- Учителю
- Вне классная работа по химии на тему ' Ғажайып химия '
Вне классная работа по химии на тему ' Ғажайып химия '
Конец формы
Начало формы
Конец формы
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып химия
Сабақтың мақсаты
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтижесі:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдері толығады, теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдысы қалыптасады.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейі артады, қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтары артады.
Сабақ көрнекілігі: Интерактив тақта, слайд, суреттер, шарлар, қима қағаздар. қызықты сұрақтар салынған конверттер, химиялық құрал - жабдықтар мен реактивтер.
Сабақ түрі: Химиялық кеш.
Кеш жоспары:
Бәйге
Есептер сыры
Полиглот
Қызықты тәжірибе
«Мен - саған, сен - маған»
Барысы:
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Ғали Орманов
Әділ қазылар алқасы таныстырылып өткеннен кейін, әр топ сәлемдесіп, өздерін таныстырып, топтың ұранын айтып өтеді.
Б ә й г е
1. Ас содасының формуласы
(NaHCO3 натрий гидрокарбонаты)
2. Жарықтың әсерінен ыдырайтын қышқыл
( Азот қышқылы)
3. Ең қатты металл
(Хром)
4. Құмның негізгі бөлігі неден тұрады?
(Кремнезем немесе кремний оксиді)
5. Судан қорқатындар немесе ерімейтіндер
(Гидрофобтылар)
6. Ең жеңіл металл
(литий, сілтілік металдар)
7. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
(фтор, F)
8. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
(тұз қышқылы, HCL)
9. Ең қиын балқитын металл
(вольфрам)
10. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
(ас тұзы, NaCl)
11. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді
(Күкірт, S)
12. Өнеркәсіптің негізгі металы
(темір)
13. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл
(сүт қышқылы)
14. Сұйық металл
(Сынап, Hg)
15. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
(электролит. диссоциациялану).
16. Нажағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін газ
(озон)
17. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат
(су)
18. Атомның бір түрі
(химиялық элемент)
19. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
( амфотерлі)
20. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
«Есептер сыры»
Шарты: Тақтада цифрлар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әрбір топқа дұрыс жауабы үшін торкөздегі сан мөлшерінде ұпай қосылады.
10 (оң жақ)
Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.
Al→ Al2O3 → Al(OH) 3→ Al2O3 → AlCl3 → Al(NO3) 3
10 (ортада)
Металл алюминийдің құрамында 1, 5 моль натрий гидроксиді бар, сілті ерітіндісімен әсер еткенде сутектің қандай көлемі (қ. ж) бөлінетінін есептеңдер.
10 (сол жақ)
Реакция теңдеуін аяқта, типін анықта:
Mg + Br2 =...
Al2O3 + НCl =...
Cu+ Н2SO4 =...
BaCl2 + Н2SO4 =...
20 (оң жақ)
4 моль мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің көлемі (л)
20 (ортада)
Массасы 400 г 50% - қ күкірт қышқылы ерітіндісінен буландыру арқылы 100 г суды бөлді. Алынған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі қандай?
20 (сол жақ)
Егер қосылыстың құрамындағы К - 24, 7 %, Mn - 34. 8 %, O - 40. 5% болса, осы қосылыстың қарапайым формуласын анықта.
«Полиглот»
(қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын және таңбасын жазу)
Ынатл - алтын - золото - Au
Мсіүк - күміс - серебро - Ag
Йалқаы - қалайы - олово - Sn
Сынорқға - қорғасын - свинец - Pb
Туекс - сутек - водород - Н
Сым - мыс - Медь - Сu
Ектто - оттек - Кислород - О
Ремті - темір - железо - Fe
Аынсп - сынап - Ртуть - Hg
Екөрітмк - көміртек - угль - С
Қызықты тәжірибелер
(Шарты: әр топ берілген өздеріне берілген тәжірибелерді орындайды. Ал, келесі топ оның себебін айтады.)
1. Жасанды «Балдырлар»,
2. Сиқырлы сия,
3. Сіріңкесіз жағылған от,
4. Жанбайтын орамал
«Мен - саған, сен - маған»
Шарты: Әр топ өздері дайындаған сұрақтарын қарсы топтарға береді.
№1 Химия ғылымының тарихында бұл элементті 1879 жылы Швед химигі Пер Теодор Клеве ашты деп есептеледі. П. Т. Клеве жаңа элементті Швеция астанасы Стокгольмнің ертедегі латынша атымен атапты. Бұл қай элемент? Гольмий
№2 У. Рамзай мен оның жәрдемшісі М. Трэверс инертті заттардың қасиеттерін зерттей жүріп, оларды салқындатып сұйылтатын жаңа машина жасаумен шұғылданды. У. Рамзай мен М. Трэверс қатты аргонды буландырып, бөлініп шыққан фракция үлестерін ыдысқа жеке - жеке жинады. У. Рамзай мен М. Трэверс ең соңында спектрлік сызығы қызыл сары және күлгін сызықтар аралығында орналасқан тағы бір белгісіз жаңа газ бу көпіршіктерінің бар екенін байқады. Жаңа газды олар «бөгде» деп атады. Өйткені ол криптон фракциясындағы бөгде зат еді. Сөйтіп бұл элемент 1998 жылы ашылып, периодтық жүйеге орналастырылды. Бұл қай элемент? Ксенон
№3 Бұл элемент адамзат қоғамымен бірге жасасып, талай ұлы өзгерістерге куә болып келе жатқан көнекөз химиялық элемент. Оны қашан, қалай, кім ашқаны жөнінде нақты дерек жоқ Әр ел тілінде түрліше аталып, түрліше таңбаланып келді. Бір халық күнге теңесе, тағы біреулері - тұзға, қуанышқа, сәулеге, жарыққа теңеді. Ал химиктер оны көз тартатын, сұлулығы мен тұрақтылығына сәйкес «металдар патшасы» деп атаған. Бұл қай элемент? Алтын
№4 Бұл элемент те оның қосылыстары да адам баласына өте ерте заманнан белгілі болды. Европалық елдерде аңызға айналған «антимоний» деген құпия аты да бар, ол «сопыларға қарсы құрал» деген мағынаны білдіреді. Өйткені оның қосылыстары сопыларды емдеу кезінде кері әсер етіп, өлімге душар еткен. Ал, алхимиктер бұл элементті «химия жыртқышы» деп те атады. Бұл қай элемент? Сурьма
Қорытынды: әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептейді. Қай топтың жинаған ұпайлары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.