7


  • Учителю
  • Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі (ІІ курс)

Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі (ІІ курс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Роза Әбілғазықызы Махамбетәлиева

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы













І БЛОК САБАҚТЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ

Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі

Базалық:

-Зат еcімнің лексика-грамматикалық сипаты туралы түсінік қалыптастырады;

-Зат есімнің грамматикалық категорияларын нақтылайды;

- Зат есімнің синтаксистік қызметі туралы мәлімет алады.

Кәсіптік: Теориялық білімін тәжірибеде қолдануға, өндіріске жақындатуға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бейімдейді.

Коммуникативтік: Болашақ тіл мамандарына өз ойларын жеткізе білуде әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сауатты сөйлеуге дағдыландыру

Проблеманы шешу: Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін оқыту арқылы басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін айқындау

Сабақтың міндеттері:

а)Білімділік: Оқушыларға зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту

ә)Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін тыңдап, сыйлай білуге, берілген тапсырмалар мен ойындар арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу. Ізденушілік, еңбексүйгештік қаблеттерін арттыру, мысалдар арқылы елжандылыққа баулу, ұлттық құнды әдеби мысалдарды дәріптеуге үйрету

б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін жан-жақты салыстырулар жүргізе отырып дамыту, жүйелі түрде білімдерін көрсете алуға дағдыландыру, ақпараттық материалдар арқылы білімдерін толықтыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау

Сабақтың типі: Брифинг сабақ

Сабақтың түрі: Дәріс сабақ

Оқытудың технологиясы, әдістері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, «сурет таңдау» тренингі, жаттығумен жұмыс, хат сұрақ әдісі, Блум әдісі, топтастыру, «түс таңдау» әдісі, мәтінмен жұмыс, тақтамен жұмыс, сатылай комплексті талдау, дискуссиялық карта, тест жұмысы, екі жұлдыз бір ұсыныс әдісі

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, өзін-өзі тану,



Болжам етілетін нәтиже: Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін жан-жақты үйрету, тәжірибеде қолдануға бейімдеу.





Қалыптасатын:

а) білім: Зат есімнің лексикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, сөйлемдегі қызметі туралы мағлұматын жан-жақты қамту

ә) білік: -Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін;

-Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын;

-Зат есімнің сөйлемдегі қызметін.

б) дағды: Мәтін ішінен зат есімдерді тауып, мағыналық, тұлғалық, құрамдық түрлеріне назар аударту, практикалық жұмыс жасату.





ІІ БЛОК «САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ»

Қолданылатын дидактикалық материалдар:

Таратпа материалдар: кеспе қағаздар

а) Негізгі әдебиеттер:

А. Байтұрсынов, Тіл тағлымы, Алматы: Ана тілі, 1999

А. Ысқақ, Қазіргі қазақ тілі, Алматы: Ана тілі, 1991 ж

А. Салқынбай, Қазіргі қазақ тілі, Алматы: Қазақ университеті, 2009

Н. Оралбай, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Алматы: Қайнар, 2007

ә) Қосымша әдебиеттер:

Ш. Бектұров. Қазақ тілі. 1998

Ғ. Қалиев, Н. Оралбаева, Б. Қасымова, Б. Шалабаев, О. Төлегенова, Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы), Алматы: Ана тілі, 1997





Қолданылатын техникалық құралдар: нетбук



ІІІ БЛОК «ҰЙЫМДАСТЫРУ-РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ»

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

Оқытушы іс-әрекеті

-Оқушылармен сәлемдесу,

-Оқушыларды түгендеу,

-Сабаққа назарларын аудару;

-Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын дайындайды.

Күтілетін нәтиже

Ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Үй тапсырмасын сұрау



Теориялық тапсырма

Сөз таптарына байланысты ғалымдар пікіріне тірек сызба дайындау.



Практикалық тапсырма

№181-жаттығу

Шығармашылық тапсырма

І топ

Сөз таптарына байланысты ертегі құрастыру.

ІІ топ

Сөз таптарын қатыстырып, өлең құрастыру

ІІІ топ

RAFT әдісі бойынша «Сөз таптарына» монолог жазу.





Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар теориялық тапсырма бойынша ғалымдар пікіріне тайындаған тірек сызбаларын қорғайды.



Жаттығу жұмысын оқып шығады.



Әр топ өз қатарына берілген тапсырмаларын оқып шығады.



Күтілетін нәтиже

Өткен сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.



ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы

Сабақ тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі



Сабақтың мақсаты: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту.



Сабақ кезеңдері:

Блум таксономиясы арқылы сабақты өту

  1. Білу кезеңі - Топтастыру әдісі арқылы «Зат есім» туралы білетіндерін еске түсіру.

  2. Түсіну кезеңі - Зат есімнің ережесіне, мағыналық, тұлғалық түрлеріне және қызметі жайлы айтып өту.

  3. Қолдану кезеңі - Мәтінмен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру,

  4. Талдау кезеңі -

а) Оқулықтан жаттығу жұмысын орындау;

ә) Сатылай комплексті талдау жасау.

  1. Жинақтау кезеңі -

а) Дискуссиялық картаға жауап беру.

ә) Тест тапсырмасын белгілеп шығу.

  1. Бағалау кезеңі - «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау парағы» арқылы бағаланады.



Оқушы іс-әрекеті

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;

Сабақ барысын, орындалатын жұмыстар реттілігін біледі.



Күтілетін нәтиже

Айтылым әрекеті жүзеге асады.



ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

І БІЛУ КЕЗЕҢІ

Әр топ топтастыру әдісі арқылы «Зат есім» туралы білетінін еске түсіріп жазады.

Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі (ІІ курс)













ІІ ТҮСІНУ КЕЗЕҢІ



Зат есімдер туралы ғалымдар пікірі



А. Ысқақ



Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кезедесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, үғымдар мен түсініктерді қамтиды.

Н. Оралбай

Зат есім - жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы.

С. Исаев

Зат есім - семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан басқа затқа байланысты не? деген сұрақтарға жауап береді.

Ш. Бектұров

Сөйлемде кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағынада жұмсалатын сөздерді зат есім дейміз.







«Түс таңдау» әдісі арқылы әр топ зат есімдерге байланысты берілген тақырыптарды таңдап айтады.



Сары түс - Зат есімнің анықтамасы, тұлғалық, мағыналық түрлері



Қызыл түс - Зат есімнің жұрнақтары



Көк түс - Зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі





Зат есім

Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?



Зат есім тұлғасына қарай:

а) Негізгі зат есім

Мысалы: тау, тас, орман.

ә) Туынды зат есім

Мысалы: достық, адамгершілік.



Зат есім құрамына қарай:

а) Дара зат есім

Мысалы: өнерпаз, арбекеш, кітап.

ә) Күрделі зат есім

Мысалы: достық, адамгершілік.



Зат есім мағынасына қарай:

а) Деректі (нақтылы)зат есім

Мысалы: терезе, тақта, бор.

ә) Дерексіз (абстрактылы)зат есім

Мысалы: айла, ақыл, дау.



Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:

а) Жалқы есім

Мысалы: Айнұр, Қарағанды, Алматы

ә) Жалпы есім

Мысалы: еден, бор, гүл



Зат есімнің жұрнақтары үшке жіктеледі:

  1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар

  2. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

  3. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар



Зат есімінің грамматикалық категориялары:

  1. Көптік категориясы

  2. Тәуелдік категориясы

  3. Септік категориясы

  4. Жіктік категориясы





Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

1.Бастауыш - зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.



2.Баяндауыш - зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.



3.Анықтауыш - зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.



4.Толықтауыш - зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, анықтауыш болады.



5.Пысықтауыш - зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе түбір тұлғада көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.







ТАЛДАУ КЕЗЕҢІ

ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС

№50-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдерге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.

Зат есімдер: оқушыларым, ұрыстарда, достарың, өмірді, жеріңді, шөбін, мектебіңді, оқушыңды, партада, орныңды, ақылы, әкең, шешеңнің, еңбекте, қолдарың, әжімін, еліңнің, даңқын, еңбек, Олегтың, өмірі, күресі, үлгі.



«МЕНІ ТАҢДА» әдісі

Жасырылған сөздер: Баян, Әлияны, әншілер, сыбызғышыларды.

Төмендегі үлгі бойынша сатылай комплексті талдау жасау

  1. Cөз табы

  2. Тұлғасына қарай

  3. Құрамына қарай

  4. Лексикалық мағынасы

  5. Грамматикалық мағынасы

  6. Сұрағы

  7. Мағынасына қарай

  8. Қоымшалары



Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар білу кезеңінде «Зат есім» туралы білетіндерін еске түсіреді.

Оқуышылар түсіну кезеңінде зат есім туралы ғалымдар пікірін саралайды.



Күтілетін нәтиже

Тыңдалым әрекеті жүзеге асады.



ІҮ. Алған білімді бекіту



ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢІ

Мәтінмен жұмыс

Сыбызғы

Сыбызғы - үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Үрлеу арқылы сол тетіктен дыбыс кезек-кезек шығарылып, әр түрлі үн пайда болады. Сыбызғының үні желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі келеді. Сыбызғы, анығында, ағаштан және қурайдан жасалады. Ол бақташылар арасында кең тараған.

Мәтін бойынша сұрақтар

  1. Мәтінде бармақ басатын үш тетігі бар аспап қалай деп аталған?

  2. Сыбызғының үні қалай пайда болады?

  3. Мәтінде "сыбызғы" аспабының үні қандай деп көрсетіледі?

  4. Мәтінде "сыбызғы" қандай материалдан жасалады деп көрсетеді ?

  5. Мәтінде сыбызғы кімдердің арасында кең тараған деп көрсетеді?



Мәтін бойынша топтық тапсырмалар

(Санды таңдау арқылы)



1-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, сөйлемдегі негізгі қызметін айту.

2-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

3-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау, қосымшалардың түрін айтып шығу.



Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар талдау кезеңінде жаттығу жұмыстарын орындайды

Сатылай компексті талдау жұмысын жүргізеді.

Күтілетін нәтиже

Айтылым дағдысы жүзеге асады



Ү. Білімді бақылау

СЕРГІТУ СӘТІ

«Тез ойла, жылдам жауап бер» ойыны



Шарты: Әр топтан бір-бір адамнан шығып, соңғы әрпі зат есімнен басталатын деректі зат есімдерді тізбектеп айтады. Кім тоқтаса, сол адам ойыннан шығып отырады.



ЖИНАҚТАУ КЕЗЕҢІ



Дискуссиялық картамен жұмыс



Тест жұмысы

Әр оқушыға тест парақтары таратылады.



Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар «Тез ойла, жылдам жауап бер» ойыны арқылы жарысады.

Оқушылар жинақтау кезеңінде дискуссиялық картаға жауап береді.

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже

Айтылым мен жазылым дағдысы жүзеге асады. Сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды.



ҮІ. Қорытынды

Бүгінгі сабақ екі түрлі әдіспен қорытындыланады

  1. Тәтті сұрақтар

Шарты: Кәмпитерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтарын атаңыз?

2) Зат есім дегеніміз не?

3) «Айна» сөзін тәуелдеңіз?

4) Туынды зат есімге мысал келтіріңіз

5) Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін атаңыз?

  1. Даналық ағашы

«Даналық ағашына» нені біліп, нені үйренгенін жазады.

Рефлексия

Бүгін сабақта мен?





Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар стикерлерге жазып, «Даналық ағашына» жабыстырады. Оқушылар сабақ барысы туралы ой-пікірлерін жүйелеп айтады.

Күтілетін нәтиже

Сабаққа сараптама жасауға үйренеді





БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ

Оқушылар «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалап, ұсыныстарын жеткізеді.



Оқушы іс-әрекеті

Тыңдалым мен айтылым дағдысы жүзеге асады.



ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма Зат есім туралы тірек сызба дайындау

Практикалық тапсырма №186-жаттығуды орындау

Шығармашылық тапсырма А. Құнанбаевтың бес өлеңін көшіріп жазып, зат есімдеріне талдау жұмысын жүргізу



















































































</



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал