7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Менің елім - Қазақстан Республикасы' (5 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Менің елім - Қазақстан Республикасы' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Диалог арқылы оқыту тәсілдерін қолдана  отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу , шығармашылық дағдыларын жетілдіріп, өз елі, жері туралы мәлімет беруге, жеке, топпен  жұмыс жасап, бір-бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену.Күтілетін  нәтижеӨз елі туралы пікірін жеткізе білу, 
предварительный просмотр материала

Пән - қазақ тілі 5 сынып

Сабақ тақырыбы: Менің елім - Қазақстан Республикасы

Сілтеме Артыкова Т.М. Кыстаубаева Л.З. қазақ тілі- 5, әдістемелік құрал, орта мерзімді жоспар

Мақсаты: Диалог арқылы оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу , шығармашылық дағдыларын жетілдіріп, өз елі, жері туралы мәлімет беруге, жеке, топпен жұмыс жасап, бір-бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

Өз елі туралы пікірін жеткізе білу, диалогтік әңгімеге қатысады, сөзтіркесін, сөйлем құрайды. Оқу- жазу дағдылары дамиды, топпен жұмыс істеуге қалыптасады.

Негізгі идеялар

Өзінің туған елі, жері туралы өз ойларын жеткізу, топтық жұмыс барысында өз идеяларын ұсыну, сабақ бойынша рефлексия жаза білу

Сабақ түрі: білім беру

Сабақ көрнекілігі

ҚР картасы, топ ережесі, сұрақтар, тапсырмалар, стикерлер, қажетті құралдар.

Өту барысы: Ұйымдастыру /3 мин/

«Шашу - шашу» алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну . Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін оқушылар 1-минутта Отан, туған жер туралы қанша мақал-мәтел айтады.

Қызығушылықты ояту /7 мин/

Жаңа тақырыпты жариялау

Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабаққа мақсат қоюға шақырамын

Біз не білеміз?

1)Суретпен жұмыс

Суретте не бейнеленген? Суреттерді қолдана отырып сөз тіркестерін құру.


1.Қазақтан бәйтерек

2.Елорда белгісі монументі

3.Туған қалам қазақ тілі

4.Тәуелсіздік теңге

5.Мемлекеттік тіл табиғаты

6.Ұлттық ақша Семей


2)Әр оқушы осы сөзтіркестерінің біреуін қолданып бір сөйлем құрайды.


«Мағынаны ажырату» /17 мин/

1-тапсырма Мәтінмен жұмыс . 1.Сөздікпен жұмыс 2.Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару 3.Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою (әр топқа мәтіннен бір сөйлем беріледі, сол сөйлемге сұрақ қояды)

2-тапсырма Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз (Сын есімнің ережесі)

Cергіту сәті. /2 мин/

«Ой-толғаныс» /10 мин/ 2- тапсыпма «Сұрақты ұстап ал» әдісімен диалогқа түседі, сұрақтарға жауап береді.

- Сен қайда тұрасың? - ...

- Қазақстан Республикасы қандай ? - ...

- Қазақстан жерінде не мол?

- ... .

- Қарағанды, Теміртау қалалары неге бай?

- ...

- Алматыда, Оңтүстікте, Қызылордада не өседі?

- ...

- Туған жер туралы қандай мақал-мәтел бар?

- ...


Үйге тапсырма беру /1 мин/ «Менің елім- Қазақстан Республикасы» тақырыбына өз қалаулары бойынша бір сурет салып, сол суретке байланысты шағын әңгіме жазып келу


Бағалау /3 мин/

Оқушыларды сабаққа қатысуы бойынша бағалау.

Рефлексия /2 мин/ Қазақстан картасын қолданып Қарағанды, Теміртау, Алматы, Қызылорда қалаларының және Семей қаласының байлықтарына тоқталу.

Стикерлерге қазба байлықтарының немесе өсімдіктердің суреттерін салып, өз ойларын айтып, картаға сол қаланың тұсына іледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал