- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему: 'Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер ' (5 класс)
Урок по казахскому языку на тему: 'Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер ' (5 класс)
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Манакова Фарида Ахметжанқызы
5 сынып
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Қос сөздер туралы мағлұмат беру.
-
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке парасаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, тест (сауалнама)
Сабақтың көрнекілігі: сызба, қима қағаздар, үнтаспа т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиетпен
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Ән ұран орындалады. Түгендеу
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-
Балалар, қазір бізде қандай сабақ?
-
Қазақ тілі сабағы
-
Ендеше, осы ана тіліміз туралы қандай өлең білесіңдер?
Поэзия минуты:
Қазақ тілі-бай тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгң сені,
Болашағым, бағытым, дара тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Ой шақыру»
Біріккен сөздер деген не?
Ережені еске түсіру.
ІІІ. Өткенді пысықтау:
«Қима қағаздармен жұмыс»
-
Берілген сөйлемнен біріккен сөзді тап:
Менің әпкем Талдықорған қаласында тұрады.
-
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құра:
демалыс, Айнұр, тасбақа, қүнбағыс.
-
Берілген текстерден біріккен сөз жаса:
қашан, ер, әр, тоқым, бел, беу.
Сөзжұмбақ шешу: «Қос сөздер»
ІҮ. Жаңа сабақ
Кейде екі сөз қосарланып бір лексикалық .
Мұндай сөзді қос сөздер деп атайды. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден кейде антоним сөздерден жасалады.
Сызба бойынша түсіндіру.
Қос сөздер
Қайталану Қосарлану Күшейткіш
арқылы арқылы буын арқылы
мысалы: жиі-жиі ата-ана қып-қызыл
биік-биік мал-мүлік сап-сары
Ү. Білімдерін тексеру
Оқулықпен жұмыс
381- жаттығу
Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар сұлу, әдемі, жақсы, ата, аласа, жарық, үлкен.
Топтық жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
дәрі- киім - құрбы-
мал- ойын- зорлық-
жора- ине- ата-
Сергіту сәті
Үнтаспаны тыңдата отырып «Жалғасын тап» ойынын өткізу.
-
Жылай-жылай құдық қазасың,
-
Аяғын жоқ жүреді,
-
Қына тасқа бітеді,
-
Баланың бас ұстазы-
ҮІ. Сабақты бекіту
Тест әділі (сауалнама)
-
Қосарлану арқылы жасалған күрделі сөздер қалай аталды?
а) Біріккен сөз
ә) қос сөз
б) тіркесті сөз
2. Қайталану арқылы жасалған қос сөзді тап.
а) сұп-сұр
ә) үлкен-кіші
б) тау-тау
3. Қосарлану арқылы жасалған қос сөзді тап.
а) аса-үлкен
ә/кәрі-жас
б/ұп-ұзын
4.Күшейткіш буын аркылы жасалған қос сөздерге
мысал келтір.
5.Қос сөздер қалай жасалады
VІІ.Сабақты қорыту
Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма: Қос сөздерге мысал жазып келу.