- Учителю
- Открытый урок на тему: 'Сындарлы оқыту технологиясы'
Открытый урок на тему: 'Сындарлы оқыту технологиясы'
Сындарлы оқыту технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Азия шаруашылығының негізгі даму бағыттары.
Сабақтың мақсат, міндеттері: Оқушыларға Азияның әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері, аймақтардың мамандану салалары, елдердің топтастырылуы туралы білімдерің қалыптастыру, Азияның шаруашылығына сипаттама бере отырып, қосымша материалдарды пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденіп, жұмыс жасауға, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан анықтайда, талдайды, сипаттайды. Азияның шаруашылығының негізгі даму бағыттары жаңа білімді меңгереді.
Топтық жұмыс нәтижелері: Бірлесіп жұмыс істеу нәтижеінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады; ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды; әр бір оқушы білімін толықтырады.
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
7минут
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту жаттығуы. «Мен саған сенемін»
II.Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Жалғасын тап» ойыны.
ә) Азия аймақтарының елдері арқылы топқа бөлу. (Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия)
Сергіту жаттығуын жасайды.
Өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып жауап береді.
Оқушылар қағазға жазылған Азия едерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
5минут
III.Жаңа сабақ
а) Ой шақыру.
1. Азия туралы не білеміз?
2. Сабақтын тақырыбымен таныстыру.
3.Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа түсініктеме беру.
Оқушылар қойылған сұраққа сыни тұрғыдан әр тұрлі нұсқада жауап береді.
10минут
ә) Мағынаны тану.
Оқушыларға оқулықтан мәтінмен танысу ұсынылады
Мәтінмен оқып танысады
7минут
б) Ой толғау
1Топтық жұмыс
1-топ. Азияның әлеуметтік даму үлгілері
2-топ. Азия аймақтарының шаруашылығының мамандану салалары
3-топ. Азия елдерін топтастыру туралы презентация жасау.
2.Дәптермен жұмыс
3.Картамен жұмыс.
Оқушылар өздеріне берілеген мәтіндердегі негізгі ойды анықтайды, талдайды, сипаттайды және компьютерде презентация жасайды
Оқулықтан керек мәліметтерді тірек сызба және кесте арқылы дәптерге түсіреді.
Атластан Азия елдерінің орнын анықтайды
7минут
в) Жобаны қорғау
1. Спикердің жобаны қорғауын қадағалайды.
2. Жобаны топтардын бірін-бірі бағалауын ұсынады (бағдаршам арқылы)
3. Дарынды оқушымен жұмыс. (ОПЕК ұйымы туралы хабарлама)
Спикер жобаны қорғайды.
Уақыт белгілеуші спикердің уақыттан асып кетпеуін қадағалайды.
Жобаны бағалайды
3минут
IV. Сабақты бекіту.
«Сиқырлы қалам» ойыны.
Шарты: оқушылар өтілген тақырып бойынша бір сөйлем айтып шығу керек.
Оқушылар тақырып бойынша өз түсінгендерін кезекпен айтып шығады.
2минут
V. Бағалау.
Оқушыларға сабақтың критерий леріне қарап, өзіне-өзі ұпай қойып бағалауын ұсынып, мұғалім критерийлердің ұпайына қарап, өзінің бағасын шығарады.
Оқушылар өзінің ұпай санымен таныстырады.
2минут
VI. Кері байланыс
«БЛОБ»ағашы парағын белгілету арқылы оқушылардын сабақ барысында қай деңгейге жеткендігін анықтайды.
Оқушылар «БЛОБ» ағашында өздерін қай жерге дейін жеткендерін айтып шығады
2минут
VII.Үйге тапсырма
1. Қалауы бойынша жаңа индустриялы елдердің біреуіне хабарлама жазып келу.
2. Жапония туралы деректер біліп кету. Рефлексия
Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады.