- Учителю
- Урок по химии на тему' Элементтер химиясы'
Урок по химии на тему' Элементтер химиясы'
Тақырыбы: «Элементтер химиясы»
Мақсаты: Оқушылардан тез, үйлесімді және тапқыр жауап алып, оқушылардың
білімін, ой-өрісін кеңейту және оның химия пәніне деген
қызығушылығын арттыру.
Ж о с п а р:
-
Сынып оқушыларынан топ құру.
-
Топ басшысын тағайындау.
-
Жаттығу сұрақтарын әзірлеу
-
Қызықты тәжірибелер даярлау
-
Викториналық сұрақтар
-
Қорытынды
С а б а қ б а р ы с ы:
Бірінші топтың сұрақтары:
-
Қандай химиялық элемент екі жануардың атынан тұрады? (мышьяк)
-
Қандай су дем алғанда лайланады? (ізбес суы)
-
Қандай элемент өзеннің атымен аталады?(рений)
Екінші топтың сұрағы:
-
Қандай металл адамның қолында балқиды? (цезий)
-
Қандай қышқыл адамның асқазанында болады? (тұз қышқылы)
-
Жанбайтын қандай зат сумен сөндіріледі? (Сөндірілмеген зат, күйдірілген ізбесті сумен қосуды) CaO + H2O =Ca(OH)2
Бірінші топтың жанкүйерлеріне сұрақ:
-
Бірінші бөлігім алда бол деген ұғымды бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газдеп те есептелемін, ойлаңдаршы, сонда мен кіммін? (Озон)
-
Өзім химиялық элементпін, егер «ан» жалғауын жалғасақ, қыстың қаҺарлы күндерін еске түсіремін. (Бор-боран)
Екінші топтың жанкүйерлеріне сұрақ:
-
Жазылуы бойынша оқысаң элементпін, керісінше оқысаң - өткізгішпін, сонда мен кіммін? (Мыс - сым)
-
Менделеев периодтық системаны ашқан кезде қанша элемент белгілі еді, ал қазір қанша элемент белгілі? (63элемент, қазір 103)
Т о п т а р ж а р ы с ы:
1. Кеш басқарушы тұздардың формуласын жазуға жарыс жариялайды. Әр топтан бір адамнан шығарылады (2 минут уақыт беріледі). Ең көп және дұрыс жазған топ мүшесіне жоғары ұпай беріледі.
2. 5 әріптен және 6 әріптен тұратын элементтерді жазу.
3. Оксидтер мен гидроксидтердің формуласын жазу.
Топ басшыларынаң жарысы:
Бірінші топ басшыларының сұрақтары:
-
Қандай элементтер планеталар атымен аталады? (Нептуний, Плутоний, Уран)
-
Қандай элемент алтыннан 10000 есе қымбат? (Радий, 1гр радий 25 кг алтынға пара - пар)
-
Бірінші буыным «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным «шараппен улану» деген мағынада, ал өзім улы тұзбын. Ойланшы, сонда мен кіммін? (Алмас) HgCl2
-
Кипп аппаратының суретін салу (1 минут)
Екінші топ басшыларының сұрақтары:
-
Бірінші бөлігім «көп емес», екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада біріқ өзім химиялық элементпін. Ойлан, тап! Сонда мен кіммін? (Азот)
-
Қандай элементтер мемлекеттің құрметіне аталған? (Рутиний - Россия, Германий - Германия, Полоний - Польша, Галий - Франция, Скандий - Скандинавия)
-
Бірінші бөлігім «қуаныштымын», екінші бөлігім «сан есімдік» деген мағынада, бірақ өзім химиялық элементпін. Ойлан, тап! Сонда мен кіммін? (Орынша радон)
-
Кипп аппаратының суретін салу (1 минут)
Жанкүйерлерге жалпы тапсырма:
-
3 әріптен, 4 әріптен тұратын элементтерді жазу (1 минут)
-
Қандай суды ішуге болмайды? (ізбес суы)
-
Неге өсімдіктердің жапырақтарының түсі жасыл және оған түс беретін қандай элемент? (Хлорофилл)
Қызықты тәжірибелер:
Бірінші тәжірибе: «Отсыз жұмыртқа пісіруге бола ма?»
Қажетті заттар: сөндірілмеген ізбес, темір табақ, су.
Тәжірибе барысы: От пен электр қуатын пайдаланбай тамақ пісіру мүмкін емес. Алайда химиялық энергияны пайдаланып жұмыртқаны оп-оңай пісіруге болады екен. Мәселен, ізбеске су құйған кезде көп жылу бөлінеді. Ол үшін темір табаққа өртелген ізбес тасын салады да, ортасына жұмыртқаны қоыйп су құяды. Сол кезде өртелген ізбес тасы сумен күшті әрекеттесіп көп жылу бөледі. Табаққа салынған жұмыртқа сол жылу әсерімен піседі.
Екінші тәжірибе: «Түтінсіз темекі»
Қажетті заттар: Концентрлі тұз қышқылы ерітіндісі және аммоний гидроксиді NH4OH.
Тәжірибе барысы: Барлығыңыз да Репин деген суретшіні білетін шығарсыңдар. Әрбір сәрсенбі сайын ғалымдар Д.И. Менделеевтің үйіне жиналып, ғылымның әр түрлі саласының жаңалықтары туралы әңгіме өткізеді. Осы жиын кезінде қызықты тәжірибелер жасап, оларды сергітетін болған. Репинге темекіні қойдырайын деген мақсатпен, сен темекіні тартып түтін шығарсаң, мен темекісіз - ақ түтін шығарамын дейді. Репин: «Жоқ, шығара алмайсың» депекеуі айтысып қалады. Менделеев қасында тұрған банканы қақпақпен жаба қойғанда, банканың іші түтінге толып кетеді. Репинге, «Сен мына түтінді иіске» - дейді. Репин оны иіскегенде қақалып қалады. Банканың ішін концентрлі тұз қышқылы ерітіндісімен, ал қақпақты концентрлі аммоний гидроксидімен ылғалдайды
NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O
Конкурстық тапсырма:
-
Заттар классификациясына арналады. Тақтаға шыққан топтар мүшесі бейорганикалық қосылыстардың класстарын ажыратып жазады.
1 - плакатта:
H2S, H2O, SO3, NaCl, Fe (OH)3, H2SO3, H2SO4, Ca(NO3)2, K2O, Li2CO3, Zn (OH)2.
2 - плакатта:
BaO, Cr (OH)3 , Na Cl, H3PO4, P2O5, HNO3, Cu(OH)2, Al2O3, Mg (OH)2, MgCl2, H2CO3
2 - тапсырма
Оқымысты химиктер мен олардың ашқан еңбектеріне арналған. Әрбір топ мүшелері екі оқымысты химиктің суретін алады. Оқымыстыны атап оның ашқан еңбектерін айтып беру керек. Мысалы: Ломоносов, Менделеев деген сияқты.
Викториналық сұрақтар
-
Қандай элемент қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады: (Бром)
-
Күкіртсіз қандай аяқ киімді жасауға болмайды? (резина аяқ киім)
-
Қандай қышқыл май деп аталады? (H2SO4) Купарос майы
-
Қандай элементті суық суда жағуға болмайды? (Калий, Рубидий, Цезий)
Қорытынды: Оқушылардың «Элементтер химиясы» тақырыбындағы кеш өз мәресіне жетеді. Әділқазылар алқасы топтарды бағалайды.
Құрашасай орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Элементтер химиясы»
Пән: Химия
Сынып: 9-11
Мұғалім: Жумалиева Жазира
Есенгелдіқызы