7


  • Учителю
  • Внекласная работа по химии 9 класс на тему XXІ- ҒАСЫР ХИМИГІ

Внекласная работа по химии 9 класс на тему XXІ- ҒАСЫР ХИМИГІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



XXI ғасыр - химия ғасыры

Интеллектуалды сайыс «ХХІ ғасыр - химия ғасыры» « Химия және денсаулық» тақырыбында

Мақсаты:

Оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыны анықтау және оларды ізденуге тез ойлануға, алғырлыққа баулу.

Химия пәнінен алған білімдерін сынау. Химия пәніне деген қызығушылықтарын ояту.

Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту. Сөз саптай білуге, жылдамдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын таныстыра кетсек:

--9 сынып оқушылары ---------

қазақ халқы ежелден ақ денсаулыққа ерекше мән беріп отырған. «Бірінші байлық денсаулық », « Дені саудың жаны сау», «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» т.б мақалдардың бәрі денсаулықтың баға жетпес баайлық екенінің дәлелі. Химия ғылымының адам өмірін сақтауда ерекше үлес қосып келе жатқан Қосжан Мүсірепов былай жырлайды.

Аһ, ұрумен іздеп өтті қанша адам,

Ауруларға арман болған қашаннан

Аптекада алуан алуан дәрі бар

Химияның құдыретімен жасалған.

Бүгінгі « Химия және денсаулық» тақырыбындағы сабағымыз химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының адам ағзасы мен тіршілік үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталамыз. Халық денсаулығы ел байлығы. Адам табиғаттың теңдесі жоқ ең қадірлісі. Ал табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы денсаулық.

Сайыс кезеңдерімен таныстыра кетсек.

Сайыс кезеңдері:

1. Бәйге

2. Полиглот

3. Ғажайып жетілік

4. Жорға

5. Шешендік өнер

Ендеше, сайыскерлер дайын болсақ іске сәт!

І бөлім Бәйге

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз

дей келе біз алғашқы кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады.

1.Қан құрамында гемоглабин азайса , адам анемия ауруына шалдығады. Бұл дерт біздің ауданымызда да кең тараған. Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент бар? (темір)

2.Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелі ванна қай элементтен жасалады?(радон)

3.дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (тұз қышқылы)

4.адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды?(фтор)

5.қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды?(хлор)

6.иод тапшылығынан болатын ауру(жемсаулық немесе зоб)

7.тамақ өнеркәсібінде темірмен байыту үшін қай азық түлік түріне темір қосылады? (ұн)

8.ессіз, түссіз адам талып қалса иіскететін дәрі ( мүсәтір спирті NH4OH)

9.теріні ультракүлгін сәуледен қорғайтын оттектің үш атомда қосылысы (озон)

10.қарағанды фитохимия институнда алынған қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі (арглабин)

11.шыдасаң да ассыз алты күн асқа ,шыдау қиын бұл күнге екі күнсіз (су)

12.тамақ өнеркәсібінде адам ағзасына қажетті йодты қандай затқа қосу арқылы өндіреді?(ас тұзына қосу)

13.өмір мен ойдың элементі (фосфор)

14.бұл заттың 0,9 % ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданылады. Бұл заттың химиялық атауы (NaCl)

15. АС содасының формуласы(NaHCO3)

16. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі не? (ауа).

17. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

18. температура өлшеу құралдарының негізі сұйық металл. ( Hg)

19.алтынды ерітетін «патша арағының» формуласы

20. «химиялық элемент» ұғымын енгізген қай ғалым? ( Р. Бойль )..



ІІ бөлім Полиглот.

Келді кезек жұмбақты шешуге

Жауаптарын беруге үш тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе

Әр сайыскерге тапсырма оқылады. Жауабын үш тілде айта білу керек (қазақша, орысша, латынша).

1.Ауада 21 % болатын газ - (оттек кислород, оксигениум ).

2.Гемоглобиннің құрамына кіретін металл - (темір, феррум, железо).

3.Ел іші -……. бесік (алтын, серебро, аргентум)

4.Сұйық металл - (сынап, ртуть, гидраргирум.)

5.Өзі ауыр металға жатады,

6.Емшілер қорықтық құюға қолданады. (қорғасын - свинец - плюмбум)0 ұпай.)

ІІІ бөлім «Ғажайып жетілік!»

Жеті пән бойынша үш - үш сұрақтан қойылады. Әр оқушы өзі таңдаған пән бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Ұпай санына қарай 2 оқушы келесі кезеңге өтеді.

Химия

1. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды? фосфор ұны

2. Элемент атомның, басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті?

валенттілік

3. Зат құрамынан тұрақтылық заңын ашқан ғалым? Пруст

Биология

1. Жасушаны зерттейтін ғылым? (цитология)

2. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады? (Күрделі гүлділер)

3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)

Физика.

1. Марганец тұзының суда еруі қандай құбылыс? (диффузия)

2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон)

3. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? (Архимед күші)

География.

1. Жердің қатты қабығы жер қыртысы? литосфера

2. Амудария мен Сырдария аралығындағы шөл? (Қызылқұм)

3. АҚШ - тың солтүстік штаты? (Аляска)

Тарих

1. Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты президент етіп қай жылы сайлады? 1991 жылы

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

1993 жылы 30 тамызда

3. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қашан қабылданды? 1992 жылы

Математика

1. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? (Планиметрия)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10, 15, 7, оның периметрін тап? (32)

3. "Миллион" деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы. Алтынсарин)

Информатика

1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата? (Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

2. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

3. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? (Билл Гейтс)



I VЖорға.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік. Бір минут ішінде қанша сұраққа дұрыс жауап берсе, сонша ұпай алады. Бір ойыншы сыныптан шығып тұрады. Ұпай саны ең жоғары оқушы келесі соңғы кезеңге өтеді.

Шарты: 1 минутқа сыйғанша жауап беру.

Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.

1. Натрий - сілтілік металл

2. Авогадро саны - 6, 02*10²³

3. Лакмус - индикатор.

4. Катализатор - реакцияны жылдамдатады.

5. Оттегі - газ

6. Ас тұзы - Na CL

7. Ингибитор - реакцияны тежейді

8. Метан - қаныққан көмірсутек.

9. Қара алтын - мұнай

10. Аргон - инерті газ.

11. Алмаз, графит - көміртектің аллотропиялық түрөзгерісі

12. КОН - сілті.

13. Кальций элементінің салыстырмалы атомдық массасы - 40

14. HCI - қышқыл.

15. Иіс газы - СО

16. Феррум - темірдің латынша аты.

17. Мырыш неше валентті - ІІ

18. Кремнезем - SiO2.

19. Судың мольдік массасы - 18г/ моль

20. Менделеев болжаған 3 элемент - галлий, скандий, германий



VІІ Шешендік өнер

Мағынаның ашылуы, сөз байлығы үшін 30 ұпай беріледі.

І . химик ғалым математиктердің алдында

ІІ. Химик ғалым ауру адамдардың алдында дәрілердің пайдасын түсіндіруде

Сайыста жеңіп шыққан оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» атанып марапатталады.

Бүгінгі кешімізді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр: "Ең алдымен мен қасиетті жерімді сақтап, бізге мирас етіп жаңа заман табалдырығында балаларымен немерелеріне тіршілік тағлымдарын дарытып жатқан әкелерімізбен аналарымызға, білім сынды баға жетпес құндылықты сақтап қалған, алдағы арайлы күндерден үмітін үзбеген ұстаздарымызға, ғалымдарымызға, дәрігерлерімізге, инженерлерімізге бас иемін!"





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал