7


  • Учителю
  • Судың маңызы және оның ғылыми мәселелері (ғылыми жоба) (10 сынып)

Судың маңызы және оның ғылыми мәселелері (ғылыми жоба) (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Зерттеу мақсаты: Судың маңызын ашып көрсетуСудың пайдасын, адам өміріндегі алатын ролін дәлелдеуӘр түрлі судағы (құдық суы мен қайнаған су) синтетикалық жуыш заттардың еруін салыстырмалы түрде зерттеуҚазақстан Республикасының су ресурстарына тоқталуСу қорларын қорғау
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды облысы









Ғылыми зерттеу жұмысы



Секция: химия



Тақырыбы: «Судың маңызы және ғылыми мәселелері»













Авторы: Қамиева Ақмаржан Ғафизқызы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылы

Ынталы жалпы орта білім беретін мектебі

10-сынып оқушысы





Жетекшісі: Абилова Улжан Рымгалиевна

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылы

Ынталы жалпы орта білім беретін мектебі

Химия пәні мұғалімі































2016 жыл





Аннотация



Зерттеу тақырыбы: «Судың маңызы және ғылыми мәселелері»



Зерттеу мақсаты:

  1. Судың маңызын ашып көрсету

  2. Судың пайдасын, адам өміріндегі алатын ролін дәлелдеу

  3. Әр түрлі судағы (құдық суы мен қайнаған су) синтетикалық жуыш заттардың еруін салыстырмалы түрде зерттеу

  4. Қазақстан Республикасының су ресурстарына тоқталу

  5. Су қорларын қорғау жолдарын көрсету





Зерттеу болжамы: Судың маңызын зерттеу, суды күнделікті өмірде қолдану аясын ашу



Зерттеу кезеңдері:

  1. Тақырып талдау

  2. Материалдар жинау

  3. Ізденіс жұмыстарын жүргізу

  4. Ғылыми жетекшімен байланыстыру

  5. Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау



Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Ұсынып отырған ғылыми шығармашылық жұмыстың нәтижесін су және оның маңызы, ғылыми мәселелеріне қызығушылығы бар талапкер оқушыларға қолдануға болады. Орыс мектептерінде білім алатын орта буындағы оқушылар реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Зерттеу жаңалығы:

  1. Суды күнделікті қолданудың жаңа түрлері

  2. Әр түрлі құрамдағы суларды қолданудағы негізгі ерекшеліктер



Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:



Бақылау әдісі:

Аналитикалық әдіс.

Салыстыру әдісі.

Іздену әдісі.

Зерттеу әдісі.









Мазмұны





Кіріспе. ....................................................................................................................3

1. Негізгі бөлім. ......................................................................................................5

1. 1. Судың маңызы және адамзатқа пайдасы......................................................5

1. 2. Судың экологиялық мәселелері және оны қорғау шаралары....................6

1. 3. Өзен суының ерекшеліктері және оны зерттеу...........................................

Қорытынды. ..........................................................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................11







































































Кіріспе



Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Судың маңызы және ғылыми мәселелері» деп аталады. Судың маңызына, оның қолдану аяларына және оның пайдасына деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, қазіргі уақытта судың экологиясы үлкен мәселе туғызып отыр.

Судың адамзатқа өте ерте кезден пайдасын, оның маңызын жақсы білеміз. Сонымен қатар судың емдік қасиеті де бар. Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су - мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.

Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.

Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.

Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұны тіптен біраз жыл бұрын ирандық дәрігер Батмангхалиж зерттеп, аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан болатынын дәлелдеп берген.Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткен. Ал 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ге жетті. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік-шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түзсіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Еуропадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам өлсе, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы дейді.

Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару - бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.













































Негізгі бөлім



  1. Судың маңызы және адамзатқа пайдасы



Су - керемет, сирек кездесетiн минерал! Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардын бірі.

Су - жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.

Барлық малдар және өсiмдiктер, жанды заттар заттар сулардан тұрады: малдар - 75%ке, балық - 75%ке, медуза - 99%ке, картоп - 76%ке, алмалар - 85%ке, қызанақтар - 90%ке, қиярлар - 95%ке, қарбыздар - 96%ке.

Адам организмі 86% судан тұрады. Су мөлшерi әр түрлi мүшеде, әр түрлі көлемде болады: бауыр - 69%ке дейiн бұлшық еттер - 70%ке дейiн ми - 75%ке дейiн бүйректер - 82%ке дейiн қан - 85%ке дейiн.

Су - бiздiң денені құрайтын бас материал. Су адам үшiн алмастырылмайтын, темiр, газ, көмiр, мұнайға қарағанда бағалырақ жаратылыс байлығы болып табылады.

Адам организмдегі судың пайдалылығы:

  • Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі,

  • организмге нәрлi затты сiңiруге көмектеседi,

  • тыныс үшiн оттектi дымдайды

  • дене ыстығын реттейдi

  • зат алмасуға қатысады

  • тiршiлiк маңызды органдарды қорғайды

  • организмнен әр түрлi қалдықтарын шығарады.

Су барлық нәрсеге әсер етеді: білім алу процесіне, денсаулыққа, кедейлікке, әсіресе әйелдер мен балалардың денсаулығына. Мысал ретінде таза су тапшылығынан азап шегетін отбасын алып қарайық. Олар күніне 1 доллар шамасында ақша жаратуы мүмкін. Оларда тіпті таза суды ішетін стақан да жоқ. Қалайда болмасын су алу үшін әйелдер мен балалар бөтелке алып, жақын арадан су көзін іздейді. Бұл кемінде 3 сағат уақытты алады. Жақын жердегі қауыздан, бұлақтан, өзеннен су тапқан адамдар ол судың ашық аспан астында тұрғанын және онда көптеген бактериялардың бар екенін ойламайды. Балалардың жазып, оқудың, ал ересектердің ақша тауып, отбасын бағудың орнына олар бар уақытын су іздеумен өткізеді. Оңтүстік Африкадағы кейбір әйелдердің су көзін іздеуге кеткен уақыты басқа нәрсемен айналасуға кеткен уақыттан әлдеқайда басым болады. Ластанған су ішу диарея, құрғақшылыққа ал кейде өлімге әкеледі. Біз білетіндей, бәрінен де нәрестелердің түрлі бактериялармен ауыруға шалдығуы сирек. Жуық шамамен әр 19 секунд сайын әлемде аналар лас сумен байланысты аурулардың кесірінен балаларынан айырылады және әр күн сайын миллиондаған адамдар осы себептен өмірден кетеді.

Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет.

Бірде-бір тірі ағзалар сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз, қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін.

Табиғаттагы су, құм, көмір, күйдірген топырақ тәрізді кеуек заттар арқылы сүзіліп, тазартылады. Ауыз суын бактериялардан тазарту үшін суды хлорлау әдісі колданылады. Ол үшін 1 тонна суға 0,72 грамм хлор қосады.























































1.2. Судың экологиялық мәселелері және оны қорғау шаралары



Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

• биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

• химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

• физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

• тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

• өнеркәсіп орындары;

• ауыл шаруашылығын химияландыру:

• халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42% пайыздай болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар -химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық -түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Оның негізгі ластану көздері мыналар:

- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

- химиялық заттар және тыңайтқыштар;

- тұрмыстық қалдықтар;

- жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

- ірі құрылыс учаскелері;

-күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс -тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді.

Су ластануының алдын алу

1)Шаруашылық және ауыз су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.

2)Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.

3)Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.

Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған. Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауызсу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су бөгендерін, (олардың ) екінші топқа балық шаруашылығы мақсатындағы су тағамдары жатады. Ереже бойынша су бөгендеріндегі қалқып жүрген ермелер мен жүзгіндер мөлшері, судың иесі, дәмі, түсі, қызуы, РН мәні, құрамы және ондағы минералдық ермелердің,суда еріген оттектің қойырлығы, судың оттекке деген биологиялық сұранысы, улы және зиянды заттар мен ауру таратқаш бактериялардың құрамы мен шектік жіберімдік қойырлығы назарда ұсталып, тексерілуі тиіс. Төгін су мөлшері, соның ішінде құрамында зиянды органикалық қосылыстар бар төгін су мөлшері жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан оларды тазартуға қоса басқа кешенді шаралар жүйесін қолдану қажеттігі туады. Мысалы: сұйық қалдықтарды сол өндірістің өзінде қандай да іске жарату, су пайдалануды азайту, өндіріс ішінде су айналымын қалыптастыру, яғни суды қайта пайдалану, сусыз технологияларға көшу жолдарын ойластыру қажет.

























































































1.3. Өзен суының ерекшеліктері және оны зерттеу

Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады.

Қазіргі таңда таза су кездестіру қиынға түседі. Беткі, тіпті жер асты су көздерінің сулары кәсіпорындардың, елді мекендердің, мал шаруашылығы нысандарының қалдық суларымен ластануы мүмкін. Мұндай жағдайда су жұқпалы аурулардың таралу және адам мен жануарлардың улану факторы болып табылады. Суды санитарлық-бактериологиялық бағалауда қолда бар стандарттың талаптарын ескереді, онда эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі жанама көрсеткіштермен анықталатыны арнайы көрсетілген. Бұл жалпы бактериялық ластану дәрежесі мен ішек таяқшасы тобының бактериялары мөлшері. Осыдан келе, бактериялардың жалпы мөлшері 1 мл ештеңе қосылмаған суға 100 көп емес, 1 л судағы ішек таяқшасының саны (коли-индекс) үштен көп емес, ал коли-титр 300 мл кем емес болуы қажет.



Өзен суына сабынның және мыс купоросы, аммоний сульфаты, кобальт тұзының әсерін салыстырмалы түрде зерттеу



№1 зерттеу жұмысы.

Зерттеу үшін өзен суы сынамасын араластырып алдық. Су құйылған ыдысқа 1% сабын ерітіндісін құямыз. (Не байқаймыз?) Суды араластырамыз. Араластырған кезде ыдыстағы су бетіне көбік шығады. Су толтырылған ыдысты мақта тығынымен жабамыз. 5 - 6 сағатта қалдырып қоямыз.(Не байқалады?) Сабын көбігі мүлдем жойылып, қара сұр түсті тұнба түзіледі.

№2 зерттеу жұмысы.

Бірнеше колбаларға суды құямыз, әр қайсысына 30 мл 10% мыс купоросы, аммоний сульфаты, кобальт тұзы ерітінділерін тамызамыз. Ерітінділерді араластырып, 2 - 3 сағатқа қоямыз. Барлық ерітінділерді сүзіп, қалдықтарын таза сумен шайқаймыз. Барлық ерітінділерге 1% сабын ерітіндісін құямыз.

Барлық колбалардағы ерітінділер бірнеше сағат бойы көбіктенді. Демек, химиялық улы заттар микроағзалардың өлтіріп, олардың органикалық қалдықтарды өндеу қасиеттерін жойды.

Қорытынды: Осыған орай, зауыттардан, фабрикалардан өнделмеген химиялық қалдықтарды суға ашық тастау судың табиғи жолмен тазаруына жол бермейді.

Проблемаларды шешу жолдары:

Өзендерде және басқа су көздерінде табиғи тазару жолдары өздігенен жүретін процестерге жататын, қазіргі кезде өркениеттің дамуына байланысты, өндіріс қалдықтарының көбеюінен олар өнделмей ашық су көздеріне тасталып жатыр. Бұл жағдай судың табиғи тазаруына жол бермей тұр. Содан қазіргі уақытта суды тазарту, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ағын суларын тазарту - олардың құрамындағы улы заттарды жою. Бірақ бұл тазарту процесі - күрделі жұмыс. Онда барлық өндірістердегі сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі.

Ағын суларын тазарту жолдарының бірнеше түрі бар: механикалық, химиялық, физико - химиялық, биологиялық. Бұл әдістерді белгілі бір сулардың жағдайында қолдану, судың ластану дәрежесіне байланысты.

Механикалық әдіспен тазарту жолы: Механикалық әдістің негізі суды тұндыру, сүзу арқылы тазалау.

Биологиялық жолмен тазарту әдісі: Биологиялық әдіс тұрмыстық қалдықтарды тазарту да үлкен нәтиже.Бұл әдіс сонымен қатар, мұнай өнеркәсібінің, қағаз өндірісіндегі қалдықтарды тазартуға мүмкіндік береді.

Су құбырларын тазарту әдістері: Ластанған су көздерін ультрадыбыстың, ионниттердің, хлорлы ізбестердің, озонның, жоғарғы қысымның көмегіменде тазартуға болады.

Судың табиғи жолмен тазаруы судың сапасын артырады. Тәжірибеден көргендей барлық химиялық қалдықтарды микроағзалар өндей алмайды.Сондықтан суды ластамау, өндіріс қалдықтарын қайта өндеу жолдарын қарастыру керек.



















































ҚОРЫТЫНДЫ



Мен өзімнің ғылыми жобамда судың өзіне тән ерекшелігін, оның ғылыми маңызын және қасиеттерін зерттеу барысында анықтай түстім. Судың адамзатқа пайдасын оның күнделікті тұрмыста, адам ағзасында атқаратын ролін білдім.

Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.

Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да химиялық заттардың қоспалары бар.

Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен - ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады.

Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су дегеніміз - өмір.

Су - қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратының мына қасиеттерінен көруге болады. Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді. Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады;

Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.

Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам денесіндн мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл ойы анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып, әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.

Әрбір жұмыс - өз мақсатымен көрікті. Кез-келген істі бастағанда жетер шыңы мен шарықтау шегін мәжелейсің. Мақсатың мен биігіңнен табылсаң ойға алғаныңның орындалғандығы.

Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі таңда су экологиясы үлкен басты проблемаға айналып отыр. Неге су экологиясы үлкен мәселеге айналды? Кім бұл мәселені тудырды? Проблеманы болдырмауда қандай-қандай әдіс-тәсілдер ба? Осындай сұрақтар мені толғандырды.

Иә, үлкеніміз бар, кішіміз бар тіршілігімізде тірек, өмірдің өзегі мен нәрі болған суға қадырын танитындай көзқарастар қалыптастырсақ жағдай қазіргідей болмас еді. Хлқымызда ежелден ел ауызында айтылып келе жатқан "Судың да сұрауы бар", "Бұлақ көрсең - көзін аш", "Сулы жер - нулы жер" деген нақылдар тегін бе екен.

Мәселелерді тудырған негізгі - адам. Иә, осыған жартылай келісемін, жартылай келіспеймін. Неге адам проблеманы болдырмауда "Мен өзімнен бастауым керек" деген категорияны басым етіп ұстамайды.

Кішкене бүлдіршіндер және әр адам өз-өзіне жауапты болуы тиіс. Егер әр тәрбиеші, педагог және ата-ана су адам өміріне қажеттігін түсіндіріп, айтып, тәрбиелеп отырса, қазіргі таңда проблема болмаушы еді.

Бір түйінге келе әр адам өз істеген ісіне жауапты болуы тиіс деп тұжырымдаймын.

































































ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:





</ 1. "История казахской литературы" 1-2 том. 1948.1960г. М. Әуезов.

2. В стране сказок ( сказки, легенды, басни). Б.Ш. Казиев. Алма- Ата. "Мектеп" 1983 г.

3. kzbydocs.com/docs/108/index-16405.html?page=2

4. Казахские народные сказки "Жазушы" Алма-Ата.1971 г.

5. Қиял -ғажайып ертегілер. Алматы"Аруана" баспасы 2010 ж.

6. Ерте, ерте, ертеде.... . Қазақ ертегілерінің антологиясы. Алматы "Аруана" баспасы. 2010 ж.

7. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы

8. Казахские народные сказки "Жазушы". Алма-Ата. 1982 год.

9. "В три девятом царстве в три десятом государстве" Ленинград " Детская литература" 1991 год.

10. Қасқабасов С. " Казахская волшебная сказка. Алматы-1972 год.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал