7


  • Учителю
  • Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары арасындағы генетикалық байланыс (8 сынып)

Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары арасындағы генетикалық байланыс (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Мортық орта мектебі» КММ

















Ашық сабақ





Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негiзгi кластары

арасындағы генетикалық байланыс













Еслямова У.Б

Химия пәні мұғалімі

























2015-2016 оқу жылы









Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері.

Мақсаты:1. Химиялық реакция теңдеулерін жаза отырып, реакция типтерін анықтауға үйрету.

2. Химиялық формула, химиялық теңдеу құру дағдыларын дамыта отырып, рекция типтерінің бір- брінен айырмашылығын көре білуге үйрету.

3.Топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Спиртшам,мыс сым, темір шеге, мыс хлориді, малахит, темір хлориді,натрий гидроксді,интерактивті тақта, А-3 қағаздар, маркерлер, кеспелер.

Сабақт типі: топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тәжірибелер, тест жұмыстары.

Сабақ барысы: Сыныпты 2 топқа бөліп отырғызамыз.

І. Ой қозғау.

Үй тапсырмасын тексеру және қайталау мақсатында, 2 - топқа мынадай тапсырмалар береміз.

  1. 2Cu + O2 = 2CuO

  2. 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2

  3. CuO+ 2HCl = CuCl2 + H2O

  4. 2H2O = 2H2 + O2

  5. N2 + 3H2 =2NH3

  6. Fe + CuCl2 =Cu + FeCl2

  7. 3NaOH + FeCl3 = Fe(OH)3 + 3NaCl

  8. (CuOH)2CO3 = 2CuO + H2O + CO2

Осы жазылған реакция теңдеулердін ұқсастықтары бойынша біріктіріңдер.

1-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде қосылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма? Осы реакция теңдеулерінің ішінде орынбасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

2-топ Осы реакция теңдеулерінің ішінде айырылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма? Осы реакция теңдеулерінің ішінде алмасу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

Оқушылар өз білгендерімен барлық реакция түрлерін ұқсас топтарға жіктейді.

Тақтаға шығып қорғайды.

II.Мағынаны тану.

Қосылу реакциясы





Айырылу реакциясы





Орынбасу реакциясы

  1. күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция





Zn + HCl - ZnCl2 + H2

Алмасу реакциясы

  1. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы

арқылы жүретін реакция





CuO + HCl - CuCl2 + H2O

Тәжірибе

Мыс сымды қысқаш арқылы ұстап спиртшамда қыздырамыз. Мыс ауадағы оттегімен әрекеттесіп, мыс оксидін (CuO) түзеді. Реакция теңдеуін жаз.

Тәжірибе

Малахитті (CuOH)2CO3 қыздырамыз. Малахит айырылғанда мыс оксиді CuO, су H2O және көмір қышқыл газы СO2 түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.

Оқушылар тәжірибелерді жасап, тақтаға реакция теңдеулерін жазады.

ІІІ. Мағынаны ажырату.

Сабақ басында берілген тапсырманы қайтадан алып, топтарға жіктейді. Бір- бірлерінің қателерін түзейді.

Сабақты бекіту мақсатында екі нұсқада тест жұмыстарын орындайды.Көршілерімен алмасып, дұрыс жауаптарын тексереді. Бағалайды.

IV. Бағалау.

V.Үй тапсырмасы

§18. 6,7 жаттығулар, 53-54 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал