- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку по теме'отбасы мүшелері'
Поурочный план по казахскому языку по теме'отбасы мүшелері'
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері. 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
1). Білімдік: оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру.тек қана білімнен хабардар етіп қана қоймай өмірге лайықты білім беру. Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру.
2) балалардың тілдік қорын молайту, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін кеңейту.
3) Балалардың бойында ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, мақал-мәтел, сөзжұмбақ,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек-сызба, мнемотаблица.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Бір - бірімізге жақсы сөз айтайық.( Сен жақсы адамсың! Мен сені сыйлаймын! Сен жақсы оқушысын! Сен әдемісің! Сен нағыз доссың!)
Дыбыстық жаттығу; ша-ша-ша бүгін күн тамаша!
Бі-бі- бі бүгін бейсенбі. Ақ-ақ-ақ бүгін алты сабақ. Иек -иек -иек қазір қыркүйек.
- Балалар далаға қарандаршы? (мнемотаблицамен жұмыс.)
- Ауа райы қандай?
- күздің айларын атандар?
Күзде не болады? Мнемотаблицамен жұмыс.
Сабақ кезендерімен таныстыру: балалар бүгін біз сендермен жаңа тақырыппен, жаңа сөздермен, кестемен,ережемен танысамыз. Жазба жұмысын орындаймыз, сабағымызды қорытамыз, үй жұмысын түсіндіремін, баға қоямын.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы; «Отбасы мүшелері».
Сөйлемдерді толықтыру. Менің отбасым...............................
Отбасымда ........................... адам. Олар ..................................................................... және мен.
- Жұмбақ жасыру:
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Ұш әріптен тұратын.
Онға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
Аймақ құру
- Осылардың бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.
Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі-де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.
Отбасына қамқорлық республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
- Осыдан отан отбасынан басталады деп атайды.
Оқулықпен жұмыс. 3 тапсырма, 11бет.
Дәптермен жұмыс
Шешен билердің сөздерін еске түсіріп сұрақтарға жауап береміз.
1. Не тәтті? Ананың сүті тәтті
2. Не жұмсақ? Ананың қолы
3. Не қатты? Атаның жүрегі
4. Кім жақын? Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайын жақын.
- Отбасы туралы мақал-мәтел айту.
Рефлексия: балаларды қызықтыра түрлі түсті жұлдызшалардың қызыл түстісін анасын жақсы көрсе, көк түсті - әкесін, сары түстісін алатындар әжесін, жасыл түсті - атасын жақсы көргендер алсын деп ұсынылады.бәрің де өздеріңнің отбасындағы адамдарды жақсы көреді екенсіңдер.
Үйге тапсырманы түсіндіру.
Бағалау: