- Учителю
- Урок на тему 'Киіз үй'
Урок на тему 'Киіз үй'
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Мақсаты: 1. Киіз үй туралы оқыған мәтіндерін еске алу, алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді қолдана білуге үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстардыңы дұрыс айтылып-жазылуына назар аудару,
2. жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, өз беттерімен сөйлем құрауға баулу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту,
3. Қазақтың қолөнері туралы түсініктерін тереңдете отырып, оны білуге қызығушылықтарын ояту.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: оқу-аудару, сұрақ-жауап, диалог, жеке, жұптық жұмыстар, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: сызба, сурет, тапсырмалар, суретті кітаптар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; Ә) сыныпты түгелдеу; Б) сабаққа дайындығын тексеру;
Тіл дамыту сұрақтары
Аптада неше күн?
-Аптаның екінші күні?
- Аптаның соңғы күні ?
- Демалыс күні қалай аталады?
- Мемлекеттік тіл күні қайсы?
ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, барысын таныстыру.
ІІІ. 1. Сөздікпен жұмыс. Талшық - волокно, ткань
Ұйысу - сваляться Майдалау - размельчать
Көпсіту - взбить Араластыру - перемешать
Тарақтау - расчесывать Түту- распушить, түк- ворс
2. Сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
Мәтінді оқу, аудару, мазмұны бойынша сұрақ-жауап өткізу
3. тұрмыстық сөзіне фонологиялық талдау жасау.
Тұрмыстық
1.Айтылу, жазылу және жасалу жолдарына қарай жуан
себебі жуан дауысты дыбыстардан тұрады.
2. Буын : тұрмыстық - 3 буын
1,2,3 буын - бітеу, себебі дауыссыз дыбысқа басталып, дауыссыз
дыбысқа аяқталады.
3. тасымал
тұр-
мыс- болып екі жағдайда буын жігімен тасымалданады.
тық
4. Екпін
Қазақ тілінде екпін біршама тұрақты, бұл сөзде соңғы
буындағы ы дыбысына түсіп тұр.
5. Буын үндестігі де, дыбыс үндестігі де сақталған.
4. Сергіту сәті. Суретпен жұмыс.
5. Жаңа сабақты бекіту.Мәтін бойынша сұраққа қысқаша жауап табу.
- Киізді неден істейді?
- Киізден не жасайды?
- Арнаулы машиналармен не істейді?
- Киіз басу қандай процесстерден тұрады?
6. Мақалдарды толықтыр, мазмұнын түсіндір.
..........береке бар.
...............- алтын бесік
..................- өлең төсегім
................ үшін отқа түс, күймейсің.
Керекті сөздер: ел іші, өз үйім, отан, өз үйім.
Ү/Ж : 2 - тапсырма, 68 бет.
Сөздікті жаттау.