- Учителю
- Открытый урок по химии на тему 'Темір. Темірдің маңызды қосылыстары'. (9 класс)
Открытый урок по химии на тему 'Темір. Темірдің маңызды қосылыстары'. (9 класс)
Қысқа мерзімді жоспар
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру, тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, толық мәліметтер беру.
2. Дамытушылық - темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат бере отырып, топтық жұмыс арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын, оқушылардың біліктіліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік - оқушылардың ізденімпаздылығын, іскерлігін қалыптастып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: жаңа бағдарламаны пайдалану, топтық және жұптық жұмыс. АКТ-ны пайдалану.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: темір ( ұнтағы ), күкірт, мыс ( ІІ ) сульфаты, тұз қышқылы, темір ( ІІІ ) хлориді, натрий гидроксиді, калий роданиді ерітіндісі, спирт шам, сіріңке. Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тексеру, журналды толтыру. Сынып оқушыларын 5 топқа бөлемін. Әр топтың өз жетекшісі бар. Топ жетекшілеріне бағалау парағын үлестіремін. Топтың топ ережесіне назар аударту. Сабақ барысында топ ережесі сақталады.
сөйлейді 1 2 3 4 5
бағалайды 2 3 4 5 1
сұрақ қояды 3 4 5 1 2
сұрақты бағалайды 4 5 1 2 3
рефлекция 5 1 2 3 4
Бағалау мен рефлекция жасауға спикер беріледі.
1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1-кезең. Білу кезеңі. Сөзжұмбақ шешу. Үйге берілген тапсырманы тексеру бойынша сөзжұмбақ шешу арқылы білгенімізді ортаға саламыз.
І топ: Өнеркәсіпте алюминийді алуға арналған шикізат. (Боксит)
ІІ топ: Алюминий оксидінің электролизі кезінде анодта не бөлінеді? (Оттек)
ІІІ топ: Жер қыртысында таралу жағынан металдардың ішінде бірінші орынды қай элемент алады? (Алюминий)
IV топ: Алюминий және алюминий қосылыстары қандай қасиет көрсетеді? (Екідайлы)
V топ: Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру. (алюминотермия)
Сөзжұмбақта ерекше жазылған тік тор көздегі сөзді оқимыз. Яғни бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріңіз анықтадыңыздар.
2 кезең. Түсіну. Ой қозғау сұрақтары:
І топқа:
1.Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстары қалай аталады?
( минералдар)
2. Коррозияға бейім металл ( темір)
3. Электрөткіштігі ең жоғары металл. ( күміс)
ІІ топқа:
1.Н. Чернышевский өзінің "Не істеу керек?" атты романында " Социализм металы" деп қай металды атады? ( алюминий)
2.Тарихшылар оны өмірді, қоғамды өзгерткен элементтер арасындағы алғашқы "революционер" дейді.
3. Сілтілік және алюминий металдарын алу әдісі ( электролиз)
ІІІ топқа:
1. Темірді тот басудан қорғайтын металл ( мырыш)
2. Қандай металл болашақтың металы деп аталған ( алюминий)
3. Қандай металл автомобиль металы деп аталған ( ванадий)
IV топқа:
1. Қай металл ХVIII ғасырда жауынгер түрінде бейнеленді? ( темір)
2.Химиялық реакцияларда оң ионға айналатын элементтер? ( металдар)
3. Өте ертеде сақтар темірді не үшін пайдалаланған? ( қару жасауға)
V топқа:
1. Темір металдардың ішінде таралуы жағынан қай металдан кейін тұр?
( алюминий)
2. Меккедегі темірдің қалқып тұруы неге байланысты? ( магниттілігіне)
3. Темірдің маңызды қосылыстарының бірі? ( пирит).
3 кезең. Қолдану. Қызықты тәжірибелер. Темір және оның қосылыстарының қасиеттеріне тәжірибелер жасау.
"Маған айтып берсең - ұмытып қалармын
Көрсетіп берсең - есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң - үйреніп алармын"
Шығыс нақылы
І топ: Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:
Fe + CuSO4 = FeSO4+ Cu
ІІ топ: Үш валентті темірдің иондарын анықтау үшін калий тиоцианаты реактиві қолданылады. Ол алмасу реакциясына түсіп, қан қызыл түсті ерітінді түзеді:
FeCl3 + 3КNCS = Fe(NCS) 3 + 3KCl
ІІІ топ: Темірдің суда ерімейтін гидроксидтерін олардың сәйкес тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады:
FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH) 3↓ + 3NaCl
IV топ: Сынауыққа бірнеше тамшы темір (III) хлоридінің ерітіндісіне 1-2 тамшы қызыл қан тұзын қосу. Тұнбаның түсі "турнбуль көгі" болады.
V топ: Темірдің қышқылмен әрекеттесуін қарастырайық. Нәтижесінде сутек газы бөлінеді.
2Fe + 3H2SO4 = Fe2(SO4) 3 + 3H2↑
4 кезең. Талдау. Семантикалық карта. Әр топқа тапсырма үлестіру.
-
топқа тапсырма.
Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырмаларды орындау.
Минералдың аталуы
Химиялық формуласы
Cалыстырмалы молекулалық массасы ( Мr )
Массалық үлесі
( Fe %)
Fe3O4 (Fe2O3∙ FeO)
Гематит
Лимонит
FeS2
IІ- топқа тапсырма.
Төмендегі темірдің қосылыстарының атын кестеге толтыру.
Химиялық формуласы
Аталуы
Химиялық формуласы
Аталуы
Химиялық формуласы
Аталуы
FeСІ3
FeСІ2
FeS2
Fe (OH)3
FeSO4
FeS
FeO
Fe2 (SO4)3
Fe(HCO3)2
IІI- топқа тапсырма.
Төмендегі темірдің алыну әдістерінің теңдеуін кестеге толтыру.
Химиялық формуласы
Алыну әдісі
Химиялық теңдеуі
Fe3O4
Көміртек (II) оксиді
FeО
Сутекпен
Fe2O3
Алюминиймен
Өнеркәсіпте алынуы. Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (II) оксидімен тотықсыздандырып алады:
FeO + H2 = Fe + H2O
Fe2O3 + 2Al = 2Fe + Al2O3
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
IV- топқа тапсырма.
Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырмаларды орындау. Кестеде көрсетілген заттардың қайсысы бір-бірімен әрекеттеседі
" +" немесе "-" белгісін қойыңдар.
Заттардың формуласы
HCI
NaOH
H2O
H2O + O2
FeO
Fe2O3
Fe (OH)2
Fe (OH)3
Fe CI2
Fe CI3
V- топқа тапсырма.
Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырмаларды орындау. Қазақстанның маңызды темір кендері:
Аталуы
Қолданылуы
5 кезең. Жинақтау. Топтық тапсырма.
1 топ: Темір - аспан тасы.
Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен темірден тұрады.Сондықтан ерте заманда темірді " аспан " немесе " жұлдыз тасы" деп атаған.
Ерте заманнан белгілі 7 металдың бірі - темірді ата-бабаларымыз аспан ілімімен байланыстырған. Күн жүйесінің орталық жұлдызын Темірқазық деп атаған. Қасиетті құранда Алла Тағалам "Cондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш, әрі адамзат үшін қажеттер бар. Соғыс құралдары да, тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болмайды''деп жазған.
Темірді ертеде "аспан тасы" деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі.Олардың құрамында 90 % темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 жылы Америкада табылған, салмағы 60 т, темір Күн жүйесінде ең көп таралған элемент. Жер ядросының 90 % темір құрайды.
2 топ: Темір - соғыс қаруы.
Темір - темір металын пайдалану қоғамның дамуын тездетті. Темірден жасалған бұйымдар басқа металдардан беріктілігімен, қаттылығымен, шыдамдылығымен ерекшеленеді. Темірден ертедегі ұсталар тұрмыстық құрал-жабдықтар, әр түрлі бұйымдар, сондай-ақ қару-жарақтар жасаған. Қазақ жерінде ықылым заманнан өмір сүрген ру тайпалар темірді өндіру әдісін игеріп, одан тіршілікке қажетті тұрмыстық заттарды, қару-жарақтар жасай білген.Қазақ халқы топырағында пайда болған аңыз, жыр дастандардағы кездесетін металл бұйымдар, археологиялық қазба қалдықтар, қорым, кесенелерден табылған дүниелер, көшпелі ата-бабаларымыз темірді өңдеуді білген деген қорытындыға келеміз.
3 топ: Темір - тіршілік тірегі.
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 г темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулы-ғын әлсіретеді.
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмдық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюы-ның алдын алуға тиісті.
Темір металы өте ерте кезден-ақ халықтың тұрмысына кең енгенін мақалдардан байқауға болады. Мақалдар халықтың темірді көмірмен қорыту керек екені және таттану үрдісі жайлы білгендерін көрсетеді.
Табиғаттағы заттардың бір бөлшегі темір элементі де қанша мықты болғанымен тозып бүлінетінін, сынатынын "өлмейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ"екенін көрсетеді.
Темір мен адамның өзара қатынасы бірнеше ғасырлар бойы жалғасып, бүгінде біте қайнасып, бірігіп кеткен тәрізді. Өйткені адам оны қайда жұмсамайды десеңші. Түйме қадайтын инеден бастап, алып крандарға дейін, бала ойыншығынан бастап, теңіз кемелеріне дейін, нағыз үлкен ғарыш зымырандарына дейін темірдің қолданылмайтын жері жоқ. Адамдар темірді ертеден-ақ аса қадір тұтқан.Темір - қазіргі заманғы техниканың маңызды металы.
4 топ: Темір дәуірі.
Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда Қыпшақ даласында темір қару соғылып, кәсіптік еңбек құралдары жасалынды. Ғұндар темір қорыту жабдықтарын Монғолия өңіріндегі Сэленге дариясының сағасына орнатты. Бұл шамамен б.э. дейінгі 1-ғасырдың тұсы еді. "Иавол жұрты" деген жерде 1927 жылы археологиялық экспедиция нәтижесінде зергерлік болат балқытатын құрамдар, пышақ, қанжар, темір қазандар табылды. Бұны кезінде қытай тарихшылары да мойындаған. Қытай б.э. дейінгі ІІІ-V-ғасырда жүгеннің темір ауыздығын білмеген, себебі ол кезде ат мінбеген.
5 топ: Темір - өмірдегі маңызды элемент.
Физикалық қасиеттері. Темір - жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы - 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары - 1539oC. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады.
Химиялық қасиеттері. Қосымша топшадағы көптеген металдар сияқты темір де орташа белсенді металдарға жатады. Белсенді бейметалдар темірді толықтырады:
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
Fe + S = FeS
Қатты қыздырылған темір ұнтағы немесе жоңқасы оттекте темір татын (тотығу дәрежесі +2 және +3 болатын темір оксидтерінің қоспасы FeO∙Fe2O3) түзіп жанады:
3Fe + 2O2 = Fe3O4 (FeO∙Fe2O3)
Құрғақ атмосферада ол қорғағыш оксидті қабыршақпен қаптала-ды. Мұндай қабыршақты темірді қыздырып жасанды жолмен алуға да болады. Осылайша тат баспайтын болатты алады.
Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O = FeO + H2↑
Ылғал ауада темірдің бетін тотығу өнімдерінің қоспасынан тұратын тат басады. Бұл процесті қысқаша төмендегідей жазуға болады:
4Fe + 3O2 + 6H2O = 4Fe(OH) 3
Fe - 3e → Fe 3 4
O2 + 4e → 2O 4 3
Темір қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады, ал өзі +2 тотығу дәрежесіне дейін тотығады:
Fe + 2H = Fe + H2↑
Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.
Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Темірге тотығу дәрежелері +2 және +3 болатын екі қатар қосылыс-тар тән:
FeO Fe2O3
↓ ↓
Fe(OH)2 Fe(OH)3
↓ ↓
Fe Fe
Әр топ өз жұмысын тақтада қорғайды. Оқушылар сабақты тарихпен, астрономиямен, физикамен, географиямен байланыстырады.
Темір металы өте ерте кезден-ақ халықтың тұрмысына кең енгенін мақалдардан байқауға болады. Мақалдар халықтың темірді көмірмен қорыту керек екені және таттану үрдісі жайлы білгендерін көрсетеді.
Табиғаттағы заттардың бір бөлшегі темір элементі де қанша мықты болғанымен тозып бүлінетінін, сынатынын "өлмейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ"екенін көрсетеді.
Темір мен адамның өзара қатынасы бірнеше ғасырлар бойы жалғасып, бүгінде біте қайнасып, бірігіп кеткен тәрізді. Өйткені адам оны қайда жұмсамайды десеңші. Түйме қадайтын инеден бастап, алып крандарға дейін, бала ойыншығынан бастап, теңіз кемелеріне дейін, нағыз үлкен ғарыш зымырандарына дейін темірдің қолданылмайтын жері жоқ. Адамдар темірді ертеден-ақ аса қадір тұтқан.Темір - қазіргі заманғы техниканың маңызды металы.
6 кезең. Бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылар бірін-бірі, топты бағалайды.
7. Үйге тапсырма: § 40. 41. 132-138 беттер. № 2,3,4,5,7 - жаттығуларды жазбаша орындау.