7


  • Учителю
  • Внекласная работа по химии на тему'Алтын какпа' (10 класс)

Внекласная работа по химии на тему'Алтын какпа' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Темиралиева Аяжан Джигеровна

Химия пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ

мектеп-интернат кешені

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы


Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыс (10 сынып)

«Алтын қақпа» интеллектуалды-танымдық ойыны

Мақсаты: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту,білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.

Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар, зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер, химиялық формулалар

Жүргізуші:

Біліммен ашасың жол ғылымға,

От боп лаула, су боп кейде құйыл да.

Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,

Айтылыпты ақындардың жырында.


Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс,

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.


Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбындағы жаратылыстану пәндері он күндігі аясында

10 сынып оқушылары арасында өткізіліп отырған « Алтын қақпа» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Жоспар:

І. «Тас қақпа» (Химиялық сөзжұмбақ шешу)

ІІ. «Темір қақпа» (Ғалымдардың химия саласындағы жетістіктері, таныстырылым)

ІІІ. «Күміс қақпа» (Қызықты тәжірибелер)

ІV. «Алтын қақпа» (Сен білесің бе?)

V. « Алтын сандық» ( Кім жүйрік?)

VІ. « Химиялық би» (көремендермен сергіту сәті)

VІІ. Қорытынды

Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу.

І. «Тас қақпа» (Сөзжұмбақ шешу)

Тас қақпаны ашу үшін сөзжұмбақ сұрақтарын шешуіміз қажет. Сөзжұмбақ жеке плакатта әр топқа беріледі, берілген сөзжұмбақты топ болып шешеді.Бірінші және дұрыс шешкен топқа жоғары балл қойылады.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

І топ

  1. Көміртегінің түр өзгерісі, өте қатты минерал (алмаз)

  2. Тұңғыш рет жасанды органикалық зат алған неміс химигі (Велер)

  3. Химиялық қосылыстарды анықтайтын ұғым (валенттік)

  4. Д.И.Менделеев болжаған екінші элемент «экабор», кейін қай элементке сәйкес келді? (Скандий)

  5. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды? (Гелий)

  6. Д.И.Менделеев Ресейдің қай қаласында дүниеге келген? (Тобольск)

  7. Ең алғаш сутекті ашқан ғалым (Г.Кавендиш)

  8. Синтездік каучук алуды тапқан атақты химик(Лебедев)

  9. Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін ашқан ғалым (Авогадро)



В

С




Т





А

К




О

К



А


Л

А




Б

А



Л

В

Е

Н

Г


О

В

Л

А

М

Е

Н

Д

Е

Л

Е

Е

В

А

Л

Т

И

Л


Ь

Н

Б

О

З

Е

Т

Й

И


С

Д

Е

Г


Р

І


Й


К

И

Д

А



К






Ш

Е

Д










В

Р











О



ІІ топ

  1. Грек тілінде «ай» деген сөзіне сәйкес қойылған VІ топтың элементі (селен)

  2. Сабын алуда пайдаланылатын тұз (Поташ)

  3. Табиғи газ (метан)

  4. Көмір қышқылының тұзы (Сода)

  5. Катод сәулелерінің бірі (Рентген)

  6. Тыңайтқыш алатын газ (Азот)

  7. Лантаноидтар тобына жататын элемент (Самарий )

  8. Бірінші буыным Мария Складовская -Кюри ашқан элементтің алғашқы екі әрпі, екінші буыным Европадағы өзен, өзім радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін. Ойлаңдаршы, сонда мен кіммін? (Радон)

  9. Қытай, Бирма, АҚШ- та көп кездесетін металл кен орны (Вольфрам)










Р


С




Р


А


А


Е

П


С

Е


З


Д


Л

О

М

О

Н


О

С

О

В

Е

Т

Е

Д

Т


Т

А

Н

О

Н

А

Т

А

Г



М


Л


Ш

А


Е



А


Ь



Н


Н



Р


Ф









И


Р







Й



А









М




ІІІ топ

  1. Қандай металл болашақтың металы деп аталады? (Алюминий)

  2. Грекше жалқау деп аталатын элемент? (Аргон)

  3. Алюминий құймасы (Дюралюмин)

  4. Азотты тұңғыш рет зерттеп, оны «улы ауа» деп атаған ғалым (Резерфорд)

  5. Көмірдің бір түрі (Антрацит)

  6. Өткір иісті газ (Аммиак)

  7. Өсімдік «көзінің жасы» (Каучук)

  8. Сұйық металл (Сынап)








Р


А







Д

Е


М

К



А


Ю

З

А

М

А


А

Р


Р

Е

Н

И

У

С

Л

Г


А

Р

Т

А

Ч

Ы

Ю

О


Л

Ф

Р

К

У

Н

М

Н


Ю

О

А


К

А

И




М

Р

Ц



П

Н



И

Д

И






И


Н




Т




Й










Жүргізуші:

Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой,- деп екінші тапсырмамызға кезек берейік.

ІІ. «Темір қақпа» (Ғалымдардың химия саласындағы жетістіктері, таныстырылым)

Темір қақпамызды ашу үшін тапсырмалар орындалады. Мұнда әр топ өздері шешкен сөзжұмбақтардан ғалымдардың ізбасарлары атанып, ғалымдар туралы түрлі деректер мен химия саласындағы жетістіктерін айтуы тиіс. (Постер қорғау, таныстырылым ). Әділқазылар алқасы бағалап отырады.

Жүргізуші:

Химия мен медицина дамыған,

Өндірісте химияны таныған.

Химиясыз кірмес жердің құнары

Мұндай ғылым әр кез биік тұрады,-

деп үшінші тапсырмамыз қызықты тәжірибелерге келейік.

ІІІ. «Күміс қақпа» (Қызықты тәжірибелер)

Бұл ойында топ оқушылары түрлі қызықты тәжірибелерді көрсетеді.

«Менделеев» ізбасарлары:

Тәжірибе: «Түрлі-түсті жасанды балдырлар», «Стол үстіндегі вулкан»

«Ломоносов» ізбасарлары:

Тәжірибе: «Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай аршуға болады?», «Тиімді операция»

«Аррениус» ізбасарлары:

Тәжірибе: «Сапалық реакциялар», «Көрінбейтін бояу»

Жүргізуші:

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әркімде

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,-деп ендігі ойынымызда «Алтын қақпаны» ашуымыз қажет.

ІV. «Алтын қақпа» (Сен білесің бе?)

Бұл ойынымызда әр топқа бір-бір шардан беріледі. «Сен білесің бе?» айдарымен ол шарлардың ішінде 2 сұрақтан болады. Оған тез әрі дұрыс жауап беруіміз керек.

«Менделеев» ізбасарлары:

1. Күкіртсіз қандай аяқ киімді жасауға болмайды? (Резина аяқкиімді күкіртсіз жасауға болмайды. Резинаны вулкандау дегеніміз оған күкірт қосу деген сөз)

2. Оттегінде түс пен иіс пайда болу үшін істеу керек? (Оттегінде түс пен иіс пайда болу үшін оны озонға айналдыру керек. Оттегіне озонатор арқылы күшті электр тогын жібергенде озон пайда болады. Оның күшті иісі бар.Егер озонды қысып, сұйыққа айналдырса, көкшіл түс береді. Ол оттегіне қарағанда тұрақсыздау және күшті тотықтырғыш)

«Ломоносов» ізбасарлары:

1. Д.И.Менделеев қашан және қандай мақсатпен ауа шарымен аспанға көтерілді? (Менделеев 1887 жылы 7 августа Клин қаласында ауа шарына мініп, жоғары көтеріледі. Ондағы мақсаты ауаның жоғары қабаттарын зерттеу болады)

2.Қандай «ауада» спиртті қатырып, сынаппен шеге қағуға болады? (Спиртті сұйық ауада ұстаса, ол кристалданып қатады. Ал сынапты белгілі формаға келтіріп, оған сұйық ауа құйса, сынаптың да темірдей болып қатқанын көруге болады. Сол сынапты алып шеге қағу үшін пайдалануға толық мүмкіндік бар. Бірақ сақ болу керек! Оның суықтығы сонша, қолды бірден қарып кетеді)

«Аррениус» ізбасарлары:

1. «Химия құлашын кең жайып, адамзаттың ісіе қатынаспақ» деп ғалымдардың қайсысы өз еңбегінде айтты? (М.В.Ломоносов «Химияның пайдасы» деген еңбегінде жазды)

2.ТМД елдерінде қандай қала ұлттық тілден орысшаға аударғанда «Жылы су» деп аталады? (Грузия халқы жер астынан шығатын ыстық суларды жүздеген жылдардан бері моншаға және басқа да түрлі мақсаттарға пайдаланып келеді. Грузиннің «тибилиси» деген сөзінен өзі орыс тіліне аударғанда «теплая вода» - « ыстық су» деген мағынаны білдіреді)

Жүргізуші:

Білім сайыс болғаннан соң шабысы
Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы - дей келе келесі кезекті әділқазы алқасына берсек.

Әділқазылардың шешімі бойынша бір топ қалады. Ол «алтын сандықты» ашады.

V. « Алтын сандық» ( «Кім жүйрік?»)

Оның ішінде «Кім жүйрік?» тапсырмасы орындалады. Қалған бір топ оқушылары деңгейлік тапсырмаларды орындап, «Алтын сандықты» ашып, жеңімпаз топ аталады.

І деңгей: Іске асыру теңдеулерін орындаңдар:

СО2 → С2Н12О6 → С2Н5ОН → С2Н4 → С2Н5СІ → С2Н5ОН → СО2

ІІ деңгей: Тығыздығы сутек бойынша 21 - ге тең газдың көмірсутекті жандырғанда 8,4 л (қ.ж.) СО2 және 6,75 г Н2О түзілген. Көмірсутектің формуласын анықтаңыз.

ІІІ деңгей: Массасы 10 г мыс пен алюминийдің қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 л қ.ж. сутек бөлінген. Қоспадағы мыс пен алюминийдің массалық үлестерін анықтаңдар.

Топ оқушылары тапсырмаларды орындап болғанша, көрермендермен «Химиялық би» сергіту сәті өткізіледі.

Формуланы құрасаң, Қане барып кассадан,

Би билеуге барасың. Формуланы сатып ал.

Қате болса формула Дұрыс тапсаң жұбыңды,

Билей алмай қаласың. Дөңгелетіп билеп қал.

Қыз балаларға қызыл түсті формулалар: K2, Na, H2, Fe,Ag, Cu, Ba, Li, AI, Sr, K, Ca.

Ұл балаларға сары түсті формулалар: I2, Br, SO4, SiO3, CI, F2, CI3, NO3, S, (OH)2, OH. таратылады.Қазылар алқасы формуланы дұрыс құрағандарға билеуге рұқсат береді.


Жүргізуші:

Ойын - толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын- толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - деп бүгінгі « Алтын қақпа» интеллектуалды-танымдық ойынымызды аяқтаймыз.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал