7


  • Учителю
  • Емтихан сұрақтары география пәнінен (6 сынып) (билет жауаптарымен)

Емтихан сұрақтары география пәнінен (6 сынып) (билет жауаптарымен)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  1. Билет №1

1. Физикалық география нені зерттейді?

Физикалық география - география ғылымдары жүйесіне жатады. География ғылым ретінде Ежелгі Грекияда дамыған. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін география деп атаған. Грек тілінде гео - жер, графо - жазу. Сонда география сөзі жерді сипаттап жазу деген мағынаны білдіреді.

География ұғымы пайда болғаннан бастап ол біздің планетамыздың жер бетінің табиғатын зерттеумен айналыса бастады. Осы мақсатта алыс елдерге экспедициялар жасақталып, дүние жүзін айналып шығу саяхаттары ұйымдастырылды. Саяхатшылар мен теңізде жүзукшілер барған жэерлері жайлы басқа елдердің табиғаты, халқы, олардың қандай шаруашылықпен айналысып жатқандығы жөнінде көрген білгендерін қағазға түсіріп отырды. Құрлықтар мен мұхиттардың ашылып зерттелуіне мыңдаған жылдар қажет болды. Ұзақ уақыт бойы география Жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді.

Физикалық география табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттеййді.

Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып, сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. 19 ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған, белгісіз жер қалған жоқ. Соған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен қүұбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай олардың себебін де түсіндіретін ғылымғы айналды. Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері күннен күнге ұлғаюда. Адам іс - әрнекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары өзгереді. Адамның шаруашылық әрекетінің мықтап өркендеуі табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді алдын ала болжау қажеттігін тудырады. Мысалы, ірі су электр стансасын салуға байланысты сол төңіректің табиғаты қай бағытта өзгереді, ол өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары қандай болмақ деген мәселелер туады.



2. Жердің Күн жүйесіндегі орны?

Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүретінін білесіңдер. Олар - планеталар (грекше планета - кезбе). Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита - із, жол). Күнге ең жақын айналатын планета - Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді

Жер және басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің тарту күшіне байланысты.

Мұны түсіну үшін ұзын жіпке салмақты темір шығыршық байлап, бастарыңнан айналдырып байқаңдар. Айналдырғанда шығыршық жіпті керіп, сыртқа тебеді, босатып жіберсең, ұшып кетеді. Бірақ жіп оны тартып ұстап тұрады. Осы сияқты Күн де планеталарды өзіне тартып, төңірегінде айналып жүруге мәжбүр етеді. Егер Күннің тарту күші кенет жойылып кетсе, Жер секундына 30 км жылдамдықпен әлем кеңістігіне самғап кетер еді.

Өздерін орасан зор күшпен өзіне тартып тұрған Күннің бетіне планеталар неге құлап түспейді деген сұрақ туады. Біз бұл жерде үлкен жылдамдықпен қозғалушы дененің өзінің қозғалу бағытын сақтауға тырысатынын есімізге түсіруіміз керек. (Жіпке байлап айналдырған шығыршық осыны дәлелдейді).

Сонымен, бір жағынан Күннің тарту күшіне, екінші жағынан жылдам қозғалушы дененің өзінің бағытын сақтауға тырысуына байланысты басқа планеталар да, Жер де өз орбитасы бойымен бір қалыпты қозғалады.

Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтар, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.

Бұлар туралы сендер 5-сыныптағы «Жаратылыстану» пәні сабағында мағлұмат алғансыңдар.

Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүретінін 4-сыныптан білесіңдер. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. (Жарықтың таралу жылдамдығын еске түсіріңдер). Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40 млн км жақын, ал Марстікі, керісінше, онан 78 млн км алыс орналасқан.

Күн жүйесінің мөлшерімен салыстырғанда бұлар онша үлкен айырма болып есептелмейді. Сондықтан соңғы кезге дейін адамдар Шолпан мен Марсқа қандай да болмасын тіршілік көзі ретінде үмітпен қарап келді. Алайда біздің кезіміздегі ғарыштық зерттеулер бұл үмітті бекерге шығарып отыр. Шолпан мен Марсқа жіберілген ғарыш құралдары бұл екі планетаның екеуінде де тіршілік үшін қажетті жағдайдың жоқ екендігін анықтады. Шолпанның бетінде температура 500°С-қа дейін көтерілетіні және ондағы атмосфераның 97 пайызы тіршілікке зиянды көмірқышқыл газынан тұратындығы белгілі болды. Ал Марстың атмосферасы өте жұқа және оның өзі түгелдей дерлік көмірқышқыл газынан құралған. Атмосфераның жұқа әрі селдір қабаты Күннен түскен жылуды ұстап тұра алмайтындықтан, Марстың беті ғаламат суық. Планетаның бетіндегі температура - 29°С тан жоғары көтерілмейді, тіпті - 85°С-қа дейін төмендеп кетеді. Планетадағы мардымсыз судың өзі ұдайы қатып жатады. Аяздың күштілігі соншалық, онда су ғана емес, оның атмосферасының басым көпшілік бөлігін құрайтын көмірқышқыл газ да тек қатты күйде кездеседі. Мұндай жағдайда микроағзалардың де тіршілік ете алмайтындығы белгілі.

Сонымен, Жер - Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілік пайда болған планета. Оған Күн жүйесіндегі орнымен (Күннен қашықтығы) бірге қалың атмосфера қабатының болуы, өз білігінен айналу уақыты және басқа да жағдайлар жиынтығы себеп болған.

3. Жердің пішіні мен мөлшері қандай?

Жердің ғарыштан түсірілген суреті оның пішіні шар тәріздес екендігіне күмән келтірмейді. Алайда адамдар мұндай тұжырымға бірден келе қойған жоқ.

Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ даму кезеңінен өтті. Ежелгі халықтар «Жер тегіс, оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген» деп ойлаған. Алайда бақылап тұрған адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болып көрінуі бара-бара басқа ой туғызды. Содан барып «Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек» деген пікір келіп шықты.

Түрлі қосалқы белгілерді бақылаудың нәтижесінде ежелгі грек ғалымдары «Жер шар тәріздес» деген пікір ұсынды (олар қандай белгілер?). Дегенмен бұл пікір бірден қолдау таба қойған жоқ. Кейінірек, орта ғасырлардың соңына қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана «Жер шар тәрізді» деген пікір түпкілікті дәлелденді. Түрлі өлшем жұмыстары жүргізіліп, Жер меридианының ұзындығы, диаметрінің мөлшері анықталды. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетамыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысыңқы келетіндігін көрсетті. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен 21 км қысқа болып шықты. Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан Жер радиусы 6371 км болатын шар деп есептелінді. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Осы орайда: «Жердің шар тәріздес екендігін неге байқамаймыз?» деген заңды сұрақ туады. Оған себеп, тегіс жерде тұрған бақылаушы айнала төңірегіне 4-5 км қашықтыққа дейін ғана көз жібере алады. Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.

Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні. Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Егер жер беті тегіс болса, оның барлық жеріне күн сәулесі бірдей бұрыш жасап түсер еді. Ал шардың бетіне түсетін күн сәулесі оған әр түрлі бұрыш жасап қиылысады. Экватор жағына тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын көлбейлене түседі (8-сурет).





Емтихан сұрақтары география пәнінен (6 сынып) (билет жауаптарымен)Күн сәулесінің Жерге әр түрлі бұрыш жасап түсуі

Күн сәулесінің тал түсте, ертеңгілік және кешкілік қалай түсетінін естеріңе түсіріңдер. Қай мезгілде тік түседі? Соған сәйкес жерге келетін жылу мөлшері қалай өзгереді?

Күн сәулесі түсу бұрышының экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес Жер бетіне келетін жылу мөлшері де осы бағытта өзгере береді. Күн сәулесі неғұрлым тік түскен сайын жер бетін көбірек жылытады. Экватор маңы ыстық болатыны да сондықтан. Полюстерге қарай күн сәулесі түсу бұрышының кішірейе түсуіне орай жылу да азая береді.

Жердің пішіні мен мөлшерін білу оның дәл картасын жасау үшін де қажет. Мұндай дәл өлшемдер қазіргі кезде Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.









































  1. Билет №2

1. Масштаб дегеніміз не? Мысал келтір

Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ)[1] - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.

Масштабтар мен олардың дәлдігі.

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.

Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің үсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сэйкес келетін көлденең масштаб



2. Қашықтықты өлшеудің қандай түрлерін білесің?

Жер бетінде қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен өлшенеді. Қадаммен өлшегенде әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтаған жөн. Оқулықта көз мөлшермен анықтау кестесі көрсетілген.

Масштаб - жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейтілген дәрежесі. Қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб д. а. алымы әрқашан 1 см - ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене түседі. Мәселен, 1: 10 000 масштабы 1: 50 000 масштабқа қарағанда ірі.

Картаның масштабы сөзбен де жазылады 1: 10 000 масштабты сөзбенен 1 см - де 100м. Мұны атаулы масштаб дейді. Мысалды оқыту.

Өзендердің ұзындығын циркуль арқылы өлшейді. Арасын 5мм етіп өлшеп, оның санын 5мм - ге көбейтіп, содан кейін масштабқа көбейтеді.

План - 2 000дейін және одан ірі, топограф. Картада - 1: 10 000 нан 1: 100 000 - ға дейін болады.



3. Азимут дегеніміз не?

Азимут (арабша ас-сумут - жол, бағыт) - бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Нағыз (шын) азимут - аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут - магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.Азимут - жер нысандарының немесе аспан шырақтарының азимуты - байқаудың берілген нүктесі меридианының жазығы мен осы нүкте және жер нысаны арқылы өтетін тік (вертикаль) жазықтық арасындағы бұрыш. Астрономиялық және геодезиялық азимут деп бөлінеді. [2]



Азимут ( арабша ас - сумут - жол ) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут тұсбағардың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°- 360° - қа дейін есептеледі. Толық шеңбер 360° - тан тұрады. 0° - солтүстік, 90° - шығыс, 180° - оңтүстік, 270°-батыс

Бағдарлау деп көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтауды айтады. Көкжиек тұстары негізгі және аралық болып бөлінеді.

Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А - 30°

Көкжиек тұстарын Күнге, Темірқазық жұлдызына - түнде, өсіп тұрған ағаштарға, құмырсқа илеулерінің пішініне, т.б. қарап анықтайды. Ал дәл анықтау үшін тұсбағар құралы қолданылады. Компаспен азимутты өлшейді.

Планда солтүстік бағытты бағдаршамен белгілейді, Осы бағытты білген соң, көкжиектің басқа тұстарын анықтау жеңіл. Ал планда бағдарша көрсетілмеген жағдайда, планның жоғары бөлігі Солтүстік, төменгі бөлігі - Оңтүстік, оң жағалауы - Шығыс, сол жағасы - Батыс болып саналады.

Дәптермен жұмыс : Солтүстік батыс бағыттағы көлдің азимутын анықтап, сызба түрінде көрсетіңдер.









  1. Билет №3

1. План дегеніміз не?

План (лат. planum - жазықтық) -

  1. жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План);

  2. қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі;

  3. горизонталь



План элементтері

План элементтері -- сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады.[2]

Пландар дәлдігі

Пландар дәлдігі -- пландағы объектілер орындарының жергілікті жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы шамасын сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-өлшеу нәтижелерінен алынған мәліметтер айырмашылығымен бағаланады. Шектеулі айырмашылық нұсқаулармен белгіленген орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. Шектеулі шамадан асатын айырмашылық саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі айырмашылық саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі.[2]





2. Глобус-Жердің моделі?

Глобус(лат. globus-шар) - Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы геогр., саяси, тектоникалық, климаттық, т.б. болып бөлінеді



Глобус - картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси, тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 млн - 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492жылы) деп саналады.[1]

Глобус - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.



Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар. 1492 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм глобус жасайды. Бұл алғашқы сақталған глобустардың бірі. Бұл глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шығыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).



3. Карта және оның түрлері?

Географиялық карта - Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.[1]

Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.

Картаны аумақты қамтуына қарай:

  • дүниежүзілік,

  • құрлықтық,

  • жеке елдер карталары, т.б.

Мазмұнына қарай:

  • жалпы географиялық

  • тақырыптық, т.б.

Масштабына қарай:

  • ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі,

  • орта масштабты - 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін

  • кіші масштабты - 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі.





Карта (немісше Karte - түпнұсқа; грекше chartes - жазуға пайдаланылатын папирус парағы) - Жер бетінің,жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пеншаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрліқұрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады; [1]

Карта - Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.



























































































  1. Билет №4

1. Географиялық бойлық, ендік, географиялық координаталар ұғымы және координатаны анықтау?

Географиялық координаттар(лат. со - бірге, ordinatus - реттелген) - жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвичобсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда - оң, оңтүстік жарты шарда - теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.



2. Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі?

Тау жыныстары - жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:

  • магмалық тау жыныстары

  • шөгінді тау жыныстары

  • метаморфтық тау жыныстары

Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз - тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы,кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз - бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:

  1. Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;

  2. Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және

  3. Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.

Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.

Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:

  1. Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;

  2. Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;

  3. Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);

  4. Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;

  5. Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).

Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.

Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:

  1. Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін кристалды минералдардың жиынтықтары;

  2. Теңмөлшерлі және еркін бағытты теңмөлшерлі емес минералдардың кристалды жиынтығы;

  3. Жапсарлы, ангедралды, кейде сорайған минералдардың өте ұсақ дәнді жиынтығы.



3. Литосфера қабаты дегеніміз не?

  • Литосфера - жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.[2]

  • Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

  1. Билет №5

1. Жердің ішкі құрылысы қандай?

Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жерэллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.

Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер - жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

  1. жер қыртысы,

  2. мантия,

  3. ядро.

Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегізсейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А - Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары - Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 - 220 км, мұхиттардың астында 60 - 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температура мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 - 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D´ (900 - 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 - 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады.



2. Жердің сыртқы қабығы қандай бөліктерден тұрады?

  • Литосфера [1] - жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.[2]

  • Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.[3][4][5]

  • Литосфера - жердің қатты қабығы.

Жердің сыртқы қабаттары. Атмосфера - Жердің газды сферасы. Жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған. Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера - 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера - 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі ионосфера. Атмосфералық агенттер - күн сәулесі, атмосфералық электр заряды, жылулық ауытқуы, жел, атмосферадағы су буы - үлкен геологиялық жұмыс атқарады. Тау жыныстарының мүжілуі, мүжілген заттардың тасымалдануы және олардың шөгуі осы атмосфера агенттері ықпалымен жүреді. Гидросфера- Жердің үзілмелі су қабығы. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады. Гидросфераның негізгі бөлігін мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары құрайды; континенттегі тұщы сулардың көлемі барлық гидросфераның 0,3% ғана алады. Құрлықтағы барлық сулардың тұщы сулары тек 3% құрайды және оның 2/3 мұз күйінде болады. Сондықтан адамзат пайдаланатын тұщы су мөлшері тапшы болып есептеледі. Гидросфераның жоғарғы шекарасы анық белгіленген, ол мұхит пен теңіздердің беті. Төменгі шегі күрделі, жобалап айтқанда мұхиттардың астымен сәйкестенеді. Гидросферада тұздар мөлшері 5х1016 т. Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығы 3% болады. Теңіз жер өмірінде өте маңызды агенттердің бірі. Теңіз ортасы үлкен биохимиялық фактор, үлкен тұз кені. Теңізде көптеген шөгінді тау жыныстары пайда болған: әк, бор, мұнай, фосфорит, глауконит, калий тұздары. Теңіз суы көптеген тау жыныстарын ерітетін орын және денудация факторы. Биосфера - Жердің тірі организмдер қоныстанған қабаты. Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында орналасады. Тірі организмдердің таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалды. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де организмдер кездеседі. Организмдердің құрамына 60-тан аса элементтер кіреді. Олар көбінесе О, Н, С, Са, Мд, К т.б. элементтер мен заттардан құралған. Олардың кейбір химиялық элементтердің жиынтығы ретінде маңызы бар, мысалы: шымтезек, көмір құрамында көміртек көп, әкте, борда - кальций мен көміртек көп, ал фосфоритте - фосфор мол. Топырақтың, тау жыныстарының, қазба байлықтардың түзілуіне жануарлар мен өсімдіктердің тигізген әсері өте зор.



3. Тау дегенмізі не? Қандай түрлерге бөлінеді?

Таулар - жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат) көтерілімдер болып келеді.

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар - қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар - неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар - жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері - шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы - ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 - 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау - Хантәңірі (6995 м).[1]









































\



  1. Билет №6

1. Жазық дегеніміз не? Неше түрі бар?

Жазық - беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.

Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді.

Жазық - салыстырмалы биіктігі бірдей және географиялық құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен төмен жататын), ойпатты (абсолюттiк биіктігі 200 м-ге дейін), қыратты (абсолюттiк биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абсолюттiк биіктігі 500 м-ден жоғары) болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, дөңес Ж. деп бөледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, жонды-төбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз шөгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің төмен түскен тұстарына аллювийлік, көлдік, желдік, флювиогляциялық, т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан құралады. Жанартаулық Ж. базальтті лавалардың жойылуы нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда болады. Денудациялық Ж. тау жыныстарының үгітіліп немесе су эрозиясына шалынып тегістелуінен құралады. Денудациялық Ж-тарда бұрынғы таулардың жұрнақтары жиі кездеседі (мыс., ұсақ шоқылы Сарыарқа жазығы). Ж. құрлықтардың 15 - 20%-ін алып жатыр. Жер бетіндегі ірі Ж-тар - Амазона, Шығ. Еуропа, Бат. Сібір және өлы Қытай жазығы. Олардың әрқайсысының аумақтары бірнеше млн. км²-ді құрайды. Жазық пайда болуы жөнінде мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. байырғы немесе бастапқы;

  2. аккумулятивті немесе үйінді:

    1. аллювиалды

    2. көлдік - төмен түскен көлдің орнында

    3. желдік - желдің үрлеуінен;

  3. флювиогляциальдық (мұздық-өзендік), көбінесе мұздың өзендердің ысырынды конусынан пайда болады

  4. вулкандық (лавалық) үстірт

  5. қалдық жазық.[1]



2. Литосфералық тақта дегеніміз не?

Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысыастеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунамитолқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1-2 см-ден 10-12 см-ге дейін жететіндігі анықталған. [1]



3. Ядро, мантия дегеніміз не? Олардың құрылысы қандай?

Жердің ең сыртқы қатты қабаты жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Латынша «литос» тас деген мағына береді. Литосфераның орташа қалыңдығы 5-80 шақырым, кейбір ғалымдар 250 шақырымға жетуі мүмкін дейді.

Биік таулы аудандарда жер қыртысының қалыңдығы 70-80 кмге дейін жетеді. Жердің ішкі құрылысы мынадай қабаттардан тұрады: жер қыртысы, мантия, ядро. Жердің ішкі құрылысын анықтауда жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы зор. Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығының өзгеруіне байланысты Жер шарының ішкі құрылысы үш қабаттан тұратыны анықталған.

Жердің орталық өзегін ядро алып жатыр. Ядро темір мен никельден тұрады. Ядро сыртқы және ішкі ядро болып бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған күйде, ішкі ядро қатты шар түрінде болады. Жер қыртысынан 2900 км- ге дейінгі аралықты мантия қабаты алып жатыр.

Мантия грекше жамылғы деген мағына береді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%- ын құрайды.

Литосфералық тақталар мантияның беткі қабаты астеносфера бетімен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.

Жер серіктерімен зерттегендегі өлшеу жұмыстарының нәтижесінде тақталардың жылына орташа есеппен 2-5 жылдамдықпен қозғалатындығы анықталған. Жер қойнауын толтырып жатқан заттарды тау жыныстары деп атайды. Тау жыныстары шығу тегіне қарай үшке бөлінеді: шөгінді, магмалық, метаморфты.

Жер астындағы балқып жатқан отты заттан пайда болған тау жыныстары магмалық деп аталады. Магма грекше былғама, жердің терең қойнауында жоғары қысым мен температура жағдайында түзілетін отты қоймалжың зат. Магмалық жолмен пайда болған тау жыныстарына базальт, гранит жатады.

Жер қыртысының бетінде су, жел, т.б сыртқы күштердің әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді жыныстар деп аталады.Шөгінді жыныстар органикалық, кесек, химиялық болып бөлінеді. Судағы және құрлықтағы жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздегі өте майда жәндіктердің қалдықтарынан бор құралады.

Жердің терең қабатына батқан магмалық және шөгінді жыныстар үстінгі тау жыныстарының салмағына және жоғары температураның әсеріне ұшырап, өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары метаморфты жыныстар деп аталады (грекше метаморфоза -өзгеру). Метаморфозаның әсерінен әктас- мәрмәрға, құмтас- кварцитке айналады.

Жанартау - көмейінен қоймалжың отты зат лава тасып төгілетін конус формалы тау. Жанартаудың көмейі, кратері болады. Кратер жанартау көмейінің жоғары бөлігіндегі тостаған тәріздес шұңқыр.

Жер шарында 800 астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.

Жер бедері дегеніміз - жер бетінің тегіс емес, ойлы -қырлы болып келуінің жиынтығы. Мысалы, таулы жер бедері немесе жазықты т.б жер бедерлерінің түрлері кездеседі. Жер бедерінің пішіндерінің қалыптасуына ішкі күштер мен сыртқы күштер әсер етеді.

Ішкі күштерге (эндогендік): тау түзілу, жер сілкіну, жанартаулық атқылаулар, тақталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары жатады. Сыртқы күштерге (экзогендік): күн сәулесі, климат, су ағыны, үгілу. Жер бедерін зерттейтін ғылым геоморфология деп аталады.

Тау- айқын байқалатын етегі, беткейі, шыңы бар жазықтардан оқшау жатқан жер бетінің көтеріңкі бөліктері. Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді: аласа, орташа, биік. Биіктігі 500-1000 м дейінгі таулар аласа таулар, биіктігі 1000- 2000 м дейінгі таулар орташа таулар, 2000 м жоғары таулар биік тауларға жатады.

Жер шарындағы ең биік тау шыңы Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы. Биіктігі 8848 м. Бұл шыңды адамзат баласы 1953 жылы бағындырған. Джомолунгма непал тілінен аударғанда «таулардың ана құдайы» деген мағына береді. Бұл шыңды Қ.Уалиев басқарған альпинистер тобы 1982 жылы бағындырған.

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы жазық деп аталады. Жазықтардың негізгі екі түрі болады: тегіс және төбелі. Абсолют биіктігіне қарай жазықтар үшке бөлінеді.Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м ден төмен жазық ойпат деп аталады.Ойпаттар физикалық карталарда жасыл бояумен көрсетіледі. Мысалы: Амазонка, Каспий маңы ойпаттары.

Жер шарындағы ең үлкен ойпат - Амазонка ойпаты.Амазонка ойпаты Оңтүстік Америка материгіндегі Бразилия мемлекетінің аумағын алып жатыр. Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтар қыраттар деп аталады. Мысалы: Жалпы Сырт қыраты. Абсолют биіктігі 500 м ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Мысалы: Бетпақдала, Торғай, Орта Сібір таулы үстірттері.

Жер бедерінің өзгерістерінің басты қозғаушы күші болып күн сәулесі мен соған сәйкес климаттық өзгерістер саналады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып саналады.













































  1. Билет №7

1. Жанартау дегеніміз не? Оның түрлері? Құрылысы қандай?

Жанартау,вулкан - Жер қабатының тереңдегі жарылыдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конуснемесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 - 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.

Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер - жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері - пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.Охос-дель-Саладо

Чили Андылары

6893

Оңтүстік Америка

Льюльяйльяко

Чили Андылары

6725

Оңтүстік Америка

Сан-Педро

Орталық Андылар

6159

Оңтүстік Америка

Котопахи

Экваторлық Андылар

5897

Оңтүстік Америка

Килиманджаро

Масаи таулы үстірті

5895

Африка

Мисти

Орталық Андылар

5821

Оңтүстік Америка

Орисаба

Мексиканское нагорье

5700

Солтүстік және Орталық Америка



2. Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым?

Гидросфера (гр. һуdor - су, spһаіrа - шар) - 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары - өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы - 11022 м).



3. Дүние жүзілік мұхиттың қандай бөліктері бар?

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos - мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқта болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас суқабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхитқұрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрологиярежимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасысубтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.

























  1. Билет №8

1. Мұхит cуының қозғалыстары, ыстық және суық ағыстар?

Мұхит ағыстары - мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы; мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі.

Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқып тұрады. Ағыс атмосфера мен желдің қысымынан су тығыздыктарының әр түрлі болып келуінен және бір бассейндегі су олқылығын екінші бассейннен лықсыған судың толықтыруынан пайда болады. Материктер ағыстың жылжу бағытын бұруға әсер етеді. Жалпы атмосфера циркуляциясының барлық жүйесінің мезгілдік орын ауыстыруымен бірге мұхит және теңіз ағыс жүйесі де жоғарғы ендікке қарай мезгілдік орын ауыстыруда болады. Кейбір ағыстар ауыспалы болып тұрады (жылдың бір бөлігінде суық, екінші бөлігінде жылы). Ағыс материктердің таяу бөліктерін ысытып немесе суытып олардың климатына үлкен әсер етеді.[1]

Теңіз ағыстары әр түрлі ерекшеліктеріне қарай былайша сараланады: шығу тегіне байланысты - желдің теңіз бетімен үйкелісінен туындайтын (ығу ағысы, желдік ағыс), температура мен тұздылықтың біркелкі үлестірілмеуінен туындайтын (тығыздық ағыстар), деңгей i еңістігінен туындайтын (ағынды ағысы, i градиенттік ағыс, компенсациялық) және т.б. мерзімдік Тұрақтылығына қарай - тұрақты, уақытша, кезеңдік (мысалы, су көтерілуімен болатын), тік бағыттағы орнына қарай су үсті, бет асты, аралық, терең, су түбі ағыстары, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай - жылы, суық, тұздылығы жоғары және төмен ағыстар. Теңіз ағысының бағытына жердің айналу күші үлкен ықпал жасайды (кориолис күші). Кориолис күші теңіз ағыстарын солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда солға бағыттайды.[2]



2. Дүниежүзілік мұхит суының басты қасиеттерін ата?

Температурасы

Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп -1,5-1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 - 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 - 1,8°С, полюстік аймақтарда 0°С-тан төмен болады, ең суық температура -2°С (полюсте мұзастында).

Тұздылығы

Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы S - 35,00ү, максимальды тұзд. 39 - 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен 1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрліалмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Мұхит суының басты қасиеттері - температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.

Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2, - 0ºС аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле.

Мұхит суының тұздылығы 36 промилле мұхит суының қату температурасы -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады.

Мұхит табанынының ең басты компоненттерінің бірі оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды. Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс - Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.



3. Меридиан мен параллель дегенмізі не?

Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.

Меридиан бойынша тілімдердің құрастырылған Дүние жүзі картасында меридиандар - өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе - көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді., бір - бірімен тең қалпын сақтаған. (бұл нені көрсетеді?)

Картада меридиандардың шетіне - бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.

Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп атайды.

Градус торын пайдаланып, картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтайды.

Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданған. 1-сағаттық белдеудің (n=1) орталық меридианы Гринвич меридианынан 15-градус шығысқа қарай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің де бастапқы меридиандары осылай анықталады. Ал олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекаралары бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен,тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының территориясы арқылы екі 4-және 5-сағаттық белдеу өтеді.

Бүкіләлемдік уақытты (және берілген орынның белдеуінің реттік санын (n) біле отырып, белдеулік уақытьтты табу оңай









































  1. Билет №9

1. Өзен дегеніміз не, өзеннің құрылысы қандай?



Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.

Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден артық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады

Өзеннің негізгі бөліктері - бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер - негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері - өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі - арна, тасқын сулар ғана жететін жері - жайылма) ағады. Өзен Өзен дегеніміз-арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағатын су. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры - 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле(Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен - арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы - құнарлы топырақты шалғын.



2. Көл дегеніміз не, қандай түрлері бар?

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.

Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.

Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.

Дүние жүзінде ең терең және ең таза көл-Байкал. Тереңдігі -1637 м Арал теңізі бұрын аумағы жөнінде дүние жүзі көлдердің арасында 3-ші орын алатын. Бұл күнде оның суы азайып кетті. Аралдан кейінгі ірі көл -Балқаш. Балқаш көлінің су бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді. Көлдердің ең үлкені -Каспий ауданы 371000 шаршы км

Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер

Каспий теңізі

376

−28

1025

Еуразия

Жоғарғы көл

82

183

393

Солтүстік Америка

Виктория

68

1134

80

Африка

Гурон

60

177

208

Солтүстік Америка

Мичиган

58

177

281

Солтүстік Америка (АҚШ)

Танганьика

34

773

1470

Африка

Байкал

32

456

1637

Азия (Ресей)

Малави

31

472

706

Африка

Үлкен Аюлы көл

30

157

137

Солтүстік Америка (Канада)

Үлкен Еріксіздер көлі

29

156

150

Солтүстік Америка (Канада)

Эри

26

174

64

Солтүстік Америка

Чад

26

281

11

Африка



3. Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы қандай?

Атмосфера (гр. ατμός - «ауа» және гр. σφαῖρα - «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен,аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Атмосфера 3 қабаттан тұрады.

Тропосфера (көне грекше: τρόπος - «бұрылыс», және көне грекше: σφαῖρα - «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера - бүкіл ауаның 4\5 бөлігі. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.

Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10-12 км-ге, ал экватор үстінде 15-17 км-ге дейін созылады. Тропосфераның қалыңдығы:

  1. Экваторда - 17-18 км

  2. Қоңыржай ендіктерде - 10-12 км

  3. Полюстерде - 8 км

Орташа қалыңдығы - 11 км

Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте - 55°С болса, экваторда бұл көрсеткіш - 70°С-қа төмендейді.

Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты - стратосфераға ауысады.

Стратосфера (лат. stratum - «қабатталған») - тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. Стратосферада озон қабаты түзіледі.

Мезосфера (гр. mesos - « ортаңғы» және гр. σφαῖρα - «шар») - атмосфераның 50 - 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) менионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.[2][3]

















  1. Билет №10

1. Атмосфералық қысым дегеніміз не, қысымның өзгеруі қалай болады?

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид - ылғалсыз).

Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады.

Атмосфераның өзі газ екені мәлім. Оның құрамында оттегі, азот, көмірқышқыл газы және т.б. бар. Бұл газдардан басқа атмосферада өзендер, теңіздер мен мұхиттар бетінен судың булануы кезінде түзілетін су буы болады. Оның мөлшері жыл мезгіліне, температураға, желдің бағытына байланысты өзгеріп отырады. Су буының конденсациялануы нәтижесінде атмосферада бұлт түзіледі және жауын-шашын болады, тұман пайда болады. Атмосфераның құрылымы өте күрделі.

Оның негізгі қабаттары тропосфера, стратосфера , мезосфера және термосфера деп бөлінеді (1-сурет). Газдар сығылғыш болғандықтан, Жер бетіне жақын ауа қабаттарын оның үстіңгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады. Соның салдарынан атмосфера Жердің бетінде неғұрлым тығыз келеді. Ал ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғарылаған сайын нашар сығылады. Сол себепті оның тығыздығы кеми береді. Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды. Өйткені, шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді, сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған сайын азая береді. Ауа қысымының биіктікке тәуелді болатыны осыдан. Бақылауларға қарағанда теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен 760 мм сын. бағанына тең. Биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0°С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.

Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. =101325Па= =1013 гПа=100 кПа=105 Па.

Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек, құлағымыз бітіп қалатынын сезінеміз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.



2. Амплитуда дегеніміз не? Тәуліктік, айлық, жылдық амплитудаға мысал келтір?

Амплитуда (лат. amplіtudo - шама) - белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған "нөлдік мәнінен" ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады. Гармониялық тербелісте амплитуда - тұрақты шама.[1]

Амплитуда - географияда - метеорологиялық және гидрологиялық элементтер сипаттарының белгілі бір кезендегі ең көп және ең аз шамалары арасындағы айырма (мысалы, жылдық ағынның, тәуліктік қысым мен температураның ең көп және ең аз көрсет - кіштерінің арасындағы айырмалар); тәуліктік, жылдық, көп жылдык болып бөлінеді. Ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы.

Амплитуда - латын тілінен аударғанда кеңдік, жайылушылық деген мағына береді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралар айырмасын тәуліктік температура амплитудасы дейді.

Мысалы: сағ 1 де +5 0С, 7 де -20С, 13 те +100С, 19да +90С, тәуліктік амплитуда:

(+100С) - (-20С) = 12 ге тең.

Температураның тәулік ішінде өзгеруі жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады.

Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.



3. Күзгі және көктемгі теңелу дегеніміз не, түсіндір?

22 маусым - солтүстік жартышарда 23,5°с.е параллельден Күн тік түсіп күннің ең көп ұзаратын уақыты - жазғы күн тоқырауы деп аталыды. 66,5°ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды ол - полярлық күн деп аталады. Ал оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5°ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды - полярлық түн болады. 23 қыркүйекте тал түсте Күннің экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жарты шарға күннің жылуы мен жарығы тең бөлінетін құбылысты күзгі күннің теңелуі деп атайды. 22 желтоқсанда оңтүстік жарты шарда күннің ұзаруы, солтүстік жарты шарда қысқаруы тоқтайды, бұл - қысқы күн тоқырауы деп аталады. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды. 21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеліп Күн тал түсте экваторда қақ төбедеден түсетін уақыт - көктемгі күн теңелу деп аталады.









  1. Билет №11

1. Жауын-шашынның түрлері?

Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетінебұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.

Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.



2. Жел, негізгі түрлері?

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.

Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер).

Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.

Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын - м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 - 45 м/с) және көктем мен күзге (20 - 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.[2]Жел Жел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағар Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометр Желдің күшін 12балмен есептейді. Жылдамдығы-1м\с Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы.











3. Ауа массасы дегеніміз не? Оның қасиеттері?

Ауа массалары дегеніміз не?

Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.

Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.

Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.

Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.

Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.

Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және төменгі қысымдыбелдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.

Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын -шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы менмөлшері атмосфералыққысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:

Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.





























































  1. Билет №12

1. Жел өрнегін сызу?

Жел - ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы

Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын - м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді.

Емтихан сұрақтары география пәнінен (6 сынып) (билет жауаптарымен)Емтихан сұрақтары география пәнінен (6 сынып) (билет жауаптарымен)





2. Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не?

Абсолюттік ауа ылғалдылығы - 1м3 ауадағы су буының мөлшері

Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Кеннің ылғалдылығы байыту фабрикаларындағы жұмыс процестеріне елеулі әсер етеді. Магнитті және электрлі байытуда ылғалдық белгілі мөлшерден аспауы қажет. Металлургиялық зауыттарға жөнелтілетін концентраттардың ылғалдығы тиісті талаптарға сай болуға тиіс.

Салыстырмалы ылғалдылық - белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы.[1] Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды.



3. Климат құрушы факторлар?

Атмосфералық қысым, температура, жауын- шашын, жел, бұлтылық, ылғалдылық т.б

Климат қалыптастыушы факторлар - 3-ке бөлінеді. Олар: күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жер бедері төсеніштері.

Ауа райының көп жылдар бойы кайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат деп атайтынын білесіңдер. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды.

Климатқа әсер ететін жердің төсеніш беті (жер бедері, қар, су, топырақ пен өсімдік жамылғысы) туралы климат элементтеріне сипаттама беру кезінде айтылады.











  1. Билет №13

1. Биосфера туралы ұғым?

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1]

Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография - организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі климаттық белдеулермен сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді.

Биосфера - тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2- 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

  1. Тропосфера

  2. Гидросфера

  3. Литосфера

  4. Ноосфера



2. Гидросфера туралы ұғым?

Гидросфера (гр. һуdor - су, spһаіrа - шар) - 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары - өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы - 11022 м).



3. Тірі организмдердің Жер қабығына тигізетін әсері?

Тірі ағзалар литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар ағзалардың денесін құрайды. Ағзалар үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады. Атмосфера мен литосфера тығыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіңдер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с. Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді. Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы - географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Сонымен, географиялық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғары бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады. Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше: 1. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады. 2. Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды. 3. Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды. 4. Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіңдер. Табиғат компоненттерінің арасындағы байланыс 2.Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компоненттер деп аталады (латынша компонент-құраушы). Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады. Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады. Мысал үшін құмды шөл табиғат кешенін көөз алдарыңа келтіріңдер. Сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік, құмға бейімделген жануарлар. Енді осы табиғат кешенінің өзен суын бұрып, канал жүргізгеннен кейінгі өзгерісін байқайық. Каналдың сіңген суы маңайындағы жер асты суының деңгейін көтергендіктен, сор және көлшіктер пайда болады. Каналдың жағалауында, көлшіктердің төңірегінде қамыс, қоға, талдан тұратын тоғайлар өседі. Түрлі құмды шөл жануарларының орнын тоғай жануарлары басады. Ылғал және өсімдік сипатының өзгерісіне сәйкес сусыма құмның орнына жайылма топорағы қалыптасады. Жергілікті климат жағдайларында да өзгеріс байқалады. Сулы жерде ауаның ылғалы көбейіп, аптап ыстық бәсеңдейді. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) - географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жүйесінен тұрады.Жер бетіндегі географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешені- материк пен мұхит. Мұхитқа қарағанда құрлық бетіндегі табиғат кешендері айқын көрінеді.

















  1. Билет №14

1. Тірі организмдер мұхитқа қалай әсер етеді?

Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 - 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

Теңіз - мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитыныңСаргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер - Каспий, Арал, Өлі теңіз - теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы - 6,0 - 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі - буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287тығыздығы 1,01



2. Топырақ, топырақтың түрлері?

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.



3. Географиялық қабық дегеніміз не?

Географиялық қабық ландшафттық қабық, эпигеосфера - атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі (жоғарғы) қабығы.



Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі - мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі - географиялық қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органикалық өмір пайда болуы. Бүкіл органикалық өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 - 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төменгі қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы жер бетінен 30 - 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 - 80 км тереңдікке жетеді.Дүниежүзілік мұхиттардағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы 5-8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергетикалық құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі - оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі - зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі химиялық трансформация (биологиялық айналым).

Айналымдар нәтижесінде жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрономиялық және геологиялық факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан географиялық белдемдер пайда болады. Кеңістікте географиялық құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал географиялық қабық терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.[1][2][3]

Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.

















































































  1. Билет №15

1. Табиғат кешені дегеніміз не, мысал келтір?

Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



2. Географиялық белдеулер дегеніміз не?

Физикалық-географиялық белдеулер, табиғи белдеулер, географиялық белдеулер - физикалық-географиялық аудандастырудың жоғары таксономиялық бірліктері, жылу теңдестігі бойынша азды-көпті ұқсас бірнеше географиялық ауданнан құралады.

В.В.Докучаевтің "жаратылыстық" тарихи аймақтар ұғымына белгілі бір шамада сәйкеседі. Әрбір белдеуге жылулық теңдестіктің көрсеткіштері, ауа массаларыайналымының ортақ ерекшеліктері, заттектер айналымының жылдамдығы мен мөлшерлері, топырақ пен өсімдік жамылғысының құрамы, жануарлар дүниесі тән.Арктикалық, субарктикалық, екі (Солтүстік және Оңтүстік жартышарларда) қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктік, субантарктикалық және антарктикалық белдеулерболып сараланады.

Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық - табиғат кешенінің барлық компаненттеріне тән құбылыс.

Табиғат кешенінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді.

Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Молтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеулерге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.

Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатыр. Өтпелі белдеулерге «Суб» (лат. - кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады.

Субэкваторлық - экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субторпиктік- тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық - қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі.

Әр географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады. Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының атымен аталады.

Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.



Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30ºС. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте, түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.

Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл он екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөледі. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.

Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер Савваналы болып келеді. Саванна -деп ір жерінде жеке немесе шоқ-шоқи ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады.



Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30º ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонада орналасқан.

Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрә құрғақ. Ауаның температурасы 58ºС-қа көтеріледі, ал топырақ беті 90ºС-қа қызады. Жауын шашын барлық жерінде 100мм-ге жетпейді. Сахарада кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездер де болады.

Өсімдік өте сирек, кей жерлерді мүлде өспейді. Әсіресе сазды, тасты шөлдер сұрықсыз болып кетеді. Аздаған өсімдіктері ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарын, тас қорымдардың шеттерін сағалайды.

Субтропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 30-40 º ендікте, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді. (4ºС-тан 20ºС-қа дейін). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс және ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтропиктік құрғақ континенттік климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан.

Қоңыржай белдеу. Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша ацқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді.

Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі.

Субролярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі. Бұл белдеуде ең эжылы айдың орташа температурасы +10 ºС -тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады.

Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0ºС-тан сәл ғана асады.



Таулардағы биіктік белдеулер. Жер бетінен биіктікке көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей беретіні белгілі. Биіктікке сәйкес тек ауаның температурасы ғана емес, сонымен бірге ылғал мөлшері де өзгереді. Жоғары көтерілген ауа салқындағанда оның құрамындағы су буы су тамшыларына айналып, бұлт түзеді. Бұлттан жауын-шашын жауады. Ол жылу мен ылғал мөлшерін өзгертеді. Екінші сөзбен айтқанда, биіктікке сәйкес бүкәл табиғат кешені өзгереді. Сойтіп табиғат кешенінің таралуына байланысты Биәктәк белдеулік пайда болады.





3. Табиғат зонасы дегеніміз не?

абиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен,өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналардатопырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.













































  1. Билет №16

1. Нәсіл. Жер бетіндегі нәсілдер?

Нәсіл (фр. race, итал. razza - туыс, тайпа) - тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері - терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды.

Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

  • экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

  • еуропалық,

  • моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азияқұрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Монголоидтік нәсілдердің де өздеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды өз алдына жеке нәсілдер деп бөледі. Үндістердің сыртқы түрі өздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді (бұйра емес), сақал-мұрты қалың өседі. Аустралиялықтардың тісінің құрлысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголидтік нәсілдерге ұқсас болып келеді.

Антрополог ғалымдар бұл негізгі нәсілдерден басқа әрбір нәсілдің ішінде жеке нәсіл топтарын ажыратады. Жеке нәсіл топтарын екінші және үшінші реттік нәсіл топтары деп атайды. Бұл топтардыңда өзіне тән сыртқы белгілері болады.

Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалыдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің «Monos» - «бір» және латынның «centrum» - «орталық » деген сөздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан» деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым - полицентризм (грекше «полис» - көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғадымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігі атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайарының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді.

Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдар нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары, қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілеті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелі деп кемістеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып, нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз деп те кемсітеді, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.

Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамын зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді. Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес зандылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамға да қатысы бар деп арнайы ұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатігездік, жауыздық, мейірімсіздік «басым белгілер» болады деп түсіндіреді. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясы әрбір қоғамдағы мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған деп уағыздайды. Қоғамда сондай өмірге бейім адамдарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс деген пікірді қолдайды. Нәсілшіл ғалымсымақтардың пікірінше, қоғамда болатын теңсіздік-табиғи сұрыпталудың жемісі, адамдардың биологиялық теңсіздігінің нәтижесі деп жекелеген адамдарды қорғауға тырысады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгелс, көрнекті орыс ғалымы К.А.Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғалымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра, әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.



2. Қазақстан әлем картасында?

Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9-шы, Еуразия материгіндк Ресей, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-ші, ал ТМД- бойынша 2-ші орынды алады. Қазақстанның жер көлемі Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет- Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сиып кетеді.Қазақстан астанасы- Астана қаласы. 1994ж 6 шілдеде Қазақстан республикасының сол кездегі Жоғарғы кеңесі мен Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылданды. 1997ж 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. 1998 ж 6 мамырында Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып жарияланды. 4.Қазақстан Халық Ассамблеясы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Ассамблеяның негізгі міндеті - этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.



Қазақстан Республикасы - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені жәнеЕділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 км[6]. БатыстаКаспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[7].

2016 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынанәлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар- 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[8]Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісіміұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнешехалықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.



3. Жер бетінің зерттелуі?

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1-ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары - Месопотамия, Парсы жері менЕгипеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер - шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады.Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады.А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

15 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

















































Билет №17

1. Градустық тор дегеніміз не?

Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.

Меридиан бойынша тілімдердің құрастырылған Дүние жүзі картасында меридиандар - өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе - көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді., бір - бірімен тең қалпын сақтаған. (бұл нені көрсетеді?)

Картада меридиандардың шетіне - бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.

Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп атайды.

Градус торын пайдаланып, картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтайды

2. Демографиялық саясат?

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолменреттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясатшеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамығанжәне дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.[1]

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:[2][өңдеу]

  • экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылартағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);

  • әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмысістейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);

  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.



3. Дүние жүзіндегі мемлекеттер?



Дүние жүзіндегі мемлекеттер. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 230-ға жуық мемлекет бар. Олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен ерекшеленеді. Аумағының үлендігі жөнінен әлемнің 7 елі ерекше көзге түседі. Олар: Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы және Үндістан. Біздің еліміз жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орынды алады. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданын қоса есептегенде бүкіл құрлықтың жартысынан асып түседі. Осындай алыптар мен өте шағын мемлекеттер де бар. Мәселен, Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 км²-ға халқы 1000ға жетпейді. Дүние жүзінде халқының саны 100 млн-нан асатын 10 мемлекет бар. Олардың үлесіне бүкіл жер шары халқының 60% -ы тиеді. Халқының саны жөнінен Қытай Халық Республикасы 1-ші орын алады. Халқы 1 млрд 300 млн-нан астам. Бұған керісінше Еуропаның орталығында орналасқан кішкене мемлекеттердің халқы 20-30 мыңнан аспайды. Ал, Тынық мұхитының шағын аралдарындағы кейбір елдердің халқы 10мыңға да жетпеді.















Билет 2

1.ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УАЛИХАНОВтың географиялық зерттеулері

Шоқан Шьңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға кұлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол «қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстырын» дәлелдеп берді.

Ш. Ш. Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі творчестволық қызметіне ерекше түрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш. Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

«Европаша толық білімдар тұңғыш казақ» (Ф. М. Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С. Ф. Дуровпен, жазушы Ф. М. Достоевскиймен, аса көрнекті географ - ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И. Н. Березинмен, Н. М. Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның көзқарастарының калыптасуына шешуші ықпал етті.

Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В. И. Вагин, Г. Н. Потанин, Н. Ф. Аныенский және т. б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.

Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар сабақ берді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы география, Россия географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және т. б. пәндер кірді. Географияға пәні ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай талдау мәселелері де енгізілді. Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қосылды.(2)

Азия елдерін (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны) Тұранның (Бұқар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып географиялық және саяси бөлінуін оқып-үйренуге баса назар аударылды. Бұл елдердегі халықтардың шығу тегіне, таралуына, діни және тұрмыстағы әдет-ғұрыптарына зер салынды.

Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен әскери-стратегиялық жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары, жердің, өзен-көлдердің сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер өтетін тау асулары, климат және табиғат жағдайлары, қазақтардың саны, олардың шығу тегі, тілі мен діні, қашан және кімге бағынғаны, қазақтарды басқару ісі, далада бекініс жасау сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.

Ш. Ш. Уәлиханов кадет корпусына оқуға түскенде орыс тілін білмеген. Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында ол орыс тілін қиналмай, тез арада үйреніп алған. «Шоқан білімге шапшаң жетілді»,- деп еске алады кадет корпусында бірге оқыған жолдасы әрі досы Г. Н. Потанин,- ол тіпті өзінің орыс жолдастарынан суырылып озып шықты... оған талайлар қызыға қарады... қандай қабілетті, оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет сала біледі екен».

Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі - өзінің туған ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлендерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңа айна қатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы кұралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді» (І847-1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.

Шоқан құс салып, аншылық құрумен де кұмарта айналысқан. «Кадет корпусының ақырғы курстарында,- деп жазды Г. Н. Потанин,- мен казақ даласының географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруға жәрдемдесті... біз қазақтардың суңқармен аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дәптерге түсірдік... ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жазып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен көркемдеп, сұңқардың томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дәрі сауытын, мылтықты және т. б. Салды. Сол бір сәттен бастап екеуіміз айырылмастай дос болдық біздің ғылыми мүдделеріміз де өне-бойы қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты - қазақ даласы мен Орта Азияны зерттеуді армандадық».

Г. Н. Потаниннің айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті өте құмарта









Билет 10

1.Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

Қазіргі Қазақстан аумағын адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Сондықтан елді мекеннің көне тарихы сол жердің табиғатынын, тарихы болып есептелінеді. Табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихы бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, Қазақстан жеріндегі көне тарихи ескерткіштердің сақталуы сол жердің табиғатының болмысын анықтайды. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді. Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдіңсағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табылған. Қола дәуірінде Қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған. Алтай, Қаратау, Жезқазған және т.б. жерлерден өндірілген темір қорытылып, балқымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. Сол кезде Қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалары мәдениетінің қазылып алынған үлгілерінде бағалы металдардан жасалған әшекейлер көп кездеседі. Оған Алматыға жақын Есік қорғанынантабылған «Алтын киімді адамның» бейнесі нақты дәлел болады. Онда сақ жауынгері алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстан жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған.

Геродот

Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродот (б.з.б. V ғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Ғалым теңіздің шығыс жағында «қараса көз жетпейтін ұлан-ғайыр, жазық дала» жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай «тастақты жерлер», «заңғар таулар» (Жалпы Сырт, Орал тауы) барын жазған. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Cap (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері бейнеленген. Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуде көптеген дәлсіздіктер кездеседі. Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птолемей еңбектерінен кездестіреміз.

Страбо

Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы») деп есептеген. Ол Сырдария (Яксарт) мен Әмудария (Окс) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.

Птолемей

Птолемей (б.з. 90-160 ж.), негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан, Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты.

Қытай саяхатшылары

Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянъ мен Сюань-Цзан келеді. Олардың жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер сақталған. Осы және басқа деректерді жинастырып, қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.



2.Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр,иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.[2]

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы орасан зор тау жүйесі. Ол 2,5 км шақырымға созылып, бір қатар тұтастай тау жоталарынан құралған. Ақсу-Жабағлы қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан.

Ақсу - Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы - Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық «Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал-шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында» құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан - жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы -131 934,3 га.

Ақсу - Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен - Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысыныңТүлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды.

Қорықта ең биік тау - Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен4238 м. Қазақ халқы бұл тауды «Ақтүйе өлген» деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.

Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытұр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендейді.

Қорықтың ең негізгі өзендері - Ақсу және Жабағылы. Ақсу - ең ұзын өзен, 120 км-ге созылып жатыр. Мамыр айында Ақсу көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүтке ұқсас болады. Бұл өзеннің аты да соған байланысты қойылған. Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсу қосылған жерде тамаша айбынды терең тік аңғарлар - құз-шатқал құралған.

Жабағылы өзені Ақсудан екі есе қысқа, тар, саз қоспаларының әсерінен өзеннің суы сары, кейбір кезде қызыл болады. Өзендер басын таудағы жылжымалы қалың мұз бен қардан алады. Қорықта 114 мұз таулары бар.

Қорықтың аумағындағы көлдің саны - 27, олардың бәрі өте биікте қар ермейтін жерде орналасқан.

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына. Соңғы деректерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның аумағында мүктің 63, қынаның 63 -тен астам, балдырдың -64, саңырауқұлақтың 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.



3. Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos - жаңа, zoе - өмір) - Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген,неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі - оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістанаумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлеріндеГренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған. Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі - Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис батысында - Альпі, Карпат және Динар тауларының етегінен басталып, шығысында - Каспий мен Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген. Миоценде Альпі - Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында, Алтай - Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.

Тіршілік әлемі.

Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер - киттер, сиреналар, дельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан - қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден - алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы - лемурлер, яғни жартылай маймылдар - антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы - голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар - емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

Кен байлықтар.

Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары -Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран - Месопотамия мен Кордильер - Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий</</u> ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал