- Учителю
- Сабақ жоспары 'Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) ' 11 - сынып
Сабақ жоспары 'Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) ' 11 - сынып
Күні____________________ Сыныбы______________________
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ)
Сабақтың мақсаты:
-
Мәліметтер қорын басқару жүйелері туралы түсінік беру.
-
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер.
Сабақтың әдістері: сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Сабақтың барысы
-
¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.
-
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
-
Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Теория
Берілгендер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген программалар дайындалған: DВАSЕ, FОХРRО, FОХВАSЕ, МІСRОSОFТ АССЕSS, т.б. оларды берілгендер қорын басқару жүйелері (БҚБЖ) деп атайды. Яғни, БҚБЖ - берілгендер қорымен жұмыс істсуге арналған программа.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген DВАSЕ- тің түрлі варианттары, FОХРRО, FОХВАSЕ, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі БҚБЖ болатын және олар МS DОS жүйссінде жүмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызғаны белгілі. Осы себспті, соңғы жьшдары пайдаланушыдан лрограммалауды қажет ете бермейтін Місгоsоft office (Windows) құрамына кірістірілгсн Ассеss атаулы жан-жақты мүмкіндікті БҚБЖ-ның бірнсшс варианттары жарық көрді: Ассеss95, Ассеss88 97 (Ассеss-кіру, еркін ену). Бүлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар. Ассеss-те файлдар кесте түрінде қүрылады. Ассеss 97, Ехсеі 97, Word 97 сияқты программалар арқылы дайындалған, берілгендер ерекшеліктерінің бірі - олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алынады. МS Ассеss-ті пайдаланатындар көбінесе есептеу техникаларымен жүмыс істейтін, бірақ, программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушьшарды бүл программаны оқып үйренудің жеңілдігі, көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігі, сондай-ақ БҚ-дағы қажетті объектілерді жылдам қүруға мүмкіндік жасайтын қүралдары бар болғандығы қызықтырады. Windows жүйесінің элементтерімен таныс ксз-келген қолданушының Мs Ассеss программасын оқып үйренуіне және оны қолданып БҚ-мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Ассеss программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.
МS Ассеss-ті басқарудың әртүрлі тәсілдері бар: мәзір жүйесі саймандар тақтасы, контексті мәзір тышқан көрсеткішін және клавиштер комбинациясын қолдану. Бұлардың көбісі бір команданы қайталауы мүмкін, сондықтан олардың бірдей қолданудың мәні жоқ. Негізінде ең ыңғайлысы - контексті мәзір мен тышқан. Контексті мәзір барлық уақытга қол астында, яғни, оның керек уақытында тышқанның оң жақ түймесін басу арқылы кез-келген объектіге байланысты шығаруға болады. Сондай-ақ контексті мәзірден осы объектіге байланысты қандай операциялар жасауға болатыны да көрінеді.
Ассеss программасының 6 объектісі бар: кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, макростар, модульдер. Осы объектілердің әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме берейік. Ал, қазір оларды ұғым ретінде анықтайық.
Кестелер - БҚ-ның негізгі объектілері, олар жазбалар мен өрістерден тұрады. Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныстар ── Берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерді қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, фильтрлейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни, өңдейді.
Формалар ── Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы экранға бейнелейтін және басқаратын құрал.
Есептер ── Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды.
Макростар - Макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ-да қандайда бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командалардың бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.
Модульдер - Бұл Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар. Егер Ассеss-тің стандарттық құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда, программист процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Бекіту кезеңі
Тапсырма: Оқулықта берілген білім порталдарының жэне каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.
-
Қорытынды кезең
-
Бүгін сабақта не білдік?
-
Не үйрендік?
-
Қандай тәжірибелік жұмыс жасадық?
-
Бағалау кезеңі
Оқушылар тапсырманы орындаған жэне білімді меңгерген деңгейіне байланысты бағаланады.
-
Үйге тапсырма
-
Тақырыпты оқу.
-
Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.