- Учителю
- Открытый урок на тему Трапеция
Открытый урок на тему Трапеция
Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың мақсаты: Трапецияны меңгерту және теориялық білімді қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
а) трапецияның ауданын табуға арналған формулаларды біледі. Пішіндерді сипаттай алады, анықтамасын біледі.
в) формуланы есептер шығаруда пайдаланады. әртүрлі пішіндердің айырмашылықтарын анықтайды.
с) есептер шығарудың жаңа жолдарын табады және шығару жолдарын дәлелдей алады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Керекті жабдықтар: постер, стикер, смайликтер, бағалау парағы, бағалау баспалдағы, маркер,магниттер,кеспе карточкалар,оқулық.Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу. /2 минут/
Топбасшысына бағалау парағын таратады.
/2 минут/
Қайталау сұрақтары: /5 минут/
Мұғаліммен амандасады.
Топтарға бөлінеді.
Топбасшысын сайлайды.
Әр топ мүшелері өздері тандаған фигураларының анықтамасын, қасиеттерін айтады
Топбасшысы топтағы жауап берген оқушыға 1 балл қояды.
Тұсау-кесер
1-тапсырма: Ой қозғау/7 минут/
Күнделікті өмірде кездесетін трапеция формалы заттарды көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Ойлануға түрткі сұрақтар: бұл суреттен не көрдіңіздер,
Геометрия сабағында суреттен көргендері бойынша өз ойларын жеткізді.
Негізгі бөлім
Мұғалім тақырыпты төрт топқа бөліп береді. 1,3 топ - трапецияға анықтама беру
элементтеріне анықтама.
2,4 топ - трапецияның түрлерін анықтау, қасиеттерін айту
«Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта «ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясын пайдаланып келесі тапсырмаларды орындаймыз.
1 топқа:
1. Теңбүйірлі трапецияның табандары 5 см мен 9 см, ал бүйір қабырғалары 3 см. Трапецияның периметрін тап.
2. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 68 және 71 градус. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.
2 топқа:
1. Теңбүйірлі трапецияның табандары 3 см мен 7 см, ал бүйір қабырғалары 4 см. Трапецияның периметрін тап.
2. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 80 және 60 градус. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.
3 топқа:
1. Теңбүйірлі трапецияның табандары 2 см мен 8 см, ал бүйір қабырғалары 9 см. Трапецияның периметрін тап.
2. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 55 және 43 градус. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.
4 топқа:
1. Теңбүйірлі трапецияның табандары 9 см мен 7 см, ал бүйір қабырғалары 5 см. Трапецияның периметрін тап.
2. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 75 және 35 градус. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.
Жеке жұмыс
Алдымен жеке оқушы өз бетімен мәтінмен танысады, әрбір топ оқып, өзара талдап, бір-біріне түсіндіреді. Әр топ трапеция туралы өз ойларын постер құру арқылы қорғайды.
Басбармақ арқылы топтар бір бірін бағалайды.
Топтар бір-бірінің алдындағы тапсырмаларды «Айнымалы бекет» әдісімен топтарда айнала отырып орындайды. Есептерді орындауға қойылатын критерийлер
Топ басшысының бағалау парағы:
Оқушылар жеке жұмыс орындайды, жауаптарын тақтадан тексереді.
Қорытынды
Үйге тапсырма
Бағалау парақтары беріледі
Рефлексия
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Оқушылар бағалау парағының толтыру ережесімен танысып, өзінөзі бағалайды.
Үйге тапсырма
№147, 151 /1 минут/
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.