7


  • Учителю
  • Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері 8 сынып

Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні 26.11.2015ж сыныбы 8 А

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Оқушыларды ұйымдастыру . (2 минут)

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

V. Болашаққа көзқарас, «Экспо - 2017» ой толғау жазу

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.



ІІІ. ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАЙ ОТЫРЫП,

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ (10 минут)



  1. Алгоритм дегеніміз не?

Жауап. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.

  1. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата?

Жауап. 3 бөлікиен тұрады: тақырыптық, сипаттау, операторлар бөлімі

  1. Идентификатор дегеніміз не?

Жауап. Идентификатор - міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз?

Жауап. Сызықтық алгоритм дегеніміз - қарапайым, яғни командалары бірінен соң бірі тізбектей орындала беретін алгоритм.

  1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз?

Жауап. Тармақталу алгоритмі дегеніміз - орындалатын әрекеттер екі шартпен орындалады. «Иә» және «Жоқ».

  1. Циклдік алгоритм дегеніміз?

Жауап. Циклдік алгоритм дегеніміз - командалары бірнеше рет қайталанып келетін алгоритмдер.

  1. Паскаль тіліндегі стандартты типтерді ата.

Жауап. Бүтін, нақты, логикалық, тіркестік мәтіндік

  1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

Жауап. Алгоритмдік тіл - бұл алгоритмдер мен олардың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі

  1. Операторлар - меншіктеу операторы, басқару операторы, функция мен процедураларды анықтау операторлары

  2. Паскаль тіліндегі стандартты типтер - бүтін, нақты, логикалық тіркестік мәтіндік



















ІV. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ



Циклдікалгоритм- круглыйалгоритмласточкой- The round robin algorithm

</

  • Модель дегеніміз - нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

  • Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

  • Модель - көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.

  • Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.



МОДЕЛЬДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:



ОҚУ МОДЕЛІ - көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін

ТӘЖІРИБЕЛІК МОДЕЛЬ - жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.

ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады

ОЙЫН МОДЕЛЬДЕРІНЕ - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ - шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп - объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.

Динамикалық модель деп - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді



МОДЕЛЬДЕРДІ КӨРСЕТІЛУ ӘДІСІНЕ ҚАРАЙ ТОПТАУ



Материалдық модельдер түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді

  • Ақпарттық модель дегеніміз - объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

  • Вербальдік модель дегеніміз - ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

  • Таңбалық модель деп - арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.



Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:



  1. Геометриялық модель - графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

  2. Ауызша модель - иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

  3. Математикалық модель - объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

  4. Құрылымдық модельдер - схема, графиктермен кестелер т.б.

  5. Логикалық модель - ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

  6. Арнайы модельдер - ноталар, химиялық формулалар.



V. БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС



«Экспо - 2017» ой толғау жазу (оқушылар өз пікірлерін жазады)





VІ. Қорытындылау

Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері 8 сынып

Тақырып бойынша қорытындылау кестедегі әріптерден сөз құрастыру қажет

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал