7


  • Учителю
  • Бақылау жұмысы «Негізгі және қосымша топша металдары» 10 сынып

Бақылау жұмысы «Негізгі және қосымша топша металдары» 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бақылау жұмысы Тақырыбы:«Негізгі және қосымша топша металдары» І – нұсқа Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.Темір (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен
предварительный просмотр материала

Бақылау жұмысы



Тақырыбы: «Негізгі және қосымша топша металдары»



І - нұсқа



  1. Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Li → Li2O → LiOH → Li2CO3 → CO2 → СaCO3

Li3PO4



  1. Темір (ІІІ) оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен темір (ІІІ) гидроксиді әрекеттеседі: О2, NaOH, CO2, H2SO4, NaCl? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу - тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.



  1. Массасы 160 г 10% - тік мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылған темір тақташасында түзілген мыстың массасын есептеңдер.



  1. Массасы 68,4 г сілтілік металл сумен әрекеттесіп 8,96 л сутек (қ.ж.) түзеді. Бұл қандай металл?







ІІ - нұсқа



  1. Мына айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe2(SO4)3

NaFeO2



  1. Мырыш оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мына заттардың қайсысымен мырыш гидроксиді әрекеттеседі: СаО, Н2SO4, КОН , СО2, К2SO4 , Н2О, NaОН, НСI? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерді, ал тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.



  1. 20 г 10%-тік темір (ІІ) хлориді ерітіндісі мен 15 г 5%-тік натрий гидроксиді ерітіндісін араластырғанда түзілетін темір (ІІ) гидроксидінің массасын (г) есептеңдер.



  1. 20г натрий гидроксиді мен 20г хлорсутек әрекеттескенде қанша грамм тұз түзіледі?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал