- Учителю
- Алгоритмді жазу пішімі. Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер
Алгоритмді жазу пішімі. Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер
Пәні: Информатика Сабақ №9 Сынып: 6 «А, Е, К» Күні:________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі.
</ Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік
алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды
жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок-схема құруды үйрету,
алгоритм типтерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және
блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм ұғымын тануда білімдерін,
ой-өрістерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдер: Жұптық жұмыс, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар: Компьютер, блок-схема
Пәнаралық байланыс: Математика
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок-схема
құра отырып, есептер шығарады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) компьютерлдерді қосып дайындау;
ә) оқушылармен сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасы: «Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің атқарушылар»
түсінік сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?
ІV. Мақсат қою:
Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және
циклдік алгоритмдердің блок-схемалары әртүрлі болатындығын есептер
шығару арқылы түсіндіру.
V. Жаңа материалды түсіндіру:
Алгоритмді жазу тәсілдері:
1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер - терминдер, псевдокодтар арқылы жазу.
Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок-схема түрінде.
4. Программалау тілінде жазу.
Алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне
аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл - алгоритмді
блок-схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.