7


  • Учителю
  • ҚАныш Сәтбаев. ҚАныш Сәтбаевтің еңбектері, өмірбаянымен танысу

ҚАныш Сәтбаев. ҚАныш Сәтбаевтің еңбектері, өмірбаянымен танысу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев. Қаныш Сәтбаевтің еңбектері.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары-топтастыру әдісі, INSERT-түртіп алу, қалпына келтіру, семантикалық карта.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Сәтбаев өмірбаяны-презентация, үлестірмелі карточкалар.

Оқыту формасы: Топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: география, жаратылыстану

Бағаланатын жұмыс өнімдері:

1) Мазмұнына байланысты «қалпына келтіру» тапсырма бойынша

2) Эссе жазу, слайд-ақпарат, альбом

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды төрт топқа бөліп, топ басшысын белгілеу.

ІІ. Мотивация кезеңі: Қызығушылығын ояту

Бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып көріңіздер- ол көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Баянауыл ауданында туған. Павлодар қаласында кітап үйі, басты көшелерлернің бірі оның атымен аталып, оған ескерткіш орнатылған. Бұл кім?- Қаныш Сәтбаев. Бүгін біз Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен танысамыз.

Топтастыру әдісі.

Оқушы жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әр түрлі белгідегі қағаздарды үлестіру.

1.«Қ.Сәтбаев» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз (топпен жұмыс жүргізіледі).

2.Берілген уақыт біткенше топ идеялары топтастырып жазады.

3.Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.

ІІІ. Мағынаны ашу:

Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді тарату, оқу.

2.Жаңа сөздермен жұмыс.

3.Трансформациялау әдісін қолдану арқылы мәтіді аудару.

4.INSERT-түртіп алу әдісі

1. Кестеге салу жүйесін түсіндіру

V-таныс ақпарат, + жаңа ақпарат,- келіспеймін, ?-сұрақтарым бар.

Оқушылар берілген тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындап, топ басшылары тапсырманы тақтаға шығып қорғайды. Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою әдісі Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Жұппен жұмыс

ІV. Ой-толғау сатысы

Қалпына келтіру стратегиясы: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып берілген мәтінді «қалпына келтіру» . Бағалау: қате жоқ-«5», 1-2 қате- «4», 3-5 қате -«3», 6 қате-«2»

Қалпына келтіру:

V. Грамматикалық тапсырмалар: Сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау.



Семантикалық кесте толтыру. Қ.Сәтбаев мәтінінен сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып түрлерін ажырату.

Тапсырманы тексеру, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Қаныш Сәтбаев» тақырыбына

1 топ -эссе жазу, 2 топ- слайд-ақпарат жасау.

3 топ- «Тұңғыш академик» атты шығарма жазу.

4 топ-«Белгілі адамдар» тақырыбына реферат жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал