7


  • Учителю
  • Алкандардың қасиеті және алынуы

Алкандардың қасиеті және алынуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№1 сабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Күні

2.10.2015

Сыныбы

11 А

Сабақтың тақырыбы

Алкандардың қасиеті және алынуы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгере отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдылану

Оқыту нәтижесі

Алкандардың алынуы мен оны қай жерде қолдану керектігі туралы түсінік қалыптасады.

Алкандардың қасиетін басқа өкілдерден ажырата алады.

Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

Ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.

Оқыту әдістері мен тәсілдері:

Өзіндік жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны қолдану, дарынды балалармен жұмыс, топтық жұмыс (диалог, бірлескен сұхбат, пікірлесу), сұрақ-жауап, Репродуктивті кестелермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар ;және ойын элементтері.

Оқудың ресурстары:

Проектор, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы, үлестірме-қағаздар, алкандардың модельдері т.б

Сілтеме

Н.Нұрахметов «Химия 11 сынып», ғаламтор беттері GOOGLE

Пәнаралық байланыс

биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару

Оқушылар бар нызырын үй тапсырмасы мен топтастыруға арналған тапсырмаға көңіл бөледі.

Топтастыру

3-4 мин

  1. Алкандар

  2. Алкендер

  3. Алкиндер

  4. Радикалдар

Оқушыларға топ атына сәйкес органикалық қосылыстардың өкілдері беріледі, оқушылар соған сәйкес топтасады.

Мысалы СН4-Алкандар

С2Н4-алкендер

С2Н2-алкиндер

С3Н7-пропил

Үй тапсырмасы

10 мин

Мұғалім тапсырма береді

Lessen stodey бойынша баланы анықтау мақсатында 3 деңгейлі тапсырма беріледі

Оқушылар өздерінің деңгейіндегі тапсырманы орындау барысында анықталады.

№ 1 деңгей

  1. Затты ата халықаралық жүйе бойынша атап, біріншілік,екіншілік үшіншілік және төртіншілікті анықта.

СН3-СН2-СН -СН2-СН3

СН3

СН3



СН3-СН2-С -СН2-СН3

СН3

  1. Құрылымдық формула құрастырып біріншілік,екіншілік үшіншілік және төртіншілікті анықта.

А)2,2,3,3-тетраметил 5-этил, 6-гептил нонан

Б)2,3-диэтил, 5 гексил, 6 пентил октан

№ 2 деңгей

Қ.ж. 2 л бутанның көлемін, зат мөлшерін және массасын есепте

№ 3 деңгей

Шығымы 86% болса, 30 г көміртектен алынатын метанның көлемі?

Жаңа сабақ

Бұл жерде слайд, постер, маркер т.б көрнекіліктер қолданылады.

Мазмұны.

Физикалық қасиеті:Салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне қарай алкандардың қайнау және балқу температуралары артады

Химиялық қасиеттері:
Алкандар орынбасу,айырылу, изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғанда бір ерекшелігі - олардың құрамындағы көміртек атомдарының валентіліктеріне толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакциясына түспейді.
Орынбасу реакциялары:
1.Галогендену реакциялары - алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі, жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іске асады.Жарықтың әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады. Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл,броммен қиындау, йодпен қиын жүреді. Ал фтормен қопарылыс түзе жүретін болғандықтан, реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді. Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда, алкандардың гологентуындылары түзіледі:
СН2+CL2→СН3CL+НCL
СН3CL+CL2→СН2CL+НCL
СН2CL+CL2→СНCL3+СНCL3+ НCL
СНCL3+ CL2→С CL4+ НCL
2. Нитрлеу реакциясы.
Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Конавалов реакциясы деп аталады:
С2Н6+ HNO3→ С2Н5 NO2+ H2O
3. Айырылу реакциясы.
СН4→С+2Н2
4. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады:
С6Н14→С6Н6+4Н2
5. Изомерлену реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп, түзу көміртек тізбегі тармақталады. Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді.
6. Тотығу реакциялары: Жану реакциясы
СН4+ 2О2→СО2+4Н2
Метанның таралуы:
• Батпақты суларда
• Өсімдіктер мен жануарлар организмінде
• Табиғи газдың құрамында

Жаңа сабақ барысындағы тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре отырып, оқушыларға теория түрінде қысқаша түсінік қалыптастырады.

Оқушы алкандардың қасиетіне бірден сабақ үстінде есептер шығарып өздері практикалық білім қалыптастырады. Және мұғалімнің түсіндірмесі арқылы теориялық білім қалыптастырады.

Тапсырмалар

15-17 мин

1 деңгей

Тест түрінде беріледі

1. дегидрлеу реакциясы:

А) CH4 = C+2H2 Б CH4+Cl2 =CH3 Cl + HCl В) CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Г) CH3 - CH2 - CH2 - CH2- CH3 = H3C- CH - CH2 - CH3
/
CH3

2. Қанықан көмірсутектер молекуласында көмірсутектің гибридтену типі.

А)sp3 Б) sp2 В) sp2, sp

3. Алкандарға қандай химиялық қасиет тән?

А) қосылу реакциясы Б) орынбасу реакциясы В) айырылу реакциясы

4.Конавалов реакциясын табыңыз.

А) С2Н6+ HNO3→ С2Н5 NO2+ H2O Б) С6Н14→С6Н6+4Н2 В) СН4→С+2Н2

5. галагендеу реакциясы ненің қатысында жүреді және қандай реакция түріне жатады

А. хлор, айырылу реакциясы Б. натрий, орынбасу В. хлор орынбасу Г хлор, қосылу реакциясы

  1. деңгей

есеп түрінде беріледі

1. 60 грамм этан жанғанда түзілетін көміртек (ІV) оксидінің зат мөлшерін есепте (жану реак)

2. Егер қ.ж 3,2 л хлорметан түзілген болса, өнімді алуға жұмсалған метанның массасын есепте (орынбасу, гологендеу)

3 деңгей

1. 1.Массасы 32 г метанды термиялық айырғанда зат шығымы 75% болған жағдайда түзілетін күйенің массасы неше? (айрылу реак)(дегидрлеу реак)

2. 30 грамм этан 63 г азот қышқылымен әрекеттескенде түзілген нитроэтанның массасын есепте (нитрлеу) орынбасу)


Бекіту

3 мин

Химиялық қасиеттері

1.Орынбасу

реакциясы

а)Галогендену

реакциясы

ә)Нитрлеу

реакциясы

2.Айырылу

(ыдырау)

реакциялары

3.Риформинг

реакциялары

4.Изомерлену

реакциялары

5.Тотығу

реакциялары

Көмірсутек-

тердің жануы

Үйге тапсырма

1 мин

2.Алкандардың табиғатқа әсері (эссе)

3. Кестені толтырыңдар.

Атауы


Молекулалық

формуласы

Құрылымдық формуласы


Теңдеуі


Реакция типтері

пропан







Бағалау

2мин

Оқушы аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Мұғалім бағасы


І деңгей

«3»баллдық баға

ІІ деңгей

«4» баллдық баға

ІІІ деңгей

«5» баллдық баға

І деңгей

«3»баллдық баға

ІІ деңгей

«4» баллдық баға

ІІІ деңгей

«5» баллдық баға

Рефлекция

1-2 мин

Оқушылар сабақтан алған әсерін, нені түсінді,нені түсінгісі келетін жағдайлар мен ұсыныстарды жазады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал