7


  • Учителю
  • Презентация информатика пәнінен Калькулятор жады

Презентация информатика пәнінен Калькулятор жады

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cабақтың тақырыбы: Калькулятор жады.

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Калькулятор бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Калькулятор бағдарламасының көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру

2. Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

3. Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу, қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету, информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.

Сабақтың әдісі: Алгоритмдік әдіс.

Көрнекіліктер: Дербес компьютер, электрондық оқулық, Интерактивті тақта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.1. Оқушылармен амандасу.

1.2. Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу.

1.3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Есептеудің, оған пайдаланатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.

Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың санын жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.

Сөйтіп, есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулердің қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.

Қалта калькуляторы

Калькуляторды іске қосу:Бастау-Бағдарламалар-Стандартты--Калькулятор

Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін іске қосу жолдарын көрсету.

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік:

Бастау - Бағдарламалар Стандартты Калькулятор

Түр Инженерлік

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.

Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге орта мәндерді табуға, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды қолдануға болады.

Инженерлік калькулятордың статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларымен сендерді таныстырайын және әр батырмасына түсініктеме берейік. (слайд 11)

Статистикалық есептеулерге арналған диалог терезесі

Осы батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық орта мәнді т.с.с. есептеуге болады.

Мысал 1.

5 адамнан тұратын шағын бөлімнің қызметкерлерінің орта жалақысын есептейік:

1-ші қызметкердің жалақысы - 7500;

2-ші қызметкердің жалақысы - 6500;

3-ші қызметкердің жалақысы - 6000;

4-ші қызметкердің жалақысы - 4000;

5-ші қызметкердің жалақысы - 3500;

орта жалақыны есептеу үшін мына әрекеттерді орындау керек.

Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

1. Инженерлік калькуляторды ашыңдар.

2. Sta батырмасын басу керек.

3. Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппайтындай етіп тасымалдап, шетке шығарып қой.

4. Калькуляторға бірінші санды енгізіп, Dat батырмасын шертіп, берілген сан Статистика терезесінде пайда болады.

5. Dat батырмасын шертіп отырып, қалған төрт санды кезекпен калькуляторға енгіз.

6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын шерту керек.

Калькулятордың индикация өрісінде жалақының орта мәні 5500 теңге көрінеді.

Инженерлік калькулятордың функционалдық батырмаларымен таныстыру.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.

Hex (Hexadecimal) - он алтылық;

Dec (Decimal) - ондық;

Oct (Octal) - сегіздік;

Bin (Binary) - екілік.

Бұл санау жүйелерін біз 8-сыныпта қарастыратын боламыз.

Инженерлік калькулятордың қарапайым калькуляторлардан айырмашылығы - ауыстырғыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар.

Inv (инверсия) терезесінің көмегімен жалаушаларды қойып, батырмада көрсетілген функцияның кері мәнін есептеуге болады.

IІІ Практикалық тапсырмалар

Тапсырма №1.

1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына + белгісін қою керек? (6)

9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99

2) Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті санның арасына + белгісін қойыңдар. 1 2 3 4 5 6 7 = 100

Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.

ІV. Қорытынды: Есептер шығару. V. Үй тапсырмасы. тақырыпты оқу.

VI. Бағалау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал