- Учителю
- Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Г.Д. Ахметова,
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
№ 3 Талапкер орта мектебі
Целиноград ауданы
Ақмола облысы
Қазіргі уақытта жаңа педагогика ғылымдағы проблема - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру іске асырылуда. Шетел тілін ана тілімен қатар оқыту, оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, өйткені мұғаліммен, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым-қатынас барысында оқушының дүниетанымы кеңейеді.
Шәкірттерді сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбиелеу тек пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады.
Бүгінде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда. Өзіміз білетіндей, шетел тілін оқыту процесі мұғалім мен оқытушының, оқушы мен оқушының арасындағы біріккен әрекетті көрсетеді.
Мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ол оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады.
Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне тоқталады.
Бұл формалар ең алдымен сөз дағдыларының жүйесін меңгеруге бағытталған және екі жақты әрекетке жетелейтін, оқушыны оқыту процесіне әрекетке бағытталған сипат беретін оқытудың интерактивтік түрлері болып табылады.
Интерактивтік әдіс коммуникацияға, танымдық әрекетке жақсы стимул береді. Мұғалім жеке оқушыларға көп көңіл бөле алады, өйткені оқушылардың барлығы белгілі бір іспен айналысады. Бірігіп оқуға , бірігіп әрекет етуге тән ерекшеліктер
( мақсат пен міндеттің ортақ болуы, ол жердегі жеке жауапкершіліктің болуы және нәтижеге жетудің бәріне бірдей болуы) мұғалімге әрбір оқушының әрекетінен хабардар болуға, әрбір оқушыға көңіл бөлуге және қажет болған жағдайда көмек беруге мүмкіндік туғызады. Ал бұл сыныптық-сабақтық жүйе шартындағы әрбір оқушыға бағытталған тәсіл болып табылады.
Интерактивтік әдістің ерекшелігіне көңіл аудара отырып оқушыларды диалог сөзге үйретуде арнайы жұмыс формаларын, лайықты тапсырмаларды, түрлі бағдарлы жаттығуларды қолдану маңызды. Интерактивтік тәсілді қолдана отырып құрастырылған тапсырмалар мен жаттығуларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Ол оқушылардың қиялын, фантазиясын, ойлау қабілетін арттырады. Бұл кезде сөйлеуге деген іштей мотив қалыптасады, оқушылардың бойында бірнәрсе айтуға деген ниет туындайды, ал ол оқушыларға біріккен тілдік әрекетке, диалогқа қатысуға деген талап береді. Ол біріккен әрекетте оқушылардың меңгерген білімдерінің көмегімен тілдік қарым-қатынастағы дағдыларын, іскерліктерін ары қарай дамытуды қамтамасыз етеді.