- Учителю
- Разработка урока 'Сolours' (1 класс)
Разработка урока 'Сolours' (1 класс)
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану
Сынып: 1
Ашық сабақ жоспары
Білім саласы: Қатынас
Тақырыбы: Colours (Түстер)
Мақсаты: 1. Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену,
ажырату, қазақ тілімен салыстыру.
2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс
шығару, сөздерді дұрыс, нақты айту, сөз қорын байыту.
3. Тәрбиешілігі: Шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: әр-түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған әр-түрлі түсті жапырақтар, қағаздан қиылған жануарлар, тақта, үнтаспа мен музыкалық центр, доп, компьютер, теледидар, қағаздан жасалған гүл, қарандаштар.
І. Амандасу. (Greeting)
- Good morning children!
Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады.
-Good morning, good morning
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I'm glad to see you!
Шаттық шеңбер.
-
Балалар, бізге қонаққа бақа келді.
-
Ол бізбен бірге танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:
-
«What's your name?» Сенің атың кім?
-
Балалар жауап береді: My name is...»Менің атым...)
-
Фонетикалық жаттығу
-
- Балалар, бақа өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не жазулы екен. Онда бір тақпақ бар екен. Ол тіл туралы.
Ал, енді тілдерімізді жаттықтырайық.
- «Терезесі жоқ үйде тіл өмір сүріпті
Ағылшын тілінде біраз сөйлепті
Таңертең жаттығу жасап [ t/d/n/ŋ/r]
Төсек орнын жинап
Тісін тазалап [θ - ә] үй жинап
Есікті ашатын [р/w]
Мұғалім балаларға қағаздан қиылған жануарларды көрсетіп, қандай жануар екенін балалардан сұрайды.
-
What is it? Мынау не?
-
It's a lion, fox, cat, frog, rabit, dolphin.
-
Бұл арыстан, мысық, бақа, қоян.
Мұғалім балалардан жануарлар қандай түсті екенін сұрайды. Балалар қазақ тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын балаларға айтып береді, балалармен түстер туралы әңгімелейді.
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім жеті түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.
-
red - қызыл
-
green - жасыл
-
blue- көк
-
black - қара
-
yellow - сары
-
brown - қоңыр
-
orange - тоқ сары
-
grey - сұр
-
white - ақ
Жаңа сөздермен жұмыс жасау. Мұғалім балаларға компьютерді қосып слайдтар көрсетеді. Слайдтарда түстер көрсетілген. Мұғалім баларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды:
-
What color is it? - Бұл қандай түс?
(Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).
Тапсырма орындау.
Балаларға гүлдің суреті таратылады. Бұл суретті балалар әр түрлі түстерге бояу керек. Мұғалім түстерді ағылшын тілде атап беріп, балалар сол уақытта өздері керек түсті тауып, бояу керек.
Сергіту сәті. (Physical training)
1. Мұғалім үнтаспаны қойып, сергіту сәтін өлеңмен өткізеді:
-
It's a dog! Wow! Wow!
-
It's a cat! Myau!
-
It's a rabit! Hop!
-
It's a snake! Sss!
-
It's a bird! Chrr!
-
It's a fish! Swim!
2. Мұғалім ағылшын тілде іс-әрекеттерін атап береді. Балалар тек қана қимылдарын көрсетеді.
- Hands up! Clap! Clap!
- hands down! Shake! Shake! Shake!
- Hands on hips! Jump! Jump! Jump!
- Hop! Hop! Hop! Stop!
Sit down, please!
Ойынды ойнау. (Let's play!) Гүлді жинау.
Мұғалім балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақтарды үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балалармен бағалайды. Сол ретінде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады.
(Бұл ойында есту қабілеттері дамиды.)
Түстер туралы тақпақты жаттау.
-
I see green, I see brown
-
I stand up! I sit down!
-
I see red! I see blue!
-
I see you and you and you!
Мұғалім балаларға диск қосып, ағылшын тілде түстер туралы фильм көрсетеді.
Қорытынды бөлімі.
- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
- Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Мен сендерге кішкентай сыйлықтарды дайындадым.
(Балаларға кішкентай жануарлардың суреттері таратылады).
Балалар, бақа өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!
-
Good bye, children!
-
Good-bye, teacher! Good-bye a frog! Сау бол бақа!