпаса, мұғалім оларды естеріне салып, қайталауды сұрайды. Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды.
Unit 1.
Lesson 4.
Сабақтың тақырыбы: Meet my friend.
Сабақтың мақсаты: Өз досын таныстыру дағдысын қалыптастыру, «How old are уои?» үлгілік фразамен таныстыру. Жаңа he/she лексикалық бірліктерін енгізу. 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын одан эрі қалыптастыру. Өзге адамдарды құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: өз жасын сұрай және көрсете отырып, сұраулы және мақұлдау сөйлемдерін құру, сандарды ажырату дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды [а:], [ʃ ] дыбыстарымен таныстыру, [ð ] - [z] дыбыстарын саралау;
тұлғалық: бірлескен қызмет барысында әртүрлі жағдайлар шеңберінде мұғаліммен, өзге ересек адамдармен ынтымақтастық дағдыларын дамыту, амандасу және танысу кезінде тілдік этикетті сақтау, өзге адамдармен қарым-қатынас кезінде оларды құрметтеуге баулу;
жүйелік-әрекеттік: досын таныстырған кезде тілдік клишелерді пайдалану, «How old are уои?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка («How old are you?» әнін орындау), математика (1-ден 10-ға дейін санау).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
- Good morning, children! I'm ... (Мұғалім өз атын атайды, балалар мұғаліммен амандасады). How are you? (CI. Fine thanks.) Sit down, please. (Мұғалім нұсқауларын қолының ишарасымен сүйемелдейді).
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
Бүгін біз «How old are уои?» сұрағын қойып, оған жауап беруді, бір-бірімізді танысуды сондай-ақ досымызды таныстыруды үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
- Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді: - Hello, children. How are you? Балалар, онымен амандасыңдар.
- Бүгін мен хайуанаттар бағында жүріп, [ʃ], [ʃ], [ʃ] деген дыбысты естідім. Бұл дыбысты кім шығарды? Дұрыс, жылан. Listen and repeat after me: [ʃ], [ʃ], [ʃ].
- Өткен күндердің бірінде тамағым ауырып, дәрігерге барып едім, ол маған аузымды барынша ашып, [а:], [а:], [а:] деп айт деді. Listen and repeat after me [a:], [ka:], [fa:], [sta:].
Ал енді араларша [z], [z], [z] деп ызылдаймыз.
[ð] деп айтып, шыбынның ызыңымен салыстыр. Бұл дыбыстарды айту кезінде тілімізді үстіңгі және төменгі тістер қатары арасынан көрсетіп, [ð], [ð], [ð] деп шыбындар сияқты ызыңдаған дыбыс шьіғарамыз.
IV Жаңа материал мен жұмыс.
he/she жіктеу есімдіктерінің мағынасын ашу. Флэш-карталарды пайдалана отырып, мұғалім оларда ер бала мен қыздың бейнеленгенін айтады.
- He is a boy. She is a girl.
Мұғалім ер бала мен қыздың аттарын кезек-кезек атайды. Жұптасып жұмыс істеу. Осы құрылымды пайдалана отырып, балалар бірін-бірі таныстыруға тиіс.
- Балалар, сендердің достарың бар ма? Достарынды қалай таныстырасыңдар? Біз: «Мынау - менің досым Арман. Мынау - менін құрбым Анар» деген сөздерді ағылшын тілінде айтамыз. Менің осы сөздерді ағылшын тілінде қалай айтатынымды тыңдаңдар (мұғалім суретті көрсетеді): This is my friend, Mr. Wise Crow. Осы сөйлемді ағылшын тіліне аударып көрейік. «Бұл - менің досым мистер Кроу».
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and learn.
- Суреттерге қараңдаршы. Онда кімді көріп тұрсындар? Иә, біздін кейіпкерлеріміз Әлібек, Анар, Бота және жаңа ертегі кейіпкері. Ол біздің ғаламшардан ба? Қазір мәтінді тыңдап, оның жасы нешеде екенін білеміз (мәтінді бірінші рет тыңдағаннан кейін балалар мұғалімнін сұрақтарына жауап береді). Кейіпкеріміздің аты кім? Жасы нешеде?
Муни Айдан ұшып келіпті. Біздің ғаламшар туралы ештеңе білмейді. Біз және біздің кейіпкерлеріміз оған көмектесеміз.
Аудиожаттығу мәтінін балалармен бірге тағы бір рет тыңдап, әр сөйлемін ана тіліне аударыңыз. Оқушылардың назарын жаңа үлгілік фразаға аударыңыз: «How old are уоu?» Муни не туралы сұрады? (Дұрыс: «Жасың нешеде?» - деп сұрады).
Оқушылар осы жаттығуды мұғалімнің соңынан қайталайды.
Track 10.
Муни: Hello. What's your name?
Әлібек: Hi. My name is Alibek. What's your name?
Муни: I'm Moony. I'm 8. How old are you?
Әлібек: I'm 6. I'm a boy.
Әлібек: This is Moony. He is 8.
Анар: Hello, Moony.
Әлібек: This is Anar. She is a girl. She is 7. And this is Bota.
Дидактикалық ойын.
Мұғалім допты әр балаға лақтырып: «How old are уои?» - деп сұрайды. Ойын барлық бала сұраққа жауап беріп болғанға дейін жалғасады.
Жұптасып жұмыс істеу. Балалар бір-біріне сұрақ қояды. PI: How old are you? P2: I am six/seven.
2-жаттығу. Listen and sing.
Мұғалім балалармен бірге ән айтып, қимылдар жасайды. Мұғалімнің ұйғарымына қарай қимылдар әртүрлі болуы мүмкін.
Track 11.
How old are you?
I'm 7! And you?
I'm 5, I'm 5!
I'm 3! Look at me.
I'm 4! I'm 2!
Happy birthday to you!
I'm 9! I'm 8!
How happy I am!
3-жаттығу. Look and say.
Мұғалім бірінші кейіпкер мысалында үлгі көрсетеді: This is Anton. He is a boy. He is 6.
Одан кейін балалар калған кейіпкерлерді өз бетімен таныстырады.
4-жаттығу. Рөлдік ойын. Pair work. Listen and act out. Оқушылар тыңдалған диалог бойынша көрініс көрсетеді.
Track 12.
Olga: This is Alibek. He is a boy. He is seven.
Alibek: This is Olga. She is a girl. She is 6
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. How old are the children? Write the number. Say the age.
Әр суретке сөйлем беріледі: He is..../She is.... Оны суреттегі балау-ызшам санын белгілейтін санмен толықтыру және туындаған сөйлемді айту қажет.
2-жаттығу. Count and tick.
Оқушылар суреттегі нүктелер санымен сәйкес келетін сан жазылған торкөзге қанатша (v) белгісін қояды.
V Сабақты қорытындылау.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер «How old are уои?» деген сұраққа жауап беруді және «he/she» сөздерін үйрендіңдер. Өздеріңнің жастарыңды айтумен шектелмей, достарыңның жасын айтуды Үирендіңдер. Ағылшын тілінде досымызды/құрбымызды қалай таныстыратынымызды есіме салыңдаршы.
Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап, мадактап отыру өте манызды. Well done, children. Goodbye.
My family
Unit 2.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: My family.
Сабақтың мақсаты: «Менің отбасым» тақырыбы бойынша жана лексиканы үйрену. This is... құрылымын мақұлдау және сұраулы нысандарда қолдану; ағылшын тілінің ерекше дыбыстарын айту дағдыларын дамыту. Ата-ана мен тума-туысқандарды құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: өз отбасы мен тума-туысқандарын таныстыру дағдысын қалыптастыру.
тұлғалық: ата-ана мен туысқандарды құрметтеуге баулу.
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер.
Пәнаралық байланыс: музыка («Му mother, my father, my sister,my brother» әнін орындау), сурет (жұмыс дәптерінде контурларды үстінен бастырып сызу).
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру сәті.
- Good morning, children! How are you? (CI. Fine thanks) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Біз өзіміз және достарымыз туралы айта білеміз. Солай емес пе? Бүгін біз ең жақын адамдар туралы айтып үйренеміз. Сендер үшін ең жақын адамдар кім? (С1. Ана, әке). Дұрыс.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді. Hello, children. How are you? Балалар, онымен амандасыңдар.
Mr. Wise Crow - бүгін біз [ð], [z] дыбыстарын айтып жаттығамыз. Біз бұл дыбыстармен таныспыз. Ара ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? (С1.: Үй ішінде). Ал шыбын ызыңдағанда тіліміз қай жерде болады? (С1.: Далада). Listen and repeat: [ð ] - [z], [ð ] - [z], [ð ] - [z],
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and learn.
Оқулықтағы суретке сүйене отырып, жаңа лексиканы енгізу. Оқушы балаларға таныс кейіпкер - Әлібекті көрсетеді. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп береді.
Track 13.
Hi! My name is Alibek. This is my family. This is my father, Marat. This is my mother, Gulmira. This is my brother, Olzhas and this is my sister, Aliya.
Дидактикалық ойын.
Мұғалім отбасы мүшелері бейнеленген карточкаларды көрсетеді, балалар оларды атайды (mother, father, sister, brother). Содан соң мұғалім карточканы көрсетеді (Mother), айтқанда «father» дейді. Балалар мұғалімді түзету керек.
2-жаттығу.
Look and listen to Bota.
Track 14.
- Hi! My name is Bota. This is my family. This is my father. This is my mother. This is my brother and this is my sister.
Мәтінді тыңдаған кезде оқушылар аты аталған Ботаның отбасының мүшесін саусақтарымен көрсетеді. Тыңдағаннан кейін оқушыларға Ботаның отбасы туралы естерінде қалғанын әңгімелеп беруді ұсыныңыз.
«Show те» дидактикалық ойыны.
Мұғалім отбасы мүшесін атайды, ал оқушылар оны суреттен көрсетеді. (Show me the mother. Show me the sister. Show me the brother. Show me the father.)
3-жаттығу. Listen and sing.
Track 15.
My mother, my father, my sister, my brother. My mother, my father, my sister, my brother. This is my family, this is my family.
Оқушылар әнді тыңдайды. Оқушылар әнді орындай отырып, 1-жаттығу суретіндегі отбасы мүшелерінің әркайсысын көрсетеді.
4-жаттығу. Look and say.
Оқушылар ұсынылған суреттерге сәйкес қажетті отбасы мүшесін атап, сөйлемді аяқтауға тиіс. Мысалы: This is my mother (1-сурет).
Соңғы сөйлемде оқушылар family деген жалпы атауды қолдануы тиіс.
Сергіту сәті.
Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.
Hands up,
Hands down
Hop, hop
Turn around
Bend left, bend right
Turn around and sit down.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Trace and colour. Then say: This is a father.
Оқушылар отбасы мүшелері беттерінің контурларын айналдыра сызып, оларды атайды.
Мысалы, This is a mother, (father, brother, sister).
V Сабақты қорытындылау.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақта сендер отбасы мүшелерін қалай таныстыру керектігін (This is my mother және т.с.с. айтуды), отбасы туралы сұрақ қоюды үйрендіңдер. Ағылшын тілінде ата-анамызды, әпкелерімізді (қарындас, сіңлілерімізді), ағаларымызды (інілерімізді) қалай таныстыру керектігін есіме салыңдаршы. Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды).
Unit 2.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: My family.
Сабақтың мақсаты: «Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен танысу. Kind, strong, little, big, деген бағалау лексикасының көмегімен сөйлеу, ағылшын тілінің [ŋ ] ерекше дыбысын айту дағдыларын қалыптастыру. Ата-ана мен тума-туысты құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: жаңа kind, strong, little, big, лексикасын қолдана отырып, өз отбасын таныстыру және сипаттау дағдысын қалыптастыру; his/her тәуелдік есімдігін білу;
тұлғалық: өз отбасын құрметтеуге баулу.
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану. Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: сурет салу
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
- Good morning, children! How are you? (CI.: Fine thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
-Бүгін біз ата-анамызды, ағаларымызды (інілерімізді), әпкелерімізді (қарындас, сіңлілерімізді) сипаттауды үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді.
- Hello, children. How are you?
Балалар, онымен амандасыңдар. Бүгін біз [ŋ] дыбысын айтып үйренеміз. Бұл дыбысты қоңырау сыңғырлаған кезде естиміз. Тыңдаңдар: [diŋ], [diŋ]. Бұл дыбысты қай сөзде естиміз? (CI.: Good morning.) Listen and repeat: [ŋ ], [ŋ ], morning, morning, ring, ring, sing, sing.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
- Балалар, өткен сабақта Әлібек бізді өзінің отбасымен таныстырды. Бүгін ол өзінің отбасы туралы әңгімесін жалғастырады. Біз оның отбасымен жақынырақ танысамыз. Open your books. (Мұғалім өз бұйрығын ишаратпен сүйемелдейді).
- Суретке қараңдар және тындаңдар. Әлібек өз анасы туралы не айтады екен?
Тыңдамас бұрын балаларды жаңа сын есім сөздерімен таныстырыңыз: little, big, kind, strong. Look at the picture and listen to Alibek.
1-жаттығу. Listen and learn.
Track 16.
This is my mother. Her name is Gulmira. She is kind.
This is my father. His name is Marat. Hi is strong.
This is my sister. Her name is Aliya. She is four. She is little.
This is my brother. His name is Olzhas. He is big. He is 10.
(Оқушылар Әлібектің әңгімесін тыңдайды. Әлібек әр суретті сипаттағаннан кейін мұғалім сөйлемдерді аударуды немесе тыңдаған әңгіменің мазмұнын айтып беруді сұрайды).
2-жаттығу. Look and listen.
- Look at these photos. Who do you see? Дұрыс, біздің досымыз Муни мен оның отбасы. Муни өз отбасы туралы не айтатынын тыңдап көрейік. Олардың есімдерін бірге айтайық: Venus, Mars, Sunny, Starry. Балалар аудиожаттығудың мәтінін тыңдайды және Мунидің фотосуретін бірге сипаттайды.
Track 17.
This is my family. This is my mother. Her name is Venus. She is kind.
This is my father. His name is Mars. He is strong.
This is my brother. His name is Sunny. He is 2. He is little.
This is my sister. Her name is Starry. She is 8. She is big.
3-жаттығу. Describe the photos.
Балаларға суреттерге қарауды ұсынып, отбасының әр мүшесінің аттарын атаңыз.
Мұғалім балаларға фотосуреттерді кезек-кезек көрсетіп, сұрақтар қояды:
- Who is this? (CI: This is a father. )
- Оляның әкесі қандай? (CI.: Ол үлкен. He is big.)
- What's his/her name? (CI: His name is Andrey.)
- How old is he/she? Бұл сұрақты балаларға ғана қатысты қойған жөн, өйткені олар 10-ға дейін ғана санауды біледі (How old is Dima? He is 9.)
Дима кимоно киген. Ол күшті.
Суреттерді оқушылармен бірге қарап болғаннан кейін олар фотосуреттегі отбасы туралы жүйелі әңгіме құрулары тиіс.
Балаларға аудармашы болып жұмыс істеп көруді ұсыныңыз. Мұғалім ана тілінде сөйлем айтады, ал балалар оны ағылшын тіліне аударады.
Мұғалім: 1-фотосуретте - Ольганың отбасы. Ол өз отбасы туралы ағылшын тілінде қалай әңгімелеп берер еді? (Мынау - менің әкем. Оның аты Андрей. Ол үлкен. Ал мынау - менін анам. Оның аты Алла. Мынау - менің ағам. Оның аты Дима. Ол 9 жаста. Мынау - менің інім. Оның аты Сергей. Оның жасы 1-де. (Ол кішкентай).
Екінші фотосуретте осы үлгі бойынша сипатталады (1-фотосуретті қараңыз).
Сергіту сәті.
Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді. Бұл көңілді жаттығуды ұмытпай, аулада достарымен, үйде ата-анасымен орындауға кеңес беріңіз.
Hands up,
hands down,
Hop, hop,
Turn around
Bend left, bend right,
Turn around and sit down.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Draw your family picture and describe it.
Оқушылар арнайы белгіленген орынға ата-анасының, аға-інілері әпке-сіңлілерінің (қарындастарының) суреттерін салып, оларды сипаттайды.
This is my family. This is my mum. Her name is... This is my father. His me is ... This is my brother. His name is ... He is little/big. He is 2 (3...). It's my sister. Her name is ... She is 9 (...).
2-жаттығу. Listen to your teacher and circle what she says. Then say it.
Шаршыдағы дұрыс суретті табуға арналған тапсырма беріледі. Мұғалім әр суретке арналған сөйлемді оқиды. Оқушылар тыңдайды және қажетті суретті айналдыра сызады.
Teacher:
- Picture 1. This is my father. 2. This is my sister. 3. This is a boy. 4. This is a teacher.
Берілген тапсырманы орындап болған соң, қоршалмай қалған кейіпкерді атауын сұраңыз.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Осы сабақ туралы ата-аналарыңа не айтар едіңдер?
Бүгінгі сабақта өз отбасыңның мүшелері туралы айтуды үйрендіңдер. Қандай сөздерді пайдаландық? (CI.: little, big, kind, strong.) Әкелер туралы не айттық? (CI.: Не is big.) Әпке (сіңлі, қарындас) туралы не айттық? (CI.: She is little.) Аға (іні) туралы не айттық? (О.: Не is big/ little.)
Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардын жетістіктерін атап өту өте маңызды). Well done, children. Goodbye, children.
Unit 2.
Lesson 3.
Сабақтың тақырыбы: My friend's family.
Сабақтың мақсаты: «Менің досымның отбасы» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрену. Grandmother/granny, grandfather/ grandpa лексикасы, to love етістігі көмегімен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілінің [r], [р] ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру. His/her тәуелді есімдіктерін пайдалану белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: өз досының отбасын таныстыру дағдысын қалыптастыру; тұлғалық: әртүрлі мәдениеттердің өкілдерін құрметтей білуге баулу;
жуйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша бұрын оқылған лексикалық-грамматикалық материалды (mother, father, sister, brother) пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка, елтану (Англия мен Америкадағы отбасылық туысқандык атаулары).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
- Good morning, children! Listen to me and say: Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
- Бүгін біз досымыздың/құрбымыздың отбасын таныстыруды үйренеміз. «Отбасы» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді үйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow.) Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Бірде мен саябакпен келе жатып, бір иттің ырылдағанын естідім. Осы дыбысты айтып көріңдер: [р], [р], [р]. Ал менің көршімнің иті өзгеше ырылдайды: [r], [r], [r]. Осындай дыбысты айту үшін тілімізді артқа тыртып, сәл дөңгелентеміз. Let's practise! Listen and say after me: W. [r], [r].
[æ] дыбысын енгізіңіз.
- Балалар, достарымызды қалай таныстыру керектігін есімізге түсірейік.
CI.: This is my friend. Her name is Alma. This is my friend. His name is Daniyar.
Балалар партадағы көршілерін таныстырады.
- Well done, children!
Енді біз досымыздың отбасын таныстыруды үйренеміз. Өз отбасымыз туралы айтқанда пайдаланған сөздерді айтыңдаршы. CI: mother, father, sister, brother. Т.: Very good!
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look and listen.
- Let's do exercise 1. Look at the picture. This is Alibek. (Әлібекті көріп отырсыңдар). This is his family tree. Look at the picture and answer my questions: Who's this? (Мұғалім отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетеді (mother, father, sister, brother), балалар сұрақтарға жауап береді). Балалар, Әлібектің аға (іні), әпке (қарындасынан) басқа ата-әжесі де бар. Мен сөздерді айтамын, ал сендер қай сөз атаны, қай сөз әжені білдіретінін табыңдар.
Мұғалім балалармен бірге жаңа: grandfather, grandmother сөздерінің айтылуын пысықтайды.
Track 18.
1. This is his grandfather.
2. This is his grandmother.
3. This is his father.
4. This is his mother.
5. This is his brother.
6. This is his sister.
Жұптасып жұмыс істеу.
Мұғалім «This is Alibek. This is his family. This is his grandfather...» тілдік үлгісі бойынша Әлібектің отбасын сипаттауды сұрайды.
- Балалар, үйде әжелеріңді қалай атайсыңдар? (Балалар қазақ тілінде «әже» сөзін ерекелегенде қалай атайтындарын айтады). Англияда балалар үйлерінде әжелерін granny, ал аталарын grandpa деп атайды.
Аудармашы болып ойнаймыз. Мен сөздерді ағылшын тілінде айтамын, ал сендер оларды қазақ тілдерінде айтыңдар.
«Му friend's family» тақырыбы бойынша лексиканы бекітуге арналған «Кесек қар» дидактикалық ойыны.
Оқушылар шеңберге тұрады. Бірінші оқушы отбасының бір мүшесін атап, допты екінші оқушыға лақтырады. Ол допты ұстап алып, сөзді қайталайды да, допты басқа оқушыға лақтырады. Ол допты ұстап алып, алдыңғы екі сөзді қайталап, өз сөзін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Алдыңғы оқушының артынан барлық сөздерді қайталап, өз сөзін айта алған оқушы жеңімпаз атанады.
2-жаттығу. Describe Anar's family. - This is Anar. This is her family. This is her grandfather. This is her grandmother. This is her mother. This is her father. This is her sister. This is her brother.
Well done, children! Ал, енді менің Анардың отбасы туралы айтатынымды тыңдаңдар.
Her family is big. (Қажет болса, мұғалім ана тіліне сүйене отырып, сөйлемнің мағынасын түсіндіре алады).
3-жаттығу. Follow the lines and say.
This is Ainur and this is her mother. This is John and this is his father. This is Dasha and this is her brother. This is Vitaliy and this is his sister.
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.)
Hands up,
hands down.
Hop, hop,
Turn around
Bend left, bend right.
Turn around and sit down.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Follow the lines and say.
Жаңа лексиканы қолдану белсенділігін арттыруға арналған жаттығу. Оқушылар көрсетілген сызықтар бойынша екі кейіпкердің - Ольга мен Мишаның әжесі мен атасы бейнеленген суреттерді салыстыруға және мұғалімнің : Look at picture №1. Who's this? This is his grandmother және т.б. сұрақтарына жауап беруге тиіс).
2-жаттығу. Listen and choose the right sticker.
Мұғалім дәптердің соңындағы қосымшаны ашып, осы жаттығуды орындау үшін ұсынылған стикерлердің арасынан тыңдалған сөйлемдердің мағынасына сәйкес келетін стикерді тауып, бос төртбұрышқа жапсыруды сұрайды. Мұғалім Мунидің атынан мына сөйлемдерді оқиды:
- This is my mother.
- This is my sister.
- This is my father.
- This is my brother.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Осы сабақтан кейін ата-аналарыңа не жайында айтар едіңдер?
Бүгінгі сабақта ата-әжелер туралы әңгімелеуді үйрендік. «grandmother/granny, grandfather/grandpa» сөздерін пайдаландық. «His/ һег» сөздерімен сөйлем құрдық. Әлібек пен Анардың отбасыларын сипаттадық.
Ата-аналарға тапсырма. Келесі сабақта «Му family tree» жобасын орындау үшін фотосуреттер дайындау (туған-туысқандардың беттерін қиып алу). Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап, мадақтап отыру өте маңызды.
Unit 2.
Lesson 4.
Сабақтың тақырыбы: My friend's family.
Сабақтың мақсаты: «Му friend's family» тақырыбы бойынша оқылған лексиканы белсенді пайдалану. Үлгілік танысу жағдайында диалог және монолог құру дағдысын қалыптастыру. [І] дыбысын дұрыс айту дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: өз досының отбасын таныстыру дағдысын қалыптастыру; тұлғалық: үлкендерді құрметтеуге баулу, танысу жағдайында <тілдік этикетті сақтау дағдысын қалыптастыру;
жүйелік-әрекеттік:осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, Әлібек пен Муни бейнеленген бейдждер;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, отбасы мүшелерінің фотосуреттері.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану (отбасы туралы әңгіме), еңбекке баулу (отбасы ағашына фотосуреттерді жапсыру).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning I am glad to see you!
Мұғалім амандасқан кезде қолымен ишарат етеді, оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning, We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз өз досымыздың/құрбымыздың отбасын таныстыруды үйренуді жалғастырамыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық, жаттығу.
- Балалар, караңыздар бізге кім келді. Mr. Wise Crow-пен амандасыңдар.
(CI.: Good morning, Mr. Wise Crow).
Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Mr. Wise Crow бүгін бізге жаңа [1] дыбысын ала келді. Мен бұл дыбысты мына бір көңілді әннен тыңдаған едім: La-la-la lemon! La-la-la lamp!
Қараңыздаршы қандай әдемі дыбыс. Let's practise! Listen and say after me: [l], [l], [l]. Кәне, бұдан да көңілдірек өлең айтып көрейік. Let's sing: La-la-la- la! Lo-lo-lo-lo! Lu-lu-lu-lu! Le-le-le-le!
- Well done, children!
Біз қазір досымыздың отбасы туралы баяндап беруді үйренеміз. Өздеріңнің отбасыларың жөнінде айтқан кездегі қолданған сөздерді айтып көріңіздерші.
CI: mother, father, sister, brother. Т.: Very good!
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
- Балалар, біз қонаққа барған кезде әдептілік сақтауымыз керек. Ол нені білдіреді? С1.: үй қожайындарымен амандасуға/қоштасуға, қонақжайлығы үшін алғысымызды білдіруге міндеттіміз. Мұғалім; Дұрыс, балалар.
Біздің танысымыз Муни Әлібектің үйіне конаққа барды. Әлібек Муниді өз отбасымен қалай таныстырғанын тыңдаймыз.
1-жаттығу. Listen and learn.
Track 19
Alibek: Good morning, Moony!
Moony: Good morning, Alibek!
Alibek: This is my mother, Gulmira. This is my friend, Moony.
Alibek: This is my father.
Father: Hi! My name is Marat.
Moony: Hello! I'm Moony.
Alibek: This is my brother. His name is Olzhas.
Alibek: This is my sister.
Aliya: Hi, I'm Aliya.
Moony: Hello, Aliya.
Alibek: This is my grandfather and this is my grandmother.
Alibek: І love my family.
- Тағы да бір рет тыңдаймыз, өйткені осы жаттығуды орындағаннан кейін біз кино түсіреміз, әркайсысыңыз Әлібектің немесе оны әкесінін не әпкесінің (қарындасының) немесе Мунидің рөлін ойнайсыңдар.
Сюжетті-рөлдік ойын.
Мұғалім оқушыларға тыңдаған материал бойынша көрініс қоюды ұсынады. Көрініс кезектілігін сақтау үшін кейіпкерлердің суреттері тақтаға ілінеді. Мұғалім балаларға көрініс қойған кезде суреттерге қарап бағыт алуға болатынын түсіндіреді. Мұғалім балаларды импровизациялауға бағыштайды (бұрын оқылған фразаларды сөзге қосу). Сынып әркайсысы 6 адамнан құрылған топтарға бөлінеді. Әр топтағы бала саны сюжеттегі кейіпкер санына тең. Сынып сюжеттің кейіпкерлері - Әлібек, оның әкесі және әпкесі (қарындасы) және Муни санына тең 4 адамнан құрылған топтарға бөлінеді.
2-жаттығу. Listen and learn the poem.
- Балалар, киномыздың соңында Әлібек өз отбасы туралы не деді?
- Дұрыс: I love my family. Ал, сендер өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме? Өз ата-аналарыңа, аға (іні), әпке (сіңлі, қарындастарыңа) айтуға болатын тақпакты тыңдаңдар.
Track 20.
I love my father,
I love my mother,
I love my sister
And my little brother.
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Look and draw the lines. Say who they are.
Контурларды төменде берілген отбасы мүшелерінің суреттерімен сәйкестендіру. Мұғалім контурдың нөмірін атап: «Who's number 1 ?... etc» деген сұрақ қояды. Оқушылардың жауабы: 1. This is his mother. 2. This is his brother. 3. This is his father. 4. This is his sister. 5. This is his grandmother. 6. This is his grandfather.
Mini-project.
Оқушылар отбасы мүшелерінің фотосуреттерін пайдалана отырып, отбасы ағашын құрады. Өз отбасы туралы әңгіме құрып, бір-біріне айтып береді. Одан кейін оқушылар отбасы ағашының суреттерімен алмасып, өз досының отбасы туралы әңгімелейді.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Бүгінгі сабақ туралы ата-аналарыңа не айтып бересіңдер?
- Сабақта біз өз отбасымыз және досымыздың отбасы туралы әңгімелеуді үйрендік. Әлібектің өз отбасы туралы әңгімесін тыңдадық, өз отбасымызды қалай жақсы көретініміз туралы айттық.
Бүгін сен үшін не жаңа болды?
Біз бүгін «отбасы ағашы» дегеннің не екенін білдік. Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды).
Unit 2.
Lesson 5.
Сабақтың тақырыбы: Let's play.
Сабақтың мақсаты: білім мен дағдыны бекіту, қорыту және жүйелеу. Ұжымды құрметтеу сезімін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: бастапқы сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру;
тұлғалық: жасы үлкендерді құрметтеуге, құрбы-құрдастарға деген төзімділікке баулу;
жүйелік-әрекеттік: өзінің оқу/коммуникативтік іс-қимылдарын қойылған міндеттерге және оларды іске асыру талаптарына сәйкес орындау.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренуге ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning I am glad to see you!
Мұғалім амандасқан кезде қолымен ишарат білдіреді, оқушылар мұғаліммен амандасады.
Good morning, good morning We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін танысқан уақыттан бастап үйренгенімізді қайталаймыз.
Ш Тірек білімді белсендіру.
Сабақта фонетикалық жаттығу ретінде үйренген әндерімізді немесе жаттаған тақпақтарымызды қайталаған жөн. Бұл артикуляциялық аппаратты қалпына кетіруге және эмоционалдық көңіл күйді жақсартуға әсер етеді.
Оқулықпен жұмыс
- Қазір біз өте қызықты «Бұлақ» деген ойынды ойнаймыз. Біз барлық кедергілерден өтіп, сұрақтарға жауап беруге тиіспіз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз. Әр топ өзіне ат ойлап табады (мұғалім жақсы оқитын және нашар оқитын оқушыларды тең боле отырып, топты өзі құра алады). Оқушылардың жұмысын бағалау үшін мұғалім әртүрлі бақылау нысандарын ұсына алады.
1- Answer the question: What's your name? Оқушылар кезек-кезек сұрақ қойып, оған жауап береді.
2. Count from 1 to 10. Оқушылардың барлығын қатыстыру үшін бірінен кейін бірін санатқызуға болады.
3. Translate: This is Saltanat. She is a girl. She is 6.
4. Finish the sentence. My name is ....
5- See. The correct answer: a girl.
6- Describe this family: This is a boy. His name is Misha. This is his family. This is his father. This is his mother. This is his sister. This is his brother. Бұл тапсырманы орындау үшін әр топтан бір оқушыдан шақыруға болады. Қатысушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
7. Answer: How old are you? I'm 6/7. Оқушылар тізбек бойынша сұрақ қойып, оған жауап береді.
8. Say the words. Look at the pictures and say who these people are: a grandfather, a grandmother.
9. Translate: This is Nurlan. He is a boy. He is 8.
10. Sing a song you know.
Дәптермен жұмыс
1-бақылау тестін орындау. Оқушылардың жұмысын бағалау үшін мұғалім смайлдарды пайдаланады.
1-тапсырма. Listen, choose and circle what you hear.
Оқушылар суретке қарап, мұғалім айтқан сөйлемді салыстыруға және дұрыс салынған суретті айналдыра сызуға тиіс.
Teacher:
- This is a girl.
- This is a teacher.
- This is a mother.
- This is a brother.
2-тапсырма. Look at Anar's family. Put the stickers into the correct place. Name them.
Оқушылар Анардың отбасылық ағашын толтыруға тиіс. Балалар жұмыс дәптерінің косымшасындағы Анардың отбасы мүшелері бейнеленген стикерлерді алып, оларды қажетті шеңберге жапсырады.
This is Anar and this is her family.
1. This is her grandfather. 2. This is her grandmother.
3. This is her father. 4. This is her mother.
5. This is her brother. 6. This is her sister.
IV Сабақты қорытындылау.
- Балалар, сендер бақылау жұмысын өте жақсы орындадыңдар. Енді ағылшын тілінің көмегімен өздерің басқа адамдармен танысып, достарыңмен туысқандарыңды баска елдің адамдарымен ағылшын тілінде таныстыра аласыңдар.
Әр сабақта балалардың жетістігін мақтап, бағалап отыру өте маңызды.
School things
Unit 3.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: School things.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «School things» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a pen, a pencil, a ruler, a rubber) таныстыру. Мектеп құрал-сайманын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында диалог және монолог құру дағдысын қалыптастыру. «What's this?» сұраулы грамматикалық құрылымын енгізу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: мектеп құрал-сайманына ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: қарым-қатынас міндеттеріне сәйкес ауызша нысандағы сөйлемді саналы түрде құру.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, мектеп құрал-сайманы бейнеленген флэш-карталар;
Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка (сергіту сәтінің жаттығуын музыканың сүйемелдеуімен орындау), өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
Бүгін біз сабақта жұмыс істейтін заттардың аттарымен танысамыз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
Балалар, бірде мен көшеден әдемі машина көргенім естеріңде ме? Мен сонда не деп айкайлап едім? (CI.: Wow!) Мені тыңдап, артымнан қайталаңдар: [w], [w], [w]. Еріндеріңді алға қарай созыңкырап, дөңгелентіп, күрт арасын ашыңдар: [w], [w], [w].
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look and learn.
Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім әрбір жаңа сөзді оқиды, оқушылар тыңдап, мұғалімнің артынан қайталайды).
(Қажет болған кезде мұғалім балалардың сөйлемдерді түсінген-түсінбегенін тексере алады. Мұғалім флэш картаны көрсетіп, өзге затты атайды. Оқушылар жауап береді: Yes/No).
2-жаттығу. Listen and remember.
- Мына суретке қараңдар. Балалар қолдарында не ұстап тұр? Сендер бұл заттардың ағылшын тілінде қалай аталатынын білесіңдер. Ал, енді біз біртұтас сөйлем құруды үйренеміз. Мынау - қарындаш. Біздін кейіпкерлеріміз не айтар екен?
Track 21.
It's a pencil. It's a ruler. It's a rubber. It's a pen.
3-жаттығу.
- Балалар, енді сендер, біздің кейіпкерлер сияқты әр заттың атын атаңдар (балалардың сөйлем құруын талап етіңіз: It's a pen. Және т.б.).
4-жаттығу. Listen and learn.
Оқушыларға суреттерге қарауды ұсыңыз.
- Балалар, Бота мен Муни алғашкы рет мектепке келіпті. Олар үшін бәрі де бейтаныс. Олар мектеп құрал-сайманын алғашқы peт көріп тұр, сондықтан қалай аталатынын білмейді. Заттың атауын білмегенде қандай сұрақ қоямыз? Біз «мынау не?» деген сұрақ коямыз. Біздін кейіпкерлеріміз де осы сұрақты қояды, бірақ ағылшын тілінде. Жаттығуды тыңдап, бұл сұрақ ағылшын тілінде қалай айтылатынын білейік.
Балалар аудиожазбаны тыңдап, мұғалімнің сұрағына жауап береді. Балалар мини-диалогтарды тыңдайды:
Track 22
What's this? - It's a pen. What's this? - It's a ruler. What's this? - It's a pencil. What's this? - It's a rubber.
Тыңдағаннан кейін оқушылардан фразаларды артыңыздан қайталауын сұраңыз. Осы шағын диалогтар бойынша рөлдерді ойнатыңыз.
- Ал енді, балалар, бір-біріңе заттарды көрсетіп, «What's this?» деген сұрақты қойып, оған жауап беріңдер. «What's this?»
дидактикалық ойыны.
Мұғалім Муни мен Ботаның рөлдерін бөліп береді. Орындаушылар сыныптастарына заттарды көрсетіп, «What's this?» деген сұрақ қояды. Мұғалім оқушылардан партаға қалам, қарындаш, сызғыш және өшіргіш қоюды сұрайды.
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Listen to.
Мұғалім балалардан осы жаттығуды орындау үшін ұсынылған стикерлердің арасынан тыңдалған сөйлемдердің мазмұнына сәйкес келетінін таңдап алып, бос төртбұрышқа жапсыруды сұрайды.
2-жаттығу. Find the school things and name them. Балалар затты тауып, оның атын атайды.
V Сабақты қорытындылау.
Сендердің әркайсылардың бүгін нені үйренеді? Біздің сабақтан кейін сендер ата-аналарыңа не туралы айтар едіңдер?
- Жарайсыңдар! Бүгінгі сабақта оқу құралдарын атап үйрендіңдер (оқушылар заттарды атайды: a pen, a pencil, a ruler, a rubber). «What's this?» деген сұрақты қоюды және оған жауап беруді үйрендіндер. (Әр баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды). Қандай жақсы баласыңдар! Well done!
Unit 3.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: School things.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «School things» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a book, a copy-book, a bag, a pencil саsе) таныстыру. Тақырып бойынша бұрын оқылған лексиканың белсенділігін арттыру. Мектеп құрал-сайманын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында диалог және монолог құру дағдысын қалыптастыру. Жаңа лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Ұсынылған зат туралы естіген материалды түсіну.
тұлғалық: мектеп құрал-сайманына ұкыптылықпен қарауға баулу.
жүйелік-әрекеттік: ауызша нысандағы сөйлемді қарым-қатынас міндеттеріне сәйкес саналы түрде құру.
Сабақтың материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруга арналған смайлдар, мектеп құрал-сайманы бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка «Опе, two, three on the tiptoes» әнін орындау), сурет салу (заттарды бояу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады. Good morning, good morning, Good morning to you! Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз сабақта жұмыс жүргізу үшін қажетті заттардың атауларымен танысуды жалғастырамыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық, жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар, өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік: (реn-а pen, pencil-a pencil, rubber-a rubber, ruler-a ruler.
Ал қазір сіздермен ойын ойнайық. Мен сендерге өткен сабақтардан таныс дыбыстарды айтамын, ал сендер осы дыбыстар кездесетін сөздерді айтасыңдар.
[u] - book, ruler, goodbye, good morning
[e] - pen, pensil, friend
[r] - ruler, rubber, grandmother, grandfather.
IV Жаңа материалмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the new words.
- Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім жаңа сөздерді айтады. Оқушылар тыңдайды және мұғалімнің артынан қайталайды.) It's a book. It's a copy-book. It's a bag. It's a pencil case.
(Қажет болған кезде мұғалім балалардың сөйлемдерді түсінген түсінбегенін тексере алады. Мұғалім флэш-картаны көрсетіп, суретте бейнеленбеген өзге затты атайды. Оқушылар жауап береді: Yes/No).
- Балалар, оқулықтарыңа қараңдаршы. Қандай әдемі, қызықты тапсырмалармен, суреттермен безендірілген. Оқулыққа сурет салуға бола ма? Неге? Сабақ үстінде қалам, қарындаштарды лактыруға бола ма? Неге? Дәптерге қалай сурет салу керек? Неге?
2- жаттығу. Ask and answer the question.
Мұғалім: «What's this?» деген сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Одан кейін балалар бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді.
«Мұғалім» рөлдік ойыны.
Оқушылардың біріне мұғалім рөлін аткару ұсынылады. Ол сыныпқа сұрақ қояды (флэш-карталармен жұмыс).
3-жаттығу. Say. Оқушылар көзбен It's a... сөйлемінің құрылымын ажыратып, фразаның басын айтқаннан кейін суретте бейнеленген заттың атын атап, оны аяқтайды.
Look and say.
1. It's a pencil.
2. It's a pen.
3. It's a book.
4. It's a copy-book.
5. It's a ruler.
6. It's a pencil case.
7. It's a bag.
8. It's a rubber.
4-жаттығу. Pair work. Ask and answer.
(Интерактивті тақтаны пайдаланған кезде.) Мұғалім сөмкеден оқу құрал-сайманын шығара отырып, балаларға флип-чарт көрсетеді. Оқушы «What's this?» деген сұрақ қояды. Екінші оқушы оған жауап береді.
(Интерактивті тақта болмаған кезде.) Оқушылар жұптасып жұмыс істейді. Бір оқушы сөмкесінен заттарды шығарып, көршісіне «What's I this?» деген сұрақ қояды.
Әлібек сөмкені ашып, мысалға кітапты шығарып, «What's this?» деген сұрақ қояды. Екінші оқушы (партадағы көршісі) «It's a book» деген жауап береді.
«What's in my bag?» дидактикалық ойыны.
Мұғалім мөлдір емес дорбаға мектеп құрал-сайманын салып, ол қолымен қандай затты ұстап тұрғанын табуды ұсынады. Мұғалім: What's this?» деп сұрайды. Балалар: «It's a....» деген сөйлеммен жауап береді. Оқушы затты шығарып, қалғандарына оның затты дұрыс атағанын көрсету үшін сыныпқа көрсетеді.
Сергіту сәті
(Балалар жұптасып қол ұстасып тұрады, санап, жанына қарай бір қадам аттайды, «Бір, екі, үш аяқ ұшымен бас» әнін айтуға болады. One, two, three on the tiptoes One, two, three on the tiptoes One, two, three turn around Clap, clap, step aside.
Оқушылар бұл жаттығуды тақта алдында орындайды. Ол жерде бос орын жетіспеген жағдайда парта қатарларының арасындағы бос орынға тұрады. Жанына қарай бір қадам аттаудың орнына тізелерін бүгуіне болады.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Answer the question: What's this? Colour. Мұғалім оқушылардан бейнеленген затқа қарауды сұрайды. Балалар «What's this?» деген сұраққа жауап беріп, затты бояйды.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата-аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?
Бүгінгі сабақта оқу құрал-жабдықтарын атап үйрендіңдер (оқушылар заттарды атайды: a pen, a pencil, a ruler, a rubber). «What's this?» деген сұрақты қоюды және оған жауап беруді үйрендіңдер.
Әр сабақта балалардың жетістігін мадақтап отыру өте маңызды.
Unit 3.
Lesson 3.
Сабақтың тақырыбы: Our classroom.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Our classroom» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a desk, a chair, a board) таныстыру. Зат есімнің көпше түрімен таныстыру. Сынып бөлмесінде орналасқан заттарды білдіретін жаңа сөздерді енгізудін үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: оқу құралдарына және сыныптағы заттарға ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: ағылшын тілінде сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену; кестедегі ақпаратты тарату, бекіту.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, мектеп құрал-сайманы бейнеленген флэш-карталар, есепті қайталау үшін: алма салуға арналған ойығы бар 2 себет, 10 алмадан бейнеленген 2 топтама;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика (1-ден 10-ға дейін санау)
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысамыз және оқу құралдарын көпше түрде атап үйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық, жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар, мен жақында зообақта болдым ондағы жануарлардың қалай дыбыстайтындары жөнінде сендерге әңгімелеп берсем деймін. Маған бәрінен бұрын ұнағаны кішкентай маймылдар [tʃi], [tʃi], [tʃi] деп дыбыстаса, ал ересек маймылдар: [tʃa], [tʃa], [tʃa] деп дыбыстайды.
Бір ерекше маймыл былай дыбыстады: [tʃu], [tʃu], [tʃu]. Ал енді осы дыбыстар кездесетін ағылшын тіліндегі сөздерді айтып көрелік. Listen and repeat after me: chair, children, teacher.
- Өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік: book, a book, books; copy-book, a copy-book, copy-books; bag, a bag, bags; pencil case, a pencil case, pencil cases. Well done, children!
«Кім жылдамырақ» дидактикалық ойыны.
- Балалар, 1-ден 10-ға дейін санаймыз. Алмаларды себетке жинап, оларды кері шығарамыз. Алманы жинағанда 1-ден 10-ға дейін, ал оларды шығарғанда 10-нан 1-ге дейін кері санаймыз. Алманы себетке кім жылдам жинап, жылдамырақ шығарса, сол жеңімпаз болады (тақтаға 2 себет ілінеді, оқушылар тапсырманы орындайды).
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the new words.
- Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттардың атауларын оқиды. Оқушылар тындап, мұғалімнің соңынан қайталайды).
It's a desk. It's a chair. It's a board. (Қажет болған кезде мұғалім балалардың сөйлемдерді түсінген-түсінбегенін тексере алады. Мұғалім суретті көрсетіп, өзге затты атайды. Оқушылар жауап береді: Yes/No). Оқушылар оқулықтағы затты көрсетіп, бір-біріне заттардың атауларын айтады.
2-жаттығу. Look, find and say. Суретке қарап, заттарды тауып, оларды атаңдар. Жұптасып жұмыс істеу. Оқушылар затты тауып, бір-біріне сұрақ қояды: «What's this?» Сұраққа жауап береді: «It's а реn/ pencil etc».
3-жаттығу. Listen, remember and say.
- Балалар, суретке қараңдар. Мунидің бір қолында неше қалам бар? (CI.: One). Дұрыс, one pen, ал Мунидің екінші қолында неше қалам бар? (CI.: Three). Дұрыс, three pens. Балалар мені тыңдап, айырмашылықты табыңдар. «Қалам - қаламдар, pen - pens; сызғыш- сызғыштар; ruler -rulers; өшіргіш - өшіргіштер; rubber - rubbers; кітап - кітаптар, book, - _ __» деп қай кезде айтамын? (Оқушылар сөзді айтып, зат есімнің көпше түрін жасау ережесін өздері тұжырымдайды).
Оқушылар, аудиожаттығу мәтінін тыңдап, әр суреттен кейін аударады:
Track 23.
1-сурет. One pen - three pens.
2-сурет. One ruler - four rulers.
Осыдан кейінгі 2 суретті балалар өз бетінше сипаттайды.
3-сурет. One rubber - five rubbers.
4-сурет. One book - two books.
Жұптасып жұмыс icmey. Оқушы партадағы көршісіне қарындаштардың әртүрлі сандарын көрсетеді, ал көршісі оларды атайды. Мысалы: Six pencils etc.
4-жаттығу. Listen to your teacher and point at the correct picture. Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, оларға сәйкесін белгілейді және бейнеленген заттар мен олардың санын атайды. Мұғалім:
1-сурет. Five pencils.
2-сурет. A bag.
3-сурет. Three copy-books.
4-сурет. A board.
5-сурет. A desk.
6-сурет. Two pencil cases.
Оқушылардың назарын «case - cases» сөзінің көпше түрінің дұрыс дыбысталуына аудару керек.
Сергіту сәті
Балалар жұптасып қол ұстасып тұрады, санап, жанына қарай бір қадам аттайды, «Бір, екі, үш аяқ ұшымен бас» әнін айтуға болады:
One, two, three on the tiptoes
One, two, three on the tiptoes
One, two, three turn around
Clap, clap, step aside.
Оқушылар бұл жаттығуды тақта алдында орындайды. Ол жерде бос орын жетіспеген жағдайда парта қатарларының арасындағы бос орынға тұрады. Жанына қарай бір қадам аттаудың орнына тізелерін бүгуіне болады.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу.
Play Bingo.
Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздер бейнеленген флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек-кезек 1 карточкадан шығарып, осы сөзді атайды (бірақ сыныпқа көрсетпейді). Қолында осы сөзді бейнелейтін сурет бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастаған бала «Bingo!» - деп айқайлайды. Мұғалім жаттығудың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер сөздердің барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз атанады.
2-жаттығу. Count and match.
Оқушылар әр суретке бейнеленген зат санын белгілейтін санды таңдайды:
1-сурет. Three bags. 3
2-сурет. Eight rubbers. 2
3-сурет. Two bags. 6
4-сурет. Six pencils. 8
5-сурет. Four books. 1
6-сурет. One desk. 4
V Сабақты қорытындылау
- Бүгінге сабақтан не үйрендіңдер? Сабақтан кейін ата-аналарыңа жаңа сабақ туралы не айтар едіңдер? Оқушылар: бүгінгі сабақта жаңа сөздермен таныстық (оқушылар сөздерді атайды: a desk, a chair, a board). Заттарды санауды үйрендік. Қандай жаңалық аштыңдар? Оқушылар зат есімнің көпше түрін жасау ережесін тұжырымдайды.
- Дұрыс, ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрі s-тің көмегімен құралады. Well done! (Әр баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды).
- Goodbye, children!
Unit 3.
Lesson 4.
Сабақтың тақырыбы: At school.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Іс-қимыл жасауға басшылықты білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Зат есімдерді көпше түрде дұрыс айту дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін сәйкес орындау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: оқу құрал-жабдықтарына және заттарына ұқыптылықпен қарауға және жасы үлкендерді құрметтеуге баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану; ағылшын тіліндегі сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, мектеп құрал-сайманы бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысуды жалғастырамыз және сыныпта өзін-өзі ұстаудың бастапқы нормаларын сақтауды, мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін орындауды үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар бір дыбысты дауыс ырғағын өзгерту арқылы түрліше айтуға болады. Егер сен таңғалған болсаң [əu]; қуансаң [əu]. That's great! Егер біреуге аяушылық көрсеткің келсе [əu] дейсің. Қорқынышты сәтті елестетіп көр.
- Балалар, енді осы дыбыс бар сөздерді айтып көрелік. Listen and repeat: close, open, hello, go, phone, poem.
Бұл тапсырма осы дыбыстың артикуляциясын ғана емес, дауыс ырғағын да жаттықтыруға да көмектеседі.
- Өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік: (desk- a desk - desks, chair - a chair - chairs, board - a board - boards.) Well done, children!
IV Жаңа материалмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look, listen and learn.
Оқушылар суреттерге қарап, тыңдайды және аударады. Қажет болса, мұғалім көмектеседі.
Track 24
1-сурет. Good morning, children!
2-сурет. Sit down, please.
3-сурет. Open your books.
4-сурет. Open your copy-books.
5-сурет. Take your pens.
6-сурет. Look at the board.
7-сурет. Close your books and copy-books.
8-сурет. Stand up, please. Goodbye, children.
2-жаттығу. Look and say.
- Балалар, суреттегі балалар қандай бұйрықтарды орындап жатыр? Балалардың жауаптары:
1-сурет. Open your book.
2-сурет. Sit down, please.
3-сурет. Close your book.
4-сурет. Take the book.
5-сурет. Look at the teacher.
6-сурет. Take the pen.
7-сурет. Look at the board.
«Роботтар». Рөлдік ойын.
- Listen and do. Мұғалім бұйрық береді, ал оқушылар оларды робот сияқты орындайды. Жаңылысқандар ойыннан шығады.
1. Look at the teacher.
2. Take your pen.
3. Take the ruler.
4. Open your copy-book.
5. Sit down.
6. Open your book.
7. Close your book.
8. Look at the board.
9. Stand up.
Сергіту сәті
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді) Hands up, hands down.
Hop, hop,
Turn around.
Bend left, bend right,
Turn around and sit down.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Listen, choose and tick.
Оқушылар қажетті суретті таңдап, мұғалімнің мақұлдауына сәйкес оның жанына канатша (v) белгісін қояды.
Close the book.
Take your ruler.
Please, sit down.
Look at the poster.
2-жаттығу. Match and say what tney are.
Балалар суреттерді олардың контурларымен сәйкестендіріп, оларды атайды.
V Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Бүгін ата-аналарыңа сабақ жайында не айтасыңдар?
Бүгінгі сабақта «Оқу құрал-жабдықтары» деген тақырыптың сөздерін пайдаландыңдар (оқушылар сөздерді атайды: a book, a pen, a pencil, a desk, a chair, a board). Мұғалімнің нұсқауларын орындауды үйрендіңдер (оқушылар: take, open, stand up etc.).
Well done! (Баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды).
Goodbye, children!
Colours
Unit 4.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: Colours.
Сабақтың мақсаты: «Colours» тақырыбы бойынша жана лексикалық бірліктермен танысу (red, yellow, green, blue). What colour is it? It's my favourite colour құрылымымен танысу. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жаңа лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты дамыту, оқушылардың зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдармен қарым-қатынас кезінде оларды құрметтеуге және сыпайы болуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: ауызша айтылымды ауызша түрдегі қатынас міндеттеріне сәйкес саналы түрде құру.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға және арналған смайлдар, қызыл шар, сары жалауша, көк паравоз, жасыл бақа бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка («I like red and I like blue» әнін орындау), өзін-өзі тану, сурет салу.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз түстерді белгілейтін сөздермен танысып, түстерді атап үйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар, мен кеше өзімнің кішкентай достарыммен ойыншықтар сататын дүкенде болдым. Айтыңдаршы, маған қандай ойыншық ұнады деп ойлайсыңдар: yellow уо-уо!
Дүкеннен шыққаннан кейін біз кафеге барып балмұздақ жедік. Менің кішкентай достарым былай деді: Yummy, yummy! А бүгін біз осы сөздердің ішінде кездесетін дыбыстармен танысамыз.
[j] yes, yellow, yummy, yummy. Repeat: [j], [j], [j].
Мына өзгеше дыбыс осыған ұқсас [u:], [u:], [u:].
Let's practise! Listen and say after me:
[u:] blue, two, you, room, school.
IV Жаңа материалмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the colours.
- Look at this picture, listen and repeat after me. Мұғалім сары күн, жасыл жапырақ, қызыл шар, көгілдір аспан бейнеленген суреттерді көрсетеді.
- Күнге қараңдар, оның түсі сары. Енді ағылшын тілінде айтып көрейік: Yellow. Ал жапырақтың түсі қандай? Дұрыс, жасыл: Green. Шар қызыл: Red. Аспан көгілдір екенін білеміз: blue. Repeat after me. (Оқушылар мұғалімнің артынан бірге және жеке дара қайталайды): Red, yellow, green, blue.
2-жаттығу. Listen and sing.
- Түстер туралы ән тыңдаймыз. Өзіңе ұнаған түс туралы қалай айту керектігіне назар аударыңдар. Бір нәрсені ұнатсан «I Ііке» деп айту керек. Әнді тындаймыз.
Track 25.
I like red and I like blue,
I like yellow and green.
І like red and I like blue,
I like yellow and green.
Оқушылар әнді бірнеше рет тыңдайды, одан кейін оны бірге айтады, кейін сыныпты топтарға белуге болады. Бір топ бірінші жолды, келесі топ екінші жолды және әрі қарай осылай кезек-кезек жалғастырады.
Кейін орын алмасады. Осылайша балалардың әнді естеріне қаншалықты сақтағанын тексеруге болады.
Карточкамен жұмыс жүргізу 3-жаттығуды орындауға ауысуға көмектеседі. Мұғалім «What colour is it?» сұраулы сөйлемінің мағынасын түсіндіреді. Одан кейін мұғалім балаларға белгілі бір түске боялған карточканы көрсетіп, «What colour is it?» деген сұрақты қояды. Мұғалім бұл сұраққа бұрын үйренген «It's red» құрылымын пайдалана отырып, қалай дұрыс жауап беру керектігін түсіндіреді
3-жаттығу. Answer the question. What colour is it? It's red.
- Енді біз заттардың түсін атай аламыз. Суретке қарап, ондағы заттардың түстерін атаңдар. Балалар суреттегі заттардың түстерін атайды.
Мұғалім цифрмен белгіленген заттардың әрқайсысы туралы сұрақ қояды: Look at number 1. What colour is it? Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылардың қаншалықты түсінгендерін тексеру үшін мұғалім «Зейінді бол» деген ойынды ойнауды ұсынады. Мұғалім қызыл, көк, жасыл, сары түстерді көрсетіп: «It's red. It's blue». «It's yellow. «If s green» дейді. Егер ол түсті дұрыс атаса, балалар келіседі: «Yes, it's red». Erep келіспесе: «No, it's blue», - дейді.
4-жаттығу. Listen and learn.
«What colour is it?» деген сұрақпен таныстық және оған жауап беруді үйрендік. Енді біз бұл сұраққа осы түс өзіміздің сүйікті түсіміз екенін қоса айтып жауап беруді үйренеміз.
- What colour is it?
- It's red. It's my favourite colour.
Мұғалім түсіндіреді: Look! It's red. It's my favourite colour. Repeat after me (оқушылар мұғалімнің артынан барлығы бірге және жеке-дара қайталайды). «What colour is it?
- It's yellow. It's my favourite colour. It's my favourite colour құрылымын бекіту үшін оқушылар үстелде жатқан заттарды алып, олардың түсін атайды және өздерінің сүйікті түстерін атай отырып, «It's my favourite colour», - дейді. Оқушылардың сұрақты қаншалықты меңгергендігін бақылау үшін мұғалім «Дым білмес» ойынын ойнауды ұсынады. Ойынға біздің кейіпкерлеріміз көмектеседі. Бота Мунидің қолындағы шарды көріп, оның түсі қандай екенін сұрайды. Муни бұл түс өзінін сүйікті түсі екенін айта отырып, осы сұраққа жауап береді.
Track 26.
(І-сурет)Бота: What colour is it?
Муни: It's yellow. It's my favourite colour.
(2-сурет) Миша: What colour is it?
Оля: It's blue. It's my favourite colour.
(3-сурет) Әлібек: What colour is it?
Анар: It's green. It's my favourite colour.
(4-сурет) Бота: What colour is it?
Миша: It's red. It's my favourite colour.
5-жаттығу. Pair work. Ask and answer.
Мұғалім балаларға жұптасып диалог айтуды ұсынады.
- Енді жұптасып жұмыс істейміз, оқу құралдарын партаға қойыңдар, өзің қалаған бір түстегі бір затты алып, «What colour is it?» деген сұрақты қойыңдар («What colour is it?» сұрағы мен оның айтылуын пысықтау).
1-оқушы: What colour is it?
2-оқушы: It's red. It's my favourite colour.
Сергіту сәті
Green frogs jump (оқушылар жаттығуды мұғалімнің нұсқауларына сәйкес орындайды).
Мұғалім әр баланың құлағына бір түстің атын сыбырлап айтады (мысалы: red, blue etc).
- Енді біз бақаларға айналамыз, бірақ жай бақа емес, түрлі түсті бақаларға. Мен құлақтарыңа сыбырлап бір-бір түстен атадым. Мен түсті атағанда, осы түстегі бақалар секіруге тиіс.
- Yellow frogs, jump!
- Green frogs, jump!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Colour.
- Балалар, үлкен бос дақтарға қараңдар, олар 1-ден 4-ке дейін нөмірленген. Оларды 1-ден 4-ке дейін нөмірленген түстерге бояу қажет (түстердің атаулары жазылған, балалар оларды таниды, бірақ оқымайды).
2-жаттығу. Listen and circle the right picture.
- Мәтінді мұқият тыңдап, дұрыс жауаптарды дөңгелентіп айналдыра сызамыз (мұғалім мәтінді оқығанда пауза жасап, фразаларды анық айтады).
1. It's blue (көк түсті зат бейнеленген суретті сызады);
2. It's green, (жасыл түсті зат бейнеленген суретті сызады).
3-жаттығу. Look, listen, choose and colour.
Балалар мұғалімнің нұсқауларына сәйкес суретті бояйды.
1. It's a chair. It's yellow.
2. It's a bag. It's green.
3. It's a pencil case. It's blue.
4. It's a ruler. It's red.
5. It's a book. It's green.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Бүгін ата-аналарыңа сабақ жайында не айтасыңдар?
Сендер түстерді белгілейтін жана сөздермен таныстыңдар (балалар сөздерді айтады: red, blue, yellow, green). «What colour is it?» деген сұрақты қойып, оған жауап беруді үйрендіңдер. Сабақта қандай жаңалық аштыңдар? (Ағылшын тілінде сын есімдер өзгермейді. Көк аспан, көк шар, көк машина ағылшынша blue болады).
Great job! (Баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды). Goodbye, children!
Unit 4.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: Shapes.
Сабақтың мақсаты: Балаларды «Shapes» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (triangle, circle, square). It's a triangle құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жана лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты дамыту оқушылардың зейінін, жадын және бейнелі ойлау қабілетін дамыту; өзге адамдармен қарым-қатынас кезінде оларды құрметтеуге және сыпайы болуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: тілдік құралдарды қарым-қатынас және танымдық міндеттерді шешу үшін пайдалану, әңгімелесуші адамды тыңдау және есту.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы, сызғыш.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану, сурет салу, математика.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning, Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз математика сабағында пайдаланатын фигуралардың ағылшын тіліндегі атауымен танысамыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдаршы. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Бүгін Mr. Wise Crow бізге қызық дыбыстарды ала келді. Бұл дыбыстар бүгін оқып үйренетін сөздеріміздің ішінде кездеседі.
Listen to me and repeat:
[ai], [ai], [ai]. [еә], [еә], [еә]. [з:], [з:], [з:].
- Енді осы дыбыстарды әндетіп айтып көрейік. (Мұғалім дыбыстарды әндетіп айтады, балалар қайталайды).
Дыбыстарды айтқан кездегі балалардың еріндері мен тілдерінің қозғалысына назар аударыңыз.
Енді осы дыбыстар кездесетін сөздерді айтып көрелік. Listen and repeat after me.
[ai] triangle, my, hi.
[еә] where, chair, square.
[з:] girl, circle, learn.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the shapes.
- Менің қолымда дөңгелек, тіктөртбұрыш және үшбұрыш пішінді заттар бар (мұғалім дөңгелек, тік бұрышты және үшбұрышты сызғыштарды қолына алады).
Мұғалім: Look at me. It's a triangle (үшбұрышты сызғышты көрсетеді), It's a circle (дөңгелек сызғышты көрсетеді), It's a square (тік бұрышты сызғышты көрсетеді).
- Суреттегі дөңгелек, тіктөртбұрыш және үшбұрыш пішінді заттарға қараңдар. Ағылшын тілінде «It's a triangle. It's a circle. It's a square» деп айтамыз.
Repeat after me (оқушылар мұғалімнің артынан барлығы бірге және жеке-дара қайталайды, одан кейін әрқайсысы суреттегі фигураны атайды).
2-жаттығу. See the shapes and say.
Мұғалім: Шкафтың ішінде не бар екенін көрейік. Мұнда киімілгіштер (үшбұрышты) бар екен. Оның пішінін кім айтады? 1-оқушы: It's a triangle.
Мұғалім: Шкафты жауып, үстелде не бар екенін көрейік. Ал үстел үстінде апельсиндер бар екен. Апельсиннің пішінін кім айтады?
2-оқушы: It's a circle.
Мұғалім: Дивандағы көпшіктердің пішіні қандай екенін кім айтады?
Оқушы: It's a square.
Мұғалім: Көшеде келе жатып, жол белгілерінің дөңгелек және үшбұрышты екенін байқаймыз (мұғалім дөңгелек және үшбұрышты жол белгілерін көрсетеді).
Оқушылар пішінін атайды.
3-жаттығу. Play the game. Draw the shapes in the air. Мұғалім: Кейіпкерлеріміз ауада фигуралардың суреттерін салуда. Муни ненің суретін салды? Ол дөңгелектің суретін салыпты. 1-оқушы: It's a circle.
Мұғалім: Әлібек те бір нәрсенің суретін салыпты. 2-оқушы: It's a square.
Мұғалім: Енді үшбұрыштың суретін салған Мишаға назар аударыңдар.
3-оқушы: It's a triangle. Дидактикалық ойын.
Мұғалім: біздер де кейіпкерлерімізге қосылып, ауада сурет салайық (мұғалім фигураны атайды, оқушылар ауада оның суретін салып, атайды).
1-оқушы: It's a circle (дөңгелектің суретін салады). 2-оқушы: It's a square (төртбұрыштың суретін салады). 3-оқушы: It's a triangle (үшбұрыштың суретін салады). Мұғалім балалар фигуралардың атауларын жаттап алғанына көз жеткізгенге дейін фигураларды қайталайды.
4-жаттығу. Listen and sing.
Track 27.
Shapes are here, shapes are there.
Shapes are, shapes are every where.
This is a circle, this is a square.
This is a triangle. Shapes are everywhere.
(Бұл әнді сәйкес дене қимылдарымен сүйемелдей отырып, Сергіту сәтінде пайдалануға болады).
5-жаттығу. Look at the picture and name the shapes.
Мұғалім: Муни деген кейіпкеріміз иттің суретін салды. Суреттен қандай фигураларды көруге болады? (Балалар салынған мысықтың суретін құрайтын фигураларды атайды). Әр фигураның нөмірленгеніне назар аударыңдар, әр фигураны атаңдар. Осыдан кейін әртүрлі фигуралардан құрылған үйге назар аударамыз. Осы фигураларды атандар.
Сергіту сәті
Green frogs jump (оқушылар жаттығуды мұғалімнің нұсқауларына сәйкес орындайды).
Мұғалім әр баланың құлағына бір түстің атын сыбырлап айтады (мысалы: red, blue etc/
- Енді біз бақаларға айналамыз, бірақ жай бақа емес, түрлі түсті бақаларға. Мен құлақтарыңа сыбырлап бір-бір түстен атадым. Мен түсті атағанда, осы түстегі бақалар секіруге тиіс.
- Yellow frogs, jump!
- Green frogs, jump!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Color the circles - red, square - green, triangles - blue.
Мұғалім: Фигураларды түрлі түсті қарындаштармен бояңдар.
2-жаттығу. Draw a girl or a boy using shapes. Name the shapes.
Мұғалім: Балалар, сабақта үйренген фигураларды ғана пайдалана отырып, ер баланың немесе қыздың суретін салыңдар (ер баланың немесе қыздың суретін салу үшін қандай фигураларды пайдаланғандары туралы сұрақтар қойылады).
V Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Бүгін ата-аналарыңа сабақ жайында не айтасыңдар?
Біз бүгін фигуралардың атауымен таныстық. Ағылшын тілінде фигуралардың атауларын үйрендік (оқушылар «а triangle, a square, a сігсіе» сөздерін айтады). Great job!
Балалардың жетістігін мадақтап отыру өте маңызды.
- Goodbye, children!
Unit 4.
Lesson 3
Тақырып: Progress test.
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды бекіту және қорыту. Ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды қалыптастыру. Алдыңғы сабақтарда өтілген лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты дамыту, оқушылардың зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдармен қарым-қатынас кезінде оларды құрметтеуге және сыпайы болуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, түстері әртүрлі заттар бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін қорытынды тест орындап, өтілген материалды қорытындылаймыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
«School things. Colours» тақырыбы бойынша сөздерді қайталаймыз.
IV Қорытынды тестімен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
- Бүгін біз ғарышқа сапарға аттанамыз. Бірақ сапарымыз жемісті аяқталуы үшін тапсырмаларды орындауымыз қажет. 10 ғаламшардағы 10 стансаға мұқият қараңдар, оның әрқайсысында біз орындайтын тапсырма бар.
1. What colour is it? - It's yellow.
2. Say: It's a ...? -It's a square. (Жауабы)
3. What's this? - It's a yellow ruler.
4. Count and say - three pens.
5. What colour is it? - It's red.
6. What's this? - It's a desk.
7. Say your favourite colour. - My favourite colour is ...
8. Name the shape. - It's a triangle.
9. Count and say. - Five rubbers.
10. What's this? - It's a green pencil case.
Мұғалім сыныпты топтарға бөліп, оларға ат таңдауды, тәртіпті қадағалайтын капитандарды сайлауды сұрайды. Әр команда кезек-кезек ойын сұрағына жауап береді. Егер жауап дұрыс болса, командаға бір ұпай есептеледі. Егер команда жауап беруге қиналса, екінші команданың жауап беріп, ұпай алуына болады.
Тоқсан ішінде оқылған материалды қайталағаннан кейін балалар жұмыс дәптерінде тест орындауға кіріседі.
Тест тапсырмалары:
1. Listen to the teacher and put the sticker into the right place.
1. It's a board. 2. It's a chair. 3. It's a pencil case.
4. It's a ruler. 5. It's a rubber. 6. It's a copy-book.
2. Listen, choose and circle.
Мұғалімнің сөздері:
1. It's a blue pencil.
2. It's a yellow bag.
3. It's a green book.
4. It's a red pen.
3. Choose and circle: Yes / No.
Балалар сурет бойынша тиісті жауапты таңдап, оны айналдыра сызады.
4. Listen to your teacher and draw. Мұғалімнің сөздері:
1. It's a square. 2. It's a triangle. 3. It's a circle,
V Сабақты қорытындылау.
Бұл токсанда сендер нені үйрендіңдер? Сендер не туралы әңгімелей аласыңдар? Тесте қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
- Бүгін біз бұрын үйренген сөздерді қайталадық. Оларды атаңдар (С1.: a triangle, a square, a circle, red, yellow). 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталадық, заттарды санадық, мысалы: PI: five yellow pens, three white books).
Well done children and Goodbye.
Балалардың жетістігін мадактап отыру өте маңызды.
Toys
Unit 5.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: Toys.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (a plane, a train, a doll, a ball, a car). Ойыншықтардың атауын білдіретін жаңа сөздерді еңгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Аа әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [æ] и [ɔ:].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: ойыншықты атау дағдысын, қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Аа әрпінің дыбыстык бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: ойыншықтарға ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқу және коммуникативтік, соның ішінде шығармашылық сипаттағы қызметтің міндеттерін орындау (шағын диалогтар бойынша рөлдер ойнау).
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға және арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет салу.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар балалармен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбын және мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз ойыншықтардың атауымен танысамыз және олар туралы әңгімелеуді үйренеміз. Сонымен қатар ағылшын әліпбиінің бірінші әрпі Аа әрпімен танысамыз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Crow: Hello, children. How are you?
- Бүгін [у] дыбысын айтып үйренеміз. Бұл дыбысты қандай жағдайда айтамыз? Дұрыс, таңғалғанда. Listen and say [ɔ:], [ɔ:], [ɔ:]. Бұл дыбыс қандай сөздерде естіледі? (CI.: Board, morning.) Well done!
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the new words.
- Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тыңдайды және мұғалімнің артынан қайталайды).
It's a plane. It's a train. It's a ball. It's a doll. It's a car (қажет болған кезде мұғалім флэш-картаны пайдалана отырып, балалардың сөйлемдерді каншалықты түсінетінін тексеру үшін суретте бейнеленген заттан өзге затты атап, оны түзетуді ұсынады. Мысалы, No, it's a plane).
Жұптасып жұмыс істеу:
Оқушылар оқулықтағы суретті көрсетіп, «What's this?» деген сұрақ қояды және бір-біріне заттарды атайды.
2-жаттығу. Listen and learn.
- Балалар, Муни біздің кейіпкерлерімізге конакқа келді. Олар Муниді ойнауға шақырады: Let's play. Listen and say after me: Let's play. Now, let's listen.
Тыңдағаннан кейін мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: «Муни ойыншықтарды дұрыс атады ма?» (Муни басқа ғаламшардан келді ғой, ол барлық сөздерді біле бермейді). Әлібектің оның сөзін қалай түзеткеніне назар аударыңдар.
(Оқушылар аудиожаттығу мәтінін тыңдайды.)
Track 28.
1-сурет.
Муни: Hello, Alibek and Anar. How are you?
Anar: Fine, thank you. Let's play. 2-сурет.
Муни: Oh, look! It's a plane.
Әлібек: It's not a plane. It's a train.
3-сурет.
Муни: It's a ball.
Әлібек: It isn't a ball. It's a car.
«Муниге көмектесіңдер» атты рөлдік ойын.
Оқушылар жұптасып, заттарды таңдайды және тыңдалған материалға ұқсас диалогтарды рөлдер бойынша ойнайды. Мысалы:
Pupil 1: It's a train.
Pupil 2: It's not a train. It's a car.
3-жаттығу. Learn the new letter and new words.
- Балалар, бүгін біз ағылшын әліпбиінің алғашқы әрпімен танысамыз. Ол Аа әрпі. Әріптермен және дыбыстармен танысу үшін досымыз. Mr. Wise Crow-ты шақырамыз. Look at the picture, listen and say Aa.
Суретте осы әріптен басталатын заттар бейнеленген. Listen and say: apple, ant (мұғалім алманы, құмырсқаны көрсетеді), apple, apple (мұғалім алманы көрсетеді).
Балаларды белгісіздік «ап» артиклімен таныстырыңыз. Бұл артикльдің қалай қолданылатыны туралы айтыңыз. Жаңадан танысқан сөздерді қолданып балалардың сөйлем құрауын сұраңыз. It's an apple. It's an ant.
Әріп Aa деп аталатынына, бірақ көбіне [æ] деп айтылатынына назар аударыңыз. Балалармен бірге:
A is for apple
A is for ant
сөйлемдерін оқыңыз. Осы сияқты сөйлемдер әр әріпке берілген. Оларды балалармен бірге оқыңыз.
Track 29
a, a, a
[æ ], [æ ], [æ ].
[æ ] apple, [æ ] apple
[æ ], [æ ], [æ ].
а, а, а .
[æ ], [æ ], [æ ].
[æ ] ant, [æ ] ant
[æ ], [æ ], [æ ].
Ескерту: әріптермен танысқан кезде оқылып жатқан дыбысты бөлектеу үшін осы әріптен басталатын сөздер белгісіздік артиклінсіз (a/an) беріледі.
Сергіту сәті
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Bend and clap, clap.
Bend and stamp, stamp.
Turn around and bend,
and stamp, stamp, stamp.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Say what it is. Listen to the teacher and colour. Оқушылар мұғалім суретте бейнеленген заттар туралы окыган сөйлемдерді тыңдайды, оларды түзетеді және заттарды бояйды.
Мұғалімнің сөзі:
1. The ball is green.
2. The plane is red.
3. The train is blue.
4. The car is yellow.
5. The doll is red.
2-жаттығу. Match.
Оқушылар суреттерге қарап, оларды сәйкес сөздермен сызық арқылы қосады.
3-жаттығу. Colour the picture and say the words. Оқушылар заттарды бояп, атайды.
4-жаттығу. Trace.
Оқушылар Аа әрпін айналдыра сызады, екінші жолды өз бетінше жазады.
5-жаттығу. Write the letter. Translate the sentence.
Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріпті жазады және заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
Бүгін әрқайсысың нені үйрендіңдер? Біздің сабақтан кейін үйде ата-аналарыңа не туралы айтасыңдар?
- Бүгінгі сабақта жаңа сөздермен таныстық (оқушылар сөздерді атайды: plane, train, doll, ball, car). Қате сөйлемдерді түзетуді үйрендік. (Мысалы, It's not a plane. It's a train). Ағылшын әліпбиінің бірінші әрпі
Aa әрпімен таныстық және оны жазуды үйрендік. Бұган біздін досымыз Mr. Wise Crow көмектесті.
- Well done! Goodbye, children!
Unit 5.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: Toys.
Сабақтың мақсаты: Is it а...? сұраулы грамматикалық құрылымын пайдалана отырып, «Toys» тақырыбы бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Ойыншықтарды белгілейтін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Bb, Сс әріптерімен таныстыру. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [b], [k], [ei], [a:] etc.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Вb, Сс әріптерінің дыбыстык бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: өз ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқылатын грамматикалық құрылымдар шеңберінде жаттығулар орындаған және жеке сөйлем құрған кезде үлгі бойынша іс-қимыл жасау.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш-карталар, «Тауып ал!» ойынына арналған бөкебай;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы. «Жауабын тап» ойнына мойынорағыш.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады: Good morning, good morning, Good morning to you! Good morning, good morning I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады: Good morning, good morning We are glad to see you! How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз ойыншықтардың атауларымен танысамыз, сондай-ақ олар туралы әңгіме айтып үйренеміз. Сонымен қатар Bb, Сс әріптерін үйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you? Listen and repeat:
[ɔ:] ball - a ball, doll - a doll,
[ei] plane - a plane, train - a train
[a:] car - a car
[æ] apple - an apple, cat - a cat
Well done!
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look, listen and learn.
- Look at the picture. Әлібек пен Анар қызықты ойын ойнап жатыр. Көзін байлап, алдындағы заттың не екенін анықтауға тырысады.
Бұл ойынды ойнау үшін сұрақ қоюды үйрену керек: Мынау машина ма? Is it a car? Сонымен бірге сұраққа дұрыс жауап беруді үйрену керек. Мәтінді дискіден тыңдап, сұраққа қалай жауап беру керектігін естулерің қажет (Yes, it is. No, it isn't).
Балалар мәтінді тыңдап, мұғалімнің тапсырмасын орындайды.
Track 30.
Анар: Is it a car? Анардың жауабы: No, it isn't.
Әлібек: Is it a train?
Анар: Yes, it is.
«Жауабын тап» дидактикалық ойыны.
Мұғалім тақтаға ойыншықтардың суреттерін іледі. Мұғалім суреттерді көрсетеді, оқушылар мұғалімнің «What's this?» деген сұрағына жауап береді және суреттерде бейнеленген ойыншықтарды естеріне сақтауға тырысады. Одан кейін бір оқушы тақтаның алдына шығады. Мұғалім бір суретті тақтадан алады. Оқушының міндеті Is it a ...? деген сұрақтың көмегімен тақтадан алынған ойыншықтың атын табу.
2-жаттығу. Answer the questions.
Балалар суреттер бойынша кыска жауап беру түрін пысықтайды. Мұғалім сұрақтарды оқиды, балалар жауап береді.
3-жаттығу. Answer the questions.
- Кейіпкерлеріміз алаңқайда бұлттарға қарап отыр. Бұлттар өте қызықты: біреуі ұшаққа ұқсас болса, екіншісі қуыршаққа ұксайды. Кейіпкерлеріміз сұрақтар қояды, ал біз оларға дұрыс жауап беруге тиіспіз.
Муни: Is it a plane? (CI.: Yes, it is.)
Анар: Is it a doll? (CI.: No, it isn't.).
Tepic жауаптан кейін мұғалім «What's this?» деген сұрақ қояды.
Әлібек: Is it a ball? (CI.: No, it isn't.) What's this?
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Әріптермен, дыбыстармен танысу үшін досымыз Mr. Wise Crow-ты шақырамыз.
- Балалар, бүгін ағылшын әліпбиінің әріптерімен танысамыз. Олар - ВЬ, Сс әріптері. Look at the picture, listen and say Bb, Cc. Суретте осы әріптерден басталатын сөздер бейнеленген. Listen and say: book, cat. (Мұғалім сөздерді айтып тұрып, оқулықтағы олардың суреттерін көрсетеді). Суретте бейнеленген тағы қандай заттардың атаулары [b] (ball, bag) дыбысынан басталады.
Аудиожаттығу мәтінін тыңдауды, осы әріптер белгілейтін дыбыстарды пысықтауды үсыныңыз.
Track 31.
В, b,b
[b], [b],[b].
[ b] book , [ b] book
[b],[b], [b].
C,c,c
[k],[k],[k].
[ k] cat, [ k] cat [k], [k],[k].
Сергіту сәті
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Bend and clap, clap
Bend and stamp, stamp
Turn around and bend
and stamp, stamp, stamp
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Listen and choose. Circle the correct answer. Балалар тыңдай отырып, дұрыс жауапты айналдыра сызады.
1-сурет. - Is it a plane? - Yes, it is. / No, it isn't.
2-сурет. - Is it a train? - Yes, it is. / No, it isn't.
3-сурет. - Is it a car? - Yes, it is. / No, it isn't.
4-сурет. - Is it a doll? - Yes, it is. / No, it isn't.
5-сурет. - Is it a ruler? - Yes, it is. / No, it isn't.
6-сурет. - Is it a book? - Yes, it is. / No, it isn't.
2-жаттығу. Circle the correct word.
Оқушылар суретке сәйкес келетін сөзді айналдыра сызады.
1-сурет. Train / plane.
2-сурет. Doll /саг.
3-сурет. Ball /саг.
4-сурет. Plane /doll.
3-жаттығу. Trace the pictures and say. Match the letter to the picture. Оқушылар суреттерді айналдыра дөңгеленте сызып, оларды бояйды, он да бейнелеген заттарды атайды және сөздер басталатын әріптерді атайды.
4-жаттығу. Trace.
Оқушылар ВЬ, Сс әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.
5-жаттығу. Write the letters. Say the words.
Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріпті жазады және заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
Сендердің әрқайсыларың бүгінгі сабақтан нені үйрендіндер? Үйлеріңе барғанда ата-аналарыңа не туралы айта аласыңдар?
Бүгінгі сабақта «Is it a...?» деген сұрақты қойып, оған жауап беруге жаттықтыңдар. Қате сөйлемдерді түзетуді жалғастырдыңдар. Мысалы, It's not a plane. It's a train. Ағылшын әліпбиінің Bb және Cc әріптерімен таныстыңдар және жазып үйрендіңдер! Well done! Goodbye, children!
Ата-аналар мен оқушыларга арналған тапсырма: сүйікті ойыншықтың суретін салу немесе ойыншықтың өзін келесі сабаққа алып келу.
Unit 5.
Lesson 3.
Сабақтың тақырыбы: My favourite toy.
Сабақтың мақсаты: «Toys» тақырыбы бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Ойыншықтарды белгілейтін жаңа сөздерді бекітудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Dd, Ее әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [d], [е], [u], [tʃ], [ʌ] etc.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Dd, Ее әріптерінің дыбыстык бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: өз ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: сабақта диалог арқылы қарым-қатынас жасау барысында мұғалім мен сыныптастырының сөзін қабылдау және түсіну.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы, сүйікті ойыншықтың суреті.
Пәнаралық байланыс: музыка (сергіту сәтін музыканың сүйемелдеуімен өткізуге болады), сурет салу (сүйікті ойыншықтардын суреттері).
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
1 am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз өздеріміздің сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелеуді, ол туралы сұрақ қоюды үйренеміз. Сонымен қатар Dd, Ее әріптерін үйренеміз.
Ill Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wist Crow). Mr. Wist Crow: Hello, children. How are you?
Мына дыбыстар бар сөздерді есімізге түсірейік:
[u] - ruler, blue
[ei] - name, train, plane, favourite.
«Favourite» сөзі қалай айтылатынын есіңе түсір?
[as] - bag, cat
[tʃ] - chair, teacher
[ʌ] - rubber, mother, son
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look, listen and learn.
- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Кейіпкерлеріміз қай жерде жүр? (Ойыншықтар дүкенінде жүр). Олар не туралы сөйлесуі мүмкін деп ойлайсыңдар? Әрине, ойыншықтар туралы. Мүмкін сүйікті ойыншықтары туралы айтатын шығар. Ағылшын тілінде «сүйікті» сөзі қалай айтылатынын есімізге түсірейік. «Repeat after me: favourite».
Оқушылар аудиомәтінді тыңдап, «Кейіпкерлердің сүйікті ойыншықтары қандай?» деген сұраққа жауап береді.
Track 32.
Alibek: What's your favourite toy? Is it a doll?
Anar: Yes, it is.
Anar. What's your favourite toy? Is it a car?
Alibek: No, it isn't. Anar: Is it a ball?
Alibek: No, it isn't. Anar: Is it a kite?
Alibek: No, it isn't. Look at it. It's a robot. Мұғалім оқушылардың мәтінді түсінуін тексеріп, оқушылармен бірге әңгімені аударады. Оқушылар фразаларды тыңдап, естеріне сақтайды.
2-жаттығу. Learn the new words.
I like toys,
Car and balls,
Kites and dolls are
My favourite toys.
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Танысатын әріптер мен дыбыстардың қалай таңбаланатынын білу үшін біз Mr. Wise Crow-ты шақырдық.
- Балалар, бүгін ағылшын әліпбиінің әріптерімен танысамыз. Олар - Dd, Ее әріптері. Look at the picture, listen and say Dd, Ее. Суретте осы әріптерден басталатын заттар бейнеленген. Listen and say: duck, egg (мұғалім сөздерді атап, оқулықтағы олардың суреттерін көрсетеді).
Бұл әріптердің қандай дыбыстарды белгілейтінін тыңдап, естеріңе сақтаңдар.
Track 33.
D, d,d
[ d], [ d], [ d].
[ d] duck, [d ] duck
[d], [d],[d].
E, e, e
[e ], [ e], [ e].
[e ] egg, [ e ] egg
[e], [ e], [ e].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді). Stand up, turn around. Clap, clap and sit down
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Draw your favourite toy. Talk about it.
Оқушылар сүйікті ойыншықтарының суретін салып, оны атайды және бұрын оқылған лексиканы пайдалана отырып, ол туралы әңгімелейді.
2-жаттығу. Count and match the number to the picture. Оқушылар заттарды санайды және суретте бейнеленген зат санына сәйкес санды таңдайды.
3-жаттығу. Read and match.
Оқушылар суретте бейнеленген заттарга сөздер таңдайды.
4-жаттығу. Circle the animals with Dd and Ее. Оқушылар атауында оқылған әріптер бар жануарлардың суреттерін дөңгеленте айналдырып сызады.
5-жаттығу. Trace.
Оқушылар Dd, Ее әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.
6-жаттығу. Write the letters. Say the words.
Оқушылар сөздердің жетіспейтін әріптерін жазады және заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
- Сендер бүгінгі сабақта сүйікті ойыншықтарың туралы әңгімелеп бердіңдер. «What's your favourite toy?» деген сұрақты қойып, оған жауап беруді үйрендіңдер. Ағылшын әліпбиінің Dd және Ее әріптерімен танысып, жазуды үйрендіңдер! Сендер өздерің үшін қандай жаңалык аштыңдар? Well done! Goodbye, children!
Unit 5.
Lesson 4.
Сабақтың тақырыбы: Let's play.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Games» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. Тақырып бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді қолдану. «Сап» модальді етістігін енгізу. Оқушылардың ойын іс-әрекетін белгілейтін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Ff, Gg әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [f ], [g ].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: бұрын ұйренген лексиканы, грамматикалық құрылымдарды және «сап» модальді етістігін пайдалана отырып, достарды ойын қызметіне шақыру және ол туралы шағын диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Ff, Gg әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: замандастарымен достык қарым-қатынас құруға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану. Сабақта диалог арқылы қарым-қатынас жасау барысында мұғалім мен сыныптастар сөзін түсіну.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшіи: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка (сергіту сәтін музыкамен сүйемелдеуге болады), су рет салу (заттар мен әріптерді бояу).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please,
Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз ойындар туралы әңгімелеуді және достарымызды ойынға шақыруды үйренеміз. Сонымен қатар Ff, Gg әріптерін үйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Бүгін біз тақпақ жаттаймыз. Listen to me and say after me. Оқушылар тыңдайды және мұғалімнің артынан қайталайды.
My little doll Is very small I love my pretty Little doll.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
- Балалар, менің не істей алатынымды қараңдар (мұғалім қолымен және дене қимылдарымен не істей алатынын көрсетіп, өзінің іс-қимылын түсіндіреді).
I can jump. I can sing. I can play.
- Балалар, менің нені істей алмайтынымды қараңдар (мұғалім қолымен және дене қимылдарымен нені істей алмайтынын көрсетіп, өзінің іс-қимылын түсіндіреді).
I can't run. I can't hop. I can't dance.
1-жаттығу. Look, listen and learn.
Оқушылар аудиомәтінді тыңдап, оқиға барысын қадағалайды. Муни нені істей алмайтын еді? Достары оған нені істеуді үйретті?
Track 34.
Әлібек: Let's play!
Муни: Play?
Муни: I can play now.
Анар: Let's sing!
Муни: Sing? I can't sing.
Муни: I can sing now!
Анар: Let's dance!
Муни: Dance? I can't dance.
Муни: I can dance now! I love it.
- Балалар, ал сендер не істей білесіңдер? Менен бастайық. I can dance. (Мұғалім билейді). Ал, енді сендердің кезектерің. Балалар не істей алатындарын көрсетеді.
Енді нені істей білмейтіндерің туралы айтайық. Әдеттегідей менен бастаймыз. І can't sing. Балаларға сергіту сәтінде үйренген етістіктерді естеріне түсіруге көмектесіңдер (jump, clap, stamp, sing, dance, hop, play, open, close, take etc).
Рөлдік ойын.
- Балалар, бізге Муни келді. Муни нені істей білетінін көрсетеді, ал сендер оны дауыстап айтыңдар (балалар кезек-кезек Мунидің рөлін атқарып, оның нені істей білетінін көрсетеді). Қалғандары дауыстап айтады: I can dance. Etc.
2-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen. Танысатын әріптер мен дыбыстардың қалай таңбаланатынын білу үшін біз Mr. Wise Crow-ты шақырдық.
- Балалар, бүгін ағылшын тілінің Ff, Gg деген әріптерімен танысамыз. Look at the picture, listen and say Ff, Gg. Суретте осы әріптен басталатын заттарды көріп отырсыңдар. Listen and say: fish, fish, frog, girl (мұғалім сөздерді айтып отырып, оқулықтағы суреттерді көрсетеді).
Осы әріптерді белгілейтін дыбыстарды тыңдап, естеріңе сақтаңдар. Оқушылар дыбыстар және әріптерді тақпақтап оқудың көмегімен үйренеді.
Track 35.
F, f, f
[f], [f], [f].
[f ] frog, [f ] frog
[f],[f],[f].
G, g, g.
[ g], [g ], [ g].
[g ] girl, [ g] girl
[ g], [g ], [g ].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді). Stand up, turn around Clap, clap and sit down
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Trace the words and match them to the pictures. Оқушылар суреттерге қандай да бір қимылды білдіретін сөздерді таңдап, осы сөздерді айналдыра сызады.
1-сурет. Балалар ән айтады (sing) dance
2-сурет. Балалар билейді (dance) play
3-сурет. Балалар ойнайды (play) love
4-сурет. Анасы мен баласы күшактасады (love) sing
2-жаттығу. Match the pictures with their first letters. Оқушылар осы әріптерден басталатын сөздерді таңдайды: a - apple b - book с - cat d- duck e-egg
3-жаттығу. Colour the spaces with Gg and Ff green.
Оқушылар Gg және Ff әріптері бар кеңістіктерді жасыл түске бояйды.
4-жаттығу. Trace.
Оқушылар Ff, Gg әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.
5-жаттығу. Write the letter. Say the words.
Оқушылар сөзді жетіспейтін әріптермен толықтырады және жана заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта жаңа сөздерді (sing, dance, play) үйрендік. Өздеріңіздің нені істей білетіндеріңіз және нені істей білмейтіндершіч, достарыңыздың нені істей білетіндері және нені істей білмейтіндері туралы әңгімелеуді үйрендіңіздер (CI.: I can run. He can't dance.) Ағылшын әліпбиінің Ff және Gg әріптерімен танысып, оларды жазуды үйрендіңіздер! Good job! Goodbye, children!
Animals
Unit 6.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: My pet.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Animals. My pet» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a dog, a cat, a hamster, a parrot) таныстыру. «I have a cat» құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Нһ, Іі әріптерімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [h], [аі ], [d], [t].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Нһ, Іі әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: сабақтағы диалог арқылы қарым-қатынас арқылы мұғалім мен сыныптастарының сөзін қабылдау және түсіну.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ит, мысық, атжалман, тоты құс бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен танысады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгінгі сабақта біз ағылшын тілінде жануарлардың атауларын үйренеміз. Нһ, Іі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен танысамыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Балалар, сендер машина от алған кездегі дыбысты естідіңдер ме? Егер ол үлкен машина болса мынандай дыбыс естіледі: [d], [d], [d]. Кішкентай көлемді машина от алған кездегі дыбыс өзгеше: [t], [t], [t].
Енді осы дыбыстарды шапшаң дыбыстап көрелік.
- [d], [d], [d]. [t], [t], [t].
- Енді көңілді ойын ойнап көрейік: Егер сөйлемнің ішінен [d] дыбысын естісеңдер, алақандарыңды 1 рет соғасыңдар. Ал егер [t] дыбысын естісеңдер, алақандарыңды 2 рет соғасыңдар.
Мұғалім түрлі сөздерді айтады, ал балалар болса алакандарын жоғарыдағы ойын шартына байланысты соғасыңдар. hamster, cat, kite, robot, doll.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the new words.
- Look at the picture and learn the new words.
Мұғалім оқушылар жаңа лексиканы жақсырақ меңгеруі үшін бір сөзді және/немесе фразаны бірнеше рет қайталай отырып, ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен таныстырады.
Мұғалім: 1. Look! It's a dog. 2. Look! It's a cat. 3. Look! It's a hamster.
4. Look! It's a parrot.
Оқушылардың түсінгенін немесе түсінбегенін тексеру үшін мұғалім «Мұқият бол» деген ойынды ойнауды ұсынады. Мұғалім суреттегі жа-нуарды көрсетіп, оның атын атайды. Егер ол дұрыс атаса, оқушылар келіседі: Yes, it's a dog. Егер келіспесе: «No, it's a hamster», - дейді.
2-жаттығу. Listen and say.
- Көбіміздің сүйікті үй жануарларымыз бар (pets). Біз оларды жақсы көреміз және үй жануарымыз бар екенін айтқымыз келгенде: «I have a pet», -дейміз. Біздің кейіпкерлеріміздің де сүйікті үй жануарлары бар. Ол туралы олар былай дейді:
Track 36.
Анар: I have a cat.
Әлібек: I have two hamsters.
Жазу жазылмай қалған суреттерді балалар өз бетімен сипаттайды.
Муни:І have a dog.
Бота: I have a parrot.
Оқушылардыңтүсінгенін немесе түсінбегінінанықтау үшін мұғалім фразаларды айтады, оқушылар не туралы айтылғанын табуға тиіс.
Мұғалім: I have a parrot. 1-оқушы: It's Bota.
Мұғалім: I have a cat. 2-оқушы: It's Anar.
Мұғалім: I have two hamsters. 3-оқушы: It's Alibek.
Мұғалім: I have a dog. 4-оқушы: It's Moony.
3-жаттығу. Listen and sing.
Мұғалім балаларға әнді бірнеше рет тыңдауды ұсынады және қажет болса, оны аударады. Балалар әнді жаттайды.
Track 37.
Hamsters and dogs, Parrots and cats.
They are all our pets.
4-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen. Бүгін Mr. Wise Crow бізді әріптермен және дыбыстармен таныстырады.
Мұғалім оқушыларды Нһ, Іі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен таныстырады. Оқушылардың назарын Нһ әрпінен басталатын сөздер [h] дыбысымен айтылатынына аударыңыз. Мысал келтіріңіз: horse, have, hamster. Ii әрпінен басталатын сөздер [ai] дыбысымен айтылатынына назар аударыңыз: I, ice-cream.
Track 38.
H,h,h
[h], [һ ], [ һ].
[һ ]horse, [ h] horse
[h], [h],[h].
I, i, i
[ai ], [ai ], [ai ].
[ ai] ice-cream, [ai ] ice-cream [ai ], [ai ], [ai ].
Сергіту сәті
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Stand up,
turn around.
Clap, clap
and sit down.
Stand up,
turn around.
Clap, clap
and sit down.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Write the number.
- Әр сөйлемнен кейін әр жануарға қарама-қарсы шаршыға сандарды жазыңдар. Нөмірленген суреттерге қараңдар. Сандарды сәйкес жануарға қарама-қарсы жазу керек.
2-жаттығу. Say the number then colour.
Боялған жануарлар саны санға сәйкес болуға тиіс. Балалар қажетті жануарлар санын бояп, санды атайды.
3-жаттығу. Colour the horses with Hh. Оқушылар Нһ әрпі бар жылкыларды бояуға тиіс.
4-жаттығу. Trace. Әріптердің шетін айналдыра сызады.
5-жаттығу. Put the missing letters. Say the words. Жіберілген әріптерді жазады.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта жануарлардың атауларымен таныстық (балалар сөздерді айтады: a dog, a cat, a parrot, a hamster). Үйлеріңізде қандай жануарлар бар екендігі туралы айтып үйрендіңдер (оқушылар мысал келтіреді: I have a cat, I have a dog.) Ағылшын тілі әліпбиінің Hh және Ii әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендіңдер! Well done! Goodbye, children!
Unit 6.
Lesson 2
Сабақтың тақырыбы: І don't have a pet.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Му pet» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. I don't have a cat құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудін үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Jj, Kk әріптерімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [ʤ], [k ], [һ].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Jj, Kk әріптерінің дыбыстык бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға камқорлық танытуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану. Сабақтағы диалог арқылы қарым-қатынас барысында мұғалім мен сыныптастарынын сөзін қабылдау және түсіну.
ІІ Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ит, мысық, атжалман, тоты құс бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка ('If you're happy and you know it' әнін орындау), қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгінгі сабақта біз ағылшын тілінде жануарлардың атауларын білдіретін сөздермен танысамыз. Jj, Kk әріптерін және осы әріптерден басталатын сөздерді үйренеміз.
«Менде жок» сөзін ағылшын тілінде айтып үйренеміз. (CI.: I don't have a...).
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Бүгін біз ерекше [h] дыбысын айтуды үйренеміз. [h] дыбысы қырылдап айтылады.
- Зообақтағы мартышкалар сияқты күліп көрейік [hi- hi- hi], [һо-һо- ho], [ha- ha- ha]. Енді арқамыз ауырып тұрғандай шалдар сияқты уһілейміз [he- he- he]. Енді осы дыбыстан басталатын сөздерді айтып көрейік: hamster - have - horse - he.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and translate.
Тыңдауды бастамас бұрын балаларды жаңа «jump», «саn», «run» сөздерінің мағынасымен таныстыру керек.
- Мәтінді мұқият тыңдаңдар.
Мәтінді тыңдағаннан кейін мұғалім оқушылардың түсінгенін тексеру үшін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
1. What is the dog's name?
2. How old is Taimas?
3. 4.What can Taimas do?
Track 39.
1-бала: I have a pet. It's a dog. His name is Taimas. He is big. He is 3. Taimas can run and jump. Taimas is my friend. I love my pet. 2-бала: I don't have a pet.
- Мәтінді тағы бір рет тыңдатыңыз.
Тыңдағаннан кейін балаларға екінші бала неге мұңды екені туралы сұрақ қойыңыз. Оның үй жануары жоқ. Балалардың назарын «to have» етістігінің болымсыз түрі қалай жасалатынына аударыңыз. «I don't have ...» құрылымын бірнеше рет қайталап, балалардан оны қайталауын сұраңыз.
2-жаттығу. Say.
Мұғалім кейіпкерлердің фразаларын айтады (қажет болған кезде ана тіліне аударады) және оқушылардан қалған екі сурет бойынша диалог ойлап шығаруды сұрайды. (2-сурет: The boy: I have a hamster. The girl: I don't have a pet), (3-сурет. 1st girl: I have a dog. 2d girl: I don't have a pet).
4-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Бізді әріптер және дыбыстармен таныстыруға досымыз Mr. Wise Crow-ты шақырайык.
Мұғалім оқушыларды Jj, Kk әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен таныстырады. Оқушылардың назарын Jj әрпінен басталатын сөздер [ʤ] дыбысымен айтылатынына аударыңыз. Мысал келтіріңіз (jug).
Kk әрпінен басталатын сөздер [к] дыбысымен айтылады (kite).
Track 40.
J,j,j
[ʤ], [ʤ], [ʤ]
[ʤ] jug, [ʤ] jug
[ʤ], [ʤ], [ʤ]
K, k, k
[k], [k],[k].
[k] kite, [k] kite
[k], [k], [k].
Сергіту сәті
If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, and you really want to show it. If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp)
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Follow the lines. Tick and say what pet they have and don't have.
- Жаттығу 3 кезеңде орындалады.
1-кезең: бұл жаттығуда кейіпкерлердің сүйікті жануарларын табу қажет.
2-кезең: одан кейін кестеде кейіпкерлердің сүйікті жануарларын қанатша белгімен белгілеу қажет.
3-кезең: оқушылар канатшамен белгіленгеннен кейін кейіпкерлердің атынан сөйлеуге тиіс.
Мысалы: Ольга: I have a cat. I don't have a dog.
Осылайша оқушылар барлық кейіпкерлердің атынан айтуга тиіс.
2-жаттығу. Listen to your teacher and colour the toys.
Мәтінді мұкият тыңдап, үй жануараларын сәйкес түстерге бояңдар (мұғалім мәтінді асыкпай, анык оқиды).
Listen: It's a blue cat. It's a yellow hamster. It's a green dog.
3-жаттығу. Circle the letters К and k. Then connect the circles.
Оқушылар әріптерді айналдыра сызып, одан кейіносы дөңгелектерді Жалғайды.
- Суретте не бейнеленді. Сөзді атаңдар.
4-жаттығу Trace.
Әріптерді бастырып сызады.
5-жаттығу.Write the letters. Say the words.
Оқушылар жетіспейтін әріптерді жазады, әріптерді атайды.
V Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта «менде жок» деген сөздердің ағылшын тілінде қалай айтылатынымен таныстық (CL: I don't have а...). Жаңа Jj, Kk әріптерін және осы әріптерден басталатын сөздерді білдініздер (CL: jug, jam, kitten, kite). Сіздер өте жақсы жұмыс істедіңіздер. Зор рақмет. Good job! (Әр баланың сабақтағы жетістігін атап өту маңызды). Goodbye, children!
Unit 6.
Lesson 3
Сабақтың тақырыбы: Farm and wild animals.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Farm and wild animals» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a farm, a cow, a sheep, a horse, a forest,a wolf, a fox, wild, a bear) таныстыру. «I have a cat» құрылымымен таныстыру. Жануарларды білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. L1 әрпімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [ 1], [w], [а:].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. L1 әрпінің дыбыстык бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға камқорлық танытуға; мұғаліммен және өзге де балалармен қарым-қатынас орнатуға; қарым-қатынас жасауға дайын болуға баулу. Оқылатын тіл елдерінің балалар фольклорымен таныстыру негізінде өзге тілдің иелеріне достык көзкарас қалыптастыру;
жүйелік-әрекеттік: сабақтағы диалог негізіндегі қарым-қатынас арқылы мұғалім мен сыныптастарының сөзін қабылдау және түсіну. Мәтінді есту барысында тілдік түйсікке сүйену.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, сиыр, қой, қасқыр, түлкі, аю, жылқы бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка («If you're happy and you know it» әнін орындау), қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CL: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
Бүгін біз үй және түз жануарларын белгілейтін сөздермен танысамыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CL: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Мен бірде көшеде серуендеп жүріп, әдемі машинаны көргенде «Wow!» деп айқайлағаным естеріңде ме? Тыңдаңдар және менің артымнан қайталаңдар: [w], [w], [w]. Еріндеріңді алға қарай созынқырап, дөңгелентіп, күрт ажыратыңдар: [w], [w], [w].
Wild, wild animal, wolf-a wolf, [a:] farm, car, star
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and learn.
Мұғалім жануарларды үй және түз жануарларына бөле отырып. оқушыларды жаңа лексикамен таныстырады.
Farm animals Wild animals
A cow, a sheep, a horse a fox, a wolf, a bear
Track 41.
Farm animals.
It's a cow. It's a sheep. It's a horse.
Wild animals.
It's a wolf. It's a fox. It's a bear.
Мұғалім «A sheep is a farm animal. A bear is a wild animal». құрылымымен таныстырады.
A bear is a wild animal. It is in the forest (осылайша сабақта аталған барлық жануарлар туралы айтыңыз).
Жаңа құрылымды барлығы дауыстап және жеке-дара пысықтайды, оқушылардың әрқайсысы осы фразаларды айтуына қол жеткізіңіз.
Осы құрылымды бекіту және меңгерілгенін бақылау үшін мұғалім ол айтқан фразаны аяқтауды сұрайды.
Мұғалім: A horse is a (farm)... animal. It is on the (farm)...
Одан әрі оқушылар оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, бұл құрылымды өздері айтады.
1-оқушы: A cow is a farm animal.
2-оқушы: A fox is a wild animal.
2-жаттығу. Listen to the story about the 3 little pigs.
- Балалар, үш торай туралы ертегіні тыңдаймыз. Бұл ертегіні Англияда да, Қазақстанда да барлығы біледі. Енді оны ағылшын тілінде тыңдап көріңдер.
Бұл аудиожаттығуда кезігетін кейбір жаңа сөздер пассивтік лексикалық материал болып табылады. Бірақ соған карамастан мұғалімге тыңдау басталғанға дейін балаларды осы сөздердін мағынасымен таныстыру ұсынылады (pig, first, second, third).
Аудиожаттығу мәтінін иллюстрацияға катаң сүйене отырып тыңдау қажет, бұл ретте мұғалім сөз болып отырган суретті ғана көрсетуге тиіс. Тыңдағаннан кейін ертегіні ана тіліне аудару ұсынылады. Екінші рет тыңдағаннан кейін оқушылардың ағылшын тіліндегі мәтінді түсінгенін аныктау үшін балаларға мынадай сұрақтарды қою қажет (сұрақты қойған кезде мұғалім сұрақтың мағынасын ымдау және ишарат жасау арқылы, ал қажеттілік туындаған жағдайда аудару арқылы түсіндіруге тиіс):
Is the first little house strong?
Is the second little house strong?
Are the houses of two little pigs strong?
Is the third little house strong?
Is the wolf kind?
Осы кезеңде Yes/No үлгісіндегі кысқа жауаптар әбден жарамды болып есептеледі. Track 42.
1. Look. These are 3 little pigs. They are brothers.
2. This is the first little pig.
3. This is the second little pig.
4. And this is the third little pig.
5. They have little houses. This is the first little house. This house is not strong.
6. This is the second little house. And this house is not strong.
7. This is the third little house. Look at it. It is very strong.
8. Oh no! Look! The wolf! The wolf is not kind.
9. The first little pig: Oh! I don't have my house anymore.
10. The second little pig: Oh! I don't have my house anymore.
11. We don't have our houses anymore.
12. You have a strong house!
«Тізбек» дидактикалық ойыны.
Оқушылар суреттерге қарап, үш тораймен болған оқиға туралы кезек-кезек әңгімелейді. Мұғалім фразаны бастайды, ал оқушылар оны аяқтайды.
Т: Look, these are three_______. P 1 : little pigs.
T: They are________. P 2: brothers.
3-жаттығу. Learn the new letter and new words. Listen. Мұғалім оқушыларды LI әрпімен және осы әріптен басталатын сөздермен таныстырады.
L1 әрпінен басталатын сөздер [1] дыбысымен айтылады: lemon, lion,
lamp, lollipop.
Track 43.
L, l, l, l.
[l], [l], [l ].
[l ] lemon, [l ] lemon
[l], [l], [l ]
L, 1,1.
[l ] lion, [l ] lion
[l], [l], [l ].
Оқушылармен бірге әнді тыңдап, оны жаттатыңыз. [l] дыбысын бөлектей отырып, барлық зат есімдерді айтыңыз.
4-жаттығу. Listen and sing.
Track 44.
La-la-la-la - lemon.
La-la - lollipop.
La-la-la-la - lion
La-la-la-la - lamp.
I like, I like «Letter L»!
What a lovely «Letter Ll»!
Сергіту сәті.
If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, and you really want to show it. If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp)
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Write the number in the correct circle.
Балалар жануарларды тиісті жануарлар тобымен (үй немесе түз жануарлары) сәйкестендіруге және дөңгелекке қажетті санды жазуға тиіс.
2-жаттығу. Connect the letters. Say: What it is?
Оқушылар нүктелер бойынша суретті қалпына келтіреді және ненін суреті шыққанын көріп, оны атайды.
3-жаттығу. Complete the picture with the correct letters. Осы жаттығуда әліпбидің жетіспейтін әріптерін жазу керек.
4-жаттығу. Trace. L1 әрпін бастырып сызады.
5-жаттығу. Write the letter. Say the words.
Жіберілген әріптерді және осы әріптерден басталатын сөздерді жазыңдар.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта жануарлардың атауын білдіретін сөздермен таныстық (оқушылар сөздерді айтады: a farm, a cow, a sheep, a horse, a pig, a forest, a wolf, a fox, wild, farm, a bear).
Жаңа LI әрпін және одан басталатын сөздерді (a lion, a lamp, а lollipop, a lemon) білдік. Сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер. Көп рақмет (әр баланың сабақтағы жетістігін атап өткен маңызды). Well done! Goodbye, children!
Unit 6.
Lesson 4
Сабақтың тақырыбы: At the Zoo.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «At the Zoo» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe)) таныстыру. Көпше түрдегі «these» сілтеу есімдігімен және «they» жіктеу есімдігімен таныстыру. Жануарларды білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Mm әрпімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Mm әрпінің дыбыстык бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік Жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, кенгуру, арыстан, бүркіт және т.б. бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз жануарлардың атауларымен танысамыз: a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe. Сонымен қатар «These, they» деген жаңа сөздерді үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық, жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CL: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
- Бүгін күн тамаша. Мен далаға шыққан кезде күннің көзі жаркырап, сәулесін шашып, самал жел соғып тұрды, әдемі гүлдердің үстінде бал аралары ызыңдап ұшып жүр. Сендер бал араларының қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? [z], [z], [z], Бүгін аралардың ызыңына ұқсайтын дыбыстар шығарып көрейік. [z], [z], [z].
Сендер [z] дыбысына ұқсас [б] дыбысы естеріңде ме? Ол сендерге бүгінгі сабақта кездесетін сөздерді дұрыс айтуға көмектеседі. These- they- this.
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and learn.
- Бүгін біз Әлібек, Анар және Ботамен бірге хайуанаттар бағына барамыз. Балалар, біздің кейіпкерлеріміз хайуанаттар бағында қандай жануарларды көрді? Хайуанаттар бағында қандай жануарлар болады: жабайы жануарлар ма немесе үй жануарлары ма? Дұрыс, жабайы жануарлар. Ағылшын тілінде «жабайы» деген сөз қалай айтылатынын есімізге түсірейік. Дұрыс, wild. Well done, children!
Ал енді «жабайы жануар» деген фразаны аударайық (Wild animal).
Балаларды жаңа «they, jump, swim, fly» сөздерінің мағынасымен таныстырыңыз. Одан кейін балаларға аудиожаттығу мәтінін тыңдауды, суреттерге қарап, хайуанаттар бағында көрген жабайы жануарлардың аттарын естуді ұсыныңыз. Балалармен бірге фразаларды аударыңыз.
Track 45.
Alibek: Let's go to the Zoo.
Anar: Look! These are lions. Look! A bear! Bears can swim.
Bota: These are kangaroos. They can jump but they can't swim.
Alibek: These are eagles. The can fly.
Alibek: They have bears.
Anar: But they don't have monkeys.
Екінші рет тыңдағаннан кейін балалардың назарын «these» сілтеу етістігіне аударыңыз. Оның мағынасын түсіндіріңіз. Мұны «this is» тілдік құрылымымен салыстыра отырып жасаған жеңілірек болады. Мұғалім сөйлемді жекеше түрде айтады, ал балалар көпше түрде ұқсас сөйлем құрады.
This is a kangaroo. These are kangaroos.
This is a bear These are bears.
This is a monkey. - These are monkeys.
This is a lion. These are lions.
This is a giraffe. These are giraffes.
Егер уақыт жеткілікті болса, «саn/can't» етістігінің қолданылуына Шолу жүргізіңіз.
Мұғалім оның сөйлеміне «Yes/No» сөздерімен жауап беруді сұрайды.
1. Lions can swim. Yes.
2. Kangaroos can jump. Yes.
3. Eagles can't swim. Yes .
4. Bears can't jump. No.
5. Bears can swim. Yes.
«What can and can't they do?» дидактикалық ойыны.
Мұғалім әртүрлі жабайы жануарлар бейнеленген флеш-карталарды көрсетеді, балалар жануарларды атайды және олардың нені істей алатынын, нені істей алмайтынын айтады. Мысалы, It's a kangaroo. It can jump. It can't fly.
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Жаңа әріп және дыбыспен таныстыруға біздің досымыз Mr Wise Crow-ды шақырамыз.
Мұғалім оқушыларды Mm әрпімен және осы әріптен басталатын сөздермен таныстырады: moon, monkey, mouse, mummy.
Оқушылар осы әріпті таңбалайтын дыбыстар және әріптермен тақпақтап айту барысында танысады.
Track 46.
М, m, т
[m], [m], [т]
[m] moon, [m] moon
[m], [m], [m]
M, m, m
[m], [m], [m]
[m] monkey, [m ] monkey [m], [m], [m]
Оқушылармен бірге әнді тыңдап, жаттатыңыз. [ m] дыбысын бөлектей отырып, барлық зат есімдерді айтыңыз.
Track 47. Listen and sing.
M is for Moon.
M is for monkey.
M is for mouse and
M is for Mummy.
I like, I like,
I like «Letter M».
Сергіту сәті.
If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, and you really want to show it. If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp)
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Find the words and circle.
Мұғалім: Сканвордтағы сөздерді тауып, дөңгеленте айналдыра сызыңдар.
2-жаттығу. Match. Name the toys and the fnimals.
Бұл жаттығуда балалар сөздерді 2 топка: жануарлар және ойыншықтар деп бөледі және сөзді категориямен сызық арқылы қосады: toys or animals.
Animals - monkey, lion, kangaroo, dog.
Toys - plane, train, doll, ball.
3-жаттығу. Match the big letter to the small one.
Бас әріпке сәйкес кіші әріпті таңдау.
4-жаттығу. Trace - Mm әрпін бастырып сызу.
Оқушылар әріптерді бастырып сызады.
5-жаттығу. Write the letter. Say the words.
Оқушылар жіберілген сөзді жазып, осы әріптен басталатын сөздерді атайды.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта жануарлардың атауын білдіретін сөздермен таныстық (оқушылар сөздерді айтады: a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe).
Жаңа Mm әрпін және одан басталатын сөздерді (moon, mummy, monkey, mouse) білдіңдер. Өте жақсы жұмыс істедіңдер. Көп рақмет (сабақтағы әр баланың жетістігін атап өткен маңызды) . Well done. Goodbye, children!
Unit 6.
Lesson 5
Сабақтың тақырыбы: Progress test.
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды бекіту және қорыту. Ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру.
тұлғалык: жануарларга сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларга қамқорлық танытуға баулу.
жүйелік-әрекеттік: тілдік дағдыларды бакылайтын жаттығуларды орындау үшін белгі-символ құралдарын пайдалану (мысалы, put v or).
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, жануарлар бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз қорытынды тест орындап, өткен материалды қорытындылаймыз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
«Жануарлар және ойыншықтар» тақырыбы бойынша сөздерді қайталау.
ІV Қорытынды тестпен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
- Суреттерді пайдалана отырып, тапсырманы орындаңдар.
1. What's this? It's a hamster.
2. Say: I have a parrot.
3. Answer: Is it a doll? Yes, it is.
4. Say... Балалар осы сұраққа жауап бере отырып, «It's a kangaroo» деген жауап береді. Күтілетін жауапқа қол жеткізу үшін мұғалім жетекші сұрақ қоюға тиіс: What can kangaroo do? A kangaroo can jump.
5. My favourite toy is... (say what toy)
6. What's this? It's a cow.
7. My favourite pet is... (say what pet)
8. Say a word starting with Dd. (doll, dog etc).
9. Name the letters.
10. Finish. Bears can't ... (fly)
11. Answer. Is it a plane? No, it isn't.
12. Correct the sentence. It's a monkey. No, it's not a monkey. It's a fox.
13. Say a word starting with Bb. (bear, boy, ball)
14. Name the letters.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.
1-жаттығу. Listen and circle the correct picture.
Оқушылар тапсырмаларды мұғалімнің нүскауларына сәйкес орындайды. Мұғалім жануардың атын атайды, оқушылар тыңдап отырып, мұғалім атаған жануарды айналдыра сызады.
1. It's a dog.
2. It's a sheep.
3. It's a bear.
4. It's a hamster.
2- тапсырма. Complete the alphabet. Балалар жетіспейтін әріптерді толыктырады.
3-тапсырма. Mathc, listen and colour the pictures. Мұғалім сурет пен сөзді салыстыруды (қажет болса, көмектеседі), одан кейін суретті мұғалім айтқан түске бояуды сұрайды (It's a black car).
It's a yellow plane.
It's a blue train.
It's a green ball.
It's a red kite.
It's a yellow doll.
4-жаттығу. Listen to your teacher and put (v) or (x)
1. І have a dog. I don't have a cat.
2. І don't have a hamster. I have a parrot.
3. I don't have a sheep. I have a horse.
4. І have a fish. I don't have a parrot.
5-жаттығу. Choose Yes, it is/No, it isn't.
Бұл жаттығуда оқушылар дұрыс жауапты айналдыра сызады. Қажет болған кезде мұғалім әр суретке арналған сұрақты окиды.
1. Is it a doll? - No, it isn't. 2. Is it a kite? - Yes, it is.
3. Is it a robot? - No, it isn't. 4. Is it a train? - Yes, it is.
Мұғалім тиісті смайлды айналдыра сызып, оқушының жұмысын тексереді.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін «Жануарлар және ойншыктар» тақырыбы бойынша сөздерді пайдалана отырып, бақылау тестін орындадыңдар. Жұмыс барысында «I have и I don't have a... , My favourite toy is... , I/he/she саn...» сөз тіркестерін пайдаландыңдар.
Well done. Goodbye, children!
Things around me
Unit 7.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: Furniture.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Furniture» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a shelf, a chair, a box, a bed, a toy) таныстыру. Жиһаз бұйымдарын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Лепті What а...! грамматикалық құрылымын енгізу. Nn, Оо әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: жаңа лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, жиһаз бұйымдарын атау және ол туралы шагын диалог құру дағдыларын қалыптастыру. What а..! Үлгісіндегі лепті грамматикалық құрылымын дұрыс айту. Nn, Оо әріптерінің дыбыстык бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жиһаз бұйымдарына, мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: шет тілін ой, сезім, эмоция білдіру құралы ретінде көрсету.
Сабақтың материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, жиһаз бұйымдары: a shelf, a chair, a box, a bed бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Үйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.)
Sit down, please,
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз ойын туралы айтуды және достарымызды ойынға шақыруды және Nn, Оо әріптерін үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Мынадай дыбыстары бар сөздерді атаңдар:
[ʃ] (fish), Misha, sheep...
[tʃ] picture, teacher, children ...
[w] what, wow, ...
[əu] hello, no ...
Енді осы дыбыстар мен әріптер бар сөйлемдерді айтып көрейік.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Children, look at the pictures, listen and repeat after me. (Мұғалім жиһаз бұйымдары бейнеленген флэш-карталарды көрсетеді). This is a shelf. This is a chair. This is a box. This is a bed.
1-жаттығу. Listen and learn new words.
Оқушылар фразаларды тыңдап, оқулық бойынша қадағалап отырады:
Track 48.
Alibek: Moony, look! This is my shelf. This is my chair. This is my box.
Moony: Wow! Toys!
Alibek: This is my bed.
Now answer the questions (мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, оқулықтағы заттарды көрсетеді): Picture 1. What's this? Show the picture. Мұғалім окиғаның бір фразасын оқып береді, ал оқушылар осы фраза бар суретті көрсетеді.
«Ат I write?» дидактикалық ойыны.
Мұғалім жиһаздың бір бөлігінің суретін көрсетіп, бірақ баска жиһаздың атауын айтады.
Оқушылар мұғалімнің катесін түзетулері керек.
Мұғалім: It's а сһаіг.(флеш-карта сөре)
Оқушылар: It's not a chair. It's a shelf.
2-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Бүгін Mr. Wise Crow бізді әріптермен және дыбыстармен таныстырады.
Мұғалім балаларды жаңа әріптермен таныстырады және дыбыстарды анық бөлектеп, осы әріптен басталатын сөздерді айтады: octopus, nose. Балалар аудиожаттығуды тыңдап, дыбыстарды пысықтайды
Track 49.
N, n, n.
[n ], [n ], [ n].
[ n] nose, [n ] nose
[ n], [ n], [n ].
О, о, o.
M, M, [э ]
[э] octopus, [э] octopus
M, [Э ], [Э ]
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.)
Clap, stamp, clap,
Stamp, clap, stamp,
Hop, bend, hop,
Bend, hop, stop.
Clap, stamp, clap,
Stamp, clap, stamp,
Hop, bend, hop,
Bend, hop, stop.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Match the words to the picture.
Оқушылар сөз бен затты сызықпен жалғай отырып, сөздерді суреттегі заттармен сәйкестендіреді: chair, shelf, desk, bed, box, dog, ball.
2-жаттығу. Draw your room. Match the words.
Оқушылар қоршаудың ішіне өз бөлмесінің суретін салады. Егер бөлмеде сол жақта тізбектелген сөздер (bed, shelf, desk, chair, box) болca, оқушылар сөз бен затты сызықпен қосады.
Қосымша материал ретінде балалардың жұптасып жұмыс жасағаны дұрыс, олар осы жаттығуды орындау барысында салған суреттерін пайдалана отырып, өзара бөлмелері жайында әңгімелейді. Бірнеше оқушыдан тақта алдына шығып барлық сыныптағы балалардың алдында өзінің бөлмесі жайында айтып беруді сұраңыз.
3-жаттығу. Colour the spaces with Oo - red and the spaces with Nn - blue.
Оқушылар Oo әрпі бар орынды қызыл түспен, ал Nn әрпі бар орынды көк түспен бояйды.
4-жаттығу. Trace.
Оқушылар Nn, Oo әріптерін бастырып сызады.
5-жаттығу. Underline the letters Nn, Oo. Read the words. Оқушылар сөздерден әріптерді тауып, оларды сызады. Мұғалімнің көмегімен осы жаттығудағы сөздерді оқиды.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз жаңа сөздерді (a shelf, a chair, a box, a bed), таңғалғанымызды білдіруді (What a..!) үйрендік. Ағылшын әліпбиінің Nn және Oo әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік! ( Әр баланың жетістіктері мен жемісін атап өту қажет) Well done! Goodbye, children!
Unit 7.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: In, on, under.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заттардың орналасуын көрсетететін көмекші сөздермен таныстыру. Көмекші сөздерді (in, on, under) пайдалану. Көмекші сөздерді енгізудін үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Рр, Qq әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: Бір заттың екінші затқа қатысты орналасуын көрсету дағдысын қалыптастыру. Рр, Qq әріптерінің дыбыстык бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру [р ], [ kw], [ʌ] [з:], [е], [ks]
тұлғалық: жиһаз бұйымдарына, мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет салу.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін бір ойын туралы айтуды және достарымызды ойынға шақыруды үйренеміз. Сонымен қатар Рр, Qq әріптерін үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Мынадай дыбыстары бар сөздерді табыңдар:
[ʌ] mother, duck, ...
[з:] her, a girl, ...
[е] a shelf, a bed, ...
[ ks] a box, a fox,...
Енді осы дыбыстар мен әріптерді дұрыс айтуға жаттығайык. Менімен бірге қайталаңыздар...
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Learn the new words.
Оқушылар суреттерге қарап, сөйлемдерді тыңдайды және естіген сөйлемге сәйкес суретті көрсетіп, аударады.
1. The cat is on the chair.
2. The cat is under the desk.
3. The cat is in the box.
Дидактикалық ойын. Мұғалім бүйрык береді, оқушылар орындайды. Егер тапсырманы дұрыс орындамаса, ойыннан шығып калатынын ескертіңіз.
The book in on the desk. The book is in the bag. The book is under the desk. The pen is in the pencil-case. The pen is on the book. The pen is on the chair. The pen is under the book. Etc. 2-жаттығу. Listen and sing.
Әннің мәтінін оқушыларға оқып, аударып беріңіз. «What fun» деген жаңа сөз тіркесімен таныстырыңыз.
Оқушылар әнді тыңдайды, одан кейін мұғаліммен бірге оны орындайды. Әнді жақсы естерінде сақтау үшін орындау жылдамдыгын үдете отырып, бірнеше рет қайталаған дұрыс.
Track 50.
In, in, in the bag.
On, on, on the desk.
Under, under, under the desk.
What fun, what fun, what fun!
In, in , in the box.
On, on, on the box.
Under, under, under the box.
What fun, what fun, what fun!
3-жаттығу. Say where they are.
Оқушылар суреттерге қарап, заттың орналасқан жерін сипаттай отырып, сөйлем құрастырады.
«Қаламды тап» дидактикалық ойыны.
Балалар көздерін жұмып тұрған сәтте мұғалім қаламын жасырады. Сонан соң оқушылар: The pen is under the book. The pen is on the chair. The pen is under the chair/ desk деген сөйлемдер құрау арқылы қаламның қай жерге жасырылғанын аитулары керек. Егер балалар қаламды таба алмаса, мұғалім өзі айтып береді, бірақ балалар балл ала алмаиды. Балл мұғалімнің пайдасына есептеледі.
4-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Мұғалім балаларды жаңа (Pp, Qq) әріптерімен таныстырып дыбыстарды анық бөлектеп, олардан басталатын сөздерді айтады: (parrot, queen).
Children, listen to me and say after me:
Pp, parrot, a parrot.
Qq, queen, a queen.
«Патшайымда қонақта» рөлдік ойыны.
Әріптермен, дыбыстармен танысу үшін досымыз Mr. Wise Grow-ты шақырамыз.
Патшайым және 2 оқушы сайланады. Патшайым оқушыларға сұрақ қояды. Олар жауап беруге тиіс.
1. What's your name?
2. How old are you?
3. Do you have a mother, a father etc? (Yes/No)
4. What's her name?
5. What's his name?
6. Do you have pets? (Yes/No)
7. Can you sing? (Yes/No)
8. Can you dance? (Yes/No)
Осы кезеңде берілген сұрақтарға толық жауап берулерің талап етпеген дұрыс. Yes/No деген сияқты жауаптарды канағаттандырарлық деп есептеу керек.
[p], [kw] дыбыстарымен танысу.
Track 51.
Р,Р, р.
[р ] , [р ] , [р ] .
[р ]parrot, [р ] parrot.
[р], [р ], [р ].
Q, q, q.
[ kw], [ kw], [ kw].
[kw ] queen, [kw] queen.
[ kw], [kw ], [ kw],
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Clap, stamp, clap.
Stamp, clap, stamp.
Hop, bend, hop.
Bend, hop, stop.
We hop, hop, hop.
We walk, walk, walk.
We fly, fly, fly.
So high!
We go, go, go.
We jump, jump, jump.
We run, run, run.
It is fun!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Choose and circle the correct answer. Оқушылар суреттерге сәйкес келетін көмекші сөздерді таңдайды және оларды айналдыра сызады.
2-жаттығу. Look, listen and draw.
Оқушылар суреттерге қарап, сөйлемдердің мазмұнына қарай оларды толықтырып салады. Оқушылар оки алмайтындықтан мұғалім нұсқаулыктарды оқып береді.
The cat is on the chair.
The ball is under the bed.
The lamp is on the desk.
The book is in the bag.
3-жаттығу. Look and match the pictures with their first letters. Оқушылар төменде берілген заттардың атаулары басталатын әріптерге сәйкес келетін суреттерді таңдайды.
4-жаттығу. Match the letters. Оқушылар бас және кіші әріптерді жалғайды.
5-жаттығу. Trace.
Оқушылар Рр, Qq әріптерін айналдыра сызады.
6-жаттығу. Find and underline the lettes Pp and Qq. Read the words. Оқушылар берілген сөздерде Pp және Qq әріптерін табады және оларды сызады. Мұғалімнің көмегімен сөздерді окиды және аударады.
V Сабақты қорытындалу.
- Балалар, бүгінгі сабақта көмекші сөздерді (in, on, under), заттардың бір-біріне қатысты орналасуын көрсетуді үйрендік. Мына сөйлемдерді аударыңдар: The cat is on the chair. The cat is under the chair. The ball is in the box. Ағылшын әліпбиінің Pp және Qq әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік! Well done! (Әр баланың жетістігі мен жемісін атап өту қажет). Goodbye, children!
Unit 7.
Lesson 3.
Сабақтың тақырыбы: Where is the fox?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Where is...? грамматикалық құрылымымен таныстыру. Көмекші сөздерді (in, on, under) пайдалану. Заттардың орналасқан жерін көрсетудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Rr, Ss әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [r], [s]
Күтілетін нәтиже:
пәндік: заттардың орналасқан жері туралы ақпарат сұрау және бір заттың екінші затқа қатысты орналасуын көрсету дағдысын қалыптастыру. Rr, Ss әріптерінің дыбыстық бейнесін олардын графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: айналасындағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш-карталар, фонетикалық жаттығу жүргізуге арналған суреттер.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please,
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз заттардың орналасқан жері туралы айтуды жалгас-тырамыз. Сонымен қатар Rr, Ss әріптерін үйренеміз.
IІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CL: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Бүгін біз тақпақ үйренеміз: Where is the cat? Listen and say where ... Where - «қайда» дегенді білдіреді? It is a fox, It's in the box. It is a cat, It's under the mat.
Енді осы такпақты бірге айтып көрелік.
ІV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and translate.
Балаларға суретке қарап, оның не істеп жатқанын анықтауды ұсыныңыз. Дұрыс, ол ойыншығын іздеп жатыр. Бір нәрсені жоғалтып, оны тапқымыз келгенде қандай сұрақ қоямыз? Біз «қайда?» дейміз. Ағылшын тілінде бұл сұрақ «Where is..?» болады.
Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, естіген материалға сәйкес келетін суреттерді табады және аударады.
Track 52.
1-сурет. Where is the fox?
2-сурет. Is the fox on the box?
3-сурет. Is the fox in the box?
4-сурет. Is the fox under the box? - Yes, the fox is under the box.
Where is ...? дидактикалық ойыны.
Мұғалім үстел үстіне, астына, ішіне кез келген затты қойып: «Where is...?» - деп сұрайды. Оқушылар кезек-кезек жауап береді. Мұғалім өзге заттарды алып, сөмкеге, сөмкенің үстіне, астына қояды.
Жұптасып жұмыс істеу.
Оқушылар бір-бірінен мектеп құрал-сайманы туралы «Where's your...?» - деп сұрайды және сұрақтарға жауап береді.
2-жаттығу. Answer the questions. Балалар среттерге қарап, сұрақтарға жауап береді. 1-сурет. Where is the dog? 2-сурет. Where is the plane? 3-сурет. Where is the doll?
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen. Әріптер және дыбыстармен, олардың таңбалануымен таныстыру мақсатында біз досымыз Mr. Wise Crow-ты шақырамыз. Rr, Ss.
Children, listen to me and say after me. Rr - rabbit Ss - sun
Track 53.
R, r, r.
[ r], [ r], [r].
[r ] rabbit, [r ] rabbit.
[ r], [r ], [r].
S, s, s.
[ s], [s], [ s].
[s ] sun, [s] sun.
[ s], [s ], [ s].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
We hop, hop, hop
We walk, walk, walk.
We fly, fly, fly
So high!
We go, go, go.
We jump, jump, jump.
We run, run, run.
It is fun!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Find, circle, ask and answer. Where is ...? Оқушылар суретке қарап, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, айырмашылықтарды табады: Look at picture 1. Where is the cat?
(CL: The cat is on the bed.)
Look at picture 1. Where is the cat? (CL: The cat is on the chair.)
Look at picture 2. Where is the girl? (CL: The girl is on the bed.)
Where is the bag? (CI: The bag is under the chair.)
Look at picture 2. Where is the bag? (CL: The bag is under the desk.)
Look at picture 1. Where is the apple? (CL: The apple is on the shelf.)
Look at picture 2. Where is the apple? (CL: The apple is on the desk.)
2-жаттығу. Find, say and write.
Оқушылар суретке қарап, мұғалімнің «Where is...?» деген сұрағына жауап береді.
Оқушылар суретке бөлінген шаршыларды бағытка ала отырып заттың орналасқан жерін айкындап, жауап жазады. Мысалы, 2А, 3С («Теңіздегі шайқас» ойынының қағидасы бойынша).
1 А 2. 2 А 3. 2 А 4. 2 В 5. 2 D
6. 4 С 7. 3 В 8. 4 А
3-жаттығу. Look and circle the first letter of the words. Оқушылар суретке қарап, бейнеленген объектілердің атаулары басталатын бірінші әріпті айналдыра сызады.
4-жаттығу. Trace.
Оқушылар Rr, Ss әріптерін айналдыра сызады.
5-жаттығу. Write the letters. Say the words.
Оқушылар сөздерге жетіспейтін әріпті жазып, заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта біз «Where is...?» деген сұрақты қойып, заттардың орналасқан жерін көрсете отырып, оған жауап беруді үйрендік. Ағылшын әліпбиінің Rr және Ss әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік. Well done! (Әр оқушының жетістігі мен жемісін атап өтіңіз). Goodbye, children!
Unit 7.
Lesson 4.
Сабақтың тақырыбы: Eleven plates twelve spoons.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Table ware» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (plate, mug, spoon, fork) таныстыру. Жана «eleven, twelve» сан есімдерін енгізу. Жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Tt, Uu әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [t], [ʌ].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: 12 затқа дейін санау дағдысын қалыптастыру, лексикалық дағдыларды дамыту Tt, Uu әріптерінің дыбыстык бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлгалық: ыдыс-аяққа ұқыптылықпен қарауға, айналадағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық/грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка ('Ten Little Indians' әнін орындау), математика (12-ге дейін санау).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз жаңа сөздерді, 12 затқа дейін санауды және Tt, Uu әріптерін үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Бүгін біз «Теп Little Indians» әнін жаттаймыз.
Little - кішкентай
Indian - үндіс, ал Indians - үндістер.
One little, two little, three little Indians
Four little, five little, six little Indians
Seven little, eight little, nine little Indians
Ten little Indian boys.
Ten little, nine little, eight little Indians
Seven little, six ittle, five little Indians
Four little, three little, two little Indians
One little Indian boy.
Ойын-ән.
Бірінші шумақ айтылғанда оқушылар әрбір санға орындарынан бір-бірлеп тұрады. Екінші шумақта әрбір санға кері бағытта орындарына отырады.
Жаңа сандар: 11 - eleven. - Listen to me and say after me: eleven, eleven. 12 - twelve.
- Listen to me and say after me: twelve, twelve, twelve.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Оқушылар мұғалімді тыңдап, жаңа: eleven, twelve сандарын жаттайды.
2-жаттығу. Learn the new words.
- Children, look at the pictures and say after me: a plate, a mug, a spoon, a fork.
«Say it» дидактикалық ойыны.
Мұғалім цифр және қандай да бір ыдыс бейнеленген карточканы көрсетеді. Оқушылар сөз тіркесін құруға тиіс. Мысалы, eleven forks, 6 mugs, one plate etc.
3-жаттығу. Listen and sing.
Оқушылар әнді тыңдайды, содан кейін косылып айтады.
Track 54.
Can you count up to 12, up to 12, up to 12!
Can you count up to 12, up to 12, up to 12!
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12
4-жаттығу. Listen to the story about Winnie - the - Pooh on p. 64
Ана тілінде дастаркан басында өзін ұстау, нені істеуге болатыны, нені істеуге болмайтыны туралы әңгіме жүргізіңіз. Қысқа сұхбаттан кейін балалармен бірге жаңа сөздерді қайталаңыз.
Осы әңгімеде қолданылатын жаңа лексикалық материалмен таныстырыңыз.
Track 55.
Winnie-the-Pooh and Rabbit.
W.: Hi, Rabbit!
R.: Hello, Winnie!
This is honey for you.
W.: Honey! I love honey!
R.: No! Look! This is a plate for you!
And this is a spoon.
This is a plate and a spoon for you, Piglet.
W.: Thank you, Rabbit.
R.: No! This is a mug for you!
And for you too, Piglet!
W.: Thank you, Rabbit!
Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, естіген материалға сәйкес келетін суреттерді табады және аударады.
Балаларға мына сұрақтарды койыңыз:
- Қоян Винни Пухка қандай ыдыстан бал жеуді ұсынды? (тарелкадан)
- Балды немен жеуді ұсынды? (қасықпен)
- Дұрыс тарелкадан касықпен жеуді ұсынды. Ал осы сөздер ағылшын тілінде қалай айтылады.
- Қоян Винни Пухқа тағы қандай ыдыстың түрін алып келді? Дұрыс, ол тағы да шай ішетін кружка алып келген еді. Еске түсірейік осы ыдыс ағылшынша қалай айтылатын еді.
5-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Children, listen to me and say after me:
Tt-train
Uu - umbrella
Жаңа сөздерді бекіту үшін оқушыларға шағын диалог ұсынылады. Балалардан оқылған материалга сүйене отырып, осы сөйлемдерді аударуды сұраңыз.
Оқушылар осы әріптерді белгілейтін дыбыстармен санамактын көмегімен танысады.
Track 56.
Т, t, t.
[t],[t],[t].
[t ] tree , [t ] tree.
[t], [t], [t].
U, u, u.
[ʌ], [ʌ], [ʌ].
[ʌ] umbrella, [ʌ] umbrella
[ʌ], [ʌ], [ʌ].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
We hop, hop, hop
We walk, walk, walk
We fly, fly, fly
So high!
We go, go, go
We jump, jump, jump
We run, run, run
It is fun!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Count and match.
Оқушылар заттарды санайды, суреттерді сәйкес сандармен жалғайды.
2-жаттығу. Read, match and trace.
Оқушылар заттар бейнеленген суреттерді сәйкес әріптер топтамасымен жалғайды және сөзді айналдыра сызады.
3-жаттығу. Write the missing number and say it. Оқушылар жетіспейтін сандарды толықтырады және оларды атайды.
4-жаттығу. Connect the same letters.
Оқушылар бас әріптер мен кіші әріптерді сызықпен қосады.
5-жаттығу. Trace.
Оқушылар Tt, Uu әріптерін бастырып сызады.
6-жаттығу. Write the missing letters. Say the words. Оқушылар сөздерге жетіспейтін әріптерді жазады және заттарды атайды.
V Сабақты қорытындылау.
Рефлексия:
- Бүгінгі сабақта 1-ден 12-ге дейін санауды, «ыдыс» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді (plate, mug, spoon , fork) үйрендік. Ағылшын әліпбиінің Tt және Uu әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік! Well done! (Мұғалім әр оқушының жетістіктерін атап өтеді). Goodbye, children!
Clothes
Unit 8.
Lesson 1.
Сабақтың тақырыбы: My clothes.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Му clothes» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен «Clothes» (a hat, a dress, shoes, a T-shirt, jeans) таныстыру. «these» сілтеме есімдігін және «these аге» фразасын енгізу. Жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Vv, Ww әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту. [v],[w].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: киім бұйымдарын жекеше және көпше түрде атау дағдыларын қалыптастыру. Vv, Ww әріптерінің дыбыстык бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: өз киіміне ұқыптылықпен қарауға, айналадағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану. Тілдік тіркестерді қарым-қатынас міндеттеріне сәйкес жазбаша және ауызша нысанда саналы түрде қалыптастыру.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш-карталар, ер бала мен қыз бал қуыршақтарының суреттері және оларға арналған киім топтамалары.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет салу (суреттерді бояу).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
Бүгін біз «Киім» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, және Vv, Ww әріптерін үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Мына дыбыстар қай сөздерде бар?
[і:] - tree, we, ...
[з:] - girl, her, ....
[u] - book, look, ...
[ʃ] - shelf, she, ...
[ʤ]-jump, ...
Содан соң мұғалім флэш-картаны көрсетіп, жаңа сөздер мен фразаларды енгізеді (жекеше түрі үшін флэш-карта тақтаның бір шетіне, көпшетүрі үшін екінші шетіне орналастырылады. Оқушылар мұғалімді тыңдап, артынан қайталайды):
What's this? - It's a hat.
What's this? - It's a T-shirt.
What's this? - It's a dress.
What are these? - These are shoes.
What are these? - These are jeans.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: «Суреттер неге тақтаның екі шетіне орналасқан? Содан соң оқушылар сұрақтардың (What's this?» және «What are these?») және оның жауаптарының арасындағы айырмашылық туралы қорытынды жасайды.
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Look, listen and learn the new words.
Оқушылар фразаларды тыңдап, мұғалімнің артынан қайталайды.
Track 57.
Anar: This is my hat.
This is my dress.
These are my shoes. Alibek: This is my T-shirt.
These are my jeans.
These are my shoes. «Yes or Nо» дидактикалық ойыны.
Мұғалім көйлектің суреті салынған флеш-картаны көрсетіп: «These are my shoes» дейді. Балалар: «yes/nо» деп, жауап қайтаруға тиіс. Мұғалімнің сұрағы: «What are these?» Оқушылардың жауабы: «These are shoes».
2-жаттығу. Look and say.
(Жұптасып жұмыс істеу). Балалар суреттерге қарап, «This is a.... These аге...» фразаларын пайдалана отырып, онда бейнеленген киім бұйымдарын атайды.
«Қуыршақты киіндіреміз» дидактикалық ойыны. (Осы ОӘК-дегі қиылған куыршақтар).
Тактада киімсіз куыршақтардың суреттері ілінген (ер бала және қыз). Оқушылар кезек-кезек тақтаның алдына келіп, куыршаққа киім кигізіп, оны атайды.
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
- Children, listen to me and say after me:
Vv- violin
Ww - window.
Оқушылар суреттерге қарап, мұғалімнің артынан сәйкес әріпке берілген сөздерді қайталайды. Одан кейін балалар әріпті қаншалықты жаттағанын тексеру үшін мұғалім әріпті көрсетеді, оқушылар оны және одан басталатын сөздерді атайды.
Оқушылар осы әріптер белгілейтін дыбыстармен санамақтың көмегімен танысады.
Track 58.
V, v, v.
[v],[v],[v].
[v]violin, [v] violin
[v],[v],[v].
W, w, w.
[w], [w], [w].
[w] window, [w] window
[ w], [w], [w].
«Неаr the sound» дидактикалық ойыны.
Балалар осы дыбыстарды айту анатомиясын жиі шатастыратын болғандықтан мұғалім осы дыбыстар (әріптер) бар сөздерді айтады. Балалар [w] дыбысын естігенде 1 рет шапалақтайды, [v] дыбысын естігенде ештеңе де істемейді (window, water, violin, where, whale, vase, van, why, white).
Сергіту сәті.
(Балалар жұптасып кол ұстасып тұрады, санағанда жанына қарай бір қадам аттайды, «Бір, екі, үш - аяқ ұшымен тұр» әнін айтуға болады).
One, two, three on the tiptoes.
One, two, three on the tiptoes.
One, two, three turn around.
Clap, clap, step aside.
(Оқушылар бұл жаттығуды тақта алдында орындайды, ол жерде бос орын жеткіліксіз болса, парта қатарларының аралығындағы бос орындарында тұруға да болады, олай болғанда жанына қарай бір қадам аттаудың орнына оқушылардың тізе бүгуіне де болады).
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Match the pictures and colour them. Оқушылар сөйлем мен суретті салыстыра отырып, киім бүйымдарын белгіленген түске бояйды.
This is a red dress. This is a green hat. This is a yellow T-shirt. These are blue jeans. These are green shoes.
2-жаттығу. Write the missing letters. Draw the pictures. Оқушылар жетіспейтін әріптерді жазып, осы сөздерге сәйкес келетін суреттер салады.
3-жаттығу. Trace.
Оқушылар Vv, Ww әріптерін айналдыра сызады.
4-жаттығу. Trace and look.What is this? Write the missing letter.
Оқушылар суреттерді айналдыра сызады, мұғалімнің қандай заттың суретті пайда болғаны туралы сұрағына жауап береді және осы заттарды атайды. Сөзге жетіспейтін әріпті жазады.
V Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта «Clothes» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді (hat, dress, shoes, T-shirt, jeans, shoes), «What are these?» сұрағына жауап беруді үйрендік. Ағылшын әліпбиінің Vv және Ww әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік! Well done! (Әр оқушыны жетістігі мен жемісі үшін мақтаңыз). Goodbye, children!
Unit 8.
Lesson 2.
Сабақтың тақырыбы: Clothes.
Сабақтың мақсаты: «Clothes» тақырыбы бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. These сілтеме есімдігін және Are these...? фразасын енгізу. Жаңа фразаларды енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Хх, Үу, Zz әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [ks], [j], [z ].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: киім бұйымдарын атау, Are these...? сұрағына жауап беру дағдыларын қалыптастыру, лексикалық дағдыларды дамыту. Хх, Үу, Zz әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: өз киіміне ұқыптылықпен қарауға, айналадағы адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: ағылшын тіліндегі сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену; маңызды байланыстар мен қарым-қатынастарды көрсететін негізгі грамматикалық ұғымдарды меңгеру.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруга арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка (сергіту сәтін музыкамен сүйемелдеуге болады).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
Бүгін біз «Киім» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді үйренуді жалғастырамыз және Хх,Үу, Zz әріптерін үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Бүгін біз тақпақ жаттаймыз.
Listen to me and say after me:
Why, Willy
Why, Willy
Why, Willy, why?
Why, Willy
Why, Willy
Why do you cry?
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім затты көрсетіп, жекеше түрде Is this a ...? сұрағын, ал көпше түрде Are these...? сұрағын қоя отырып, сұраулы нысандағы жаңа These are... фразасын енгізеді.
Т: Is this a pen?
P 1.: Yes, it is.
T: Are these pens?
P 1.: Yes, they are.
1-жаттығу. Listen and learn.
Жаңа грамматикалық материалмен танысқаннан кейін оқушыларға аудиожаттығуды тыңдауды ұсыңыз.
Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, естіген материалға сәйкес келетін суреттерді табады, аударады.
Track 59.
Мамасы: Is this your T-shirt?
Әлібек: Yes, it is.
Мамасы: Are these your jeans?
Әлібек: Yes, they are.
Мамасы: Are these your boots?
Әлібек: No, they aren't.
Мамасы: Whose boots are these?
Балалар, мынау кімнің туфлиі? (С1: Мунидікі). «Whose shoes are these?» сұрағы осы кезеңнің лексикалық қорына жатпайды.
2-жаттығу. Look, ask and answer.
- Балалар, Әлібек Анардан нені сұрап түр? Ол не деп жауап берді? Is this her hat? No, it isn't. Are these his jeans? Yes, they are.
Жұптасып жұмыс icmey.
Оқушылар суреттерді көрсетіп, бір-біріне сұрақ қойып, оларға жауап береді.
3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
- Children, listen to me and say after me:
Xx - fox (Мұғалім fox сөзінде Xx әрпін табуды сұрайды)
Yy - yak
Zz - zebra
Оқушылар суреттерге қарап, сәйкес әріпке берілген сөздерді қайталайды. Одан кейін балардың әріпті қаншалықты жаттағанын тексеру үшін мұғалім әріпті көрсетеді, ал балалар әріпті және осы әріптен басталатын сөзді атайды.
Дыбыстармен танысу санамақ арқылы жүзеге асырылады:
Track 60.
X, х, х.
[ks], [ks], [ks].
[ks]fox, [ks] fox
[ ks], [ks ], [ks].
Y, y, y.
[j], [j], [j].
[j]yak, [j] yak
[j], [j], [j].
Z, z, z.
[z], [z], [z].
[z]zebra, [z] zebra
[ z ], [z ], [z ].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
We hop, hop, hop.
We walk, walk, walk.
We fly, fly, fly
So high!
We go, go, go.
We jump, jump, jump.
We run, run, run.
It is fun!
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Look and choose the correct answer. Оқушылар суретке қарап, дұрыс таңдау жасайды. Мысалы, Are these her shoes? - Yes, they are./ No, they aren't.
2-жаттығу. Circle the odd one out. Say what it is. Оқушылар суретке қарап, артық бір сөзді атайды және оны сызып тастайды.
3-жаттығу. Trace.
Оқушылар Хх, Yy, Zz әріптерін бастырып сызады.
4-жаттығу. Write the missing letters. Say the words.
Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріпті жазады және заттарды атайды.
5-жаттығу. Complete the alphabet.
Оқушылар әліпбиді жетіспейтін әріптермен толыктырады.
V Сабақты қорытындылау.
Рефлексия:
- Бүгінгі сабақта «Clothes» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді (dress, boots T-shirt, jeans), «Аге these...?» сұрағына жауап беруді үйрендік. Ағылшын әліпбиінің Хх, Yy, Zz әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік!
Well done! Goodbye, children.
Unit 8.
Lesson 3
Сабақтың тақырыбы: Kazak clothes.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Clothes» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен «Clothes» (a shapan, a coat, new) таныстыру. «Не has new jeans» құрылымымен таныстыру. Киімді белгілейтін жаңа фразаларды енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-қимыл жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: киімге ұқыптылықпен қарауға баулу;
жүйелік-әрекеттік: оқу және қарым-қатынас қызметінің, сонын ішінде шығармашылық сипаттағы міндеттерін қабылдау; ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаған кезде сәйкес тілдік құралдарды таңдау.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ұлттық киім бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
-
Бүгін біз киімдердің атауын белгілейтін жаңа сөздерді үйренеміз.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (CI.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Бүгінгі сабақта біз бұрын оқылған дыбыстарды қайталаймыз, өйткені олар жаңа сөздерде кездеседі.
[ʃ ] - shapan, shirt, shoes
[ʃ ] дыбысы бар сөздерді атаңдар:
[ʃ] she,...
[h] дыбысы бар сөздерді атаңдар:
[һ]-һе,...
[ai] дыбысы бар сөздерді атаңдар:
[ai:] - I, …
Listen to me and say after me (Mr. Wise Crow артынан осы тақпақты қайталап, оқушылар өзін, оны, т.б. көрсете алады):
One, two, three -
She and he.
Three, four, five -
you and I.
Оқушылар осы өлеңді ары қарай жалғастыра алады, мысалы:
Four, five, six -
I see pigs.
Five, six, seven -
He is eleven etc).
Well done, children!
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and learn.
- Суретке қараңдар. Нені көріп тұрсыңдар?
Сендер ұлттық киім киген әйел адам мен ер адамды көріп тұрсыңдар. Ұлттық киім қандай әдемі көрінеді. Қазақ әйелдерінің көйлектері жібек матадан жеңдері, етектері ұзын, бүрмеленген болып тігіледі. Олар ою-өрнектермен, зермен, әдемі түймелермен сәнделеді. Көйлектің сыртынан камзол киген.
Қалыңдықтың тойда киетін бас киімі - сәукеле. Оған сәнді болу үшін үкі тағып, алтын, күміс тиындар, інжу-маржандар және асыл тастар қадаған.
Сыртқы киімнің ең негізгісі - шапан. Шапанды ерлер де, әйелдер де киген. Шапанды жұмсақ теріден, жібек, жүн, мақта маталардан тіккен, оюлармен сәндеген. Қазақта шапанды сыйға тартатын салт бар.
Қазір ұлттық киімдеріміз маңызын жойған жоқ. Наурыз сияқты ұлы мерекелерде ұлттык киім қию дәстүрге айналған.
Track 61.
These are Kazakh clothes. This is a Kazakh dress. It's red and yellow. This is a Kazakh hat. It's red. This is a shapan. It's a Kazakh coat. These are Kazakh boots.
Балалардың қаншалықты түсінгенін тексеру үшін сұрақтар қойылады:
1.What's this? It's a dress.
2.What colour is the dress? It's red.
2-жаттығу. Look, learn and say.
Мұғалім жаңа кейіпкерлермен таныстырып, олардың киімін сипаттайды.
- Ұлттық киім киген Баян сұлу - Bayan sulu has a dress and a hat. Bai has a coat and boots. Makta kyz has a hat. Aldar Kose has a shapan and boots.
3-жаттығу. Look, listen and translate.
- Бүгін біздің кейіпкерлеріміз дүкеннен жаңа киім сатып алды. Ағылшын тілінде осы заттардың атын атаймыз.
Track 62.
Alibek has new jeans. Anar has new shoes. Olga has a new coat. Misha has new boots.
«Describe your new clothes» дидактикалық ойыны.
Оқушылар жұптасып партадағы көршісінің киімін сипаттайды.
- Енді өздерің киген киімді сипаттап беріңдер. Өзіңде бір нәрсе бар екенін қалай айтуға болатыны естеріңде ме?
1-оқушы: I have a new dress and new shoes.
2-оқушы: I have a new T-shirt and jeans
3-оқушы: I have a blue hat.
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу. Match the words to the clothes.
Оқушылар заттардың атауларын суреттермен сәйкестендіреді.
2-жаттығу. Listen and draw.
Мұғалім сөйлемдерді оқиды, ал оқушы шаршының ішіне сипаттамаға сәйкес киімнің суретін салуға тиіс.
- Aruzhan has a new dress. Kairat has a new coat. Bota has a new hat. Moony has new boots.
3-жаттығу. Put the missing letters.
Оқушылар бос жерлерді сәйкес әліпби әріптерімен толыктырады.
V Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта киім атауын білдіретін жаңа «а shapan, a coat, boots, new, warm» сөздерімен таныстық. Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері қандай киім киетіні туралы айтуды үйрендік. (CI. Bayan sulu has a dress and a hat. Bai has a coat and boots. Makta kyz has a hat. Aldar Rose has a shapan and boots.) Good job, children! Excellent! (Әр сабақта балалардың жетістіктерін колдап, атап көрсетіп отыру маңызды.) Goodbye!
Unit 8.
Lesson 4
Сабақтың тақырыбы: Hello summer. Progress test.
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды бекіту және қорыту. Ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: Бірлескен қызмет барысында әртүрлі жағдайларда мұғаліммен, өзге ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен ынтымактастық жасау дағдыларын дамыту.
жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, киім бейнеленген флэш-карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning
We are glad to see you!
- How are you? (CI.: Fine, thanks.) Sit down, please.
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Бүгінгі сабақ - біздің осы оқу жылындағы соңғы сабағымыз, кейіпкерлеріміз келесі оқу жылына дейін бізбен коштасады.
ІІІ Тірек білімді белсендіру.
«Сәлемдесу» тақырыбы бойынша сөздерді қайталаймыз.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Listen and translate.
- Осымен оқу жылы да аяқталды. Оқулығымыздың кейіпкерлері біздермен қоштасады. Муни жаздың не екенін түсінбейді. Суреттерге қарап, кейіпкерлеріміз бұны оған қалай түсіндіретінін тыңдайық.
Track 63.
Bota: 1 like summer.
Anar: I like summer too.
Moony: What is summer? Is it a toy?
Alibek: No, it isn't. Summer is fun.
Anar: You can swim in summer.
Alibek: We don't have school.
Alibek: You can play outside in summer.
Moony: Goodbye, children!
Bota: Goodbye!
2-жаттығу. Listen and sing.
Track 64.
Goodbye, goodbye, see you again
Goodbye, goodbye, see you my friends.
Goodbye, goodbye, see you again
Goodbye, goodbye, see you my friends.
Дәптермен жұмыс
4-progress test.
Оқушылардың осы болімдегі білімін тексеру үшін оларға 4-progress test 4 орындауды ұсыныңыз.
1-тапсырма. Answer the question. Circle the right answer. Оқушылар сұраққа жауап беріп, сурет бойынша дұрыс жауапты таңдауға тиіс.
2-тапсырма. Match the words to the pictures.
Оқушылар сөз тіркестерін тиісті суретпен сәйкестендіреді. Сан есімдерді қайталайды.
3-тапсырма. Find the words and circle them. Оқушылар қажетті сөздерді тауып, сканворд шешеді.
4-тапсырма. Put the missing letters.
Оқушылар сөзді қажетті әріппен толықтырады. Сөзге арналған сурет бұл сөзді түсінуге мүмкіндік береді.
5-тапсырма. Match the words and pictures. Оқушылар сөздерді тиісті суреттермен сәйкестендіреді.
6-тапсырма. Listen and circle the correct picture. Оқушылар мұғалімді тыңдап, оның мәтініне сәйкес суретті айналдыра сызады.
He has a hamster.
She has a parrot.
She has a spoon.
He has jeans.
Тест тапсырмалары тексерілгеннен кейін мұғалім немесе балалардың өздері бағалау бағанындағы сәйкес смайлды айналдыра сызып, жұмысты бағалайды.
V Сабақты қорытындылау.
- Біз биылғы оқу жылында қандай жаңалықтар аша білдік? Ол туралы ағылшын тілінде айтып беріңдер. Осымен оқу жылы да аяқталды. Оқулығымыздың кейіпкерлері біздермен коштасады.
Муни: Goodbye children! Goodbye Bota! Have nice summer holidays!
Әлібек: See you next year!
Анар: See you next year!
Бота: Goodbye!
94-қосымша
СЫНЫПТАН ТЫС ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Тақырыбы: Қорытынды сабақ. «Біз нені білеміз және нені үйрендік»
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды бекіту және қорыту. Ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды қалыптастыру. Өзін-өзі таныстыру дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: оқу жылы өтілген тақырыптар («Танысу», «Менің отбасым», «Оқу құрал-жабдықтар», «Түстер», «Ойыншықтар», «Жануарлар», «Менің айналамдағы заттар», «Киім») бойынша ақпарат сұрау;
тұлғалык: достарға, тума-туысқандарға қамқорлық танытуға, шет тілін саналы түрде үйренуге баулу; бірлескен қызмет барысында әртүрлі жағдайларда мұғаліммен, өзге ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен ынтымақтастық жасау дағдыларын дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқу және коммуникативтік, соның ішінде шығармашылық міндеттерді орындау; тілдік тіркестерді, сабақтың мақсатың коммуникативтік міндеттерге сәйкес саналы түрде құру.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, кейіпкерлердің костюмдері;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану.
(Қорытынды сабақты ата-аналардың қатысуымен, салтанатты түрде өткізу ұсынылады. Мұғалім жануарлар мен сюжет кейіпкерлерінің костюмдерін алдын ала ойластырып, балаларға отбасыларының суреттерін дайындау жөнінде тапсырма беруі тиіс).
1. Сәлемдесу.
Teacher: Good morning, children and parents!
Class: Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
2. Іс-шара тақырыбы мен сабақтың мақсатың хабарлау.
- Бүгін біз осы оқу жылындағы соңғы сабағымызды өткізіп отырмыз. Бүгін біз осы жыл ішінде нені үйренгенімізді көрсетеміз және айтып береміз.
Let's sing the ABC song (оқушылар әнді тыңдайды, одан кейін оны өз бетімен орындайды).
3. Әліпбиді қайталау.
А В С D E F G
HІGKLMNOPQRS
T U VW X
Y and Z
That is English Alphabet.
4. Оқулықтың сюжеттік кейіпкерлерімен сәлемдесу.
- Балалар, бүгін бізге сүйікті кейіпкерлеріміз Бота мен Муни келді. Олармен амандасайык! (Оқушылар ән айтады) Hello, hello. How are you? How are you? (кейіпкерлер) I'm fine, thank you. I'm OK thank you.
5. «Менін отбасым», «Түстер» тақырыптарын шағын-диалогтарда қайталау.
Бота оқушыларға сұрақ қояды:
- What's your name?
- How old are you?
- Do you have a friend?
- How old is she/he?
Муни оқушыларға сұрақ қояды:
- Do you have a family?
- Do you have a pet?
- What is your favorite color?
- What clothes do you have?
6. Оқулық тақырыптарын шағын тақпактар мен монологтар арқылы қайталау.
Т.: Thank you, Bota and Moony. Children tell us about you. (отбасының суретін ұстаған оқушы ер бала)
PL: I am a boy. I am seven. I have a family. I have a mother, a father, a sister and a brother. My brother is strong. My sister is little.
I am a little boy.
I have many, many toys.
I have a car, I have a ball.
I love my mother best of all.
(Отбасының суретін ұстаған оқушы қыз бала.)
Р 2.: I am a girl. I am 7. I have a family. I have a Granny, a Grandpa, a mother, a father and a sister. My father is big. My mother is nice.
1 am a little girl.
I have a ball.
I have a doll.
I love my mother best of all.
7. «Жануарлар» тақырыбын қайталау
- Ал енді бізге жануарлар мен «Көмекші сөздер» келді. (Жануарлардың костюмдерін киген оқушылар сөйлейді және сөздерін қимылдармен сүйемелдейді).
Р 1.: I am a grey mouse. I live in a house.
P 2.: I am a frog. I can hop, hop, hop.
P 3.: I am a dog. I can run and hop with a frog.
P 4.: I am a cat. I can sit on the mat.
P 5.: I am a fox. I can sit in a box.
P 6.: I am a fish. 1 can swim.
8. «1-ден 10-i a дейін санау» тақырыбын қайталау.
Т.: - Ал енді үндістер туралы ән айтамыз.
(Бірінші шумақта әр сан айтылған сайын балалар бір-бірлеп тұрады, екінші шумақта әр санға кері тәртіпте бір-бірлеп отырады).
One little, two little, three little Indians
Four little, five little, six little Indians
Seven little, eight little, nine little Indians
Ten little Indian boys.
Ten little, nine little, eight little Indians
Seven little, six little, five little Indians
Four little, three little, two little Indians One little Indian boy.
9. «Киім» тақырыбын қайталау (интерактивті тақтада қазақ ертегілерінің кейіпкерлері)
Т.: Children, please tell me what Aldar Kose has.
P 1.: Aldar Kose has a shapan and boots.
Т.: Tell me what Bayan sulu has.
P 2.: Bayan sulu has a dress and a hat.
T: Tell me what Bai has.
P 3.: Bai has a coat and boots.
T: Tell me what Makta kyz has.
P 4.: Makta kyz has a beautiful hat.
10. Қорытындылау.
- Осымен сабағымыз аяқталды. Барлығың да жақсы еңбек еттіңдер. Алдарыңда жаркырап жаз күтіп тұр. Жақсылап демалып, күш жинаңдар. Келесі жылы да сені ағылшын тілінің қызықты сабақтары күтеді. Сендердің сүйікті достарың- Бота мен Муни сендерге ағылшын тілінде жаңа сөздер үйретеді және әр елдің балаларымен танысуга, дос болуға мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілі - халықаралық қатынас тілі. Бұл тілде миллиондаған адамдар сөйлейді. Сендерге үлкен жетістіктер тілейміз! Goodbye, children! Have fun!
Moony: Goodbye, friends!
Bota: Goodbye friends.
11. Сонында оқушылар ән айтады: Goodbye, goodbye, see you again Goodbye, goodbye, see you my friends. Goodbye, goodbye, see you again Goodbye, goodbye, see you my friends.
97-қосымша
СЫНЫПТАН ТЫС ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Біз нені білеміз және үйрендік» қорытынды сабағы.
Сабақтың мақсаты: оқылған материалды қорыту; ағылшын тілін оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру; ағылшын тілінің бірінші оқу жылындағы қорытындысы бойынша оқушылардың жетістіктері мен табыстарын көрсету.
Міндеттері: «Түстер», «Сандар», «Жануарлар», «Ойыншықтар», «Әліпби», «Отбасы», «Киім», «Ыдыс-аяқ» тақырыптары бойынша лексиканы қайталау; пәнаралық білімдерді пайдалануды үйрету; сөздік қорының кеңеюіне ықпал ету; тындау және сөйлеу дағдысын дамыту; оқушылардын ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету; пәнге деген қызығушылықты одан әрі тәрбиелеу.
Алдын ала атқарылатын жұмыс: іс-шара басталғанға дейін мұғалім сабақтың қажетті материалдар мен жабдықтарды дайындайды; тақтаға 10 ғаламшар мен жұлдыздардың суреті, Муни мен Акылды Қарғаның суреттері ілінеді.
І Қызығушылықты ояту кезеңі.
- Балалар, бүгін соңғы сабағымыздың да кезегі келді. Жыл ішінде біз көптеген жаңа нәрсені білдік, үйрендік. Бүгін қорытынды ойын сабағымызды өткізіп, кімнің не үйренгенін анықтаймыз. Ойынымыз жай ойын емес, сайыс-ойын. Кез келген сайыста ең бастысы - достық қарым-қатынас және қарсыласқа деген сыйластық. Сондыктан, біз кәдімгі шын достар ретінде бір-бірімізге сәттілік тілейміз: Good luck!
Балалар фразаны қайталайды: Good luck!
II Ұйымастырушылық-ізденістік кезең.
- Бүгінгі қорытынды сабағымызға досымыз Moony және акылды қарға Mr. Wise Crow қатысады. Олар осындай маңызды шарадан қалыс қалғылары келмей, сіздермен ойнағылары келіп тұр.
Фопетикалық жаттығу.
- Біздің көнілді Муни орманда серуендеп жүр. Ол коңырауды сыңғырлатады: [nin-nin-nin] [nin-nin-nin]. Масаларды мазақтайды: [z-z-z] [z-z-z]. Бізді серуендеуге шақырады: [ei-ei-ei] [еі-еі-еі]. Қайтадан масаларды мазақтайды: [z-z-z] [z-z-z]. Масалар оған ызаланып, тістейді, ол айқайлайды: [ai-ai-аі] [аі-аі-аі]. Ол ауырсынып, [m-m-m] [m-m-m] дейді. Муниге ара ұшып келіп, оны тыныштандырады: [о-о-о] [о-о-о]. Енді Муни ешқашан да масаларды мазақтамайтын болады. Жарасын үрлейді: [w-w-w] [w-w-w].
Негізгі кезең. «Сиқырлы галактика».
- Ал енді, балалар, галактикаға қызықты саяхатқа аттанамыз. Мәреге жету үшін барлық тапсырмаларды дұрыс орындауға тиіспіз. Әрбір дұрыс жауап үшін команда бір ғаламшар алады (педагог алдын ала қағаздан 20 жүлдызды қиып дайындайды).
1-галамшар
- Балалар, бірінші тапсырмада суреттер арасынан ағылшын әріптерін ғана табу керек. Жарайсыңдар! Әріптерді жақсы біледі екенсіңдер! (Мұғалім жеңімпаздарға жұлдыздарды береді).
2-галамінар
- Count from one to five. Kangaroos, count from five to ten.
3-ғаламшар
- Балалар үшінші галамшарда тапсырма салынған конвертті тауып алдық. Оны ашыңдар. What colour is it? It's blue/red. It's green/yellow.
4-ғаламшар
- Ал енді, балалар, біз жануарлар ғана мекендейтін ғаламшарға тап болдық. Назар аударыңдар! Командаларға тапсырма: 1-команда жа-байы жануарларды таңдап, атайды; 2-команда үй жануарларын атайды.
Бұл тапсырмаға мұғалім балалар танысқан үй және түз жануарлары бейнеленген карточкаларды эзірлейді.
- Біздің сапарымыз жалғасуда және мен сіздерге біраз демалуды ұсынамын.
Мұғалім жыл ішінде жатталған әндер мен такпақтарды пайдалана отырып, сергіту сәтін өткізеді.
5-ғаламшар
1-командаға тапсырма: ағылшын тілінде «Менің ағам бар», «Менің әпкем бар» дегенді айтыңдар.
2-командаға тапсырма: ағылшын тілінде «Менің эжем бар», «Менің атам бар» дегенді айтыңдар.
6-ғаламшар
- Балалар, алтыншы ғаламшарда өте көңілді тапсырма жасырылған.
Көздеріңді байлап, ыдыс-аяктың суретін саласыңдар. Суретті салып жатып, әр затты ағылшын тілінде атаңдар.
7-ғаламшар
- Жетінші ғаламшар жай емес, бұл - музыкалық ғаламшар. Әр команда есте қалған немесе үнаткан әнді орындауы тиіс.
8-ғаламшар
- Тағы бір жаңа ғаламшарға келдік. Бұл - ойыншықтар ғаламшары. Әр команданың қатысушыларының әркдйсысы өзінің сүйікті ойыншығын атайды.
9-ғаламшар
- Мынау тағы да бір ғажайып ғаламшар - киім дүкені. 1-команда ер балаларға киім таңдайды. 2-команда қыздардың киімін таңдайды.
Балалар киімдерді таңдап, оларды ағылшын тілінде атайды (мұғалім киім бүйымдары бейнеленген карточкаларды алдын ала эзірлейді).
10-ғаламшар
- Бұл - соңғы ғаламшар. Тапсырма мынадай: мен доп пен қуыршактың қай жерде орналасқаны туралы тақпақ оқимын. Ал командалардың қатысушылары осы заттарды тауып алуы тиіс.
(Педагог заттарды алдын ала жасырып қояды).
1-команда: The ball is on the table.
The ball is under the chair.
The ball is in the box.
2-команда: The doll is in the bag.
The doll is on the chair.
The doll is under the table.
ІІІ Рефлексивті-түзетушілік кезең.
Қорытынды шығару. Жүлдыздарды санау.
- Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы жұмыс істедіңдер, көп нәрсені үйрендіңдер. Сіздерге жаңа жетістіктер тілеймін. Жазда жақсы демалуларыңа тілектеспін. Ағылшын тілін үйренуге көмектескен кейіпкерлерімізбен және бір-бірімізбен коштасайық.
Қоштасу орнына соңғы сабақтағы әнді орындауға болады.
99-қосымша
1. Сәлемдесу.
Teacher: Good morning, dear children and parents!
Class: Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning
I am glad to see you!
2. Іс-шараның тақырыбы мен мақсатың хабарлау.
- Қымбатты ата-аналар бүгін бізде ерекше сабақ! Біздер бүгін Magic land еліне қызық және тартымды саяхат жасаймыз. Ішімізде осы елдің қай жерде орналасқанын білетіндер бар ма? Бұл ел өте кашыкта орналасқан, ол елге жету үшін бізге небір сынактардан өтуге тура келеді. Осыған дайынсыңдар ма? Балалар, айтыңдаршы осы жұмбак елге жету үшін бізге не қажет?
Оқушылар түрліше жауап берулері мүмкін (сабақтағы жақсы үлгерім, ойлы болу, жауапкершілік, белсенділік, ықыластылық, алаңғасарланбау, деннің саулығы, талпыныс, т.т.), мұғалім барлық жауаптарды мұқият тыңдап, қажет болса түзетуі керек. Тәрбиелік жағынан оқушыларды басты және маңызды аспект тұлғаралық қатынастарға бағыттау қажет - өзара көмек, достық, төзімділік, мейірімділік .т. с.с.
Ал енді әкелеріміз бен аналарымыздан осы жұмбақ елге жету үшін не қажет екенін сұрайық.
Ата-аналардың жауабы: өзіне деген сенімділік, жоспар құру, балалармен бірге білімнің жаңа жетістіктеріне жету, оларды қолдау және мақтау, мұғалімнің тапсырмаларын ыждағатпен орындау, бірлесе отырып оқу, өзара көмек, шыдамдылық және еңбек бәрін жеңбек т.т.
Жарайсыңдар, ата-аналар! Сендер бізге Magic land ертегі еліне барар жолда кәдеге жарайтын кеңес бердіңіздер.
Жарайсыңдар, балалар! Жолға шыққан кезде бізге татулық, қажет болған жағдайда бірімізге-біріміз көмектесуіміз керек, егер біз бірге болсақ ешқандай кедергілер мен қиындықтар қауіпті емес. Дайын болсаңыздар таңғажайып елге саяхатқа шығамыз Magic land! Let's go, children!
Өзімізбен бірге біз жолға жыл бойы оқып үйренген Magic land білімімізді аламыз.
3. Алфавитті қайталау.
Мұғалім оқушылардың орындарынан тұрып келісілген маршрут
САБАҚТАН ТЫС ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НОБАЙЫ
Тақырыбы: «Біз нені меңгердік және не істей аламыз») Қорытынды сабақ.
Мақсаты: Өткен материалды пысықтау және қорытындылау. Монологтық және диалогтық сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жетістігін көрсете білу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың қол жеткізген жетістіктерін ата-аналарына көрсету.
Жоспарланған нәтиже:
пәндік: жыл бойы өткен тақырыптар жөнінде ақпаратты сұрату дағдысын қалыптастыру;
тұлғалық: достарына, туыстарына, қоршаған ортаға сыйластықпен, қамқорлықпен қарау;
жүйелі іс-әрекеттер: сөйлеу тақырыбына берілген байланыс жағдаятында өткен лексико-грамматикалық материалды пайдалану.
Сабақтың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі:
Мұғалімге: CD дискіні тыңдауға арналған құрал, кейіпкерлердің костюмдері, ағылшын алфавитінің әріптері жазылған карточкалар, шағын картон сандықша, медальдар, грамоталар;
Оқушыларға: қарындаштар жиынтығы, алфавит әріптері, сандар, жануарлар бейнеленген суретті карточкалар;
Ата-аналарға: қаскүнем Феяның костюмі, декорация дайындау.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану, сурет салу, математика^ ^
Кластан тыс қорытынды сабақты салтанатты түрде (мүмкіндік болып жатса залда немесе кең кабинетте) ата-аналарды шақырып өткізген орынды. Мұғалім ата-аналардың көмегімен маскалар (мысық, ит, арыстан, зебра, маймыл, am, аю және түлкі), кейіпкерлер: Бота, Муни және қаскүнем Феяға костюмдер дайындайды.
бойынша саяхатты бастауларын сұрайды. Жол, саяхат тақырыбына жазылған әндерді тыңдауға болады.
- Балалар, назар аударыңдаршы мына ағашқа не болған? Жапырақтарының барлығы түсіп қалған, қатты желдің әсері болуы мүмкін. Оған жапырақтарын жинауға көмегімізді көрсетейік, олар жай жапырақтар емес, онда ағылшын тілі алфавитінің әріптері жазылған ғой. Жапырақтарды орындарына іліп қояйық, бірақ оларды алфавиттегі тәртіппен орналастыру қажет.
Мұғалім оқушылардан әріптерді көтеріп көрсетулерін және олардың қалай аталатынын айтып, ағашқа ілулерін сұрайды. Сабақ барысында ата-аналарды қатыстыруға болады, олар жапырақтарды ағаштың жоғары бөлігіне бекітіп қоюға жәрдемдеседі.
Мұғалім: Балалар, қараңыздаршы, әріптердің барлы орындарына қойылдыма және орналасу тәртібі дұрыс па?
Балалар ағашка қарап әріптерді алфавиттік тәртіппен айтып шығады.
- Жарайсыңдар, бәріміз қосылып ағылшын алфавиті туралы әнімізді шырқайық.
А В С D E F G
HIGKLMNOP
QRSTUV
W X Y and Z
That is the English Alphabet.
Well done, children! Тапсырманы тамаша орындап шықтыңдар!
Қараңыздар, мынау не? Ол катты соққан желден қорқып, үйіне асығып бара жатқанда алмаларын шашып алған кірпі. Оларды жинап алып ағашқа іліп қояйық. Алмаларға қандай сөздер жазылған? Балалар, айтыңдаршы олар әріптер ме, әлде дыбыстар ма? Дұрыс, олар дыбыстар біз олармен жақсы таныспыз. Енді дыбыстарды қажетті әріптерге қоялық. Назар салсаңыздар, ағаштың жапырақтарының саны алмалардың санынан көп. Оқушылар дыбыстар бейнеленген алмаларды жинайды [ei], [b], [d], [f], [k], [1], [m], [n], [p], [t], [v], [z], [h], сәйкес келетіндерін жапыраққа апарып іледі.
Аа [ei], Bb [b], Dd [ d], Ff [f], Kk [k], LI [1], Mm [m], Nn [n], Pp [p], Tt [t], Vv [v], Zz [z], Hh [h].
Жарайсыңдар, енді Let's go сапарымызды жалғастырамыз!
4. Оқулық желісіне сәйкес таңдалған кейіпкерлерімізбен сәлемдесеміз.
- Балалар, біздің кейіпкерлеріміз Бота мен Муниде бізбен бірге саяхатқа шыққылары келеді, олармен сәлемдесіп, бәріміз қосылып ағылшынның «Неllо!» әнін шырқайық.
(Балалар ән шырқайды.)
Hello, hello,
How are you? How are you? (герои) I'm fine, thank you. I'm OK thank you.
Teacher: Well done, children! Достармен бірге жүрген әлдеқайда көңілдірек!
5. «Гүлдер», «Жануарлар» тақырыптарын қайталау.
Бұл кезеңде оқушылар This is a tiger (cat, etc.). /It's a tiger. It is big. It is brown and yellow (etc.) конструкцияларын оқып үйренуді белсендірулері қажет. Алдын ала дайындалған: мысық, ит, арыстан, зебр, маймыл, am, аю және түлкінің маскаларын пайдаланады. Қаскүнем Фея шығады (Феяның рөлін ата-аналардың біреуі сомдайды): Сіздер кайда бағыт алдыңыздар? Magic land таңғажыптар еліне емес пе? Балалар: Иә, біз сол ертегі еліне барамыз.
Қаскүнем Фея: Бұл жоспарларың жүзеге аса қоймас. Мен барлық жолдарды шатастырып жібердім, сендер адасып кетесіңдер. Балалар: Енді не істейміз? Қалай жетеміз?
Қаскүнем Фея: Жолдарды қалпына келтіретін бір әдіс бар, ол үшін сендер түрлі тапсырмаларды орындауларың керек, егер орындай алсаңдар, жол ашылып, өз қалпына келеді. Бірақ бұған шамаларың жетуі қиын болар!
Мұғалім: Балалар жыл бойы сенедер көптеген ағылшынның жаңа сөздерін оқып үйрендіңдер, ертегілер еліне бару үшін барлық тапсырмаларды дұрыс орындаға тырысайық.
Балалар: Иә!
Мұғалім: Міне, тапсырма. Мына жануарларды мыстан кемпір сиқырлап тастаған, енді олар өздерінің атарын, түстерін және қандай қызмет атқара алатындықтары жөнінде айта алмайды. Балалар, кәне осы жануарларға көмектесейік.
Оқушылар жануарлардың аттарын кезекпен атайды, қателесіп кетсе мұғалім олардан бірінің қатесін екіншілерінің түзетулерін сұрайды.
Мұғалім: Балалар, зейін қойып, жануарлардың аттарын дұрыс атаңыздар.
Оқушылар жануарлардың аттарын түгел атап шыққан соң, мұғалім белгілі бір суретті көрсетіп, тексеру сұрағын қояды: Is it a bear? Is it a lion?
Маңыздысы сұрақтарға толық жауап алу жағын қарастыру керек: Is it a horse? - No, it isn't. It's a cow.
Жауаптар жеке, содан соң барлығы бір мезгілде айту барысында пысықталады.
Мұғалім: Балалар, қаскүнем Фея қартайған, құлағы жөнді естімейді, сондықтан барлығымыз қосылып қатты дауыстап жауап беруіміз керек, сол кезде ғана оның жануарларға жасаған сиқыры жойылады. Let's say the words altogether.
Сұрақ-жауап тәсілі орындалғаннан кейін, мұғалім балаларға жануарлардың суреттерін салып, оларды сәйкес түстермен бояуларын және ағылшын тілінде аттарын атауларын ұсынады. Сабаққа балалардың барлығын жұмылдыру мақсатында, мұғалім сыныпты шағын топтарға бөліп, оларға қарындаштар мен фломастерлерді үлестіріп береді. Оқушылардың жауаптары төмендегідей болуы керек: It's a cat. It's black /white. It's a monkey. It's brown. Кейін оқушылар жануарлардың қандай қызмет атқара алатындықтарын айтулары керек.
A lion can jump. A horse can run. A cat can jump. A bear can sit.
Учитель: Very well! You helped the animals.
6. «Numbers» тақырыбын қайталау.
Қаскүнем Фея: Сендер бір ғана тапсырманы орындадыңдар, келесі тапсырманы орындап көріңдер! Мен көрейін, сендердің ағылшын тілінде каншалықты санап, есеп шығарғандарынды.
Оқушыларға 1 мен 10 арасындағы карточкаға жазылған сандар таратылады.
Мұғалім: Children, I will say the numbers and you will show me the correct card. Мұғалім карточкада жазылған сандарды ағылшын тілінде атайды, ал оқушылар аталған цифрларды карточкалар арқылы дұрыс көрсетулері керек. Цифрларды ретімен немесе ретсіз атай беруге болады. Оқушылардың санау қабілеттерін пысықтау мақсатында мұғалім оларға мысалдарды шығартады.
Т.: I will say you the sums and you will show me the correct number.
Мен сендерге мысал есептер беремін, сендер оларды шығарып, жауаптарын көрсетулерің керек.
Three plus one is ...
Nine minus four is...
Two plus eight is ...
Six minus one ...
Five plus five is ...
Мұғалім: Балалар, бәріміз косылып индейцтер туралы әнді шырқайық.
(Бірінші куплетінде әр цифрды айтқан сайын оқушылар бір-бірден орындарынан тұрады. Екінші куплетінде оқушылар керісінше ретпен орындарына отырады).
One little, two little, three little Indians
Four little, five little, six little Indians
Seven little, eight little, nine little Indians
Ten little Indian boys.
Ten little, nine little, eight little Indians
Seven little, six little, five little Indians
Four little, three little, two little Indians
One little Indian boy.
Қаскүнем Фея: Жарайды, жарайды! Сендер жеңіске жеттіңдер! Сендер ғажайып Magic land еліне жетесіңдер.
Мұғалім оқушылармен белгіленген бағыт бойынша жүріп отырып, бір сандық тауып алады. Мұғалім сандықты ашуларын сұрайды. Сандықтан «2» цифры шығады, бұл олардың екінші сыныпқа өткендерінің нышанын білдіретін еді.
Мұғалім: Міне, осылайша біздің ғажайып Magic land білім еліне саяхатымыз өз мәресіне жетті. Балалар, сендерді бірінші оқу жылын табысты аяқтап, екінші сыныпқа өтулеріңмен құттықтаймын.
Барлығың жақсы еңбек еттіңіздер. Жеткен жетістіктеріңе мен және ата-аналарың дән риза. Біз сендердің әрқайсысыңа еңбексүйгіштіктерің және жыл бойғы табысты жұмыстарың үшін рақметімізді айтқымыз келеді.
Бүгін біз 1-ші сыныпта өткен сабақтарды қайталадық, осы тамаша меңгерген білімімізді 2-ші сыныпқа ала барамыз. Ата-аналарымыз бізге белсенді көмек көрсетті.
Келесі жылы ағылшын тілін оқуды жалғастырамыз, оқып, жазып, сөйлеп ұйренеміз. Алда да бізге ата-аналарымыз өз көмектерін көрсетеді.
Түрлі номинациялар ойлап табуға болады: ең ақылды, көңілді, ұқыпты, шыдамды, жылы шырайлы, тілектес оқушы, ата-ана, т.т. Мақтау қағазын немесе дипломдарды, кәдесыйларды оқулық кейіпкерлері: Бота мен Муни тапсырады.
Алда сендерді көңілді де әсем жаз айлары, демалыс күндері күтіп тұр. Көпшіліктерің демалуға барасыңдар, біз табиғат аясында өзімізді қалай ұстауымызды естен шығармағанымыз абзал (от жақпау, артымыздан қоқыс қалдырмау, ағаштарды сындырмау тт.). Goodbye, children! Have fun!
Moony: Goodbye, friends! See next year!
Bota: Goodbye friends. See you!
7. Соңында ата-аналармен қосылып ән шырқаймыз:
Goodbye, goodbye, see you again Goodbye, goodbye, see you my friends. Goodbye, goodbye, see you again Goodbye, goodbye, see you my friends.