7


  • Учителю
  • Пошта жүйесін баптау (6 класс)

Пошта жүйесін баптау (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сынып: 6

Тақырыбы: Пошта жүйесін бапту

Мақсаты: Е-поштаның мүмкіндіктері мен тарихымен танысады.

Күтілетін нәтиже: құнды ой айтуға үйренед, Е-пштаның мүмкндіктерін пайдалануға үйренеді.

Күні: 19.10.2016ж

Сабақ кезені.

Мақсаты.Деңгей

Түрткі тапсырма/Критерий

Дескриптор

Бағалау түрі

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер «жүректен-жүрекке»

Жақсы сөздер біледі, тән дыбыстарды дұрыс айтады., белсенді қатысады. Айтылған сөзі талдайды

Жақсы сөздер біледі, тән дыбсыстарды дұрыс айтқанмен, белсенділігі төменірек болады, айтылған сөздің сөз табын айтады

Жақсы сөздерді біледі, оларды айту барысында қате жібереді, айтлаған сөздің сөз табын айтады

Формативті бағалау

  1. Ми шабу. Білу

Комуникативті компетенцияны дамыту.

Сұрақ -жауап сен маған мен саған әдісі бойынша. Тақырып: септіктер

Сауатты түрде сұрақ қояды. Қойылған сұраққа дұрыс жауап береді, өзі қойған сұрақты жауабын біледі. Сыныптастарын көмектесе алады.

Сауатты түрде сұрақ қояды, қойылған сұраққа жауап береді. Өзі қойған сұраққа жауап біледі.

Сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Жауапта кейбір қателерді жібереді.

Өзін-өзі бағалау

Бағалау парақта белгілейді.

Өлеңді мұқият оқиды. Өлеңнің тақыры мен идеясын анықтайды.

Өлеңді мұқият оқиды, тақырыбын анықтайды.

Өзін-өзі бағалау

  1. Мағынаны ашу. Қолдану.

Топтық жұмыс. сөйлем құрастыру(аудирование)

Операциялық жүйе - операционная система

Бағдарлама - программа

Желі - сеть

Тұтынушы - пользователь

Пернетақта - клавиатура

Хабарлама - сообщение

  1. сөйлем құрастырады. Сөйлемдердегі ой нақты.септік жалғауларын көрсете біледі.

  2. Талдау

Алған білімдерін практикада қолдануға үйрету.

Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс

  1. Мәтінді оқиды

  2. Постер жасайды

  3. Постреді қорғайды

  4. Басқа топтарға сұрақ қояды

Неге? Қалай? Не үшін?





Мәтінді оқиды. Мазмұның түсініп, постер жасайды. Сөздерді қысқаша жазып, түсінеді. Өз ойын айтады. Басқа топтарды тында үлгі бойынша сұрақ қояды.

Мәтінді мұқият оқиды. Мазмұның түсінеді. Постреді жасап, қорғайды.

Басқа топтарға үлгі ойынша сұрақ қояды.

Мәтінді мұқият оқиды. Мазмұның түсінеді. Постреді жасап, қорғайды.





Бақылаушы бағасы

( бақылаушы кімнің не істегенің жазады)

  1. Жинақтау.

Өз ойын айтуға машықтандыру.

Электронды пошта жалпы постер жасайды.

Топ жұмысын ұйымдастырады. Өз тақырыбы мен басқа топтардың тақырыбыбойынша жазады. Өз ойын айтады.

Топ жұмысын ұйымдастырады. Өз тақырыбы мен басқа топтардың тақырыбыбойынша жазады





Топ жұмысына араласып, кейбір ойларды айтады.

Мұғалім бақылаушы бағасы

  1. Рефлексия

Мен бүгін не үйрендім?

Оған қалай жеттім?

Неңі үйренуім керек?



























Ү.Ж. «Е-пошта уақыт үнемшілдік» тақырыбына эссе жазу

Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері

Электронды пошта - жылдам байланыс жасау құралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.

E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз:<<Рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын >> деп жазыңыз.

Хабарламаңызға әрдайым тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы - тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз;ал ең дұрысы -жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.

Пошта жылдамдығы

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.

Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі.

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

- жеткізу агенті - мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді.

Пошта тарихы

Электронды пошта 1965 жылы пайда болған. Осы жылы Массачусетс техникалық иснтитутының қызметкерлері Ноэль Моррис пен То Ван Влек MAIL бағдарламасын жазды. Бұл бағдарлама компьютерге орнатылды. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Электронды пошта хаттан басқа сурет, бейнемәлімет сияқты ақпараттарды да тасымалдай алады. Қазіргі таңда электронды пошта қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ғаламтор арқылы күн сайын миллиондаған адамдар жер шарының әр түкпірінде отырып-ақ талай жұмыстарын орындай алады.

Мен бүгін не үйрендім?

Оған қалай жеттім?

Неңі үйренуім керек?

Мен бүгін не үйрендім?

Оған қалай жеттім?

Неңі үйренуім керек?

  1. «Мен ата-анама көмектесемін» атты әңгіме құрастыр



  2. Эссе «Менің сүйікті отбасым»



  3. «Еңбек» тақырыбында жазылған 3-4 мақалдың мағынасын ашып бер.

  4. Тест сұрақтарына жауап бер.









    Бағдарлама

    Желі

    Тұтынушы

    Пернетақта

    Хабарлама













    Программа

    Сеть

    Пользователь

    Клавиатура

    Сообщение

















    Мен бүгін не үйрендім?





    Оған қалай жеттім?





    Нені үйренуім керек?

    Күні:

    Пәні: қазақ әдебиеті

    Сыныбы: 6

    Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.

    Сабақтың мақсаты:

    а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

    ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

    б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

    Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

    Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі:

    Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

    ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

    Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

    «Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» дегенді білдіреді.Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді.: бірншісі -ауыз әдебиеті,екіншісі-жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті -елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.Жазу өнері болмаған соң,елдің тарихы,өмірі,тұрмысы,салты, туған жері,өнері,арманы,әдемі,мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты-жөндері бізге белгісіз.Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп ,ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.

    Көркем әдебиет -оқушыларға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал.Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана,сонан соң ұстаз,мектеп тұрмысындағы төңірек. Өнер,ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады.Өнер,ғылым бар жұртта адамдар тәрбиені ата-анадан да,төңірегінен де, мектептен де және әдебиеттен де алады.

    Топпен жұмыс: .

    Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

    Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар

    ертегілер

    аңыз әңгімелер мәтелдер

    шешендік сөздер айтыстар

    Білімді бекіту:

    Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

    1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

    2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

    3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

    Білімді бағалау:

    Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

    Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.





















































    Күні:

    Сынып:

    Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік.

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау,сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

    2. Дамытушылық. Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.

    3. Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

    Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын.

    Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сағат

    Сабақтың барысы:

    1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау

    Сабақтың мақсатын айту

    Сәлеметсіңдер ме, балалар?

    Сабағыңды жөндеп

    Әзірленсең-еңбек.

    Қиындықтың бәрін,

    Еңбек қана жеңбек!

    2.Үй тапсырмасын тексеру. Әбділда Тәжібаев туралы әңгімелеу

    3. Пысықтау сабағы.

    І. Сұрақтарға жауап беру

    1. Әдебиет деген не?

    2. Ауыз әдебиеті қалай тараған?

    3. Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

    4. ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?

    5. «Фольклор» сөзінің мағынасы қандай?

    6. Халық ауыз әдебиетінің манызы қандай?

    1. Әдебиет Әдебиет- араб сөзі, аударғанда улгілі сөз деген мағынаны береді. Әдебиет оқиғаны сөзбен суреттеп жеткізетін сөз өнері.

    2. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері» деген мағынаны береді.

    Ауыз әдебиет түрлері:

    • Ертегілер

    • Мақал- мәтелдер

    • Жұмбақтар

    • Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры

    • Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш - Баян сұлу

    • Айтыс өлеңдер

    • Тарихи жырлар

    • Тұрмыс салт жыры

    3 . Ертегілер адам қиялынан туған шағын шығармалар.

    Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 -ке бөлінеді

    • Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиалға, фантазиаға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады. (Алтын сақа, Ер Төстік)

    Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді

    Қазақ ертегілері

    Сырттан келген ертегілер

    • Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық»

    • Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы»

    • Шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы (Алдар көсе, Дүмше молда)

    1. Мақал-мәтелдер.

    Отан туралы

    Еңбек пен кәсіп

    Батырлық

    Оқу, білім, ғылым туралы

    Тіл өнері сөз өнері

    Тәлім- тәрбие, әдептілік туралы

    Достық пен жолдастық туралы

    Адам туралы

    1. Аңыз- әңгімелер. Аңыз- тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, іс әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгіменің ерекшелігі тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

    2. Жиреншешешентуралы

    ІІ. Сұрақтарына жауап беру:

    1.Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:

    2.Ауыз әдебиетінің түрлері:

    3.Шыншыл ертегілердің кейіпкері:

    4.Қиял-ғажайып ертегісінің кейіпкері:

    5.Қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар?

    6.»Алтын сақа» қай ертегі түріне жатады?

    7. «Алтын сақа» ертегісінде бала қандай тайды таңдап алады?

    8. «Алтын сақа» ертегісінде бала жұрттан несін іздейді?

    9. Әдеби ертегінің ерекшелігі қандай?

    ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

    Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

    ІV. Қорытынды Балалар, біз бүгін ауыз әдебиеті туралы білімдерімізді пысықтадық.

    V. Бағалау.

    Үйге тапсырма: «Халық ауыз әдебиеті» шағын эссе жазу.









































































    Күні: Сыныбы: 6

    Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер»

    Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру

    Сабақтың түрі: жаңа сабақ

    Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай - ізденушілк.

    Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері

    Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.

    1. «Ертегілер» Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді. Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі, Танымдық қабілетін, ой - қиялын, тіл байлығын дамыту

    САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

    I. Ұйымдастыру: а) Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау

    II. Тақырыпқа енгізу «Қане жауап ізделік»

    - Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?

    - Ауыз әдебиетін халық не үшін пайдаланған?

    - Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

    - Өзге халықтарда ертегілер бар ма?

    - Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?

    - Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?

    - Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

    1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.

    - Жолдасы жақсы жолды болар,

    Жолдасы жаман қолды болар

    - Өнер алды - қызыл тіл

    - Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

    (әр қатарға 1 сұрақтан)

    ІІІ. Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті

    (Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)

    мақал - мәтелдер жұмбақтар Батырлар жыры

    Тұрмыс салт - жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар

    Талдау

    Суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?

    Ғажайып ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы. Ертегіде ғасырлар ізі жатыр. Ертегіде халықтың тыныс - тіршілігі, тарихы, салт - санасы, әдет ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты жатыр

    Ғажайып ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?

    Қандай ертегілерді білесіңдер?

    Ертегілер:

    Хайуанаттар туралы ертегілер

    Қиял - ғажайып ертегілері

    Шыншыл ертегілер

    Шежіре ағашы

    Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).

    Діңі - Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандаған( мәселе - адамдардың арман - тілегі, мұң - мұқтажы)

    Сабағы - ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т. б.)

    V. Үйге тапсырма. Өздеріңе ұнаған ертегілерге шағын шығарма жазып келу.

    VІ. Бағалау.

    Күні:

    Сыныбы.

    Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі

    Сабақтың білімділік мақсаты:

    «Алтын сақа» ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау.

    Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту.

    Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ертегіні оқи отыра қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

    Сабақтың типі: қорытынды сабақ

    Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ - жауап, салыстыру

    Жұмыс түрлері: топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

    Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

    Сабақтың барысы:

    I. Ұйымдастыру: 1) Сәлемдесу; 2) Оқушыларды түгелдеу

    Сұрақтар:

    1) Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?

    2) Ертегілердің жанрларын атаңдар

    3) Ертегі дегеніміз не?

    4) Ертегілер бізге қалай жеткен?

    5) Ертегілердің түрлерін атаңдар.

    Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?

    - Осы шығарма ертегінің қандай түріне жатады?

    - Қиял - ғажайып, себебі, бұл ертегіде ғажайыптар, өмірде болмайтын оқиғалар кездеседі.

    Оқушылар мысалдармен дәлелдейді.

    1) «... Өкпе суға батып кетіп, жалмауыз кемпір болып шығады...»

    2) «... Батыр қотыр тайды жүгендегенде қотыр тайдың ауруы жазылады...»

    3) «... Кемпір бір тісін жұлып алғанда, аттың бір аяғы жұлынып түседі...» - Осының бәрі қандай көркемдегіш құралға жатады?

    - Әсірелеу (гипербола)

    Екі түлкі адамдардың мінезін, іс - әрекетін көрсетіп тұр.

    - Пернелеу (аллегория)

    «... Ат басындай алтын, көзі алақандай болу»

    - Теңеу (сравнение)

    III.

    1) Үйде алдын ала оқыған ертегінің мазмұнын орысша айтып беру.

    2) «Алтын сақа» ертегісінің ішкі мазмұнына назар аудару.

    Суреттер арқылы мазмұнын еске түсіру.

    А) Жоғалған алтын сақа (қара сөзбен айтып беру)

    Ә) Жалмауыз кемпір мен баланың кездесуі (рольдік оқу)

    Б) Жалмауыз кемпір және екі түлкі (қара сөзбенайтып беру)

    В) Жалмауыздан құтылу(оқу)





    Енді ертегінің мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.

    Негізгі деңгей

    «Алтын сақа» ертегісі бойынша кестені толтыру



    Ертегінің түрі Кейіпкерлер Ертегі қалай басталады Ертегі қалай аяқталады

    жағымды жағымсыз



    Орта деңгей

    1.«Алтын сақа» ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады? Орыс ертегілерімен салыстыр

    2. Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде.

    Ортадан жоғары деңгей

    «Алтын сақа» ертегісін неге қиял - ғажайып ертегісіне жатқызамыз? Ойыңды ертегі мазмұны бойынша дәлелде.

    Жоғары деңгей

    Ертегінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеп беріңіз.



    Мұғалім сөзі: Қазақ халқының «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті. Ендеше, сендер де бір - бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек.

    Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау

    2. Ертегі бойынша сурет салу

    Үйге тапсырма. Оертегіні оқып, мазмұнын дайындап келу.

    Бағалау.



    </<br>


































































































































































    Күні:

    Пәні: әдебиет

    Сыныбы: 6 - сынып

    Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» (ерлік туралы аңыз)

    Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірі мен қызметін таныстыру. Тіл байлығын ұлғайту,ой еркіндігін дамыту. Әдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетінің бір түрі болатын ертегінің өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын ұғындыру. Тәртіпті,сауатты болуға тәрбиелеу.

    Түрі: аралас сабақ

    Әдісі: сұрақ-жауап,оқу,аудару,түсіндіру.

    Көрнекілік: оқулық, сөздік, ертегілердің кейіпкерлердің суреттері.

    Пәнаралық байланысы: орыс әдебиеті

    Сабақтың барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі.

    - амандасу; -түгендеу; -тазалығы;-тәртібі.

    ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

    ІІІ.Жаңа тақырыпты жариялау,мақсатын айту.





    Ертегілер

    Әдеби ертегілер







    Екеуі де





























    Сөздікпен жұмыс

    Отыз күндік мереке - қазақта үлкен ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. "Отыз күн ойын, қырық күн тойы" деген сөз содан қалған.

    Жай оты - найзағай

    сұсы басты - айбатынан сескенді

    еткен еңбек ұшты желге - пайдасы болмады, зая кетті

    Егілмеген - жыламаған

    Хронологиялық кестемен жұмыс (өмір жолы бойынша тапсырма)

    1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген

    1995 жылы 23 - қыркүйекте дүниеден өткен.

    1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған

    1933жылы тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрген.

    50 шақты кітаптың авторы.

    "Толағай" ертегісінен теңеулерді тауып, теріп жазыңдар.

    ақ маралдай, айменен тең, жандай, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, Аждаһадай, анасындай.

    Поэманы сатылай кешенді талдау

    кім?

    1. авторы

    2. тақырыбы

    3. жанр түрі

    4. идеясы -

    5. құрылысы:

    а) шумақ -

    ә) тармақ -

    б) бунақ -

    в) буын -

    г) ұйқас -

    6. Көркемдік ерекшелігі:

    1) эпитет -

    2) метафора -

    3) риторикалық сұрақ -

    Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:

    1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

    2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

    3. Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша мазмұндап бер.

    4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.

    5. Ертегінің қысқа мазмұн - жоспарын құр.

    6. Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта. (Дүниеге ерекше болып келуі, мінез - құлқы, ерлік істері, ел есінде қалуы).

    7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?

    8. Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр!

    Үйге тапсырма:

    1. Үзінді жаттау

    2. Сурет салу

    Бағалау:





































































































    Пәні: Әдебиет

    Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

    а) білімділік: Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету.Мақал-мәтелдер тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру.

    б) тәрбиелік: Ана тілін ардақтап, бағалай білуге , сөз қадірін терең ұғуға

    тәрбиелеу.

    в) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін

    дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер

    арқылы іздендіру.

    Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау,СТО.

    Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыптық

    кестелер, үлестірме қағаздар.

    Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі

    1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

    II.Үй тапсырмасын тексеру

    1.Наурыз өлеңдері мен салт өлеңдер.

    2.Өлеңдерді жатқа айту.

    III.Жаңа сабақ.

    І Қызығушылықты ояту.

    Ой қозғау:

    1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

    2.Ауыз әдебиетінің түрлері?

    3.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

    Мақал - мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.

    Мақал-мәтелдер-халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

    «Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

    4.Мақал-мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?

    5.Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні.

    II.Мағынаны түсіну.

    Оқулықпен жұмыс.

    1 .Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

    2. Еңбек түбі-берекет.

    3. Нар тәуекел-ер ісі.

    4 Ырыс алды-ынтымақ.

    5. Өнералды-қызыл тіл.

    6. Ұрлық түбі-қорлық.

    7.Әке көрген оқ жонар,

    Шеше көрген тон пішер.

    8. Ақылды қария-ағып жатқан дария.

    (мағынасын ашу, түсіндіру)

    Сөздікпен жұмыс.

    1.Зейнет-еңбек рақаты, жемісі, игілік

    2.Елгезек-айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.

    3.Мұрат-алға қойған мақсат, арман, тілек

    4.Тәуекел-бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік , белді бекем буғандық.

    5 Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.

    6.Мысқал-болар-болмас, азғантай, кішкентай.

    7.Шөміш-ожау.

    Мақал-мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.





    Салыстыру.

    МАҚАЛ

    ҰҚСАСТЫҒЫ

    МӘТЕЛ

    Ой тиянақты, дәлелді,

    салыстыру.

    Аяқталған сөйлем, екі

    бөлімді.

    Халық ауыз әдебиеті

    Сөйлем немесе сөз тіркесі, мағына тұспалды, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.





    МАҚАЛ

    МӘТЕЛ

    1.Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер.

    2.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.

    3.Еменнің иілгені - сынғаны.

    Әлін білмеген әлек.

    Көппен көрген ұлы той.

    Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен

    Кестемен жұмыс

    р/с

    Мақал-мәтелдер

    Тақырыптары

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    Ердің атын еңбек шығарар.

    Өнер алды - қызыл тіл.

    Тамшыдан тама-тама дария болар.

    Сиырдың сүті тілінде.

    Жігітті-жолдасынан таны.

    Сабыр - түбі сары алтын.

    Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

    Ерлік білекте емес, жүректе.

    Еңбек

    Оқу, білім, өнер

    Үнемшілдік

    Төрт-түлік мал

    Достық, жолдастық туралы

    Адамгершілікке, жақсы-жаман туралы

    Жақсылыққа үйрету

    Ерлік, батырлық туралы

    Кім көп біледі? ойыны

    Мақал- мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз?

    1. Отан…да ыстық. (оттан)

    2. Туған жердің……да шипа. (суы)

    3. Елді………біріктіреді. сөз бұзады. (іс)

    4. Ат жақсысын мақта,

    Адам…… жақта.(жақсысын)

    1. Адам….. ішінде, (аласы)

    Мал …… сыртында (аласы)

    1. Берекені көктен тілеме,

    Бірлігі ….. көптен тіле.

    1. Әкенің баласын болма,

    Адамның …… баласы бол. (баласы)

    1. Аттан …… озады, (жүйрік)

    Атадан…… озады. (бала)

    Үлестірме қағаздар.

    Сұрақтың орнына дұрыс жауабын қойып,мақал-мәтелді аяқта.

    1.Күлме кімге?

    Келер басыңа.

    2.Талаптыға не жауар?

    3.Тіл не жарады?

    4.Қандай үй базар

    5.Жас келсе қайда?

    6.Көрдім деген неше сөз,

    Көрмедім деген неше сөз.

    7. Ашу не?

    Ақыл не?

    ІІІ. Ой толғаныс.

    Сөздікпен жұмыс.

    1.Зейнет-еңбек рақаты, жемісі, игілік

    2.Елгезек-айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.

    3.Мұрат-алға қойған мақсат, арман, тілек

    4.Тәуекел-бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік , белді бекем буғандық.

    5 Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.

    6.Мысқал-болар-болмас, азғантай, кішкентай.

    7.Шөміш-ожау.

    Шығармашылық тапсырма

    «Мақал - сөздің мәйегі» шағын шығарма.

    Қорытынды.

    Бағалау.

    Үйге: Мақал-мәтелді жаттау.

















































































































































    Күні:

    Сынып: 6

    Пән: әдебиет

    Тақырыбы: Жұмбақтар әлемі

    Білім беру саласы: Қатынас,таным

    Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын байытып, сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.

    Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, қимыл-жаттығуларды көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын.

    Билингвалды сыңары: жұмбақ-загадка,ертегі-сказка

    Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

    Әділқазылардың бағасы.

    Рефлексивті коррекциялау -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

    Шаттық шеңбер.

    2 командаға бөліну

    Ал, енді балалар біз оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын қазір қай мезгіл екенін айтып өтейік. Бір жылда қанша мезгіл бар?

    Соның қазір қай мезгілі?

    Қыс қанша айдан тұрады?

    Біз қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өттік?

    Ал енді, балалар төрт мезгілге байланысты тақпақ айтайық.

    Ал, енді балалар біз жаңа оқу іс-әрекетіне көшейік. Бүгінгі оқу іс-әрекеті «Жұмбақтар әлемі».

    Енді балалар жұмбақтар әлеміне барайық.

    Мына жерде не көріп тұрсыңдар?

    Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?

    Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.

    -Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандыған табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.

    Ал енді, балалар бізге жұмбақ түсінікті болса,төрт мезгілге байланысты бір-бірімізге жұмбақ жасырайық. Бір-біріңе төрт мезгіл туралы айтып өттіңдер. Сол төрт мезгіл туралы қандай жұмбақ білеміз?

    Көктем ерекшелігін сұрау.

    Көктемде қандай мерекелерді атап өтеміз?

    Жаз ерекшелігін сұрау.

    Жазда күн қандай болады?

    Күз ерекшелігін сұрау.

    Күзде күн қандай болады?

    Жұмбақ шешуін тапқан қандай қызық балалар, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екен.

    Ал енді, балалар ертегілер еліне саяхатқа барайық. Балалар мына жерден қандай ертегілерді көріп тұрмыз?

    Біз барлық ертегілерді біледі екенбіз. Енді сендерге осы ертегі бойынша жұмбақ жасырайын. Екі команданың қайсысы бұрын жауап берер екен?

    Жұмбақ

    Қашып кеткен атадан,

    Қашып кеткен ападан,

    Орманда кеше жүр едім,

    Домалап шықты алдымнан

    Жұмбақ

    Кедей еді бұл бала,

    Айы туды оңынан,

    Жын шығады керемет,

    Сиқырлы оның шамынан

    Жұмбақ

    Үй жинаған ұқыпты,

    Бір қыз бопты ертеде

    Тыңдамаған мысықты

    Салыпты ғой әлекке

    Жұмбақ

    Джунглиде өскен жасынан,

    Епті бала болыпты,

    Багира,Бану достары

    Шерхан оның қас жауы

    Жұмбақ

    Кішкене қыз орманға

    Жалғыз өзі барады.

    Апасына қартайған

    Дәмін салып алады

    Жұмбақ

    Аяғынан тұсаулап,

    Кемпір оны ұстайды.

    Желмен ұшар желпілдеп

    Босап кетсе бұл шалы

    Жылқы кіреді.

    Амандасу.

    Жылқы қандай жануар балалар?

    Биыл қандай жыл келді?

    Жылқы туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

    Ал енді, балалар сендерге жылқы өзінің ойынын алып келіпті.

    Жемістер мен көкөністер.

    Мақсаты: балаларға қыста ауырмау үшін, жемістер мен көкөністерді көп жей отырып олардың пішінін, түр-түсін атау.

    «Ойлы болсаң озып көр»

    Балаларға тақпақтың басын айтып, балалар ойлана отырып жалғастырады.

    Тақпақтар.

    Ал енді, балалар тақтаға қараймыз.

    1.Сиыр сүйеді баласын - торпағым деп

    2.Жылқы сүйеді баласын - құлыным деп

    3.Қой сүйеді баласын - қоңырым деп

    4. Ешкі сүйеді баласын - лағым деп

    Жұмбақтар жасыру. Екі топ бір-біріне білетін жұмбақтарын жарыса отырып жасырады. Соңында ертегі кейіпкерлерінен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» мен «Бауырсақ» ертегісі құрастырылып шығады.

    Екі команданың тең дәрежеде болғандығын айтты.

    Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жұмбақ әлемі туралы айтылғандығын,онда жұмбақтың шешуін тапқан қандай қызық, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екендігін білді. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтай, мадақтай отырып әр бала жұлдыз болуға лайықты екенін айту, жұлдызшалармен бағалау.

    Күннің көзі ашылды.

    Көкке шуақ шашылды

    Құтты қонақ келіпті

    Төрімізге еніпті

    Амандасу үлкенге

    Тәрбиенің басы ғой

    Ал,кәнекей бәріміз

    Сәлем дейік үлкенге

    Сәлеметсіздер ме,

    Құрметті қонақтар

    Ұлдар командасы.

    Қыздар командасы.

    4 мезгіл бар

    Қыс

    Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

    16-желтоқсан,Жаңа Жыл

    Қандай қызық қыс деген?

    Бәрін шебер істеген

    Бақша-бауды, тауды да,

    Бояған ақ түспенен.

    Жыл мезгіліне байланысты жұмбақтарды көріп тұрмыз.

    Иә

    Балалар үстел үстіндегі жұмбақ көрмесіне назар аударып, қызыға қарайды.

    Жұмбақ

    Қыздар командасы.

    Аяна

    Суда мұз бар,

    Жерде қар бар

    Боран боп соғады

    Бұл қай кезде болады?

    (Қыс)

    Қыста күн суытады. Балалар қардан аққала жасап ойнайды.

    Алина

    Күн ұзарып қар еріп,

    Су сайларға толады,

    Бұл қай кезде болады?

    (Көктем)

    Көктемде күн жылынады,Аналар мерекесін атап өтеміз.

    Ұлдар командасы

    Асылбек

    Күн ысып,

    Жеміс-жидек пісіп,

    Ел пішенін орады,

    Бұл қай кезде болады?

    (Жаз)

    Жазда күн ыстық болады, шомылуға барармыз.

    Омар

    Жауып жаңбыр,

    Жер сабыр,

    Шөп,жапырақ солады

    Бұл қай кезде болады?

    (Күз)

    Қыздар командасы.

    Жұмбақ

    Үстінде қос қорабы,

    Мінсең көлік болады,

    Жақындасаң қасына,

    Қорқытады баланы (Түйе)

    Адамға серік,

    Күзетке берік (Ит)

    Кішкентай ғана бойы бар,

    Айналдырып киген тоны бар

    (Қой)

    Төрт бұлағы сүт

    Баққанға ол құт (Жылқы)

    Ұлдар командасы

    Жұмбақ

    Өзі бір қу,

    Жүрген жері айқай шу (Түлкі)

    Қашып кеткен атадан,

    Қашып кеткен ападан,

    Орманда кеше жүр едім

    Домалап шықты алдымнан.

    (Бауырсақ)





    Сұр түсті,

    Ақсиған көп тісті (Қасқыр)

    Қыс бойы жатады,

    Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

    Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.

















    Күні:

    Пән: Әдебиет

    Сынып: 6

    Тақарап: Аңыз-әңгімелер, «Жиренше мен хан»

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту;

    Тәрбиелік : Өмірдегі түрлі қиын жағдайлардан , дау-дамайлардан шыға білу үшін ақылды, тапқыр, сөзге шешен, өнерлі болу керектігіне тәрбиелеу;

    Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру. Актерлік қабілеттерін жетілдіру. Есту және көру қабілеттерін дамыту.

    Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

    Сабақтың түру: Дәстүрлі

    Сабақтың жоспары:

    І. Ұйымдастыру кезеңі

    ІІ. Үй жұмысын сұрау

    ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс

    Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.

    - Сәлеметсіңдер ме оқушылар!Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ?

    ІІ. Үй жұмысын сұрау.

    - Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады?

    ІІІ. Жаңа сабақ.

    Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы аңыз- әңгімелер. «Жиренше мен хан» әңгімесі.

    Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады.

    Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ақылды, тапқыр ойлы, ержүрек, және еліне мейірімді адамдар. Аңыз-әңгімелердің үлкен бір тобы Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы туралы. Олар түрлі қиын жағдайларда, шешендігімен, өнерімен танылып, қарсыластарын жеңіп отырған.

    Сөдікпен жұмыс:







    Аңыз-әңгімелер-легенды

    Көбінесе - в большинстве

    Ғажайып - чудо, чудесное

    Кейіпкерлері -герои, персонажи

    Тапқыр- находчивый

    тапқырлық-находчивость

    мейірімді- добрый

    жауларын- врагов

    сөзге шешен - красноречивый

    әр алуан- различный

    жауап- ответ

    қаздың еті - гусиное мясо

    бөлу - делить

    бөл- подели

    кем-меньше

    артық- больше

    өйткені- так как

    бұйрық-приказ

    ханым -ханум, жена хана

    құс- птица

    мойын-шея

    мойынсыз-без шеи

    қанат-крылья

    орта- средний

    орта дене -середина туловища

    таратып беріпті - раздал







    «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын айтып беремін.

    Бекіту кезеңі.

    Сұрақтар мен тапсырмалар:

    1. Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді?

    2. Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер?

    3. Жиренше қандай адам болған?

    4. Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды?

    5. Жиреншенің ханның бұйрығын қалай орындағанын аңыздан тауып оқындар.

    6. Жиренше ханды не себепті жеңіп отырған деп ойлайсындар?

    7. Әңгімені рөлге бөліп оқуға дайындалыңдар.

    8. «Бас» және «Орта» деген сөдердің тура және ауыспалы мағынасында айтылуын тауып оқып түсіндіріңдер.

    Ү. Қорытындылау.

    Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері қандай адамдар?

    шешен

    ақылды

    тапқыр ойлы

    батыл

    өнерлі

    ержүрек

    еліне мейірімді



    Аңыз әңгімелердің үлкен топтары

    Асаңқайғы

    Алдар көсе

    Қожанасыр

    Жиренше шешен

    Қорқыт

    Үй жұмысы. Мазмұнын дайындау, жаңа сөздер жаттау.

    Бағалау.





















































































































































    Күні:

    Сынып: 6

    Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби туралы аңыз

    Сабақтың мақсаты:

    Білімдік: Әбу Насыр әл- Фараби өмірімен таныстыру, олар туралы қосымша мағлұматтар беру.

    Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту;

    Тәрбиелік: халыққа еңбек етуге, адал болуға баулу.

    Сабақтың әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ- жауап.

    Сабақтың көрнекілігі: әл- Фараби портреті, нақыл сөздер.

    Сабақтың барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    «Қайда звондады» есту зейінін дамытуға арналған жаттығу

    - Көзіңді жұм да, зейін салып тыңдаңдар.

    - Қайда звондады?

    II. Жаңа сабақ.

    Әбу Насыр әл- Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен. әл- Фараби Отырарда алғаш рет ұыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. Грекше, латынша білген.

    Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

    Мәтінмен жұмыс.

    «Өнерлі жігіт», «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.

    Мазмұны мен идеясын ашу.

    Сөздік жұмысын жүргізу.

    Оқушыларға тізбектей оқыту.

    Әбу Насыр әл- Фараби қайда туып- өскен?

    Отырарды арабтар қалай атаған?

    Сергіту сәттері « Аю » жаттыгуы«есте сақтауын дамыту»

    Екі жаққа қисайып ,

    Кәне аюга ұқсайық.

    Екі аяқты көтеріп,

    Біраз жерді өтелік.

    Мәтін мазмұнына сай мақал- мәтелдер айтқызу.

    Өнерлі жігіт өрге озар,

    Өнерсіз жігіт жер соғар.

    Ұстаздан шәкірт озар.

    Білімдінің алды- жарық,

    Білімсіздің түбі ғарып.

    Ой түбі- алтын,

    Ойлай берсең, аларсың.

    III.Сабақты бекіту.

    Төменде берілген мақал- мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.

    Ақылдан артық байлық жоқ.

    Ақыл базардасатылмайды.

    Байлықтың кілті- ғылым.

    IV. Үйге тапсырма.

    Мәтіндерді түсініп оқып келу.

    Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымша мәлімет жинау.

    Бағалау:























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал