- Учителю
- Ғылыми жоба 'My future occupation' 6grade
Ғылыми жоба 'My future occupation' 6grade
Кіріспе
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң,арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта,бар қалан
Абай Құнанбаев
Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы - Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу,адам деген ардақты атына сай өмір сүру.Тағдырдыңәркімге әрқилы сыйы сол: біреулер өзінің қабілет-қалауына,мінез-құлығына,дүниетанымына,біліміне сәйкес мамандықты меңгермей,мақсат-мүддесіне жете алмайды,енді біреулер таланты мен талға- мына, талабы мен танымына сәйкес мамандықты меңерсе де тірлікте жолы болмайды. Кез-келген адам адал,адамгершілігі жоғары,еңбекте қабілетті де зейінді,өз міндетіне жауапты,бейнетке төзімді,мейірімді де білімді жан болса, таңдаған мамандығыныңжұмысы жемісті болып,өмірде жарқын із қалдыра алады. Мамандық таңдау- ең маңызды шешімдердің бірі.Әр адам ерте ме,кеш пе өз өмірінде "Мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді.Үлкен өмірге қадам басқан әрбір жанның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Кейбір жастар мамандық таңдай білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық,реніш сезімдері пайда болып,тіпті алдына жоспар да құрғысы келмейді.Сондықтан адам өзінің жеке қасиетін,өзін-өзі тануын жете зерттеп барып мамандық таңдау қажет. Статистикалық зерттеулер бойынша әлемде 40-мыңға жуық мамандық бар көрінеді.Әрине,бұл 40 мыңның ішінен өзіне лайық біреуін таңдау оңайға соқпауы мүмкін.Алайда жүрегің қалаған, сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік бар.Ол үшін нарықты зерттеп, яғни қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізу керек.Мамандыққа деген сұраныс қоғамдағы өзгерістерге қарай әр алуан болады.Мысалы,Кеңес Одағы кезінде мектеп бітіруші түлектердің дені мұғалім,мал дәрігері,мал технигі секілді мамандықтарға оқытатын оқу орындарын жағалайтын.Өйткені он жылдықта заңгерлер,қаржыгерлер,кеденшілер оқытатын оқу орындарының таразысы төмен тартты.Олардың тым көп даярланғаны соншалықты,жұмыссыз заңгерлер мен экономистердің армиясы қалыптасты.Бұлар амалсыз мамандығын өзгертуге,не басқа салада жұмыс жасауға мәжбүр болды. Соңғы жылдары информатика,ақпараттық технология саласы мамандары,мұнайшылар,ITмамандары,инженерлер,нанотехнологтар,маркетинг,электроника,биотехнология саласының мамандары секілді кәсіп иелеріне сұраныс артты.Әр адам өз маманының шебері болуы керек.Өйткені, бүгінгі ұғым мүлде басқа. Бұрын дипломы бар деп жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолынан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрбір.Ал тыңғылықты тірлік ете алсаң аш қалмайсың.Сол үшін жастарға «модный» емес,өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Мамандықтың бәрі керек.Қазір ойлап қарасаңыз қай мамандық иелері артылып жатыр?Ешқандай... Егер маман барлық салада жеткілікті болса «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді.Бір ғана мысал,+1С бухгалтер мамандығына бухгалтер іздеп жатқан фирма,кәсіпорын.Айлығын жоғары берем деген жарнамалар толып жатыр.Бұрынғы бухгалтерлердің барлығы уақыт талабына сай жаңа компьютерлік бухгалтерияға өтуі керек.Елімізде бүгінгі күні юристер,экономистер және гуманитарлық саладағы мамандар өте көп.Әр салада әр түрлі мамандардың жетіспейіні шындық.Бірақ та қандай мамандықты таңдасаң да өз салаңда кәсіби білікті,білімді маман болсаң,сені жұмыс беруші жүздің,мыңның ішінен өзі тауып алады.
2.1.Мамандық дегеніміз не? Шығармашылық.Қызығушылық.Еңбек көзі.«Мамандық» сөзі, яғни, профессия-латынның «professio» сөзінен шыққан - анықталған іс,мамандық, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады.Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын.Дегенмен,әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған.Ерлер аң аулап,үй тұрғызып,қару-жарақ жасаса,әйелдер жеуге жарамды өсімдіктері жинап,тамақ пісірген,киім-кешек тігіп,бала тәрбиелеген.Заман өзгерген сайын адам да жетілді,нарықтық қарым-қатынас пайда болды.Қоғам дамып,дүниеге түрлі жұмыстар,сәйкесінше түрлі мамандықтар келді.Кез-келген еңбек мамандық емес. Еңбекпен мамандықтың айырмашылығы неде? Еңбек адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған.Ал мамандық - еңбек қызметінің түрі,ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.Мамандық иесі болу үшін әдейі озу керек.Мамандық - қарапайым өмір көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі маман атануы үшін білім алып,қолыңызға сол саланың дипломын,куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса,екіншісі еңбегіңізге ақыны төлеу қажеттілігі.Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған.Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу - екеуі біздіңше, екі бөлек нәрсе.Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек.Екінші сөзбен айтқанда,мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет.Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп,жұмысынан ләззат алады.Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс.[8]
2.2. Әлемде 50-мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.Мамандықтың бірнеше класиффикатциясы бар.Белгілі американдық психолог Д.Голланд: «Адамның кәсіби ортасына сәйкес келуі еңбек жолында жақсы табыстарға жетуіне,өсуіне кепілдік береді.»,-деген теория ұсынады.Д.Голланд кәсіптік бағдарды алты типке бөліп көрсетеді:реалистік,зерттеушілік,артистік,әлеуметтік,кәсіпкерлік және кеңістік.
Америкалық психологтың теориясына ұқсас теорияны кеңес үкіметінің психологы Е.Климов ұсынған болатын.Бірақ ол кәсіби ортаны бес топқа бөліп көрсетті. Олар: 1.Адам-адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады,ал қызмет сипаттамасы - басқа адамдарға жер ету,адамдармен жұмыс істеу.Мұндаймамандықтарға:мұғалім,дәрігер,журналист,сатушы,заңгер,банкирлер жатады. 2.Адам-белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар обстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой өрісі өте кең болу керек.Бұл бухгалтер, оқымыстылар,ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары. 3.Адам-табиғат.Бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестерімен, құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог. 4.Адам техника.Бұл типке техникалық құрылғыларымен жұмыс жасайтын ұшқыштар,матростар,электромонтерлер,слесарлар жатады. 5.Адам көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады.Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.[7] Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады.Мамандықтың кез-келгенін игеруге икемділік қажет,бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес,үлкен өнерді,жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе.Қазіргі таңда сұранысқа ие 10 мамандық бар: 1.Инженерлік мамандықтар.Елдің өндірісі пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше. 2.IT саласының мамандары.Күнделікті өмірде ақпараттық технологияарға барынша бейімделіп жатқан соң бұл саланың мамандарының қажеттлігі байқалады.
3.Нанотехнология саласының мамандары - Әлемдік эксперттердің болжауынша нанотехнология саласы болашақта ғарыш,машина жасау,тамақ өндірісі,медициа сияқты салаларда үлкен рөл ойнайтын болады. 4.Электроника және биотехнология мамандары.Бұл салалардың әлемдік сахнада өзіндік үлкен орны бар. 5.Маркетологтар.Маркетологтар жұмыс басқару,бизнес,шаруашылық,тіпті мемлекеттік жүйеге өте қажет.
6.Қызмет көрсету саласының мамандары.Адам баласы күннен-күнге көбеюде,елдердің жағдайы жақсаруда.Уақыт өткен сайын қызмет көрсету бойынша саланың жақсарғаны олар үшін ең басты нәрселердің бірі. 7.Логистер.Мемлекетті әлемдік нарықпен итеграция жасау да бұл мамандардың қажеттігі айқын көрінеді. 8.Экологтар.Қалалар үлкейіп,өндірістер көбейген соң әрине өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болуда. 9.Дәрігерлер.Адам өміріне араша түсер ақ халатты жандардың қажеті зор. 10.Химиктер.Әрине мұнай сарқылатын өндірісі көзі болғандықтан,болашақтағы химиктердің негізгі міндеті алтернативті өндіріс пен энергия көздерін табу.[8]
2.3 Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Отанның болашағы,мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы,өркенді ісі,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».Мамандық таңдау- ең маңызды шешімдерінің бірі.Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың жолы емес.Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.Психолог мамандардың айтуынша,кез келген жеке тұлға өз шұғалданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн.Мамандық таңдау - белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әр адам өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатынын тағы бар.Өз ісінің бүге-шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет... Сондай-ақ енді өзің тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.Міне,адамның мамандыққа,мамандықтың адамға сай болуы,қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті,осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек,өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.Мамандық таңдаудың екі әдіс- тәсілі бар [5] Бірінші әдіс - сынақ және қателік,адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады,бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын да сыйлайды. Бұған өмірінің жартысы кетуі мүмкін. Екінші әдіс - қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану,өзінің қызығушылығын,қабілетін,ойын,есте сақтауын,қабылдауын,жүйке жүйесінің калауын білу.Тағы да үшінші жол бар.Ол - өзіңнің, ата-анаңның,атаңның және бабаларыңның мамандығын таңдау.Мұндай жағдай егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады.Бірақ ең бастысы - адамның өз мамандығына деген қарым - қатынасы,өз ісіне деген сүйіспеншілігі туындамақ.Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ,мұның кез келгеніне икеміділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберді қажет ететін нәрсе». Мамандық таңдау - «тағдырыңды таңдау» деген сөз.Кейінгі өмірде өкінбейтіндей,өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қабілетіне бейіміділігіне,қалауына сүйену керек.Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып,жауап таба білу керек.Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екенін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн.Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: Маман иесі не істейді?Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді? деген сұрақтарға жауап табу керек.Кәсіби қызметтің нәтижесі кез келген жұмыстың негізі.Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетін туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді.Әрине,мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес,сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.Сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің. Бұл жұмыс маған не береді? Көпшілігі жоғары еңбекақы алғылары келеді.Шындығында,кейде ол жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды,өйткені адамға даму,жаңашылдыққа ұмтылу тән.Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса,соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп таба аласың.
2.4. Мен таңдаған мамандық
«Адам жанын түсіне білу, оны зеттей білу - үлкен өнер»
З.Фрейд
Мамандық түрлерімен мамандық таңдаудың жолдары туралы жан-жақты білгеннен кейін мен өз-өзіме «Мен кіммін? Мен қандай мамандық иесіне лайықпын?» деген сұрақтар қойдым. Бірінші мақсатым: болашақ мамандығымды таңдау үшін мамандыққа тән қасиеттерімді анықтап алу. Сол мақсатта жұлдызнама бойынша мамандық таңдаудың артық етпейтінін білдім.Менің жұлдызнамалық белгім-Сарышаян. Сарышаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығын ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші,мұғалім, акушер-дәрігер шаяндар- өз мамандығының шебері. Бұл белгіде туылғандардың бойында әртістік қабілет болады. Сондықтан олар ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі де ғажап емес. Бұдан әрі мектебіміздің психологы Исхужиева Балкүміс апайдан бойымдағы мінез-құлқыма тән мамандық таңдауда зерттеулер жүргізіп беруін сұрадым. Психолог апай бірінші -Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауғаарналған Психогеометриялық тест жүргіздіқосымшы[1]. Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі - 85% дәл келетінін айтты. Мен Бес таңбаның ішінен шаршыны №1деп белгіледім. Шаршы: Қайраткер,еңбекшіл форма. Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді. Жағымды жақтары - ұйымшыл, дәл, қатаң, тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті,ұсақ заттарға зейінділік, дәлелге жүгіну құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқор.[4]
«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау.қосымшы[2].Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгіле,әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз.Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығамыз. Жауап:Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасына сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз, сіз дәрігер, мұғалімдікке бейімсіз.[3]
Зерттеуімді әрі қарай жалғастырып сыныптастарым арасында «Мен қандай мамандық иесі бола аламын?» деген сауалнама жүргіздім.
Сауалнамадақосымшы[3].
Мағантәнмамандықтар:Дәрігер.Мұғалім (қазақ,орыс,ағылшын).Әнші.Экономист.
Сыныптастарымның көбісі мені ағылшын тілі пәні мұғалімі және әнші деген таңдау жасапты.Осындай нәтижелердің негізінде мен мұғалім болуды қаладым.Өйткені барлық сараптамалар қорытындысында менің мұғалім болуға ата-анам, сыныптастарым, психолог мамандары менің мінез-құлқым,бойымдағы қасиеттердің барлығы да осы мамандыққа сай келетінін дәлелдеді.Мен ағылшын тілі пәні мұғалімі боламын.Өйткені ағылшын тілі-әлем тілі. Бұл қазақты дүниеге танытатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Ана тілімен қоса, көп тілді біліп тұрып,өзге тілде жетік сөйлеу - мақтаныш. Бүгінгі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше.Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру, оны қолдана білу - ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп айтқан еді.Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртбесін іске асыру мәселесін маңызды етуде.Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз... Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор.Менің болашақ мамандығым үшін ағылшын тілін үйрену маңызды.Менің ағылшын тіліне деген қызығушылығымды ояткан ағылшын тілі пәнінінің мұғалімі Лаура апай.Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде сөйлесуді,қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды,грамматиканы сауатты қолдануды,дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретті.Әр оқушыға ерекше көңіл бөліп,білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес.Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер,бір жерде қалып қоймаңдар,жан-жақты болыңдар» - деп айтып отырады. Сонымен қатар ағылшын тілінің қыр - сырын ашып,кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйретуден жалықпаған аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдері, ұстазымыз - аға оқытушылар: Булекбаева Қанзиба, Мұхамбетқали Мерует, Оңғарбаева Гауһар апайлар. Осы апайлармен неліктен ағылшын тілі пәні мұғалімі болуды таңдады және еңбек жолындағы жеткен жетістіктері жөнінде ойларын білу мақсатында сұхбаттастым.Апайлардың сұхбатынан кейін жетістіктері туралы мынадай сызба жасадым.қосымшы[4]. Сондай-ақ соңғы екі жылда 11 сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы ойларын білу үшін сауалнама жүргіздім. «Өмірге жолдама» атты 11 сыныптар арасында соңғы екі жылда өткізілген оқушылардың сауалнама қорытындысы.қосымша[5]
Сауалнама
2013-2014оқу жылы
2014-2015оқу жылы
Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?
Дәрігер,малдәрігері,маркетинг
Дәрігер,мұғалім
Сен мамандықты кіммен кеңесіп таңдадың?
Ата - анаммен кеңесіп таңдадым.Өзімнің таңдауым.
Ата - анаммен кеңесіп таңдадым.Өзімнің таңдауым. Психологтың кеңесімен таңдадым.
Қазіргі таңда сұранысқа ие деп қандай мамандықтарды айта аласың?
Электроникажәне биотехнология саласының мамандары. Экологтар,
Медицина саласындағы
Заманауи
Құралдармен
Жұмыс
жасайтын
мамандар.
Химия саласының
мамандары.
Инженерлік
мамандықтар
Ауылдық жерлерге қандай маман иесі аса қажет?
ветеринарлық санитар, механизатор
мал дәрігері, дәрігер, мұғалімдер, агроном
Сен мамандықты қандай принцип бойынша таңдадың?
Қызығушылық;
Қаржы жағынан;
Қажеттілік;
Қажеттілік Қызығушылық;
Қаржы жағынан
Жоғары оқу орнын бітірген соң не істемек ойың бар?
Ауылға барып жұмысқа орналасамын
Магистратураға тапсырамын.Ауылғабарыпжұмысқаорналасамын.
Жалақыңқаншаболғанынқалайсың?
50 - 80 мыңтеңге
100 - 200 мыңтеңге
Зерттеу кезінде оқушылардың басым көпшілігі дәрігерлік және инженерлік мамандықтарды таңдаған.Сонымен қатар ауылға жұмысқа орналасу пункттерін белгілеген. Бұдан шығар қорытынды оқушылардың мамандық таңдауда өз мамандықтары мен ауылды көркейтуге үлес қосқылары келеді.Соңғы 5 жылдықта ағылшын тілі пәні мұғалімдігіне ешқандай оқушы оқуға түспеген.Бұл дегеніміз-осы мамандықтың модадан қалып бара жатқандығы ма? Ойланатын жайт.Сонда келешек ұрпақтың болашағы не болмақ.Осыдан 5 жыл бұрын Лаура апайдың ағылшын тілінен дайындаған оқушылары бүгінде бірі Атырау қаласының бір мектебінде,бірі осы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.қосымша[6]
Жұмысымды зерттеу барысында менЖамбыл ауылдық округінің жалпы мамандарындарының статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, мамандар санының мынадай деңгейде екені нақтыладым.
Мамандық таңдаудағы жұмысымды қорытындылай келе мен ағылшын тілінің маманы болуға ұйғардым. Осы тілді жете білсем, сол арқылы ұшан-теңіз ғылым, білім көкжиегіне қарай қанат қақсам, сол тіл арқылы білім қазыналарын ақтарсам деп армандадым.[1]
Қорытынды
«Мамандық» сөзінің астарында сенің өмірлік жолың, сенің таңдауың әрі болашағың жатырғанын естен шығармаған абзал.
«Өскенде кім болғың келеді?», - бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін сұрақтарының бірі. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Осы айтқандай бүгінде мамандық таңдаудан қателесіп, өмір айдынында өз орнын таба алмай жүрген қаншама жан бар. Осы орайда әрбір жас өзінің жүрек қалауымен, қазіргі маман талабына сай келетін сұранысқа ие мамандықты таңдаса өкінбесі анық.
Мен осы ғылыми жұмысымды жүргізе отырып, болашақта ағылшын тілі маманы болуды таңдап отырмын. Бұл тоқтамға келу үшін мен мамандықтың қай түрі болмасын оны зерттеп, болашақта менің болашағым бола алама деген сауал төңірегінде көп іздендім. Зерттей келе ағылшын тілінің аясы кең, жұмыс табуда оған орналасуға да көп мүмкіндік бар. Және де мен осы жұмысты жасай отырып еліміз дамыған сайын сан алуан мамандық түрлерінің пайда болып жатқанын аңғарып отырмын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді - мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», - деп баса айтқан болатын. Елімізді бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үш тұғырлы тілдің маңызы зор. Халқымыздың рухани дамуы жолында да көптілділіктің берері көп.
«Қазір - қай тілде экономикалық мүмкіндіктер көбірек ашылса, сол тілді терең үйренетін заман. Тіл арқылы жаңа технологияларды ойлап тауып, игіліктерін меңгеруге болады. Демек, бүгінде мемлекеттік тіліміз қазақ тілі мен оның әдебиеті аясынан шығып, басқа ғылымдармен байланысты дамитын кезеңге жетті. Мәселен, математика, химия, басқа да ғылымдардан ғылыми жұмыс қорғадыңыз делік. Жұмысыңызды әлем халқына таныстыру үшін орыс тілін, ағылшын тілін меңгеруіңіз керек. Сол себепті, үш тұғырлы тілдің қолдану аясын кеңейткеніміз дұрыс. Көп тілді білу арқылы жан-жақты жетістіктерге оңай қол жеткізе аламыз».
Міне, мен де жұмысымды қорытындылай отырып, болашақта өз саласының маманы әрі үш тілді жетік меңгерген маман болуды қалаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ағылшын тілі мектепте№2 2015 46-бет
2.Қызықты психология №9 2013 15 бет
3.Қызықты психология №9 2013 18 бет
4.Мектеп психологнің жұмыс кітабы 2008 63 бет
5.Мектептегі психология №4 2012 39-бет
6.Мектептегі психология №6 2013 35-бет
7.Сыныптан тыс жұмыстар№7 2010 57-бет
8.Интернет ресурстары
16