- Учителю
- Коучинг-сессия на тему 'Lesson study'
Коучинг-сессия на тему 'Lesson study'
.03.2015 | Ж.К.Матигулова | ||
Коучинг тақырыбы: | «Lesson study-тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы» | ||
Сілтеме: | Мұғалімге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей 49-51беттер | ||
Мақсаты: | Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. | ||
Оқу нәтижесі: | • Lesson Study тәсілімен танысады ; | ||
Түйінді идеялар: | - Lesson Study - сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | А3, А4 форматты ақ қағаздар, стикерлер, фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, бейнежазба | ||
Оқыту әдістері: | АКТ Топтық жұмыс Шығармашылық тапсырма Кері байланыс | ||
Сабақ бойынша коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті | |||
Уақыт мөлшері | Коучтың іс-әрекеті | Қатысушылардың іс-әрекеті | |
2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды шеңберге шақыру. Тренинг. «Сыйлық» | Бір-біріне ыммен сыйлық ұсынады. Өздеріне қандай сыйлық берілгенін анықтайды. | |
3 мин | Топқа бөлу. «Атом, молекула» арқылы топқа бөлу. Атом (үш, төрт, бес) молекуладан тұрады. | Топқа бөліну. | |
5 мин | Бейнежазба көрсету. «Бірлескен әрекет». (Сыр үгіп жеген тышқандар туралы) | Бейнежазбадан көргендерін сыни ойлау арқылы талдайды. | |
5 мин | Ассоциация. «Lesson Study» сөзіне ассоциация жасау. Тақтада жазу. | Ең алдымен жеке орындайды. Содан соң жұпта талдайды. Одан кейін топта ортаға салады. Болған топ мүшелері дайындықтарын білдіреді. Әр топтан бір мұғалім бірін-бірі қайталамай тақтаға жазып шығады. | |
15 мин | Постер дайындау және қорғау. Нұсқаулықта берілген мәліметті 4-ке бөліп, топтарға тарату. Джигсо әдісі. Топ ішінде 1,2,3,4-ке санату. Басқа топқа барып, түсінгендерін жеткізу дағдыларын бақылау. Таратпа материалдар: Слайд бойынша түсіндіріп өтемін. | Топта 1,2,3,4-ке саналып, тапсырма алады. Берілген мәліметті жеке оқиды. Сараптау тобына барып, топта талқылайды, өзара сұрақ қойып түсінбей қалған жерлерін бір-бірінен сұрап алады. Өз ұяшығына келіп, тапсырманы түсіндіреді. Топ болып ұсынылған нөмір бойынша таныстырылым жасауға дайындалады. | |
3 мин | Сергіту сәті. «Балапан» биі. | Бой сергітіп, би билейді | |
5минут
| Топпен жұмыс. «Венн диаграммасы» Lesson Studu Ашық сабақ
| Lesson Studu және ашық сабақ арасындағы айырмашылықты анықтап, кестені толтыру. | |
2 мин | Кері байланыс. Стикер арқылы сабақтағы әсерін «Екі жұлдыз, бір пікір» арқылы білдіру. | Өз ой-пікірімен бөліседі |