- Учителю
- Информатика пәнінен сабақ жоспары (8 сынып)
Информатика пәнінен сабақ жоспары (8 сынып)
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«15» қыркүйек 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8а
Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері.
Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын
пайдалануды есепке алу журналы.
Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру
ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
-
компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
-
қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
-
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
-
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
-
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
-
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
-
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
-
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
-
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
-
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
-
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
-
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
-
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
-
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
-
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
-
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
-
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
-
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
-
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
-
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
-
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
-
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
-
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
-
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
-
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
-
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
-
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
-
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
-
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
-
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе - қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
-
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«11» қыркүйек 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Информатиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, топтамалар, т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:
-
Ақпараттар теориясы ;
-
Кибернетика;
-
Жасанды интеллект;
-
Программалау;
-
Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.
Үйге тапсырма: Информатиканың негізгі түсініктері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«18» қыркүйек 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың санау жүйелері, ондық , екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сандардың тарихы және санау жүйелері.
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.
Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері - сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.
Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны - римдік санау жүйесі.
Позициялық санау жүйелері
Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі - 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі - 16.
Позициялық санау жүйелері
Санау жүйесі
негізі
Цифр алфавиті
ондық
10
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік
2
0,1
Сегіздік
8
0,1,2,3,4,5,6,7
Он алтылық
16
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)
Ондық санау жүйесі
Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.
Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.
777= 7*102+7*101+7*100
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Екілік санау жүйесі
Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Сегіздік санау жүйесі
Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.
Оналтылық санау жүйесі
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F
Үйге тапсырма беру: Сандардың тарихы және санау жүйелері.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«02» қазан 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы түсінік қалыптастыру;
Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.
Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы -берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Үйге тапсырма беру: Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«09» қазан 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту,
бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа материалдың мазмұны:
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу
0+0=0
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.
Мысалы:
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
-
Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
-
Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.
-
Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
-
Нәтижеде
101
+
011
-
алдық. Сонымен, 10002=810
Қосу - екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция - азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.
Азайту
0-0=0
1-0=1
0-1=1
1-1=0
Мысалы :
101
-
101
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1Көбейту
Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5
*
110 1102= 1*22+1*21+0*20=6
000
111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010
Яғни 5*6=30
Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу -ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Үйге тапсырма: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«16» қазан 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Логиканың негізгі түсініктері.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика - кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.
Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,
«Қара -ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген -жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.
Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.
Үйге тапсырма: Логиканың негізгі түсініктері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«23» қазан 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Логикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Логикалық амалдар.
Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.
Коньюнкция:
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.
Коньюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.
Дизьюнкция:
-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.
Дизьюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.
Инверсия:
-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.
-пікіпрлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.
Теріске шығару - ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Үйге тапсырма: Логикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«30» қазан 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді
жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз 7 -сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз - ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер - кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:
-
Жүйелік блок;
-
Монитор
-
клавиатура
Тасымал компьютерлер - жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер - батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер - оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Компьютердің маңызды элементтерінің бірі - монитор. (дисплей) .
Монитор - компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бюейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер - компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны - матрицалық, ең жылдамы және сапалысы -лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета - ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт -дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW - алтын түсті ( R - жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.
Флеш-жады - бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады.
Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады .
Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«13» қараша 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.Магистраль
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің
құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?
Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.
Дербес компьютерлердің архитектурасы -бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.
Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.
Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.
Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.
Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.
Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.
Үйге тапсырма: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Магистраль
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«20» қараша 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе дегеніміз не және топтамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі -операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
-
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
-
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Операциялық жүйелер топтамасы
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы қолданылады. Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.
Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:
-
біртапсырмалы
-
көптапсырмалы
Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі.
-
Бірпайдаланушы
-
көппайдаланушы
Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық интерфейсі бар.
Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.
Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.
Windows -графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.
IV. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе дегеніміз не және топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«27» қараша 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелерді баптау
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
-
Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
-
негізгі менюді баптау;
-
басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.
Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.
Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау - Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.
Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
-
Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;
-
Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) - тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда болады;
-
Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) - негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;
-
Сағатты бейнелеу (Отображать часы) - Тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады;
-
Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) - менюді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.
Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
IV. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«04» желтоқсан 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумаларды іздеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Файлдар мен бумалар
Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе Табу (Найти) командалары келеді.
Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.
Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет.
-
Жіберу батырмасына шертіңіз
-
Табу пунктін таңдаңыз
-
Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз
-
Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз
-
Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;
-
Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады.
-
Табу батырмасына шертіңіз.
IV. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: Файлдар мен бумаларды іздеу
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«11» желтоқсан 20 14ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық
Жүктейтін (загрузочный)
Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«18» желтоқсан 20 14ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивтеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Файлдарды архивтеу
Резервтік (Қорда сақталатын) көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватордеп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар -архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет.
Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып -түю, сығу), ал файлды архивтен алу- архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.
Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік және графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс-жүзінде архивтер файлы сығылмайды.
Кейбір архиваторлар архивтегі файлдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін архиватор-программаны қажет етпейтінімен өзгешеленетін, архивтерден арнайы программасыз өзі шығаратын архивтерді құра алады.
Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебаптығы және сенімділігі басшылыққа алынады, бірақ, әрине, оның негізгі параметрлерін - сығу сапасы және жылдамдығын ұмытпаған жөн.
Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден-бір кеңінен тараған әйгілі құралына, орыс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.
WinRar RAR және ZIP архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді ( SFX, ағылшын тілінде Self-extracting) құрады және т.с.с.
Көптомдық архивтер -бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.
Windows үшін WinZip программасы архивтік файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең тараған архиватор болып табылады.
Үйге тапсырма беру: Файлдарды архивтеу
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«25» желтоқсан 2014ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік-Оқушылардың МӘТІНДІК,ДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ.МӘТІНДІК және ГРАФИКАЛЫҚАҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар,түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Тәрбиелік-Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық-Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер.оқулық,практикум,тақта.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.
Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді.Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін.Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.
Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады.Компютерге мәтіндік символды енгізгенде,мысалы, «А» пернесін басқанда,жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі.Символды экранға шыаранда кері кодтау(декодталу)жүргізіледі,яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.
Дыбыс өз табиғатында ауа тербелмелі болып табылатын үздіксіз сигнал.
Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек.Бұл мына жолмен жасалады:микрофонның көмегімен дыбыс электорон тобының тербелісіне айналады.Бірдей,өз уақыт аралығы(0,00002с ) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз.Жоғарырақ мәнін-бірлік,төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине,бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады.Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз,оны компьютерге енгізуге,сақтауға және өңдеуге болады.
Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүред,екілік кодтар жиыны электр импультеріне айналдырылады да,динамика арқылы өткізіледі,сонда біз дыбысты естиміз.
Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар,яғни компьютер мәтінді «оқи алады».
Адамның сөзін қарапайым дыбыстар(фонемалалар)тізбегі және оларды ң арасындағы паузалар(үзілістер)түріеде ұсынуға болады.Мысалы,қазақ тілінде-орым тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.
Графикалық ақпарат туралы түсінік.
Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320;тігінен-200 нүкте)болады.
Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.
Мысалы,егер еомпьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).
Компьютерлік кескіндер.
Векторлық
Растрлық
Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.
Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.
Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.
Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.
Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге,әдемілей түсуне,яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады;нүктелерді,қажет болмаған жағдайда ішінра алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.
Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу)өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны.Мысылы,кескінді үлкейткенде,оның көрінісі дөрекіленіп кетсе,ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді(нүктелерді жоғалтқандықтан)
Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын,соғұрлым үлкен болады.)
Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу.Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика.Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады.Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма,рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады.Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.
Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын,статистикалық мәліметтерді-міне,осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма )жасалады.
Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.
Үйге тапсырма беру. Компьютерлік графика.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«15» қаңтар 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.
Графикалық редактор - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады.
Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған.
Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, CorelPhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.
Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;
кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;
сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;
ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;
мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;
алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.
Кәсіби растрлық редактор (мысалы, Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.
Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Iuustrator және басқаларын жатқызуға болады.
Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:
обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;
обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;
графикалық эффектілер көп;
мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;
алынған кескіндерді сақтау.
Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет салу құралын (фломастерлер, қылқалам, қарындаш және т.б.) таңдайсыз.
Графикалық редакторлар да графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал -саймандар тақтасына біріктіреді.
Paint, Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.
Обьектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.) салуға қажетті құрал саймандар бар. Құрал-саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез келген жеріне салуға болады.
Үйге тапсырма беру Графикалық редакторлар
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«22» қаңтар 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word -пен танысу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;
2.Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Microsoft WORD -пен танысу
MS WORD -бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.
MS WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
құжаттарды құру және теру;
қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
іскер хаттарды, келісім -шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
математикалық формулаларды енгізу күрделі;
растрлық графикаларға арналмаған
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS WORD командаларын орындау арқылы;
Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;
Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.
ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;
Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows -дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).
Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.
Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.
Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб -құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.
Әдеттегі - амалдарды орындауға өте ыңғайлы;
Веб-құжат - құжатты Веб -құжат түрінде бейнелеу;
Беттерді белгілеу - құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;
Құрылым - құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.
Қалып - күй жолы. Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.
Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.
Тақтаны экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында ٧ таңбасы тұрады.
Құжаттармен жасалатын жұмыс.
Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.
Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .
Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.
Құжатты сақтау.
Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.
Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтік терезесі пайда болады.
Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.
Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.
Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.
Үйге тапсырма беру. Microsoft Word -пен танысу
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«29» қаңтар 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word -қа мәтін енгізу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті, кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға курсорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорынан басқа І латын әрпін еске түсіретін тышқан сілтемесі көрінеді. Оның тұрған орны тышқан қозғалған сайын өзгеріп отырады.
Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.
Назар аударыңыз, Word -та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернесі қолданылады.
Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды
Delete - курсордың оң жағындағы символды жояды
Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты 7.2.-кестені пайдалануға болады.
Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:
- курсорды ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;
- бірдей уақытта Shift және курсорды жылжыту батырмасын басыңыз.
Фрагменттерді ерекшелеу
Фрагмент
Орындалатын әрекеттер
Символ, сөз, мәтін жолы
Тышқан сілтемесін ерекшеленетін обьектінің басына орнатыңыз және оның сол жақ батырмасын баса отырып, ерекшеленген обьектінің соңына дейін жылжытыңыз.
Сөз
Тышқан сілтемесін сөздің үстіне орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.
Абзац
Курсорды абзацтың кез келген жеріне орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шертіңіз
Жол
Тышқанның сол жақ батырмасын мәтін жолынан бастап сөздер өрісінде бір рет шертіңіз
Обьект (сурет, формула, диаграмма)
Курсорды обьектіге орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертіңіз.
Фрагменттің ерекшеленуін жою үшін терезенің жұмыс аймағының кез келген жерін тышқанмен шертіңіз.
Мәтінді енгізудің арнайы құралдары
Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары. Егер сіз құжатпен жұмыс істеу барысында қате жіберсеңіз немесе соңғы амалды өзгерткіңіз келсе, онда Түзету (Правка) менюінен Болдырмау (Отменить) командасын таңдаңыз.
Соңғы өзгертілген амалды қайтару үшін Түзету (правка ) менюінен Қайталау (Повторить) командасын таңдау немесе осы батырманың жанындағы нұсқамасына шерту қажет.
Емле ережесін тексеру.
Орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдарға ие. Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін:
мәтіннің басына көшу өажет
Сервис - Емле ережесі (правописание) командалары таңдалады, сол кезде экранда диалогтік терезе шығады.
Диалог терезсінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде, сіздерге ұсынылған варианттардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңізді енгізіп Алмастыру (Заменить) батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін , онда Өткізіп жіберу (Пропустить) батырмасын басасыз.
Үйге тапсырма беру. Microsoft Word -қа мәтін енгізу
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«05» ақпан 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты редакциялау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіндік құжатты редакциялау
Мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Редакциялау - құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.
1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;
2. 1) Орын ауыстыру үшін : Түзету -Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.
2) көшіру үшін: Түзету - Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.
3. курсорды керек (бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;
4. Түзету - Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.
1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;
2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;
3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.
4) тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз.
Мәтіндік құжатты форматтау
Мәтінді форматтау - құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.
Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.
Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
әр түрлі қаріптерді пайдалану;
құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
мәтінді бағандарға бөлу;
символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Қаріп параметрлерін өзгерту
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.
Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.
Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier және т.б.)
Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:
Обычный - қалыпты сызылым;
Курсив - курсив сызылымы
Полужирный - жартылай қарайтылған курсив сызылым
Полужирный курсив - жартылай қарайтылған курсив сызылым
Өлшем (Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.
Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде - «асты сызылған» сызықтарының типтері;
Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген
Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:
Астын сызу (зачеркнутый) - асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.
Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды
Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді
Төменгі индекс (нижний индекс) - мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді
Интервал (Аралық) - арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;
Үйге тапсырма беру: Мәтіндік құжатты редакциялау
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«12» ақпан 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты және мәтін абзацын форматтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, электр оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С.И.Ожеговтың сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін.
Абзац MS Word -та Enter пернесінің басылуымен аяқталады.
Абзац параметрлерін қою үшін Формат менюіндегі Абзац командасы қолданылады. Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады. Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек.
Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады:
-
По левому краю - абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау,
-
По центру - абзацты беттің ортасы бойынша туралау;
-
По правому краю - абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау;
-
По ширине - абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;
Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады.
Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген:
-
Нет -шегініс қойылмаған;
-
Отступ - қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі;
-
Выступ - теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі.
-
Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады.
-
Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді:
-
Одинарный - қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал;
-
Полуторный - стандарттан 1,5 есе үлкен интервал;
-
Двойной - стандарттан 2 есе үлкен интервал
-
Минимум - мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал.
-
Точно - Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал.
-
Множитель - Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал.
Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац диалогтік терезесінде орындалады.
Үйге тапсырма беру: Мәтіндік құжатты және мәтін абзацын форматтау
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«19» ақпан 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар мен құжат беттерін рәсімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, электр оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат беттерін рәсімдеу
Бетті белгілеу. Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою керек. Ол үшін Файл-Беттің параметрлері (Файл - Параметры страницы) командасы таңдалынады.
Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады. Жоғарғы, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері.
Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген.
Таңдалған өрістер дұрыс болса, Ок батырмасы шертіледі.
Құжат бетінің өлшемдерін таңдауға, Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі өрісі орналасқан. Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) өрісінде беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.
Бағдарлау (ориентация) рамкасында қағаз бетінің кітаптық (вертикаль) немесе альбомдық (горизонталь) түрі қолданылады.
Беттерді бөлу. Microsoft Word мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бірақ кейбір жағдайда құжаттың белгілі бір бөліктерін жаңа беттен басып шығаруға тура келеді.
Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Қою менюіндегі Беттің нөмірлері (Номера страниц) командасын шақыру керек
Орналасу (Положение) өрісінде беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен), ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса нөмір қойылмайды) өрісінде - бет нөмірлерін бет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң т.с.с) таңдаңыз.
Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул - құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет. Әдетте, колонтитулға беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары жазылады.
Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«26» ақпан 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кестелерді жасау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кестелерді жасау әдістері. «Кесте» түсінігімен сіз төменгі сыныптан таныссыз. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.
Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар.
1-әдіс.
Бос кестені орналстыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою-Кесте (Вставить - Таблица) командасын таңдаңыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.
Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезе ішінде көрсетілген пішінді Автоформат терезесінде таңдауға болады.
2-әдіс.
Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.
Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу. Кестенің жоғарғы жағына оның тақырыбын жазу кезінде бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін, осы кезде ұяшықтың мазмұнын Формат менюінің көмегімен форматтауға болады. Олардың ішіндегі мәліметтер де бір ұяшықтың немесе бірнеше ұяшықтың ішіне орналасуы мүмкін.
Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды біріктіру (Обьединить ячейки) командасын орындаңыз немесе Кесте және шекара (таблица и границы) тақтасындағы батырмасын шертіңіз.
Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды бөлу (разбить ячейки) бөлімін таңдаңыз.
Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Число строк) мәндерін енгізетін диалогтік терезесін шақырады.
Кесте құрылымын өзгерту. Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады.
Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтердіі белгілеп, Кесте менюіндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, Ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет.
Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте менюіндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) Удалить (Таблица, Столбцы, Строки, Ячейки) бөлімін таңдаңыз.
Үйге тапсырма: Кестелермен жұмыс
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«05» наурыз 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Суреттермен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word құжатына суреттерді кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Microsoft Word құжатына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік обьектілерді қоюға болады. Ол осы обьектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.
Басқа программада жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру үшін :
обьект қойылатын жерге курсорды әкелу;
Қою - Сурет - Файлдан (Вставка - Рисунок - Из файла) командаларын таңдау;
Пайда болған терезедегі Бума өрісінен дискіні, ал төменгі өрістен сурет орналасқан файлды таңдау керек.
Егер сурет орналасқан файлды шертсеңіз, қоршаудың сол жағында сурет шығып тұрады;
ОК батырмасын бассаңыз, таңдалынған сурет құжатқа орналасады.
Microsoft Word арқылы қойылатын суреттерді орналстыру үшін:
сурет қойылатын жерге курсорды орналстыру қажет;
Қою-Сурет - Картина (Вставка-Рисунок-Картина) командасын таңдау керек;
Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады;
Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын басу керек;
Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.
Суреттермен жұмыс. Сурет қойылған соң сіздің оны басқаша орналастыруға, өлшемін өзгертуге, суретке қоршау жасауға мүмкіндігіңіз болады.
Суреттерді стандартты әдіспен көшіруге болады. Ол әдісті қолдану үшін суретті ерекшелеу, яғни оны тышқанмен шерту керек.
Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Сол сәтте ол жан-жағынан сегіз қара тіктөртбұрышпен қоршалады. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгертеміз. Ал тіктөртбұрыштың қабырғаларын созу арқылы ені мен биіктігін өзгерте аламыз.
Егер суретте тышқанды шертсеңіз, үнсіз келісім бойынша суреттің параметрлерін өзгертетін Көрінісін баптау (Настройка изображения) батырмалары бар тақта пайда болады.
Бұл тақтаны қосымша меню арқылы да шақырып алуға болады.
Суретті өшіру үшін оны белгілеп және Delete (Өшіру) пернесін басу керек.
Үйге тапсырма: Суреттермен жұмыс істеу
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«12» наурыз 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel - мен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсінікте мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің бетібойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдын биіктігін өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау.
Баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
Компьютер, оқулық, практикум, интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office -тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлцы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.
Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған.
Жұмыс кітабы.Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде - кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel - мен танысу.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«19» наурыз 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ- ге берілгендерді ұяшыққа енгізу және редакциялау жолын шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Берілгендерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі «» және «=»белгісі немесе
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.
Егер белгісініңбатырмасын шертсеңіз, экранда Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.
Формула жолы
Енгізуді аяқтау үшін Enter -ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.
Кез келген электронды кестенің ұяшығына:
-
сан;
-
формула
-
мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.
Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.
Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.
Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
-
ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.
-
ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.
Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel -ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«02» сәуір 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу,деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ms Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.
Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.
Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:
-
формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
-
Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.
-
Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;
-
ОК батырмасын шертіңіз.
Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.
Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:
-
мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;
-
Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.
-
Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;
-
Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.
-
Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.
Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:
-
мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;
-
Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.
-
Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;
-
Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.
-
Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.
Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«09» сәуір 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Берілгендерді форматтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу,деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.
Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәкес қосымшаны ашыңыз.
Сандардың форматы. Кестеде әр санды әр түрлі форматта беруге болады (ондық сандар түрінде және т.б.). Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:
-
ұяшықтарды белгілеу;
-
Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау;
-
Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) диалогтік терезесінде Сан (Число) қосымшасын таңдау керек.
-
Сандық формат (Числовые форматы) тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады;
-
Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады;
-
Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу;
-
ОК батырмасын шерту қажет.
Ұяшықтағы мәліметтерді туралау. Ұяшықтар форматы диалогтік терезесіндегі Туралау (Выравнивание) қосымшасын қолданып, ұяшықтағы мәтіндер мен сандарды көлденең және тік туралауды орындауға болады. Ұяшықтағы мәліметтерді көлденең орналастырып қоймай, оларды берілген бұрыш арқылы орналастыру мәліметтердің жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.
Үнсіз келісім бойынша ұяшықтың қабылдайтын ені мен биіктігі стандарт түрде болады. Жолдың биіктігін немесе бағандардың енін қзгерту үшін тақырып шекараларын керегінше созу керек.
(Тышқанның сілтемесі тақырып шекарасында екі жақтың бағыттаушы сызығына өзгереді)
Жол биіктігін және баған енін дәлірек қою үшін Формат менюіндегі Баған (Жол) - Ені (Биіктігі) (Столбец (Строка) - Ширина (Высота)) бөлімдерін таңдау керек. Бағанның ені (Жолдың биіктігі (Ширина столбца (Высота строки)) өрісіне мәндерді енгізіп, ОК батырмасын шерту қажет.
Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау. Аумақты автоматты түрде форматтау үшін алдымен оны белгілеп алған соң, Формат менюіндегі Автоформат командасын және қажет форматты таңдау керек.
Үйге тапсырма беру: Берілгендерді форматтау.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«16» сәуір 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Диаграммалардың түрі және құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Диаграммаларды құру
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.
Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.
Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмманы құру үшін:
-
диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
-
диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
-
Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
-
Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
-
Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
-
Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
-
Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.
Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.
Үйге тапсырма беру: Диаграммалардың түрі және құру.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«23» сәуір 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды редакциялау және форматтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Excel -дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу.
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма - деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады.
Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгіленген кейін аспаптар панелінен немесе Вставка -Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.
1. Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы: Диаграмма типін таңдау. Диаграмманың 14 типі бар.
2. Қадамда диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу.
3-қадам диаграмманың тақырыбын, мәтін енгізу.
4 қадамда диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз.
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммаларлдың барлығының екі осі:
-
горизонталь немесе категориялар осы
-
вертикаль немесе мәндер осі қосылады.
Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.
Үйге тапсырма беру: Диаграммаларды редакциялау және форматтау
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«30» сәуір 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құжат беттерін рәсімдеу және басу
Дайын құжатты принтерде басу электронды кесте жұмысының ең соңғы қадамы болып табылады. Егер кесте үлкен болса, онда оны басуға жіберген кезде ол бағандар немесе жолдарға бөлініп қалған бірнеше беттен тұратын басылым болады.
Мұны болдырмау үшін электронды кестені басуға беруден бұрын мыналарды орындау қажет:
1. Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) немесе стандарт аспатар тақтасындағы батырмасын шертіңіз. Алдын ала көру терезесіндегі кестенің парақта қалай басылып шығатынын көруге болады.
2. Егер кестенің форматы ұнамаса, онда Файл-Беттің параметрлері (Файл-Параметры страницы) командасын таңдау керек.
Бет (Страница) қосымшасында парақ бетінің өлшемін және қалпын, көріну масштабын және баспа сапасын қойыңыз. Бағдар (Ориентация) қоршауында парақ бетінің қалпы қойылады:
Книжная - парақ бетінің тік орналасуы;
Альбомная - парақ бетінің көлденең орналасуы.
Бет өрісін қою үшін Өріс қосымшасын таңдаңыз. Барлық тиісті шамалар қойылғасын, Беттің параметрлері терезесіндегі ОК батырмасын шерту керек.
Сосын кестені алдын ала тағы бір рет көріп, дұрыс болған жағдайда Файл-Қағазға басу (Файл-Печать) командасын таңдаңыз.
V. Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
VI. Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«07» мамыр 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәліметтер базасы, мәліметтер базасын басқару жүйесі, мәліметтер базасы түсінігі, мәліметтер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы - қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.
Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәліметтер базасына қаладағы дәріханалардың дәрілері жайында, тұтынушының сұрауы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайындағы мәліметтер жатады. Мәліметтер базасының бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу (мысалы, жаңа дәрілердің түсуі немесе бағасының өзгеруі, т.с.с), қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Microsoft Excel - дің көмегімен мәліметтер базасын жасауға және редакциялауға болады. Бұл жағдайда электронды кестеге Excel-дегі тізім немесе мәліметер базасы және мынадай термин сөздер қолданылады:
Тізімнің жолы- мәліметтер базасының жазылуы;
Тізімнің бағаны-мәліметтер базасының өрісі.
Бағанның аты бір ғана ұяшықта болуы мүмкін және кестемен жұмыс барысында өріс атымен аталады.
Кестенің А2: F1 аумағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. A, B, C, D, E, F бағандары өріс, ал 3-12 жолдары жазулар деп аталады.
Мәліметтер базасының құрылымдарына шектеулер бар:
-
мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын жазулар болу керек;
-
мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;
-
өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.
Кестедегі өлшем бірліктердің қолданылуы:
-
орбита бойымен айналу периоды - Жер жылы; Орта сызықтық диаметр - мың километрмен берілген.
-
Масса -1024 кг-ға көбейтіледі; Күннен орташа қашықтық -млн километрмен берілген;
Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
_______________
Оқу ісінің меңгерушісі
«14» мамыр 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді реттеу және сүзу
Сабақтың мақсаты: EXCEL кестелік процессорында мәліметтер базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі мәліметтер базасы. EXCEL-дегі мәліметтерді реттеу туралы түсінік қалыптастыру;
Білімділік: EXCELкестелік процессорында дерек базасымен жұмысістеу, EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің мәліметтер базасын өңдеу мүмкіндіктері, мәліметтерді реттеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәліметтерді реттеу
Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып табылады. EXCEL-де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL -дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет. (Мұндай өрістерді ретеу кілті деп атайды).
Мәліметтерді реттеу үшін:
-
кестенің бір ұяшығын белгілеу;
-
Мәліметтер - Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;
-
Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.
Реттеуі бойынша (Сортировать по) өрісінің тізімінен, мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдалынады:
По возрастанию - сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;
По убыванию - кері реттеледі;
Затем по өрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;
Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында тышқанды шерту арқылы қойылады;
Регистрді ескеру (Учитывать регистр) жалаушасы бас әріп және кіші әріптерді реттеу кезінде қолданылады.
Мәліметтерді сүзу
Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз - белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) - мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.
Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: автосүзгі және кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу. Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:
-
сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
-
мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
-
сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
-
қажет мәнді таңдаңыз: (Барлығы. Алғашқы 10...)
Тізімді екі немесе одан да көп мазмұн бойынша сүзу үшін Шарт (Условие...) жолын таңдаңыз.
Автосүзгіні баптау. Төменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болу шарт.
Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру мазмұнын таңдау қажет.
Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Автоөшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі-Автосүзгі (Фильтр-Автофильтр) командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім суретке дейінгі қалпына келеді.
Үйге тапсырма беру: Мәліметтерді реттеу және сүзу
Оқушыларды бағалау.