- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему 'Наурыз'
Поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему 'Наурыз'
Раисова Ж. Ж.
Қостанай қ.
№1 мектеп - лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
4 сынып. Қазақ тілі
Күні, айы, жылы:14.03.2013.
Сабақтың тақырыбы: Наурыз - жыл басы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, оның қадір - қасиетін түсіндіру. Наурызға байланысты салт - тәстүрлермен таныстыру.
Дамытушылық: өлеңдер, нақыл сөздер, мәтіндер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының дәстүрін таныстыра отырып оның тілін де, елін де, өнерін де, салт - дәстүрлерін құрметтеуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ - жауап, ойын әдісі.
Жабдықтау: тақырып бойынша мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
Сабақтың ұраны: «Бір ауыз сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы - үнсіз қалма
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Наурыз туралы өленді жатқа сұрау.
ІІІ. Өткенді қайталау « Бәйге» ойыны
1 Аптаның қай күні?
2 Қазір қандай жыл мезгілі?
3 Көктем айларын ата.
4 Қазақ тілінде неше септік бар?
5 Апта күндерін ата.
6 Көктем мерекелерін ата.
7 Наурыз қай халықтардың мерекесі?
8 Наурыз мерекесі қай күні аталып өтіледі?
9 Наурызда қандай тағамдар дайындалады?
10 Буын түрлерін ата.
11 Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?
12 Тән дыбыстарды ата.
Наурыздың он төрті.
Сынып жұмысы.
Наурыз - жыл басы.
1 тапсырма.Мәтінді оқу.
Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні.Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан - жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін табиғат мерекесі.
2 тапсырма.Суретпен жұмыс.
Сергіту сәті.
« Қызылы » - тұр дейді,
« Сарысы » - шапалақ ұр дейді,
« Жасылы » - орныңда жүр дейді.
3 тапсырма.Берілген мақал - мәтелдерді аяқтау.
1 Туған жер ....... .
2 ...... - отбасынан басталады.
3 Білім - теңіз, мектеп - ..... .
4 ....... инемен құдық қазғандай.
5 Отан - ..... ыстық.
4 тапсырма. Дұрыс па, бұрыс па? Ойын.
1. 16 - желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
2. Бесбармақ - Француздың ұлттық тағамы.
3. Мектепте біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.
4. Қазір қыс мезгілі.
5. Астана - біздің астанамыз.
4 тапсырма. Ақсүйек ойыны.
Кестеге жуан және жіңішке сөздерді толтыру.
Ойындарды өткізу.
«Кім тез айтады?»
«Кім көп біледі?»
5 тапсырма.Суретті көрсете отырып Наурыз ойындар мен ұлттық
салт - дәстүр туралы мәлімет беру.
6 тапсырма. Оқушылар күн мен түннің теңелуі туралы көрініс көрсетеді.
7 тапсырма. Наурыз туралы мәлімет беру.
Бұл күні:
Сапарға шықпайды , ешкіммен ренжіспейді,
Жаман, былапыт сөздер айтпайды.
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, кір жумайды.
Бұл күні:
Күн мен түн теңеледі.
Ренжіскен адамдар достасады.
Жақын туыстармен дәм алысады.
7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды.
Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып үлкен той жасайды.
8 тапсырма.Қажетті сөздерді қойып сөйлемді толықтырындар.
Наурызда күн мен ..... теңеледі.
Ағаш бұтақтарында .......... пайда болады.
Өзендерде ......... жүре бастайды.
Наурыз айында күн көбінесе ....... болады.
Көктемде жер күндіз..........., кешке ......... .
Қажетті сөздер:
(бұлтты, жібиді, сең, түн, бүршіктер, қатады, бұлтты.)
ІУСабақтың қорытындысы.
1.Не білдік?
2.Не үйрендік?
У.Бағалау.
УІ.Үй жұмысы.
УІІ.Қоштасу.