- Учителю
- Урок: Азот атомының құрылысы
Урок: Азот атомының құрылысы
Сабақ тақырыбы: Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері.
Сабақ мақсаты:
-
Білімділік:
Азоттың периодтық жүйедегі орнын көрсету. Табиғатта кездесуі, химиялық және физикалық қасиеттері, қолдануы жалпы мағлұмат беру.
-
Дамытушылық
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.
-
Тәрбиелік
Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:
-
Интерактивті тақта, электронды оқулық, плакаттар, анықтамалық кітаптар.
Сабақ жоспары:
-
Үй тапсырмасы- *Сұрақ жауап (10 минут)*
-
Жаңа сабақ (20минут)
-
Бекіту (7 минут)
-
Уйге тапсырма (1 минут)
-
Бағалау (5 минут)
Сабақ барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері?
-
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер?
-
Екі шыны стаканға бірдей етіп құйылған кнцентрлі және сұйытылған күкірт қышқылын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
-
Сұйытылған күкірт қышқылының мына заттармен а) металдармен; ә) негіздік оксидтермен; б) негіздермен әрекеттесуінен мысалдар келтіріп, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар?
-
Концентрлі күкірт қышқылын суда ерітудің ережесін айтып, ондағы жүретін физикалық құбылысты түсіндіріңдер?
-
Күкірт қышқылы мен сульфаттардың қолдануын айтып беріңдер.
-
Жаңа сабақ,
-
Қызығушылықты ояту. (сабақ тақырыбын слайд арқылы көрсетеді) Әр оқушыға сараптау кестесі беріледі.
-
Білемін
Үйрендім
Білгім келеді
1.
2.
3.
Кластер стратегиясын қолданамыз. Окушылар берілген тақырыпты график түрінде жүйелейді, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртәппен шоқ тәрізді орналастырады.
-
Мағынаны ашу. Окушыларды топтау, топтарға берілетін тапсырмалар.
Бірінші топ тапсырмасы - Азоттың периодтық жүйедегі орны, тарихы.
Екінші топ тапсырмасы - Табиғатта кездесуі, биологиялық маңызы.
Үшінші топ тапсырмасы - Азоттың физикалық және химиялық қасиеттері.
Төртінші топ тапсырмасы- Азоттың қолдануы.
Топтар алдымен жұппен, одан кейін топпен жұмыс істейді.
Соңынан әр топ өкілі тақтада түсіндіреді.
Бекіту
-
Жеке оқушымен жұмыс.
Топ мүшелеріне мұғалім құлаққа салып тыңдайтын құралмен сұрақ қояды - оқушы жауап береді.
-
Оқушылар *Синквэйн* тәсілін қолданып, Азот тақыры бойынша бес жолды өлең құрастырады.
Мысалы: Тақырыптың аты- бір зат есім
Тақырыпты сипаттау - екі анықтауыш.
Іс-әрекетті сипаттау - үш етістік.
Тақырыпқа байланысты- төрт сөз.
Тақырыптың негізі - бір сөз.
Үйге тапсырма беру:
-
53-беттегі 5-6 жаттығуды орындау.
-
Есеп, оның берілуін компьютер арқылы тақтада көрсету.
Бағалау:
Бағалау 1- топтық жұмысқа
2- әр оқушының жеке жұмысына қойылады