7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс (8-9 класс)

Урок по химии на тему: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс (8-9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:       Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтсек: 1.Биология пәнінің мұғалімі Қауышева Қалығыз апай 2.Биология пәнінің мұғалімі Хасанова Гүлзада апай 3.Оқу ісінің меңгерушісі Ембергенова Дариғаш апай Енді с
предварительный просмотр материала

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты 8-9 сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл-тон,аңдығанда тозбайтұғын,

Білім-кен,қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңнан ауруы не қозбайтұғын,-

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай,білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:


8сынып «Электрон» тобы

9сынып «Протон»тобы


Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтсек:


1.Биология пәнінің мұғалімі Қауышева Қалығыз апай

2.Биология пәнінің мұғалімі Хасанова Гүлзада апай

3.Оқу ісінің меңгерушісі Ембергенова Дариғаш апай


Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсақ

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең «Ойлы болсаң,озып көр»

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»

3 кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»

4 кезең «Зерек болсаң шешіп көр»

5 кезең «Химик- сараман»


Тапқыр,білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп,сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып,сайысымыздың алғашқы бөлімін бастаймыз.


«Электрон» тобының «Протон» тобына арналған құттықтауы:

Сәлем саған «Протон»

Зарядың оң,ісің де оң.

«Жарыста жет, деп ,-жеңіске»

Жолдайды тілек Электрон!.

Алға тарт тобыңды кешеуілдеме,

Цезийдей белсенді бол, өршелене.

Табысты бізде қолдан бере алмаспыс,

Күш сынасып көрелік, келші ендеше!

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын: кім білімді, кім күшті.

Әділқазы,ақ қазыға жүгінсек,

Берер дейміз әділдік пен жеңісті.


«Протон» тобының «Электрон» тобына қайтарған жауап құттықтауы:

«Электрон» сәлем сізге,

Жолдапсыз жақсы тілек дос деп бізге.

Білімді сарапқа сал, сайысайық,

Ұпайды көп алайық сіз де біз де!

Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өрісі.

Қайғырмаңыздар қалсаңыздар ұтылып,

Жетерсіздер кездесуде келесі.

Алдымызда әділқазы апалар,

Әділдік пен білімпазды бағалар.

«Электрон» еліктіріп жүрмесін,

Қасиеті бар әр атомды жағалар.


1кезең «Ойлы болсаң,озып көр» кезеңінде әрбір топқа 6 мәтін оқылады.Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді

«Электрон» тобы


1.Бейорганикалық қосылыстар 4кластан тұрады.(Иә)

2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады(Иә)

3.Периодтық кестеде 8 период бар(Иә)

4.Ортақ электрондық жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.(Жоқ)

5.Элементтердің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең(Жоқ)

6.Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ)


«Протон» тобы

1.Периодтық кестеде 10 қатар бар.(Иә)

2.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады.(жоқ)

3.Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз.(Иә)

4.Элементтер сыртқы қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді.(Иә)

5.Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды.(жоқ)

6.Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады(Жоқ)


Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.


«Мықты болсаң,тауып көр» Құпия сөзжұмбақ

«Электрон» тобына


  1. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау». Ойлаңдаршы сонда ол қандай элемент.(аз-от)

  2. Бірінші бөлігі «ең алда кел», екіші бөлігі сан есім, бұл сөзді шипалы газ деп те есептеген (оз-он)

  3. Алғашқы буыны тасқын су,екінші буыны мал құлағына салынатын белгі (сел-ен)


«Протон» тобына

1.Бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, ал екінші бөлігі «шараппен улану» деген мағынада,өзі улы тұз (ал-мас)

2. Өзі химиялық элемент,егер алғашқы әрпін алып тастасаң шаруашылық заттар салатын ыдыстың аты шығады (фтор-тор)

3.Өзі химиялық элемент,оған «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді(Бор-боран)


2-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ- қазылар алқасына беріледі

.

«Жүйрік болсаң,шауып көр» Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.

«Электрон» тобына


«С» әріпі

1.Химиялық элемент(сутек,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіке қышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Еріткіш (су)

5.Сілті (суда еритін негіз)

6. I валентті элемент (сутек)

7.Натрий гидроксиді (сілті)

8.Судың агрегаттық күйі (сұйық)


«Протон» тобына

«К» әрпі

1.Жай зат(күкірт)

2.Оксиді(кальций оксиді,көміртек(II )оксиді,күкірт(II )оксиді

3.Тұз(карбонаттар, калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт )

5.Сілтілік металл(калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Қышқыл (күкірт,кремний қышқылы)

8.Химиялық байланыс (ковалентті байланыс)


Жүргізуші 3-кезеңнің қорытындысын анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін береміз


Жүргізуші: Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын сен табасың

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың «Зерек болсаң шешіп көр»

бөліміне келсек

«Электрон»тобына

Хлор кальциймен әрекеттескенде 22,2г кальций хлориді түзіледі.Хлордың қанша грамы реакцияға түскенін табыңдар.


«Протон» тобына

Құрамында 11,2г калий гидроксиді бар ерітіндіні бейтараптауға хлорсутектің қандай көлемі(қ.ж) қажет болатынын есептеңдер.


Жүргізуші: Сонымен сөз кезегі әділ-қазы алқалары сіздерде


Жүргізуші: Жесек тамақ ,кисек киім ,тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді,жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс

Бәрі,бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Химик-сараманға» кезек береміз.Мұнда әрбір топқа химиялық реактивтер беріледі. Осы реактивтерді пайдаланып,реакция теңдеулерін жазу керек.

I топ: Натрий гидроксиді,мыс(II)хлориді,күкірт қышқылы

I 2 NaOH+CuCI2 - Cu(OH)2+2NaCI

2 NaOH+H2SO4- Na2SO4+H2 O


II топ:Калий карбонаты, тұз қышқылы, барий хлориді

II K2CO3+2HCI -2 KCI+CO2+H2O


BaCI2+K2CO3 - 2KCI+BaCO3


Жүргізуші:Сонымен осы кезеңнің қорытындысына тоқталып,әділ қазыларға сөз кезегін берсек.


Жүргізуші: Заман қанша қиын-қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?


Жүргізуші:Сөздің кезегін әділ қазыларға береміз.

Алда әлі де биік- биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал