- Учителю
- Презентация по казахскому языку на тему 'Программалаудың даму тарихы. '
Презентация по казахскому языку на тему 'Программалаудың даму тарихы. '
№ 4 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Программалаудың даму тарихы.
Мақсат:
Білім
• Компьютердің жұмыс жасау тілін анықтайды.
• Екілік санау жүйесін есіне түсіреді.
• Әр алуан программалау тілдерінің шығу мақсатын тұжырымдайды.
Түсінік
• Программалау тілдерінің арасындағы басты айырмашылықтарды айырып таниды. Машина тілі ұғымының түсіндірмесін береді.
Қолданыс
• Әр түрлі программалау тілдерінің арасындағы байланысын анықтайды. Алгоритмдық тілдердің сырын ашып біледі.
Анализ
• Программалау тілдерінің шығу уақыттарын бөлшектеп қарастырады.
Синтез
• Программалау тілдерін басымдылығына байланысты категорияларға бөледі.
• Алгоритмдік программалау тілдерін қайта қарайды.
Баға
• Программалау тілдерінің шығу мақсаттарын ерекшелейді.
• Алгоритмдік программалау тілдерін қарсы қойып салыстырады.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Фронтальді, топтық.
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Assembler, Pascal, C, машина тілі, алгоритм, микропроцессор, микропрограмма, перфокарта, перфолента, компилятор.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
Ақпарат көздері:
1. К. Нейгел, "C# 2008 и платформа .NET 3.5 для профессионалов", 2009.
2. B. D. Shriver. Software paradigms. IEEE Software, 3(1):2, January 1986.
3.Н. Вирт. Алгоритмы и структуры данных. М.:Мир, 1989.
Үй тапсырмасы:
• Алгоритм ұғымын анықтау. Алгоритм не мақсатпен қолданылады, қарастыру.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Машина тілі
2. Алгоритмдік тілдер
3. Тілдердің шығу кезеңдері
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд Сабақтың мақсаты
3-слайд Тақырып жоспары
4-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
Машина тілдері (1940-шы жылдар)
-
Машина коды - есептеуіш машинасының нақты әмірлерінің тәртібі арқасында жасалатын жүйе.
-
Машина коды тікелей сол машинаның микропроцессорлары немесе микропрограммалары арқылы аударылады.
-
Әр нұсқау қарапайым басты ортақ процессордың әрекеті ретінде келеді.
-
Ақпараттың басты тасымалдаушылары - перфокарталар және перфоленталар.
5-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
-
Ассемблер тілдері (машиналы - бағдарлы тілдер, 1950-ші жылдар)
-
Ассемблер тілдері машина бұйрықтарын мнемоникалық кодтау және физикалық адрестердің орнына символдық таңбалар қолдану арқылы әрекет етеді.
-
Ассемблер - мнемоникалық нұсқауларды машина кодына түрлендіретін компьютерлік программа.
6-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
FORTRAN (FORmulaTRANslator, 1954-1957 жж., IBM корпорациясы)
-
Алғашқы жоғары деңгейлік алгоритмдік программалау тілі
-
Бастапқы код машина кодына арнайы программа арқылы аударылады - компилятор арқылы.
-
Компиляторлары: VS Fortran, XL Fortran (IBM), Digital Visual Fortran (DVF, DEC), Microsoft Visual Studio (FPS), Lahey, Watcom, Intel Fortran Compiler, Sun Studio Fortran Compiler, GNU (g77, g95).
7-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
-
COBOL (COmmon Business Oriented Language, 1959 ж.)
-
Жасаушысы: ГрейсХоппер (Grace Hopper , 1906-1992)
-
Біріншеден, бизнес-қосымшалар әзірлеуге арналған программалау тілі.
-
Бұл тілді шығарушылардың басты мақсаттарыныңбірі - құрылымын ағылшын тіліне жақын қылу.
-
Тілдің ерекшелігі-ауқымды файлдар және деректер мәліметімен тиімді жұмыс жасай алуы.
-
8-слайд COBOL (COmmon Business Oriented Language, 1959 ж.)
$ SET SOURCEFORMAT"FREE"
IDENTIFICATION DIVISION.
PROGRAM-ID. Multiplier.
AUTHOR. Michael Coughlan.
* Example program using ACCEPT, DISPLAY and MULTIPLY to
* get two single digit numbers from the user and multiply them together
DATA DIVISION.
WORKING-STORAGE SECTION.
01 Num1 PIC 9 VALUE ZEROS.
02 Num2 PIC 9 VALUE ZEROS.
03 Num3 PIC 99 VALUE ZEROS.
PROCEDURE DIVISION.
DISPLAY "Enter first number (1 digit) : " WITH NO ADVANCING.
ACCEPT Num1.
DISPLAY "Enter first number (1 digit) : " WITH NO ADVANCING.
ACCEPT Num2.
DISPLAY "Enter first number (1 digit) : " WITH NO ADVANCING.
MULTIPLY Num1 BY Num2 GIVING Result.
DISPLAY "Result is = ", Result.
STOP RUN.
Программа кодының мысалы:
9-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
-
ALGOL (ALGOrithmic Language, 1958-60 жж.)
-
ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина)-де математикалық есептеулер жасайтын программалар жазуға арналған тілдердің бірі.
-
Тіл стандарттары енгізу-шығару әдістерін толықтай ескермеген. Бұл мәселені әр қолданушы өз қажеттілігіне байланысты шешуі тиіс.
-
Орындау: ALGOL-58, ALGOL-60, ALGOL-68.
Дамуы - PL/I (Programming Language I).
10-слайд ALGOL (ALGOrithmic Language, 1958-60 жж.)
11-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
BASIC (Beginner's All-purpose Symbolic Instruction Code, 1963 ж.)
-
Бастушыларға арналған көп мақсатты символдық инструкциялардан құралған тіл
-
Синтаксис жүйесі Fortran жүйесіне ұқсас және көп элементтері содан алынған
-
Дамуы: Microsoft Visual Basic-программалауды қамсыздандыруды өңдеу құралы
-
Графикалық интерфеисті Windows-қосымшаларын жасауға жаратылған
12-слайд BASIC (Beginner's All-purpose Symbolic Instruction Code, 1963 ж.)
Программа кодының мысалы:
1 REDEFINE 33,255,255,255,255,255,255,255,255
10 COLOR 1,0
20 CLS
30 C=0
40 FOR X = 1 TO 16
50 FOR Y = 1 TO 16
60 COLOR C,0
70 C=C+1
80 PRINT "!";
90 NEXT Y
100 PRINT " ";
110 NEXT X
[code]
13-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
Pascal (1970 ж.)
-
Ортақ мақсатты жоғары-деңгейлі программалау тілі
-
Тілдің ерекшеліктері: процедуралық, структуралық әдістерге негізделген(if, then, else, while, for…)
-
Іске асыру компиляторлары: Turbo Pascal, Borland Pascal, GNU Pascal, TMT Pascal, Free Pascal.
-
Объектілі кеңейтілу өрісі: Object Pascal, Delphi.
-
Дамуы: Modula-2 и Oberon.
14-слайд Pascal (1970 ж.)
Program Lesson1_Program3;
Var
Num1, Num2, Sum : Integer;
Begin {no semicolon}
Write('Input number 1:');
Readln(Num1);
Writeln('Input number 2:');
Readln(Num2);
Sum := Num1 + Num2; {addition}
Writeln(Sum);
Readln;
End.
15-слайд Программалаудың дамуының қысқаша тарихы
-
C (1972 ж.)
-
Ортақ мақсатты стандартты процедуралық программалау тілі
-
UNIXоперацондық системасында да қолданыла алады
-
Компиляторлары:Borland C++, Intel C/C++ compiler, Microsoft Visual Studio,
C++ Builder, GNU Compiler
Collection, Open Watcom,
Sun Studio.
-
16-слайд Программалау тілдерінің шығу кезеңдері
іі. алғашқы бекіту
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Машина тілі
Алгоритмдік тілдер
Тілдердің шығу кезеңдері
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
-
Машина коды дегеніміз не? Машина коды - есептеуіш машинасының нақты әмірлерінің тәртібі арқасында жасалатын жүйе
-
Машина тілінде нұсқау қандай амал ретінде келеді?
Басты ортақ процессор ретінде келеді
-
Мнемоникалық кодтау және физикалық адрестердің орнына символдық таңбалар қолдану арқылы әрекет ететін тіл.
Ассемблер тілдері
-
Компилятор арқылы жұмыс атқаратын қандай программалау тілдерін білесің?
VS Fortran, XL Fortran (IBM), Digital Visual Fortran (DVF, DEC), Microsoft Visual Studio (FPS), Lahey, Watcom, Intel Fortran Compiler, Sun Studio Fortran Compiler, GNU (g77, g95).
-
Программалау тілдерінің құрылымы не себептен ағылшын тілінде жасалады?
Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан оны күллі әлем программалаушылары қолдана алады.
-
ЭЕМ дегеніміз не?
Электрондық есептеуіш машина
-
Жоғары деңгейлік алгоритмдік программалау тілдерін ата.
FORTRAN т.б.
ІІ деңгей тапсырмалары
-
С программалау тілінің басқа тілдерден басты айырмашылығы неде?
-
Қазіргі заманды программалаусыз елестете аласың ба? Неліктен?
ІІІ деңгей тапсырмалары
-
Калькуляторды алгоритмдік программалау тілімен жасалған деп қарастыруға болады ма? Неліктен?
іV. шығармашылық әрекет
Топтық жұмыс.
1-топ: Алгоритмдік емес программалау тілдеріне мысал келтеріңдер. Бұл тілдерді не себептен алгоритмдік емес деп қарастырдыңдар?
2-топ: Алгоритмдік программалау тілдеріне мысал келтеріңдер. Бұл тілдерді не себептен алгоритмдік деп қарастырдыңдар?
V. бағамдау-бағалау
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________