- Учителю
- Сарамандық жұмыс география пәнінен тақырыбы: «Жекелеген аудандарға кешенді сипаттама беру». (7 сынып)
Сарамандық жұмыс география пәнінен тақырыбы: «Жекелеген аудандарға кешенді сипаттама беру». (7 сынып)
Сабақ: № 25
Сыныбы: 7 «А»
Күні: 08.12.2015 ж.
Тақырыбы: №2 Сарамандық жұмыс. Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Қорытынды: Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Биосфераның «Алтын қоры» деп аталатын ерекше тізімге енген Африкадағы географиялық нысандар Сахара мен Мадагаскар аралы.
Үйге тапсырма: Кескін картамен жұмыс, қосымша материалдар жинау.