7


  • Учителю
  • Открыйтый урок по информатике на казахском языке

Открыйтый урок по информатике на казахском языке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Pascal программалау тілінде сызықтық, тармақталу, циклдық алгоритмдерге есептер шығару


Кіріспе сөз

Барлықтарыңыз білесіздер, қазір әлемде сапалы да бәсекеге қабілетті интеллект өте жоғары бағаланатыны белгілі. Жоғары интеллектісі бар мемлекет бай мемлекет болып саналады.

Бүгінгі сабағымызда кімнің ақылы озық, ойы ұшқыр болса сол команда ережеге сәйкес біршама ұпай иеленіп, жеңімпаз атанады және командалық есепте мол ұпай табады. Жеңімпаз команда мектептің «АЛҒЫР БАҒДАРЛАМАШЫЛАР» атағымен марапатталады.

Олай болса, ақылдарыңыз мен шапшаңдықтарыңыздарыңызды көрсетіп, абыройлы жеңімпаз атанып, мемлекетіміздің интелектуалды бай, қуатты болуына үлес қоса берулеріңіге тілектеспін!


Бағалаушы компьютер әр кезеңде жинақталған қаржы рейтингісін шығарып отырады.


І бөлім. Алгоритм

СҰРАҚТАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНІП БЕРІЛЕДІ

(әр жауапқа - 1 ұпай беріледі. 4 минут)


1. Алгоритм дегеніміз...

2. Алгоритм қасиеттері

3. Алгоритмнің жазу жолдары

4. Алгоритмнің графикалық түрде кескінделуі

5. Алгоритмдік тіл дегеніміз...

6. Програмалау тілі деп...

7. Трансляторлар дегеніміз...

8. Интерпретатор дегеніміз...

9. Компилятор дегеніміз...

10. Ассемблер дегеніміз...

11. Меншіктеу дегеніміз не?

12. Жай командаларға нелер жатады?

13. Құрама командаларға нелер жатады?

14. Сызықтық алгоритм дегеніміз...

15. Тармақталу алгоритмі дегеніміз...

16. Циклдық алгоритм дегеніміз...


ІІ бөлім. Есеп шығару кезеңдері

БІР СҰРАҚ ҮШ ТОПҚА БІРДЕЙ БЕРІЛЕДІ

(Теориялық сұрақ. Жауапқа - 7 ұпай беріледі. 1 минут)


Компьютерде есеп шығару қанша кезеңнен тұрады?


ІІІ бөлім. Pascal тілінің алфавиті

БІР СҰРАҚ ҮШ ТОПҚА БІРДЕЙ БЕРІЛЕДІ

(Теориялық сұрақ. Жауапқа - 5 ұпай беріледі. 1 минут)


Pascal тілінің алфавитін құрайтын негізгі топтарды ата

ІҮ бөлім. Мәліметтер типі

ҰЯШЫҚТАРҒА ЖАУАП ЕНГІЗУ

(Практикалық жұмыс. Әр ұяшықтағы дұрыс жауапқа

1 ұпайдан - барлығы 5 ұпай беріледі. 1 минут)


Бүтін тип - Integer

Нақты тип - Real

Логикалық - Boolean

Тіркестік - String

Мәтіндік - Text


Ү бөлім

СТАНДАРТТЫ ФУНКЦИЯЛАР

(Теориялық сұрақтар. Стандартты функциялардың

негізгі 3 түріне 20 ұпай беріледі. 3 минут)


Арифметикалық функциялары (11 ұпай)

Abs(x)

Arctg(x)

Cos(x)

Sin(x)

Exp(x)

Frac(x)

Int(x)

Ln(x)

-pi=3.14

Sqr(x)

Sqrt(x)


Типтерді өзгерту функциялары (9 ұпай)

Chr(x)- х санын кодын символға аударады

High(x)- шаманың максималды мәнін береді

Low(x)- шаманың минималды мәнін береді

Ord(x)-шаманы бүтін типке аудару

Round(x)-нақты санды бүтінге дөңгелектейді

Trunc(x)-нақты санның бүтін бөлігін алады


Реттелген типтегі шамаларға қолданылатын функциялар (3 ұпай)

Odd(x)-тақ санға жататындығын тексеру

Pred(x)-алдыңғы элементті табу

Succ(x)-кейінгі элементті табу


ҮІ бөлім

ӨРНЕКТЕРДІ ПАСКАЛЬ ЕРЕЖЕСІ БОЙЫНША ЖАЗУ

(Практикалық жұмыс. Өрнектерді жазу. 2 минут)


A)


Ә)


Б) 999,87*10-5*


ҮІІ бөлім

СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМДЕРГЕ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

(Прктикалық жұмыс. 5 минут)

І топ

Азия ойындарының ашылу салтанатына N жанкүйер қатысты. Оның ішінде, Араб мемлекетінен - 1150 жанкүйер, Филипин мемлекетінен - 2420 жанкүйер, Қытай мемлекетінен - 5660 жанкүйер қатысты. Басқа мемлекеттен қатысқан жанкүйерлер саны қанша және әр мемлекеттен келген жанкүйерлер барлық жанкүйердің қанша пайызын құрайды?


ІІ топ

І КЕЗЕҢ - сұрақтарға жауап

Барлығы 28 сұрақ беріледі. Сұраққа жауап бере алмаған топтың сұрақтарына екінші топ жауап беруіне мүмкіндік алады және әр жауабына тиісті ұпайын алады. Жауаптар нақты әрі толық болу тиіс. Әр сұрақ тиісті ұпай санымен бағаланады.


  1. Программалау тілі анықтамасы

  2. Паскаль программалау тілінің алфавиті

  3. Идентификатор ұғымы. Тақырыпты жариялауда қандай ерекшеліктер бар?

  4. Айнымалы ұғымы. Тұрақты ұғымы. Олардың айырмашылығы.

  5. Типтер ұғымы. Типтерді анықтаудағы ерекшеліктерді атап көрсету.

  6. Операторлар ұғымы. Қолданыстағы операторлар. Олардың қызметі.

  7. Паскаль тілінің интерфейсіне қысқаша сипаттама. Жұмыс терезесінде нелер орналасқан? Жұмыс файлдарында арасында ауысып отыру.

  8. Жаңа файл құру. Сақтау. Сақталған файлдарды қайта ашу.

  9. Программаны орындау. Нәтижені көру.

  10. Программаның құрылымы. Толық жағдайда және толық емес жағдайда қанша бөліктен тұрады?

  11. Программа тақырыбы қандай сөзден басталады.

  12. Сипаттау бөлімі қандай сөзден басталады, онда нелер орналасады және қандай сөзбен басталады?

  13. Тұрақтылар бөлімінде нелер орналасады. Тұрақтылар қалай беріледі?

  14. Негізгі бөлім дегеніміз не? Басқаша ол қалай аталады? Ол қандай сөзбен басталады және ол жерде қандай әрекеттер орындалады?

  15. Программа соңы немен аяқталады?

  16. Әр жолдың соңында қандай белгі болуы тиіс және ол белгі қандай жағдайларда қойылмайды?

  17. Қателерді іздеудегі ерекшелікті атап көрсетіңіз.

  18. DIV және MOD операторларының қызметі.

  19. CRT модулін пайдаланбаған жағдайда бағдарламаның нәтиже көру терезесінің бірінші жолында нені көреміз?

  20. Паскаль бағдарламасында соңғы әрекетті қайтару үшін қандай команданы пайдаланамыз?

  21. Келесі бағдарлама орындалғанда әкраннан қандай нәтиже көруімізге болады?

  22. Бағдарламаны трансляциялау, яғни орындау үшін орындалатын команданы атаңыз.

  23. Бағдарламаны трансляциялағаннан кейін оның нәтижесін көру күшін қандай команданы орындаймыз?

  24. Келесі бағдарлама орындалғанда әкраннан қандай нәтиже көруімізге болады?

Program fff;

uses crt;

var

s,ddd : integer;

begin

clrscr;

writeln('2sfn engiz');

Readln(s);

writeln(s);

end.

  1. Келесі үзіндіде қандай алгоритм орындалып отыр: If x>0 then y := sqr(x);

  2. Мына жолда қандай алгоритм командасы орындалады: s := 0; s := s+I; writeln ('s mani =', s);

  3. Көрсетіліп отырған үзінді нені білдіреді: s := 0; for I := 1 to 10 do begin s := s+I;


ІІ КЕЗЕҢ - есептер шығару


Сызықтық алгоритмдерге есеп шығару.

1 есеп

Әр сәрсенбі сайын 8 сыныптарға информатика пәні болады. 8 сыныптар бойынша информатика сабағына қатысқан оқушылар саны - 112 оқушы.

Информатика сабағында сабаққа белсенді қатысып, үздік баға алған оқушылар саны - 28, жақсы баға алған оқушылар саны - 43, қанағаттанарлық баға алған оқушылар саны белгісіз болып шықты. Қанағаттанарлық баға алған оқушыларды N деп есептеп, бестік, төрттік және үштік баға алған оқушылар барлық оқушылардың қанша пайызын құрайтынын және қанша оқушы бағаланбағанын анықтап, программасын құрыңыз.


2 есеп

13 қаңтар күні Тараз қаласына Азия ойындарының алауы жеткізіліп, салтанатты Алау эстафетасы Төле би көшесі арқылы өткені белгілі. Осы шараға байланысты Төле би көшесі белгілі бір сағаттарда көлік жүргізушілерге уақытша жабылып, жүру тоқтатылды.

12 мөлтекауданынан орталық Достық алаңына дейін Төле би көшесі арқылы 4 км жолды 4 минутта жүруді әдетке айналдырған жүргізушілер айналып өтуге мәжбүр болды. Егер автобус жүргізушілері айналма жолдарды пайдаланып, жүретін болса, қанша км жолды қанша уақытта жүрер еді және айналма жолға қанша уақыт кеткендігін, сондай ақ тіке жолмен салыстырғандағы айырмашылығын есептеңіз.

Айналма жолдың ұзындығын пернетақтадан енгізіңіз. 1 км - ді 1 минутта жүреді деп есептеп, программасын құрыңыз.


Тармақталу алгоритмдерге есеп шығару.

1 есеп




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал