- Учителю
- Статья по иностранному языку на тему ' Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін уйретудегі ерекшеліктері'
Статья по иностранному языку на тему ' Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін уйретудегі ерекшеліктері'
Бастауыш сыныптарға ағылшын тілін уйретудегі ерекшеліктері.
«№28 жалпы білім беру орта мектебі»
КММ ағылшын пәні мұғалімі
Нығметова Анаргүл Ғалымжановна
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін меңгерту көп жағдайда қиындық тудырып жатады. Тілді меңгерту оқытушыға да, оқушыға да аса маңызды міндет жүктейтіні даусыз. Сабақ барысында ағылшынша сәлемдесу үлгісімен енсеңіз болғаны оқушылардың көпшілігінің жүзінен бірінен таңырқау, бірінен қымсына ұялушылық, енді бірінен түсінген сыңайды байқайсыз, енді бірі енжарлық танытады.Бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ жүргізу барысында мынадай әдісті пайдалану орынды. Оқушыларға «Мен» деген тақырыпты ұсынып, жеке адамның «меніне» қатысты барлық сөздердің ағылшын нұсқаларын беремін. Мысалы: I, family, work, pupil, mother, father, school, food, hobby. т.б.
Сонда оқушылардың тілді білу деңгейін бағалау оқытушының тарапынан көп тырысушылықты қажет етеді. Алғашқы танысу сабағы. Оқушылар бір бірімен ағылшын тілінде амандасып ,өз есімдерін ағылшын тілінде айтады.
-Hello
-Hi
-What is your name? -My name is …….
Жалпы бастауыш сыныптарға ағылшын тілінде сабақ жүргізу мұғалім үшін бірнеше қиындықтар кездеседі.себебі алғашқы мектеп табалдырығын аттаған оқушы өзге тілді көп мойындай бермейді. Егер мүмкін болса, «Тілашар» хабарынан түсірілген сәлемдесу үлгілерін теледидар бейнематериалы арқылы тыңдатсаңыз сабақтың сапасы да арта түсер еді. Бірінші танысу сабағының неғұрлым жеңіл болғаны жөн деп санаймын. Өйткені мектеп қабырғасына жаңа ғана келген оқушының психологиялық мінез ерекшеліктерін, мүмкіншіліктерін де ескермесе болмайды.Енді оқушылардың сөйлеуіне, сіздің айтқан сөйлеміңізді бірден ести отырып, тақтаға қатесіз айтуына баса көңіл бөлінеді. Сөйлем қысқа, мазмұнды болса тіптен жақсы.
Міне осылайша саты-сатымен оқушылардың тілді үйренуге, жетілдіруге деген ынта-ықыласын байқауға болады. Алғашқы танысу сабағында, үлкендермен, сыныптағы достарымен сәлемдесу үлгілерін, ерекшеліктерін беруге болады.
Оқытушы мен үйренуші арасында еш үзіліс болмауы қажет, ұдайы байланыс орнап отыруы керек Сабақты белгілі бір уақытқа бағындырып, нақты жоспармен өткізу, әрине керек. Тағы да атап айтқымыз келеді. Алғашқы сабақтың неғұрлым жеңіл, жатық болғанын жөн деп санаймын.
Жалпы сабақ өткізу барысында кездесетін басты қиындық-оқулық мәселесі. Білсеңіздер, ағылшын пәнінен сабақ жүргізетін мұғалімдер әр түрлі баспалардан шыққан кітаптармен оқытады. Бұл кітаптар әрине кызықты көптеген тапсырмалары мен әр түрлі шытырман әңгімелермен, үн таспаларымен,бірақ мектеп табалдырығын жана ғана аттап жатқан оқушылар үшін ең алдымен ағылшын әліппесінен басталатын кітап керек деп ойлаймын.
Бүгінгі заман-жаңа технология ғасыры. Оқушылардың компьютермен, интернетпен жұмыс жасауы оңай. Оқушылардың электронды тақта арқылы да тілді меңгерту аса қызықты. Дегенмен оқушыларға кеспелер тарату, көргендерін, ойын жеткізе білуге, тілін дамытуға қатысты суреттерді көрсетуді де назардан тыс қалдырмау керек.
Қорыта айтқанда, тілді үйренуші оқушылардың ағылшын тілін еркін меңгеріп шығуына басты қатысымды тұлға- өзіңіз екендігін ұмытпасаңыз болғаны. Әрине, оқушының жеке өзіндік ынтасын ескергенде. Оқушының ынта-ықылас жоқ болған жағдайда, тілді меңгерту қиынға соғады. Егер бірінші сабағыңыз сәтті өтсе, қалған сабақтарға еркін даярланасыз.