- Учителю
- Ашық сабақ 'Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы'
Ашық сабақ 'Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы'
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі:
------------------------------
Сабақ №33 Сыныбы: 9 Күні: 9.01
Тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшеліктері. Металдар атомының құрылысына салыстырмалы сипаттама /I-III периодтар/.
Білімділігі) Оқушылардың металдар туралы, олардың периодтық жүйедегі орын, атом
құрылысындағы ерекшеліктері, металдарды алу, олардың практикалық маңызы
туралы білім жүйелерін кеңейту.
Дамытушылығы) Қызықты сұрақтар беру арқылы оқушылардың әрі қарай өз бетінше ізденуіне
жол ашу.
Тәрбиелілігі) Оқушыларды ойлауға, еңбектене білуге, салыстыруға және қосымша әдебиеттермен
жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабаққа қолданылатын әдістер:
ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, ойын түрлері, көрнекілендіру, өзіндік жұмыс, сынақ, топпен
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер:
1.Металдар және олардың қосылыстарының Қазақстандағы маңызды кен орындары
2.Металдардың кристалл торларының модельдері.
3. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, металдар жинақтамасы, кодоскоп, карта.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің қызметі
Оқушылардың
қызметі
1.Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
І. Білу. «Бізден сұрақ, сізден жауап»
1.Периодтық жүйеде қанша топ, қанша период бар?
2. Периодтық жүйеде металдар көп пе, әлде бейметалдар көп пе?
3. Ядро заряды +22-ге тең металл?
4. Мына металдарды тауып ата:
А) Сыртқы деңгейінде 3 электроны бар, 3 период элементі
Б) Сыртқы деңгейінде 6 электроны бар, 2 период элементі
В) Электрондық формуласы 5 s1 болатын метал
Г) Электрондық формуласы 3 d3 болатын метал
5. Элементтердің қайсысында металдық қасиет басым
Натрий және алюминий, магний және барий
6. Бактериоцидтік қасиеті бар металл
7. Ең күшті металл
8. 92 электроны бар актиноид
9. 6 период 9 қатар ІV А топ металы
10. Қанға қызыл түс беретін металл.
11. Созылғыштығы ең жоғары металл.
12. Алюминийдің ең жоғары тотығу дәрежесі.
13. Суға кермектік қасиет беретін металдар
14. Гипстің қазақшасы
15. Ізбестас формуласы
16. Поташтың формуласы
17. Маргонцовканың формуласы
18. Аммоний ионы
19. Алюминийдің ерекше қасиеті
20. Натрийдің тотығу дәрежесі
Мұнда 3 оқушы соңғы парта тұсында тұрады. Берілген сұраққа дұрыс, әрі тез жауап берген оқушы бір қадам алға жылжып отырады. Кім бірінші алдыңғы партаға жетсе, сол ұпай алады.
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
ІІ. Түсіну
Бейнетаспадан «Металдар» жөнінде 5 минут үзінді көрсету.
«Қайталау-оқу анасы» қағидасына сүйене отырып, үзінді көреді
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
ІІІ. Қолдану
1-деңгей
Берілген заттардың электролиз теңдеуін жаз
Натрий сульфаты, темір бромиді, мыс хлориді
2-деңгей.
Электролиздің жинақ теңдеуін пайдаланып есеп шығару
3-деңгей.
34 г натрий мен натрий оксиді қоспасын сумен әрекеттестіргенде 5,58 л сутегі бөлінген болса, қоспа құрамындағы натрий мен натрий оксидінің массалық үлесін есепте
Деңгейлік есептерді шеше алады.
класқа жіктеледі: гидратектестер (гидроидты), табақшатәрізділер (сцифоидты) және көпаяқты (полипті) маржандар (114-сурет). Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Олардың сан алуандығы. Көпжасушалы жәндіктер ағзасындағы барлық жасушалардың тіршілік әрекеті бірдей. Олар бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Атқаратын қызметі ұқсас жасушалардан онша ерекшеленбесе де ұлпа түзіледі. Көбінесе отырықшы ішекқуыстылардың денесі сәулелі симметриялы болады. Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы тесігі болмайды. Қорытылмаған қорек қалдығы аузы арқылы шығарылады. Ауыздың айналасында қармалауыштар орналасады.
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
ІV. Талдау «Иә» немесе «жоқ»
-
Металдарды қазақтар темір терсектер деп атайды.
-
Сілтілік металдар әрі қатты, әрі қиын балқиды.
-
Д элементті металдар комплекс түзуге бейім
-
Коррозия сөзінің қазақшасы тазалану
-
Кермек судың зияны жоқ
-
Марганецтің жоғары тотығу дәрежесі +7-ге тең
-
Электролиз процесі кезінде катодта тотығу процесі жүреді
-
Алюминийдің сыртқы деңгейінде 2 электроны бар
-
Техникада таза металдардан гөрі құймалар көп қолданылады.
Мұғалім бірнен соң бірі 3 сөйлем оқиды. Әр сөйлем дұрыс болса, «1» саны, қате болса «2» санын қойып отырады. Әр 3 сөйлемнен кейін 3 таңбалы сан құралып, оқушыға ұпай қойылады.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
V. Жинақтау. «Сөзжұмбақ»
Сынаптың улы қосылысы
Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым
Металдарды шикізаттан алу туралы ғалым
Заттарды қоспадан ток жәрдемімен тазарту.
Жоғарыда температурада металдарды алу
Материалдардың көшірмесін алу
Металдардфы металдармен қаптау
Сөзжұмбақ шешеді
7. Бағалау кезеңі
VІ. Бағалау.
Берілген тапсырмаларын тексеру, бағалау.
Оқушылар сабаққа қатысуына қарай бағаланады.
Тапсырмаларын көрсетеді.Күнделіктеріне бағаларын қойғызады
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Периодтық жүйедегі орны, атомдық және кристалдық құрылысының ерекшеліктері. Металдар атомының құрылысына салыстырмалы сипаттама /I-III периодтар/.
Үй тапсырмаларын дәптерлері мен күнделіктерне жазу.