- Учителю
- Поурочные планы по географии для 6 класса
Поурочные планы по географии для 6 класса
n6-сынып (А; Б )
Сабақ: 1
Мерзімі: 2.09.2011 жыл
Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты:
Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың кезеңдері:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
-
Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
-
Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
-
Сабақты қорытындылау кезеңі
-
Бағалау кезеңі
-
Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
(10 мин)
1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:
1) Жер туралы не білесіңдер?
2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.
4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.
5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?
2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:
1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.
2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет.
1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:
1) Жер - күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.
2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник...
3) Жұлдыз дегеніміз - бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.
4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.
5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.
2. 1) 6 материк - Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.
2) 4 - Тынық, Атлант, Үнді, СММ
Аталған атауларды картадан көрсетеді.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
(2 мин)
География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді - физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.
География
ФГ ЭӘГ
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
(15 мин)
1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.
География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.
Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.
2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд.
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин)
Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру.
Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин)
Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі
(1 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А;Б)
Сабақ: 2
Мерзімі:
Тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері
Мақсаты:
Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус
Сабақтың кезеңдері:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
-
Сабақты қорытындылау кезеңі
-
Бағалау кезеңі
-
Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(15 мин)
Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою.
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
(10 мин)
Жердің Күн жүйесіндегі орны.
1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау.
2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру.
3. Жердің пішіні мен мөлшері Оқушыларды Жер - шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу.
4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х.Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф.Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10)
Интерактивті тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту.
Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин)
Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
-
Жер нешінші планета?
-
Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
-
Жер қандай дене?
-
Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 3-4 оқу, 6 суретті салып келу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 3-4
Мерзімі:
Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні.
Мақсаты:
Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және салған суреттерін, интерактивті тақтада суреттерді, сызбаларды түсіндіру арқылы талқылау, сұрақтар қою.
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
1. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысыу туралы 1 слайд көрсету, оны түсіндіру. Жер өз білігінен 24 сағатта 1 айналым жасай отырып, Күнді 1 жылда 1 айналып шығады.
2. Глобусты пайдалана отырып Жердің өз білігінен айналуынан тіршілікке келтіріп жатқан пайдасы туралы айту.
3. Жердің жылдық қозғалысы туралы 2 слайд көрсету. Кейін қандай заңдылықтар болып жатқанын олардың маңыздылығын айту. Слайд арқылы дәлелдеу, оған көз жеткізу.
4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы жыл мезгілдерінің ауысу сипатын көрсету. «Кібісе жылы» туралы айтып, дәлелдеу.
5. Жер шарындағы жыл мезгілдерінің ауысу барысында жылу таралу заңдылықтары, оңтүстік тропик, экватор, тропик, поляр аймағы, қоңыржай белдеулер, суық белдеуғ ыстық белдеулер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
Бүгінгі тақырыпқа арналған қысқа, бірақ мазмұнды эссе жазу.
Оқушылар эссе жазады, жазып болғанан кейін бір-бірден оқып шығады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
-
Жер Күнді қалай, қай уақыт аралығында айналып шығады.
-
Айналу барысында Жерде еқандай өзгерістер болады?
-
Жер өз білігінен қай уақытта айналады және неге айналаады?
-
Жердің айналуына байланысты осы екі заңдылық арасындағы байланысты айтып, түсіндір, мысалдар келтір.
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
§ 5-6 оқып, мазмұндау. Басқа планеталар туралы қосымша мәлімет жинап келу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 5
Мерзімі:
Тақырыбы: ІІ тарау. План және карта. Жергілікті жерді бағдарлау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жерді компоспен қалай бағдарлау керек екендігін түсіндіру. Азимут туралы түсінік қалыптастыру және азимут арқылы жол табуды, анықтау туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардағы алған дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: тұсбағар
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)
Азимут (арабша ас-сумут -жол)- деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады.
С 0º
Б 270º Ш 90º
О 180º
Азимут бойынша жүру дегеніміз- алдын- ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды тұсбағдармен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Осындай жолды айтады.
Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер алдын-ала дайындалып алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт- жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, тұсбағдардың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісті жол жүруші бір бағдармен екінші бағдарға дейін жетіп отырады.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Оқушылармен класта орналасқан кез-келген заттың азимутын анықтау, дәптерге сызып алу.
Мұғалім көмегімен кез-келген заттың азимутын анықтау. Оны дәптерге сызып алу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Сонымен азимут дегеніміз не?
-
Азимут не үшін қажет?
-
Азимут арқылы бағдарлау үшін не істеу керек?
-
Азимуттың сызбасын градуспен тақтаға сызып, түсіндір.
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 7 оқу. Анықтамаларды жаттау.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 6
Мерзімі:
Тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.
Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)
Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.
Масштаб
Сандық атаулы сызықты
-
Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.
-
Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.
-
Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:
-
Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын өлше;
-
Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;
-
Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.
Картаны пайдаланып тапсырмаларды орындау. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап алу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Масштаб дегеніміз не?
-
Оның неше түрі бар?
-
Масштабтың қандай маңызы бар?
-
Түрлері бойынша мысалдар келтір.
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 8 оқу, Қара теңіз жағалауының ұзындығын анықтап, масштабын тап.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 7
Мерзімі:
Тақырыбы: Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға план дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру. Планды түсіру әдіс-тәсілдерімен шартты белгілерімен таныстыру. Планның шаруашылық үшін маңызы туралы айту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке баулу, география пәніне деген қызығушылықты ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою:
-
Азимут дегеніміз не?
-
Масштаб дегеніміз не?
-
Масштабтың түрлерін атап, оларға мысал келтір.
-
1: 25.000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар?
-
Жерорта теңізінің ұзындығын өлшеу жолдарын айтып, масштабын айналдыр.
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)
План (латынша жалпақ, тегіс)- жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын айтады.
Жер бедері дегеніміз- жер қыртысының бетіндегі ойлы-қырлы жиынтығын айтады.
Абсолют биіктігі дегеніміз (латынша абсолют- толық, сөзсіз)- жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктікті айтады.
Салыстырмалы биіктік дегеніміз (латынша)- жер бетіндегі кез- келген нүктенің басқа бір нүктенің биіктік айырмасын айтады.
Жер бетінде салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдарымен анықталады.
Горизонтальдар (грекше горизонт-шектеуші)- биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.
Бергштрих (немісше берг-тау; штрих-сызық). Тақтаға сызып, көрсету.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Атласта, кітапта орналасқан топографиялық картадағы шартты белгілерді талдау, топографиялық картамен жұмыс істеуді түсіндіріп, төмендегі аулдар мен қала типтес ауылдардың координатасын табу:
Оқушылар атластағы топографиялық картамен жұмыс істейді, шартты белгілердің айырмашылығын қарайды, мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Координаттарды іздейді.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Сонымен план мен картаның қандай айырмашылығы бар?
-
Жер бедері дегеніміз не? оның қандай түрлері бар?
-
Абсолют биіктік пен салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы неде? Олар картада қалай белгіленген?
-
Шартты белгілердің қандай маңызы бар?
-
Топографиялық карталарда координатты қалай табу керек?
-
Бергштрих дегенніміз не?
-
Қандай карталарда бергштрих беріледі?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 9 оқу, шартты белгілерді сызып, жаттау. Топографиялық картамен жұмыс істеуді үйрену.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 8
Мерзімі:
Тақырыбы: Глобус. Глобустан картаға көшу.
Мақсаты:
Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Шартты белгілерді пайдалана отырып, географиялық диктант алу:
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)
1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу.
2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу.
3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілер карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координаттарды анықтау жолдарын үйрету.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Төмендегі тапсырмаларды орындау:
-
Қазақстан Репсубликасы қандай жарты шарда және қай ендікте орналасқан?
-
Африка материгінің төрт шеткі нүктесін тауып, олардың 4 бағытта орналасуына көз жеткізу.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Глобус дегеніміз не?
-
Глобустан картаға көшіру жолдары қандай?
-
Ендік, бойлықытң сызбасын тақтаға сызып көрсет.
-
Меридиан, параллель, экватор сызығын глобустан тауып көрсет.
-
Географиялық координаттарды білудің қандай маңызы бар?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 11-12 оқу. 29 суретті салып келу.Анықтамаларды жаттау.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 9
Мерзімі:
Тақырыбы: Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алдыңғы сабақта алған географиялық координаттар, оларды анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою:
1. Географиялық координаттар дегеніміз не?
2. Географиялық ендік дегеніміз не?
3. Географиялық бойлық дегеніміз не?
4. Глобустан қашықтықты қалай өлшеуге болады?
5. Неге жер бетінен картаға еш бұрмаланусыз түсіруге болмайды?
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)
Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз.
Градус торы дегеніміз- меридиан мен параллель сызықтарының қиылысында пайда болған торды айтады.
Картада географиялық координатты анықтайтын формула:
Мысалы: нүкте 40º пен 45º солтүстік ендіктердің, 70º пен 75º шығыс бойлықтардың аралығында жатыр. Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғыш пен екі параллельдің ара қашықтығын (АВ) және төменгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз. Картада АВ 5º тең.
АВ-5º
АН-х
х= АН*5º/ АВ
АН қашықтығының градус мөлшерін 40º-қа қосамыз. Егер картадан АН қашықтығын орнына ВН қашықтығын өлшесек, табылған шаманы 45º-тан алып тастар едік. Бәрібір нәтижесі бірдей.
Бойлықтарды да осы әдіспен есептеп табамыз. Сызғышпен СД және СН қашықтықтарын өлшейміз:
СД-5º
СН-х
х= СН*5º/ СД
Шыққан нүкте 70º қосамыз Н нүктенің бойлығы шығады.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Төмендегі тапсырмаларды орындау:
географиялық объектінің координатасы
Географиялық объектінің аты
6º ш.б. 46º с.е.
72º ш.б. 48º с.е.
72º б.б. 32º о.е.
60º б.б. 66º о.е.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
- Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар?
- Градус торы дегеніміз не?
- Тақтадан ендік пен бойлықты сызып көрсет.
- Гринвич меридианнын тап.
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 13 оқу. Өздерің тұрған мемлекеттің, облысты, қаланың координатасын анықту.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 10
Мерзімі:
Тақырыбы: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу.
Мақсаты:
Білімділік: Карталар, олардың түрлеру, әрбір картаның өзіне тән белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Масштабына қарай карталар қалай жіктеледі, осыны қарастыру, олардың жасалу жолдары, маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Карталарды талдауды, карталарды түсіндіру, оқуды, жұмыс істеуді дамыту, өткен сабақтарда лаған білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты артыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)
Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою:
-
Карта дегеніміз не?
-
Оның қандай маңызы бар?
-
Масштаб дегеніміз не?
«КАРТА»- табақ деген мағынаны білідреді. Карталарды мазмұнына қарай былай жіктейміз:
КАРТАЛАР
(мазмұнына қарай)
Топографиялық карталар ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады. Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады. Топографиялық шолу- карталардың дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен.
Ұшқыштар үшін қолайлы. Себебі осы карталар үлкен аумақтың жалпы көрініс шолу мақсатында қызмет етеді.
Шолу карталары- жер бетінің үлкен бөлігінің географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналады немесе оны географиялық карталар деп аталады.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
«Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.
Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Жалпы географиялық карталардың қандай ерекшелігі бар?
-
Топографиялық карталар қалай жасалады?
-
Жалпы географиялық карталар қалай жасалады?
-
Мына масштабтың қайсысы ірі? 1: 50.000, 1: 100.000? Неге, дәлелде.
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 14 оқу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 11
Мерзімі:
Тақырыбы: Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері.
Мақсаты:
Білімділік: Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардан жинаған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ұсақ масштабты карталарда бейнелену әдістерімен таныса келе география пәніне деген қызығушылықты ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу:
1. Карта дегеніміз не?
А) сурет
В) табақ
С) глобус
2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:
А) 2
В) 3
С) 4
3. Тақырыптық карталарды тап:
А) топографиялық карталар
В) дүниежүзінің климат картасы
4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 4
С) 5
5. Ірі масштабты картаны тап:
А) 1: 90.000
В) 1: 200.000
С) 1: 150.000
6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ?
А) топографиялық шолу
В) топографиялық
7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған?
А) шолу
В) топографиялық
С) топографиялық шолу
Тест тапсырмасына арнайы бір парақ қағаз дайындап, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)
Дүниежүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықты өлшеу жұмыстары жүргізілмейді. Жер бедері қат- қабат бояулармен көрсетіледі.
0 метрден төмен- қою жасыл
0-200 метр- солғыл жасыл биіктік шкаласы
200-500 метр- сарғыш түс
Мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады.
Тереңдікке байланысты өзгереді- тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер:
-
мемлекеттердің астаналары;
-
аса ірі өндіріс орталықтары;
-
тарихи қалалар;
Дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарының ең маңыздылығы, темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
Атлас пен карталарды пайдаланып дүниежүзіндегі аса биік жерлер мен ең терең аймақтарды биіктік және тереңдік шкалалары арқылы анықта, биіктік пен тереңдік шамасында тап.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?
-
Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?
-
Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?
-
Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 15 оқу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 12
Мерзімі:
Тақырыбы: Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру. Картаның маңызы.
Мақсаты:
Білімділік: План және карта бөлімінде алған білімді одан әрі бекіту, қайталау. План және карта арасындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып, білім беру. Картаның адам өміріндегі маңызы, оның қазіргі және ерте кездегі мәліметтермен салыстыру.
Дамытушылық: План және карталармен жұмыс істеу барысында алған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты артыру.Географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)
Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою:
-
Карта дегеніміз не?
-
Оның қандай маңызы бар?
-
План дегеніміз не?
План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары:
-
Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады: 1 см-5 м; 1 см-10 м.
-
Қамтитын аумағының үлкен- кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады. Меридиандар С-О; Параллельдер Б-Ш бағыттарды көрсетеді.
Планда осындай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы- солтүстік, төменгі жағы- оңтүстік, сол жағы- батыс, оң жағы- шығыс бағыттарына тура кеелді.
3.Шағын ғана алқапты қамтитындықтан планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық дәл есептелінеді. Оның кез- келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізуге болады. Бейнелейтін жердің көлеміне картадағы бұрмалау мөлшері артта түседі.
4.Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардың нақты мөлшерін анықтауға болады. Картада ондай мүмкіндік жоқ.
Картаның біз үшін маңызы өте жоғары: 1. Зерттеу жұмыстарына; 2. Бағдар; 3. Танымдық; 4. Климат, ауа райы; 5. Болжам жасау; 6. Пайдалы қазбалар.
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
«Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.
Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу.
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
-
Не себепті планда жер беті бұрмаланбай бейнеленеді?
-
План мен географиялық картаның ұқсастықтары неде?
-
Айырмашылықтары қандай?
-
Картаның күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы мысал келтіріңдер?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
5. Бағалау кезеңі
(2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
§ 16 оқу. План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 13
Мерзімі:
Тақырыбы: Сарамандық жұмыс №1.
Мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақта алған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту, білімді бекіту, қайталау.
Дамытушылық: Географиялық көзқарасты, дүниетанымын,картамен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Өз еліне деген патриоттық сезімді ояту. Географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту.
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
3. Қорытындылау кезеңі.
4. Бағалау кезеңі.
5. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
(40 мин)
Тапсырма 1.
Анықтама бер: азимут, ендік, бойлық, географиялық тор, глобус.
Тапсырма 2.
Карталар мен атластарды пайдалана отырып төмендегі координаттар бойынша географиялық объектілерді табыңдар:
60º с.е.-30º ш.б; 34º с.е.- 30º ш.б; 0º с.е.- 50º б.б; 34º с.е.- 20º ш.б.
Тапсырма 3.
Төмендегі мәтінді пайдалана отырып план құрастыр:
Туристер Арыс темір жол станциясынан бастап туристік жорыққа шықты. Темір жол азимуты 305º. Жолдың солтүстік- шығысында бұта аралас ағаштар тұр. Станциядан асфальт жол бойымен 50º бағытта 450 м жүре отырып шалғынды алаңға шығуға болады. Жолдың оң жағында телефон жүйесі, ал сол жағында шарбақ бар. Шалғынды алаңмен 750м жүріп су бөгеніне келіп жетеді. Бөгеннің шығысында кіші-гірім су қоймасы, батысында жел диірмен бар. Бірақ, туристер ол жол арқылы жүрмей 310º бағыттағы сүрлеу жолменен 500м аралас орман арқылы шалғын алаңына шықты. 200м жүрген соң Тихау өзені жағалауына жетті және ағаш көпір арқылы өзеннен өтіп 315º бағытта 300м қашықтықтағы Заречное ауылына жетті. Жолдың оң жағында терең жыра мен сай бар.
Атлас,карталарды пайдалана отырып оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Ол үшін транспортир, планшет, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланады.
3. Қорытындылау кезеңі.
(1 мин)
Тапсырмаларды аяқтап болғаннан кейін жинап алу.
Дәптерді мұғалімге тапсыру.
4. Бағалау кезеңі
(1 мин)
Сарамандық жұмысты тексергенен кейін тапсырманы орындау дәрежесіне лайықыт бағаларын қою.
Максималды баға алуға тырысу.
5. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
6-сынып (А; Б)
Сабақ: 14
Мерзімі:
Тақырыбы: І Жарты жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты:
Білімділік: Тоқсан бойы алған білімді қайталау, тексеру, еске түсіу және бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым- қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
3. Қорытындылау кезеңі.
4. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
(41 мин)
І- нұсқа
1. Масштаб және оның түрлері.
2. Ежелгі заманғы географиялық зерттеулер.
3. Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы.
4. Географиялық карта мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
ІІ- нұсқа
1. Жердің күн жүйесіндегі орны.
2. Орта ғасырлардағы географиялық зерттеулер мен ашылулар.
3. Географиялық карта масштабына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
4. Картада жер бетінің бейнелену ерекшеліктері қандай?
Атлас,карталарды пайдалана отырып оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Ол үшін транспортир, планшет, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланады.
3. Қорытындылау кезеңі.
(1 мин)
Тапсырмаларды аяқтап болғаннан кейін жинап алу.
Дәптерді мұғалімге тапсыру.
4. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
Сабақ №18
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: Жер қозғалыстары туралы білімдерін кеңейтіп, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Ең алдымен дәптерлерін тексеріп, кейін өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:
1. Жер қыртысы қанша литосфералық тақтадан тұрады? Оларды ата.
2. Мұхит орта жоталары дегеніміз не?
3. Тау жыныстары дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады?
Оқушылардың жауаптары:
1. Жер қыртысы 8 литосфералық тақтадан тұрады: Еуразиялық, Үнді-Еуропалық, Антарктикалық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Наска тақталары
2. Жер қыртысының жарықтарының бойымен жан-жаққа таралуының нәтижесінде екі жағынан түзілетін су асты жоталары.
3. Жер қыртысын толтырып табиғи денелерді тау жыныстары, оларды құрайтын заттар минералдар деп аталады. Олардың 3 түрі болады: шөгінді (химиялық, кесек шөгінділер, органикалық), магмалық, метаморфты
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қойылады: 1. Жер қыртысы қозғала ма? Қозғалса оны қалай байқауға болады?
Жаңа тақырыпты келесі жосапр бойынша меңгереді:
-
Жер қыртысының қозғалыстары
-
Жер сілкіну
-
Жер сілкінуді зерттеу
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Жауаптары: 1. Иә, қозғалады. Оны көзбен байқау қиын, бірақ литосфералық тақталар баяу қозғалып тұрады.
Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауымен жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Жер қыртысы қозғалысының екі түрі болады: 1 - жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі; 2 - тау жасалу қозғалысы
жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріледі. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары - құрлыққа, шығанақтар - көлдерге, аралдар - түбектерге айналды.
Тау жасалу кезінде жер қыртысы майысады, қатпарға бүктеледі немесе жарықтармен бөлшектенеді және сол жарықтары бойлап ығысады. Мұндай қозғалыс жер бедерін өзгертіп жібереді: жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс - жер сілкінулерге апарып соғады.
2. Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.
Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи - үстіңгі, центр - шеңбердің орталығы) деп аталады. Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді.
3. Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында шоғырланғанын көрсетеді. Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады. Жер шарында 100-ге жуық сейсмикалық стансалар бар. Жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін сейсмограф құралдары тіркеп отырады.
4
Тақырыпты бекіту үшін пысықтау сұрақтарын қояды: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар қалай жүреді? 2. Қазақстан аумағының қай бөлігін бұрынғы кезде теңіз басып жатқан? 3. Жер сілкіну неге байланысты? 4. Сейсмикалық аймақтар дүние жүзінде қандай жерлерде орналасқан?
Оқушылардың жауаптары: 1. Жер қыртысында баяу қозғалыстар тік (көтерілу мен төмендеу) және көлденең «тау жасалу) жүреді. 2. Қазақстан аумағының барлық дерлік жерін теңіз басып жатқан. 3. Жер сілкіну тау жасалу процесінің жиілігіне байланысты. 4. Жер сілкінуінің ошақтары литосфералық тақталардың шеттеріндегі жер қабығының қозғалмалы алқаптарында орналасқан
5
Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.
Оқушылар бүгінгі сабақта жер қыртысының қозхғалыстары туралы, жер сілкіністері және оларды зерттеудің маңызы туралы білгенін және жер сілкіну ошағы , эпицентр, сейсмикалық аймақтар , сейсмикалық стансалар, сейсмографтар терминдерімен танысқандары туралы айтып сабақты қорытындылайды.
6
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
7
§20, 51-53 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
Сабақ №20
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Мақсаты:
Білімділік: «Жанартау» және «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуымен байланыстылығын және жанартау әрекетінің жер қабықтарының (ЛГА) қалыптасуына әсері туралы білім беру.
Дамытушылық: жанартауларды картадан көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер: «Жанартау құрылысы», «Жанартау атқылауы»
Негізгі ұғымдар: литосфералық тақталар ұғымы, тау жыныстары
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпқа көшуге дайындық кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Кіріспе сұрақтар:
1. Литосфералық тақталар дегеніміз не?
2. Олардың шекаралары материктердің шекараларымен сәйкес келе ме?
3. Литосфералық жарықтарды бойлай жер бетіне қандай қоймалжың зат шығады?
Оқушылардың жауаптары:
1. Жер қыртысын құрайтын орасан зор қатты тақталар
2. Олар материк маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталарды құрайды. Мысалы, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік-шығысы және Солтүстік Мұзды мұхитының үлкен бөлігі кіреді.
3. Жердің терең қойнауынан жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған зат - магма.
3
Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы.
2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.
3. Жанартаулрды зерттеу.
4. Ыстық бұлақтар, гейзерлер.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.
- Картадан сөген және сөнбеген жанартауларды анықтау, көрсету.
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.
Оқулықтың «Жанартау және оның құрылысы» суретті талдайды. Суреттен магма ошағын, жанартаудың көмейін, кратерді, лаваны көрсетіп сипаттайды. Сонымен қатар жанартаулар сөнген және сөнбеген болып бөлінетіндігі айтылады.
Гейзер ұғымын түсіндіргеннен кейін оқушылар әдетте қандай жерлерде болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап береді: олар картадан Камчатканы және Жапония, Жаңа Зеландия, Исландия аралдарын көрсетеді.
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын орындайды.
4
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
-
Жанартау қалай пайда болады?
-
Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.
-
Жанартау қалай атқылайды?
-
Жанартаулардың қандай түрлері бар?
-
Жанартауды не үшін зерттеу қажет?
-
Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?
Тақырыпты бекіту сұрақтарына жауаптары:
1. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шығып төгіледі.
2. Магма ошағынан жоғары қарай көмейі, одан жоғары кратер.
3. Ең алдымен гүріл естіледі, кейін газ бен бу шығады, кейін жаңбыр суы мен күл араласқан лай тасқыны, лава ағады.
4. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.
5
«Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойды қорытындылау.
Мұғаліммен бірге «Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.
6
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
7
§21 54-57 б.б.
Тақырып соңындағы сұрақтар.
38-сурет салу.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
Сабақ №21
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру.
Дамытушылық: картадан таулардың түрлерін көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: таулар туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Таулар» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең-дер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру: оқушылардың барылығында оқулықтарының, дәптерлерінің, атластарының бар-жоқтығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Ең алдымен «таулар», «тау жотасы», «таулы өлке» және «тау торабы» ұғымдарын түсіндіріп өтеді. Олардың анықтамаларын оқулықтан тауып, дәптерлеріне жазып алу тапсырмасын береді.
Оларға мысалдар келтіреді: Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері Шелек-Кебін тау торабын құрайды. Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай (оқулықтағы суретті көрсетеді). Жер шарындағы ең биік нүкте Джомолунгма (Эверест) шыңы 8848 м.
Кейін таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы айтады. Бұл жіктемені оқулық мәтінінен тауып дәптерлеріне сызбасын түсіріп, мысал келтіру тапсырмасын береді.
Кейін таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болатынын түсіндіріп, мысал келтіреді.
1.§22 пайдалана отырып, «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарының мағынасын тауып, дәптерлеріне анықтамасын жазады.
2. Таулардың абсолют биіктігіне қарай топталуын анықтап, сызбаны толықтырып жазады. Әр түріне мысал келтіреді.
Таулар.
аласа 1000-2000 м биік
Оларға бірнеше мысалдар келтіріледі: Қазақстанның Сарыарқасы - аласа тауларға жатады. Орташа биік тауларға - Қырым таулары жатады. Биік тауларға - Кавказ, Алтай таулары жатады.
Мұғалімнің көрсеткен мысалын дәптерлеріне жазып алады:
-
Кавказ тауы Еуразия материгінде, Қара және Каспий теңіздерінің аралығында орналасқан.
-
Тау жоталары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған
-
таудың ұзындығы 1100 км.
-
Бұл тау биік тауға жатады. Басым биіктіктері 3000-5000 м болып келеді.
-
Ең биік шыңы - Эльбрус (5642), координаталары - 43°с.е. және 43° ш.б.
3
Тақырыпты бекіту ретінде тақырып соңындағы 5,6,7,8 тапсырмаларды орындау тапсырмаларын береді.
5-тапсырма: Орал - аласа тауларға, Скандинавия таулары - аласа тауларға, Альпі таулары - орташа биік тауларға жатады.
6-тапсырма: Тянь-Шань таулары
7-тапсырма: Кордильер тауларының биіктігі орталығында 3000-4000 мыңнан астам, солтүстігі және оңтүстігіне қарай 1000-2000 м-ге дейін жетеді.
4
Тақырыпты оқушылармен бірге қорытындылайды.
Тақырыпты мұғаліммен бірге қорытындылайды.
5
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.
6
§22 57-58 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар. Жартышарлар кескін картасына тауларды созылу бағытына қарай белгәлеу. Тауларды олардың орналасқан жерлерін картадан көрсете білу .
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.
Сабақ №22, 23
Күні: 24.11.09/23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі.
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы», « жазық» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: таулар, тегіс және төбелі жазық, ойпат, қыратты жазықтар, таулы үстірттер, жыра, сай,
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жанартаулар дегеніміз не, ал таулар дегеніміз не? 2) Тау жотасы, таулы өлке және тау торабы дегеніміз не? 3) Таулар қалай жіктеледі?
Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы таулар.
2. Ескі және жас таулар
3. Таулардың өзгеруі. Физикалық үгілу, химиялық үгілу, органикалық үгілу
-
Тегіс және төбелі жазықтар.
-
Жазықтардың биіктік айырмашылықтары
-
Жазықтардың пайда болуы
-
Жазықтардың өзгеруі
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.
- Картадан таулар мен жазықтарды көрсету
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жанартау - көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат - лава тасып төгілетін конус пішінді тау. Тау дегеніміз жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері. 2) Бір-біріне жалғаса ондаған, жүздеген км-ге созылып жатқан таулар; тау жоталарының шоғыры; тау жоталарының түйіскен жері; 3) таулар биіктігіне қарай 3-ке - аласа, орташа биік, биік таулар болып бөлінеді.
1. Мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, дәптерлеріне қатпарлы таулар, қатпарлы-жақпарлы таулар анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді:
Таулар (пайда болуына қарай)
қатпарлы таулар қатпарлы-жақпарлы таулар
Альпі, Кавказ, Кордильер таулары Алтай, Тянь-Шань таулары
Кейін жанартаулар мен таулардың арасындағы байланысты анықтайды. Тауларды картадан қарап, сипаттайды
2. Ескі және жаңа таулардың анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді:
Таулар (жасына қарай)
ескі таулар жас таулар
Орал, Сарыарқа Кавказ, Памир, Гималай, Кордильер
Таулардың биіктігі мен жасы арасындағы байланысты анықтайды. Картадан көрсетеді.
3. Ең алдымен жалпы үгілу не екенін түсініп алып, угілудің, физикалық, химиялық және органикалық үгілудің анықтамаларын жазып алады. Олардың әрбіреуіне сипаттама береді.
4. Жазықтың анықтамасын жазып алады. Кейін тегіс және төбелі жазық не екенін түсініп алғаннан кейін анықтамаларын жазып алады. Жазықтар түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, меңгереді.
5. Жазықтар биіктіктеріне қарай ойпат, қырат жазықтар және таулы
ескі таулар жас
үстірттер болып бөлінеді.
Жазықтар (биіктігіне қарай)
ойпаттар қырат жазықтар таулы үстірттер
200 м-ден төмен 200-500 м 500 м-ден астам
Жазықтар түрерін картадан адыратып, көрсетеді.
6. Алғашқы жазы ұғымының анықтамасын тауып жазып алады. Жазықтардың пайда болуы тау жыныстары түрлерімен байланыстылығын анықтайды, оларға мысалдар келтіреді: өзендер тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазық - Ұлы Қытай жазығы.
7. Жазықтардың өзгеруіне ықпалын тигізетін ішкі және сыртқы күштерге сипаттама береді. Олардың салдарынан пайда болатын жер бедері пішіндерін анықтайды. Оларға анықтама береді. Жазықтарды топтайды: 1) алғашқы жазық, 2) аллювийлік жазық, 3) денудациялық жазық, 4) жанартаулық жазық. Оларға толық сипаттамалар беріп, шартты белгілерін қарастырады.
4
Тақрыптарды бекіту сұрақтары: 1) Таулар пайда болуына қарай қалай бөлінеді? 2) жазықтар қалай жіктеледі?
1) қатпарлы және өатпарлы-жақпарлы таулар; 2) жазықтар - тегіс, төбелі жазықтар; биіктігіне қарай - ойпат, қыратты жазықтар, таулы үстірттер.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§23-24. Тақтаға жазған кестені толтыру. Кескін картаға жазықтарды түсіру.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №24, 25
Күні: 1.12.24.11.09/30.23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқушыларды жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру. Алған білімдерінің негізінде оқушыларда табиғат байлықтарына ұқыпты қатынас қалыптастыру.
Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: мұхиттар мен ттеңіздер, тау жыныстарының әр түрлілігі
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Құрлықтағы таулардың пайда болуына қандай күштер әсер етті? 2) Құрлықтағы жазықтар қалай пайда болады? 3) Мұхит түбінде таулар мен жазықтар бар ма? Бар болса, неліктен? Мұхит түбін және оның тереңдігін зерттеу неліктен қажет болды? Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Мұхит түбін зерттеу.
2. Мұхит түбіндегі таулар.
3. Мұхит түбіндегі жазықтар.
4. Жер беті - табиғаттың ең басты байлығы. Адам өз іс-әрекетінде жердің табиғат байлықтарын қалай пайдаланады?
-
Қазба байлықтар - жер қойнауының негізгі қоры.
-
Жер бетін ұтымды пайдалану.
-
«Елің бай болсын десең, жеріңнің бабын тап»
-
Табиғатты қорғау - мемлекеттік іс.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Картадан мұхит түбіндегі таулар мен жазықтарды көрсету
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің ішкі күштерінің әсерінен әр түрлі жыныстардан тұратын қабаттары майысып, қатпарларға бүктеледі. 2) 3 түрлі жолы бар: 1. Бұрынғы теңіз түбі; 2. Өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болады; 3. таулардың ұзық бұзылу үрдісінің нәтижесінде п.б.; 4. лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, тегістелуінің нәтижесінде п.б. 3) Мұхит түбінде жер бетіндегі сияқты үрдістер жүріп жатады. Сондықтан онда таулар да жазықтар да болады.
1. Мұхит түбін зерттеу әдістерін мәтіннен анықтайды, нәтижесінде мына түрлерін жазып алады: 1) Бұрынғы кезде мұхит тереңдігі арқанға байланған ауыр заттың көмегімен өлшенетін; 2) эхолот құралымен; 3) Кеменің жүзу барысында мұхит түбінің кескінін түсіру құралымен; 4) фототелекамералармен; 5) жердің жасанды серіктері мен ғарыш кемелеріне орнатылған аппараттар арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілген.
2. Мұхит түбі жер бедерінің қалыптасуына жер қыртысының қалыптасуына жер қыртысының жарықтары, тау түзілу үрдістері, баяу көлбеу қозғалыстар, жанартау әрекеттері, жер сілкіну күштері әсер ететіндігі естеріне түсіріледі. Оқулықтағы немесе тақтадағы Д.ж. мұхит түбінің кесіндісі суретін талдай отырып «материктік қайраң», «материктік беткей», «мұхит жазығы - қазаншұңқырлар», «мұхит түбіндегі таулар» ұғымдарын иегереді. Су бетіне шығып тұрған таулардың шыңдары - аралдар болатындығын анықтайды.
3. Мұхит түбіндегі ірі жазықтары - қазаншұңқырлар екендігін анықтайды. Материктік қайраң, материктік беткей, шұңғымалардың анықтамасын тауып жазады.
4. «Жер беті - табиғаттың ең басты байлығы» деген ұғымды талқылап, өз ойларын ортаға салады: егін егеді, мал бағады, жеміс-жидек, ағаш отырғызады, түрлі құрылыстар салып, қалалар тұрғызады, жол тартады, нәтижесінде тамақ өнімдерінің 88%-ын жер бетінен алады, сол сияқты жер бетінің 10%-ын мал шаруашылығына қажетті жайылымдар алады.
5. «Қазба байлықтар - жер қойнауының негізгі қоры» деген сөздердің мән-мағынасын ашып айтады: жер қойнауы - байлықтың көзі. Түрлі
Пайдалы қазбалар жерден өндіріледі. Олар халық шаруашылығында пайдаланып, ел экономикасы дамуының көзі болып табылады. Сонымен қатар жер бетінде өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардың шаруашылықтағы маңызы зор. Барлық тіршілікке қажетті суқоймалары да, бұлақ көздері де осы жер беті мен оның қойнауында.
6. Жер бетін ұтымды пайдалану деген не, оны жүргізу жолдарын анықтайды. өз өлкелерінде қандай жер бетін қорғау шаралары жүргізіліп жатқанын айтады.
7. Қазақ халқында ертеден сақталған табиғатты қорғау дәстүрі туралы өз білгендерін айтады.
8. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында қандай мәселелер қозғалғандығын айтып өтеді.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) екі нұсқаға тапсырмалар беріледі: І нұсқа - экваторды бойлай Оңтүстік Америка жағалауынан Африка жағалауына дейінгі Атлант мұхитының тереңдігі қалай өзгеретініне назар аударып сипаттаңдар; ІІ нұсқа - 30˚ с.е. бойынша Африка мен Аустралия жағалауларының арасындағы тереңдіктерді анықтаңдар; 2) сендер тұратын аймақта қандай қазба байлықтары өндіріледі? Қазба байлықтарды өндіру қандай экологиялық проблемаларды тудырады? Егін және мал шаруашылығының пайдасы қандай? Қазақ халқының жер бетін қорғауға арналған қандай салт-дәстүрлерін айта аласыңдар? Жер бетін қорғауға арналған қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1) Экваторды бойлай Атлант мұхитының тереңдігі Оңтүстік Америка жағалауында Африка жағалауына дейінгі
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§25-26. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №26, 27
Күні: 1.12.24.11.09/30.23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: №2 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың литосфера туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.
Тәрбиелік: Кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағыларын қалыптастыруды жалғастыру, дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.
3
1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:
1) Физикалық карта бойынша жер шарының бір жазықтығы мен тауының географиялық орнын, орташа және максималды биіктігі аралығын сипаттау.
2) Кескін картада жердің таулы, жазықты, вулканды және сейсмикалық белсенді зоналарын белгілеу.
3) Қорытындылау
2. «Литосфера» тақырыбын қайталау.
1) «Сұрақ бәйгесі» ойыны.
1. Жазыққа/сипаттама берудің жоспары: 1) Жазық/тау қай материкте орналасқан, оның ерекшелігі; 2) жазықтың / тау жоталарының созылу бағыты, ұзындығы; 3) жазықтың/таудың орташа биіктігі, биіктігі бойынша қандай жазыққа/тауға жатады; 4) жазықтың максималды және минималды биіктіктері, таудың ең биік нүктесі, оның координаталары.
2. «Сұрақ бәйгесі» ойнының сұрақтары.
І қатар: 1) Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ........ қабаты (сыртқы); 2) Оңтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының аралығында ...... тақтасы орналасқан (Наска тақтасы); 3) Жер қыртысы бетінде су, жел,
мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болатын жзыныстар ............... тау жыныстары деп аталады (шөгінді); 4) Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері .............. д.а. (жер сілкіну ошағы); 5) Температурасы жоғары болатын, құрамында әр түрлі тұздар мен газдар кездесетін суларды ........... деп атайды (минералды сулар); 6) Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ........ д.а. (тау торабы); 7) Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ................. таулар пайда қалыптасады (қатпарлы-жақпарлы таулар); 8) Жас таулардың биіктігі ........ м-ге жетеді; 9) Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтар қырат жазықтар д.а. 10) Өзен, көл, теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер - шағылдар.
ІІ қатар: 1) Маттериктік жер қыртысының қалыңдығы 30-40 км, мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы 70-80 км. 2) Мұхиттың түбінде ұзыннан-ұзақ созылып жататын су асты жоталары. Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады - мұхит ортасы жоталары. 3) Минералды жыныстардың түрлері 3000 шамасында, тау жыныстарының түрлері 1000-ға тартады. 4) Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкінісі 3 жылға созылған. 5) Эльбрус пен Казбек қандай жанартауға жатады: сөнген. 6) Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар д.а. 7) Су мен ауаның әсерінен жүретін үгілу түрі химиялық үгілу деп аталады. 8) Орта Сібір, Батыс Аустралия пайда болуына қарай қандай жазыққа жатады: вулкандық жазық. 9) Бархандардың биіктігі 15-20 м-дей болады, шағын барқандар жылына 100-200 м-ге жылжиды. 10) Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей д.а.
ІІІ қатар: 1) Жер қыртысының және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера д.а. 2) Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған шатқалдар. 3) Жер қыртысының 15-20 км тереңдігінде тау жыныстарының 95%-ын магмалық тау жыныстары құрайды. 4) Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтарды сейсмикалық аймақтар д.а. 5) Жанартаулардың көпшілігі Тынық мұхитының жағалауында орналасқан. 6) Карпат таулары биіктігі бойынша орташа биік тауға жатады 7) Бұрынғы теңіздер мен мұхиттардың орнында пайда болған тауларды қатпарлы таулар д.а. 8) Ла-Плата ойпаты пайда болуына қарай аллювиальді жазыққа жатады. 9) Сай - ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістеліп және беткейлері түйетайланып, өсімдік басқан ұзынша ойыс. 10) Мұхит түбінің ең көп бөлігін қазаншұңқырлар алып жатыр.
Ойынның шарты: үш қатар жарысады. Әрбір қатардың өз сұрақтары болады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Соңында жиналған ұпайлардың нәтижесімен жеңімпаз қатар анықталады.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №28, 29
Күні: 15.12.24.11.09/14.12.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Мақсаты:
Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу. Атмосфера қабаты туралы түсініктерді жалғастыра отырып, ауа салмағын, ауа қысымының әр түрлі болу себептерін түсіндіру.
Дамытушылық: Ауа қысымын өлшейтін құралдармен таныстырып, оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғңау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: стратосфера, торпосфера, озон газы қабаты, аэростаттардың, шар-зонд, радиозонд , метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелер, атмосфералық қысым, қалыпты атмосфералық қысым, барометр, сынап барометрі, анероид барометр
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін не алып жатыр?
2) Пасха, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары қалай пайда болған?
3) Материктік беткей дегеніміз не?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін қазаншүңқырлар алып жатыр.
2) Бұл аралдар мұхит ортасы жоталары шыңдарының су бетіне шығып қалған бөліктері
3) Материктік қайраңнан мұхит түбіне аусыатын бөлігі. Ол 200 м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жердің сыртқы қабаттарын еске түсіріңдер 2) Атмосфера туралы не білесіңдер?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Атмосфераның құрамы
2. Атмосфераның қабаттары
3. Атмосфераның маңызы
4. Атмосфераны зерттеу жолдары
-
Атмосфераны қорғау
-
Атмосфералық қысымның пайда болуы
-
Қысымның биіктік бойынша өзгеруі
-
Атмосфералық қысымды өлшеу
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап қысым өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера жатады. 2) Атмосфера жердің ауа қабаты, оның стратосфера, торпосфера деген қабаттары бар.
Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:
1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: атмосфера - жер шарын қоршаған ауа қабығы, оның құрамы 78% азоттан, 21% отегіден тұрады
мыналарды түсініп, еске сақтайды: ауада азот көп болғанмен, тіршілік үшін ең маңыздысы - оттегі, басқа газдардың ішіндегі ең мағыздысы -көмірқышқыл газы. Атмосфераның жоғарғы шекарасы шамамен 2-3 мың км биіктікте өтеді, ол Жердің өзімен бірге айналады.
2. Мыналарды анықтап жазып алады: температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі: тропосфера - жер бетіне таяу орналасқан қабаты, стратосфера - тропосфераның үстіндегі қабат, ол 50-55 км биіктікке дейін барады.
Мынаны түсініп еске сақтайды: стратосферада озон газы қабаты бар, стратосферада температура биіктік бойынша бірқалыпты төмендейді, ал атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін төмендеп, одан әрі 1000-2000°С-ге дейін өседі.
3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: атмосфера не үшін маңызды: -жер бетіндегі температураның таралуы ; - жер бетіндегі тіршілік; -жауын-шашынның таралуы; -метеориттерден сақтайды
4. Келесілерді анықтап жазып алады: Атмосфераны зерттеу жолдары - аэростаттардың көмегімен, шар-зонд арқылы, радиозонд (атмосфераның биік қабаттарын зерттеу үшін), метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері арқылы
5. Мынаны еске сақтап қалады: ауа адамның шаруашылық әрекетінен ластанады - одан түрлі өкпе аурулары, рау ауруы пайда болады. Біздің елімізде Теміртау, Тараз, Зырян, Риддер, Балқаш, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 5-10 есе асып түседі.
Ауаны ластанудан сақтау шаралары: зауыттардың, жылу электр стансаларының мұржаларынан көтерілетін күл мен шаң-тозаңды тазартатын қондырғылар, автокөліктерден шығатын улы газдарға сүзгілер орнату, энергияның залалсыз түрлеріне (су, жел, күн, жердің ішкі жылуы) көшу, көгалдандыру т.б. шараларды іске асыру қажет.
6. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысым - ауаның жер бетіне түсірген салмағы. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді.
7. Мыналарды анықтап жазып алады: 45° ендіктегі теңіз деңгейінен алынған сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.
Мыналарды еске сақтайды: атмосфералық қысым тек биіктік бойынша емес, сон.ымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді.
8. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысымды өлшейтін құрал - барометр (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін) деп аталады. Барометрдің екі түрі болады: сынап барометрі және анероид барометр (анероид - грекше ылғалсыз) қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллибар (мб) өлшемі қолданылады.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар? 2) Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді? 3) §28 соңындағы 5-тапсырманы орындау.
Оқушылардың жауаптары: 1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот - кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат. 2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды. 3) есептің жауабы: А-Б салыстырма биіктігі 200 м, абсолют биіктіктері А - 300 м, Б - 500 м.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§27-28. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №30, 31
Күні: 21.12.09/22.12.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт
Мақсаты:
Білімділік: Ауа температурасын өлшеу, температураның тәуліктік, жылдық, өзгерісінің болу себебі және тәуліктің орташа температурасын анықтау жолдарымен танысу. Су буы қасиеттеріне тоқтала отырып абсолюттік, қаныққан ауа, салыстырмалы ылғалдылық, су буы конденсациясытүсініктеріне анықтама беру. Ауадағы су буының пайда болуын географиялық заңдылықтар тұрғысынан түсіндіру. Тұман және бұлттылық туралы түсініктер қалыптастыру. Олардың атмосферадағы рөліне тоқатлу. Бұлт және олардың түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ауа райы температурасын өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: амплитуда, тмепература
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
-
Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
-
Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот - кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат.
2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Ауаның тікелей күн сәулесінен қызбайтыны неліктен? 2) Биіктеген сайын температура қалай өзгереді?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Ауаның жер бетінен жылынуы. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі.
2. Тәуліктік және айлық орташа температуралар.
3. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура.
4. Ауаның температурасын өлшеу.
5. Ауаға су буы қайдан таралады.
6. Ауадағы су буының температурамен байланыстылығы.
7. Абсолют және салыстырма ылғалдылық. Су буының конденсациясы. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.
8. Тұман қалай пайда болады?
9. Бұлт және оның түрлері
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де, ең алдымен Жер бетін, кейін ауа қабаттарына таралады. 2) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді.
Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:
1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: Әрбір 100 м биікке көтерілген сайын температура 0,6°С төмендейді. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақыт. Ауаның тәулік ішіндегі ең жоғары температурасы түстен 2-3 сағат кейін байқалады. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең тқменгі температуралардың айырмасын Т.Т.А дейді.
Мыналарды түсініп, еске сақтайды: Темепетаруаның тәулік ішінде өзгеруі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.
2. Мыналарды анықтап жазып алады: тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеулердің нәтижелерін қосып, бақылау санына бөледі. Мысал: сағат 1-де +5°С, 7-де -2°С, 13-те +10°С, 19-да +9°С. Тәуліктік жиынтығы 5°С-2°С+10°С +9°С=22°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+7°С
Мынаны түсініп еске сақтайды: тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температура шығарылады.
3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты.
Мыналарды анықтап жазып алады: Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады. Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.
4. Келесілерді анықтап жазып алады: Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.
5. Мынаны еске сақтап қалады: Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды.
Мынаны еске сақтайды: кез-келген ауада белглі бір мөлшерде бу күйіндегі су бар. Табиғатта су буы тынымсыз айналыста жүреді. Атмосфераның жоғарғы қаьаттарында бу салқындаған кезде бұлтқа айналады. Одан жауын-шашын түрінде жер бтіне қайтып оралады.
6. Мыналарды анықтап жазып алады: Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты. Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.
7. Мыналарды анықтап жазып алады: Абсолют ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%). Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а. (латынша конденсацум - қоюлану). Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі д.а-тын құралмен өлшенеді (грекше гигрос - ылғал, метр - өлшеу)
Мыналарды еске сақтайды: ауа су буымен қаныққанда салыстырма ылғалдылық 100%-ға жетеді. 0°С-тан төмен температурада су булары қатты күйге ауысады, яғни мұз түйіршіктеріне айналады.
8. Мыналарды анықтап жазып алады: ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.
9. Мыналарды анықтап жазып алады: Бұлт - жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталғанұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры. Будақ бұлт үйіліп жатқан жұнге немесе мақтаға ұқсайды. Олар әдетте 800-1000 м биіктікте түзіледі де, жоғары қарай 2 км биіктікке дейін таралады, ал қалыңдағанда 3-4 км-ге дейін көтеріледі. Қабат бұлт тұманға ұқсас бірсідірғы сұрғылт қабат құрайды. Ол 2 км биіктікке дейін түзіледі. Шарбы бұлт өте биікте (6 км және одан да жоғ,ары) түзіледі, ол майда мұз кристалдарынан тұрады. Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.
Мыналарды еске сақтайды: 0-аспан шайдай ашық, 5 - бұлт аспанның жартысын басқан, 10 - бұлт аспанды түгел торлап алған.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Шілде айында сағат 1-де +18°С, 7-де +10°С, 13-те +25°С, 19-да +20°С. Тәуліктік жиынтығын және тәулік бойынша орташа температураны тап.
-
Айлық орташа температураға мысал келтір.
-
Петропавл қаласында қаңтар айының орташа температурасы -19°С, шілде айының орташа температурасы +19°С. Орташа жылдық амплитуданы тап.
-
Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?
Оқушылардың жауаптары: 1) Тәуліктік жиынтығы 18°С+7°С+10°С+25°С= 82°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+20,5°С
2) мысалы, қаңтар айындағы орташа тәуліктік температуралар жиынтығы -636°С болды, айлық орташа температура -636°С:30=-21,2;
3) Петропавл қаласының орташа жылдық амплитудасы 0°С
4) Абсолют ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§29, 30, 31. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №32, 33
Күні: 21.12.09/22.12.09
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын. Жел
Мақсаты:
Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Жнл өрнегін салу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар:
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы дегеніміз не?
2) Су буымен қаныққан ауа деп нені атайды?
3) Салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?
4) Конденсация дегеніміз не?
5) Бұлт деген не?
6) Тұман деген не?
7) Күннің немесе Айдың қоралануы деген не?
8) Бұлттылық деген не?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады.
2) Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды.
3) Салыстырма ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)
4) Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а.
5) Бұлт - жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.
6) Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.
7) Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды.
8) Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Бұлт қалай пайда болады? 2) Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? 3) Жел қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Жауын-шашынның түрлері.
2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал.
3. Жауын-шашынды өлшеу.
4. Жауын-шашынды есептеу.
5. Булану және буланушылық
6. Жел қалай пайда болады.
7. Желдің жылдамдығы мен бағыты
8. Жрегілікті желдер
-
Жел өрнегі
-
Желді зерттеудің маңызы
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Ауаның құрамындағы су буының биіктіктерде салқындап, су тамшыларына айналуынан пайда болады. 2) жауын-шашынның жаңбыр, қар, бұршақ түрлері болады. 3) Ауаның қозғалуынан пайда болады.
Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:
1. мына анықтамаларды жазып алады: Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық ж-ш немесе ж-ш д.а. Жауын-шаынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау. Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм болады.
2. Мыналарды жазып алады: Шық - түнде салқындаған жер бетіне, өсімдікке және түрлі заттарға жанасқан ауадан бөлініп, тұрып қалатын ылғал. Қылау - қыста аязды түндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары. Қырау - күзгі желсіз түнде, қыста кейде күндіздің өзінде жер бетіне, шөпке, түрлі заттардың үстіне олардың температурасы ауаның температурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын, ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.
3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері мм есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын стансаларда арнайы ж-ш өлшеуіш қолданылады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады). Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады).
4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ж-ш-ның тәулік, ай, жыл ішіндегі мөлшері сепетеледі. Ауаның температурсы сияқты ж-ш-ның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады.
Мыналарды анықтап жазып алады: Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін ж-ш-ның жартысына жуығы 20°с.е. пен 20°о.е. аралығында түседі. Экватордан тропиктьерге қарай ж-ш мөлшері азаяды да қоңыржай белдеуінде қайтадан көбейеді. Полярлық аймақтарда жер бетіне түсетін ж-ш-ның 4%-ы ғана түседі. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері - Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)
5. Мыналарды анықтап жазып алады: Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі. Буланушылық - су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: булнушылық пен нақты булану бір-біріне ашық су бетінде және ж-ш жеткілікті, ауаның температурасы төмен болған жағдайда ғана сәйкес болуы мүмкін басқа көп жағдайда олар бір-бірінен үлкен айырма жасайды.
6. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Желдің пайда болуының неізгі себебі - ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы. Ауа райын бақылайтын стансаларда желдің жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал желбағар (флюгер) деп аталады.
Мынаны еске сақтайды: Жер бетінің кез-келген бір бөлігінде қысым жоғарыласа, ол жердегі ауа қысымы төмен жаққа қарай ауыса бастайды, яғни жел соғады. Өз кезегінде қысым айырмасы жер бетінің әркелкі жылынуынан туады. Жел көкжиектің өай тұсынан соқса, сол бағыттың атымен аталады: солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі... Желбағардың құрылысын еске сақтап, оның суретін дәптерлеріне салады.
7. Мыналарды анықтап жазып алады: Жергілікті желдердің негізгілері - бриздер мен муссондар. Бриз (французша - жеңілнемесе самал жел) - теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан
Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады. Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.
3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі - алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.
Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.
4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел - сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.
Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер. Муссон (арабша - маусым) - қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.
Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады. Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.
3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі - алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.
Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.
4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел - сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.
Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:
1) Бұршақ қалай пайда болады?
2) Мектеп алаңында жауын-шашынды қалай өлшер едіңдер? 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алыңдар. 4) Жел дегеніміз не? 5) Жергілікті желдерді атап, сипаттаңдар. 5) Жел өрнегін салыңдар.
Оқушылардың жауаптары: 1) Жазғы уақытта жаңбыр бұлты ауаның жоғары өрлеген күшті ағындарының әсерінен өте үлкен биіктікке көтеріліп, ондағы су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі. 2) Кәдімгі шелек немесе шелекке ұқсас ыдысты мектеп алаңында қаданың басына биіктігі 2 м-дей етіп орнатамыз. Ж-ш-ды жел ұйытқып алып кетпеу үшін шелектің айналасы қалқанмен қоршалады. Шелекке жиналған судың мөлшерін анықтау үшін өлшеуіш стақанға құямыз. Стақанның қабырғасы өлшем сызықшалармен бөліктерге бөлінген. Оның әрбір 10 бөлігі 1 мм-ге сәйкес. Оны таңертең сағат 8-де және кешкі сағат 19-да өлшейміз. 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алады. 4) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге қозғалуы жел деп аталады. 4) Жергілікті желдердің негізгілері - бриздер мен муссондар. Бриз (французша - жеңілнемесе самал жел) - теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер. Муссон (арабша - маусым) - қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§32, 33. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №33, 34
Күні:
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері.
Мақсаты:
Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу. Күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Жауын-шашынның қандай түрлері бар?
-
Жауын-шашынның ең көп түсетін жері?
-
Жел деген не? Қандай жергілікті желдердің түрлерін білесіңдер?
-
Ауа массалары деген не? Оның қандай типтері бар?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Жауын-шашынның жаңбар, қар, бұршақ деген түрлері бар.
2) Жауын-шашынның ең көп түсетін жері - Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)
3) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын жел деп атаймыз. Жергілікті желдердің бриз және муссон деген түрлері болады.
4) Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, қысымы біртекті болып келген ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Ауа массаларының негізгі 4 типі болады: 1) экваторлық, 2) тропиктік, 3) қоңыржай, 4) арктикалық ауа массалары. Экваторлықтан басқасы континенттік және теңіздік болып екіге бөлінеді.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жер беті неліктен әркелкі қызады? 2) Ауа температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар? 3) Желдің пайда болу себептері неде?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.
2. Ауа массалары.
3. Ауа райын болжау.
4. Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. Жазғы күн тоқырау. Күзгі күн теңелуі. Қысқы күн тоқырауы. Көктемгі күн теңелуі.
5. Жылу белдеулері.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жер бетінің әркелкә қызуы ендікке, жер бедерінің әркелкә болуына байланысты. 2) Қысымның таралуы температураға байланысты болады. 3) Қысымның әркелкі таралуы желдің пайда болуына әсер етеді. Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды
1. Мыналарды анықтап жазып алады: Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты - тропосфераның белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін ауа райы деп атайды. Ауа райының элементтері - атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық, ауа райының құбылыстары - жауын-шашын, жел тұман, бұлт.
2. Мыналарды жазып алады: Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Жер шарында негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы - экваторлық ыстық белдеуде қалыптасады. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болады. 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) - жылы және құрғақ ауа. 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) - тропиктік ауаға қарағанда салқын, бірақ ылғалды, ал арктикалық немесе антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды. 4) Арктиткалық ауа
(оңтүстік жартышарда антарктикалық ауа) - биік ендіктерде пайда болатындықтан суық ауа. Экваторлық ауадан басқа негізгі ауа массалары континенттік және теңіздік болып екіге бһленеді.
3. Мыналарды анықтап жазып алады: Гринвич уақыты - Гринвич меридианының уақыты. Ауа райы каталары - шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай-күйін көрсететін карталар. Ауа райын болжау картасы - алда температруаның күйі, желдің бағыты қандай болатынын, жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі сияқты белгілерді көрсететін карта.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауларға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеорлогиялық стансалар бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Атмосфераның жай-күйі туралы деректер ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, автомат стансалардан, метеорологиялық Жер серіктерінен алынады.
4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: 22 маусым - солтүстік жартышарда 23,5°с.е параллельден Күн тік түсіп күннің ең көп ұзаратын уақыты - жазғы күн тоқырауы деп аталыды. 66,5°ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды ол - полярлық күн деп аталады. Ал оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5°ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды - полярлық түн болады. 23 қыркүйекте тал түсте Күннің экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жарты шарға күннің жылуы мен жарығы тең бөлінетін құбылысты күзгі күннің теңелуі деп атайды. 22 желтоқсанда оңтүстік жарты шарда күннің ұзаруы, солтүстік жарты шарда қысқаруы тоқтайды, бұл - қысқы күн тоқырауы деп аталады. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды. 21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеліп Күн тал түсте экваторда қақ төбедеден түсетін уақыт - көктемгі күн теңелу деп аталады.
Мыналарды анықтап жазып алады: полярлық күн мен полярлық түннің ұзақтығы поляр шеңберінде 1 тәуліктен полюстерде жарты жылға дейін созылады.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: қоңыржай белдеулерінде жылдың 4 мезгілі де айқын көрінеді.
5. Мыналарды анықтап жазып алады: Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 23,5° ендіктегі параллельдер солтүстік және оңтүстік тропиктер деп аталады. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлері деп аталады. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар - 1 ыстық - солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері және 2 суық белдеу - әрбір жарты шардағы поляр шеңберіненполюстерге дейін с. және о. суық белдеулер орналасқан.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Ауа массалары деген не?
2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?
3. Қандай жылу белдеулері бар?
4. Полярлық шеңбер деген не?
Оқушылардың жауаптары:
1. Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады
2. Негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) 4) Арктиткалық ауа
3. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар - 1 ыстық - солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері
4. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлері деп аталады.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§, 33, 34, 35. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №35,36
Күні: 19.01.10/18.01.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Климат. Өздерің тұрған жердің климаты.
Мақсаты:
Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру. Жергілікті жерді климатын талдау.
Дамытушылық: Физикалық және климат картасымен жұмыс істеу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Жауын-шашынды өлшеу тәсілдерін қарастыру және диаграмма құрастыру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, климат картасы
Негізгі ұғымдар:
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
-
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?
2) Жел деген не? Қандай жергілікті желдерді білесіңдер?
3) Күзгі күн теңелуі деген не?
4) Тропиктік шеңбер деген не?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Абсолют ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық - 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)
2) Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Жергілікті желдерге бриз және муссон жатады.
3) 23 қыркүйекте тал түстегі Күн экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жартышарларда жарық пен жылу тең бөлініп бүкіл планетада күн мен түн теңеледеі.
4) Жер шарындағы 23,5°солтүстік және оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер. Жазғы күн тоқырауда сорлтүстік тропикте, қысқы күн тоқырауда оңтүстік тропикте тал түсте күн тас төбеден түседі.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) 2) 3)
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Климат деген не?
2. Климаттың ендікке байланыстылығы. Климатқа мұхит пен теңізінің әсері.
3. Климатқа жер бедерінің әсері. Климатқа адамның әсері.
4. Жердің климаттық белдеулері.
5. Өздерің тұрған жердің климаты.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) 2) 3) Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат (грекше клима - еңкіш) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі. Климат элементтері - атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райы мен климат түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр.
2. Мыналарды анықтап жазып алады: Теңіздік климат ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды, жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді. Мысалы, Ұлыбритания аралдары. Континенттік климат жағдайында ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен (қысы суық, жазы ыстық,) болады, жауын-шашын аз түседі. Оған материктердің ішкі бөліктерінің (мысалы, Қазақстанның) климаты.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әр түрлі биіктікке көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әр түрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне (5 жылу белдеуін еске түсіріңдер) бөлуге негіз етіп алынған. Жылу белдеулері бір-бірінен температура мөлшеріне байланысты ерекшеленеді.
3. Мыналарды анықтап жазып алады:
Мыналарды анықтап еске сақтайды: Биіктеген сайын ауа температурасы да, қысым да азаяды. Яғни климат тау беткейінде биіктік беткейінде биіктік бойынша өзгереді. Таулы өлкенің өзіндік ерекше климаты қалыптасады.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: адамның климатқа әсерлері: орманды кесуден ылғал азаяды, ал су қоймалары ылғалды көбейтеді, отынды көп жағудан атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері артады.
4. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат белдеулерінің 4 негізгі 3 өтпелі түрі бар: экваторлық - ауа температурасы жыл бойы тұрақты 24-28°С, жауын-шашын 3000 мм; солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік - теңіздік және континенттік болып бөлінеді, қоңыржай белдеуінің жазы жылы, қысы суық, ол теңіздік және континенттік климат болып екіге бөлінеді. Полярлық. Климат белдеуі 70°с.е-тен солтүстікке және 65° о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады, оның жазы салқын, қысы суық, жауын-шашын аз түседі. Негізгі климат белдеулерінің араларын өтпелі белдеулері бөледі: субэкваторлық, субтропиктік және субполярлық (латынша суб - таяу) белдеулер.
5.Мыналарды анықтап еске сақтайды: Өздерің тұрған жердің климатының сипаттамасы 2 бөлімінен тұрады: І. Климатты қалыптастыратын себептер: 1) Географиялық ендік; 2) Жергілікті жердің мұхиттарға алыс-жақындығы; 3) Жер бедерінің жазық немесе таулы болуы; 4) Ауа массаларының әсері. ІІ. Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы: 1) Климаттың жалпы ерекшеліктері. Теңіздік және континенттік климат; 2) Ауаның температурасы; 3) Оташа жылдық жауын-шашын; 4) Жыл ішінде соғатын желдердің басым бағыттары; 4) Ауа райының қайталанатын түрлері; 5) Климаттың шаруашылық маңызы; 5) Климат сипаттамасына қосымшалар.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: оқулықтың «Атмосфера» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтардың №3, №5, №8, №11, №23 тапсырмаларды орындау.
Оқушылардың жауаптары:
№3 - 1000 м,
№5 - 5000 м,
№8 - 11%,
№23 - 1,5%.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§36, 37. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №37, 38
Күні: 26.01.10/25.01.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: №3 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Ауа температурасы мен желдің бағыты берілген кестені пайдаланып, температуаралар графигін, жел өрнегін салу арқылы дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
2 мин
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сарамандық жұмыс дәптерлерін таратады.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Сарамандық жұмыс дәптерлерін алады.
2
5 мин
Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойып, анықтамаларды тексереді.
Мұғалімнің өткен тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Анықтамаларды жатқа айтады.
3
30 мин
Мұғалім сарамандық жұмыс тапсырмаларын түсіндіреді.
1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары. Жергілікті жердің ауа райын бақылау:
1) жинақталған материал негізінде тәуліктік температураның графигін салу;
2) жел кестесінің сызба-нұсқасын құрастыру
3) Қорытындылау
2. «Атмосфера» тақырыбын қайталау. Қайталауға арналған тапсырмаларды түсіндіреді.
1) Тест тапсырмаларын орындау. Тест 30 сұрақтан тұрады
Оқушылардың сарамандық жұмыс тапсырмаларын оындаулары:
1. Өткен апта бойынша бақылаған ауа температурасы көрсеткіштерін ең алдымен кестеге жазып, осы мәліметтердің негізінде температуралардың өзгеру графигін салады.
-
Апта бойы бақыланған желдердің бағыттарын кестеге жазып, кейін осы мәліметтер негізінде жел өрнегін салады.
-
Осы жасалған жұмыстардың негізінде апта бойы ауа райына қорытынды жасайды. Әрбір оқушы өз ойын жазады.
2. Оқушылар тест тапсырмаларын қос бетке орындайды. Оындап болғаннан кейін жұмыстарын мұғалімге тапсырады.
4
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
5
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
6
Үй тапсырмасына «Атмосфера» тақырыбын қайталау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №39,40
Күні: 02.02.10/01.02.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүілік мұхит және оның бөліктері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру. «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алу. Өздері тұратын жер мен жақын орналасқан теңіздің арақашықтығын өлшеу.
Дамытушылық: Дүние жүзініі физикалық картасынан мұхиттарды, олардың бөліктерін көрсету арқылы және карта бойынша арақашықтықты өлшеу арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Гидросфера, дүниежүзілік су айналымы, дүниежүілік мұхит туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Гидросфера» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:
1) Су дегеніміз не? 2) Табиғатта су қандай күйде кездеседі? 3) Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады? 4) Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?
Жаңа тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүреді:
1. Жердегі су. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3 екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96,5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға - 1,7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0,06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2,5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
2. Табиғаттағы су айналымы. Кіші және үлкен су айналымы. Оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып табиғатағы су айналымы туралы түсінікті анықтайды: 1) Неліктен өзендер суы таусылып қалмайды? 2) Көптеген өзендер көлдер мен теңіздерге келіп құяды. Неліктен олардың су деңгейі көтеріліп кетпейді? Оқушылардың жауапатарын ала отырып дүниежүзілік су айналымы ұғымын қалыптастыру үшін арналған сызба немесе оқулық суреті қарастырылады.
3. Дүниежүзілік мұхит. Мұғалім дүние бөліктеріне тоқталып кетеді. Жер бетінің көлемі 510 млн. Км2 болса, соның 361 млн. км2-ы мұхиттарға, ал 149 млн км2-ы материктерге жататынын айтады. Әр мұхитқа қысқаша сипаттама береді.
4. Мұхит бөліктері. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында «теңіз», «ішкі теңіз», «шеткі теңіз» ұғымдарына көңіл бөледі. Кейін оқушыларға «шығанақ» пен «бұғаз» не екенін анықтап, оларды картадан табу тапсырмасын береді.
Оқушылардың жауаптары:
1) Су - түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ үнемі ағып жататын зат.
2) Табиғатта су сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі. 3) Температура өзгергенде су бір күйден екінші күйге ауысады. 4) Адам ағзасының 70%-ы судан тұрады, су - тіршілік көзі. Оқушылар мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін тыңдап отырып, ең неігзіглерін жазып отырады.
1. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3.. оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып дәптерлеріне Жер шарындағы әр түрлі сулардың мөлшерін диаграмма арқылы сызып көрсетеді.
2. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1) Өйткені оларға жауын-шашынның суы, жер асты суы қосылып отырады. 2) Өйткені бұл көлдер мен теңіздерден басқа өзендер ағып шығып мұхитқа құяды, сонымен қатар су буланып отырады.
Мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар мен мұғалім бірігіп өзендер суларын мұхитқа апарып құяды, жерге сіңген су да ағып мұхитқа қоыслады, мұны дүниежүзілік су айналымы дейді деген қорытындыға келеді. Оқушылар осы қалыптасқан ұғымның арқасында су айналымының рөлі туралы өз ойларын айтады: табиғаттағы су айналымының әсерінен тұщы су көлемі бірқалыпты болады. Үлкен және кіші су айналымын қарастырады.
3. Оқушылар Жер шарында 6 материк бар екендігімен бірге, материктерден дүние бөліктері ұғымын ажырата білуі керек. Дүние бқліктеріне, материктердің өз аумақтарынан басқа жақын жатқан аралдар да кіретінін анықтайды. Барлық дүние бөліктері 6. Олар: Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия, Антарктида. Әрбір мұхиттың қысқаша сипаттамасын жасайды: ауданы, географиялық орны, ең терең жері.
4. Осы тақырып бойынша оқушылар «шығанақ» пен «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқулықтың мәтінінен олардың түсініктемесін оқып, айтылған нысандарды картадан табу керек.
3
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар мен сұрақтар береді:
1. Кескін картаға Дүние жүзілік мұхит пен оның бөліктерін түсіру.
2. Сабақ соңында тақырып бойынша кейбір сұрақтар қойылады: 1) Үлкен және кіші су айналымдары дегеніміз не? 2) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктерін ата. 3) Мұхит бөліктерін ата. Оларға мысалдар келтір.
Ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Кейін мәтінге көз жүгіртіп, сұрақтарға жауап береді: 1) Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Ол кіші су айналымы. Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бөлігі өзенге, көлге барып қоысылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді-кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Жеге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Бұл үлкен су айналымы. 2) Дүние жүзілік мұхиттың 4 ірі бөлігі: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит. 3) Мұхит бөліктері: теңіздер: ішкі - Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі шеткі теңіздер - Саргасс, Фиджи, Кариб, Кар, шығанақтар - Мексика, Бенгаль, Гвинея, Аден, бұғаздар- Гибралтар, Мозамбик, Беринг.
4
Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта дүние жүзіндегі судың мөлшерін, континенттерді, дүние жүзілік мұхит бөліктерін, мұхит бөліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс қызықты болды.
5
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалап, оқушыларға бағаларын айтады.
Оқушылар өздерінің алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырып алады.
6
Үйге: §38-39 қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ №41, 42
Күні: 09.02.10 /08.02.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Мұхит сунының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мұхит суының температурасы мен тұздылығы жайлы білім беру. Тұздылық пен температураның мұхитттың әр түрлі аймақтарында біркелкі болмауының себептерін ашу. Оқушыларда «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары» ұғымдарын қалыптастыру. (оқушылар бұл құбылыстардың пайда болу себептерін меңгерулеріне тиіс). Оқушылардың карта және кескін картамен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту.
Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақ жоспары
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Ең алдымен оқулықтағы мәтін соңындағы сұрақтар бойынша тексеру жүргізеді. Сұрақтар мен тапсырмалардың жауаптары:
2) Қазақстан аумаңғынан Д.ж мұхитқа шығуға бола ма? 3) Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қашықтықты карта бойынша өлшеңдер. 4) Қара теңізден бастап ойша Жер шарын айналып шығатын «саяхат» жасаңдар. Өздерің сол арқылы жүретін және жақынырақ өтетін мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, каналдарды атаңдар. 5) Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар. 6) Қандай бұғаз екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады? 7) Мәтінд аталған теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды кескін картаға жазыңдар. 8) Мұхиттар кестесін толтыру.
Соңында 7 тапсырма бойынша кескін карталарын тексереді.
Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар жауаптары:
2) Қазақстан аумағынан д.ж. мұхитқа шығуға болады.
3) Павлодар облысына ең жақын Арал теңізі, ол мұннан 1240 км қашықтықта орналасқан.
4) Қара теңізден о-б-қа қарай Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне, одан Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығамын. Осыдан сол бағытта жүзе отырып, Мексика шығанағына, Кариб теңізіне өтіп, Пнама каналы арқылы Тынық мұхитына шығамын. Тынық мұхиты арқылы экватор бойымен жүзе отырып, көптеген аралдар арқылы өтіп, Үлкен Зонд аралдарынан Үнді мұхитына жүзіп шығамын. Содан Аден шығанағына жетіп, ол арқылы Қызыл теңізге жетемін. Одан Суэцк каналы арқылы қайта Жерорта теңізіне өтіп, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізіне қайтып келемін.
5) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері.
6) Беринг бұғазы
8) Тынық мұхиты: 180 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Аустралия, Антарктида, Мариан шұңғымасы - 11022 м; Атлант мұхиты: 92 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Антарктида, Африка, Пуэрто-Рико - 8440 м, Үнді мұхиты: 75 млн км2, Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида, Үлкен Зонд - 7729 м.
3
Жаңа тақырыпты географиялық диканттан бастайды:
1) материктер, 2) дүние бөліктері, 3) мұхитттар, 4) теңіздер, 5) аралдар, 6) түбектер, 7) шығанақтар, 8) бұғаздар.
Географиялық диктанттан кейін жаңа материалды игеру мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қояды: «не себептен мұхит суының температурасы экваторлық, тропиктік және полярлық аймақтарда әр түрлі болып келеді?», «мұнда қандай заңдылық байқалады?
Оқушылардың жауаптарын қорытып, экваторлық аймақты мұхит суының температурасы 28-29°С, полырлық аймақтарды 0°С көрсететінін айтады. Судың жоғарғы қабатында толқындар мен ағыстардың арқасында араласып, 100 м тереңдікке дейін судың температурасы 2-3°С дейін ғана төмендейді. Сонымен қатар оқушыларға мұхит суының температурасының маусымдық өзгерістерге де тәуелділігін айту керек. Кейін мұхит суының тұздылығы туралы айтып өтеді. Тұздылық 1 л судағы еріген тұздардың граммен алынған мқлшері, ол промилле белгісімен белгіленеді. Мұхит суында ас тұзы, темір, хлор, магний, кальций, натрий, күкірт, мыс, күміс, алтын болатындығын айтады. Мұхит суының тұздылығы ж-ш мөлшеріне, судың булануына, айсбергтердің еруіне де байланысты. Сонымен қатар тұщы су мөлшері аз қосылатын және булану күшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері көбейеді.
Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор - жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді. Кейін «соқпа тоқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп анықтайды.
Жағалауға орағыта соғатын соқпа толқын. Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі. Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс - толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн. Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі айтылады.
Ең алдымен геогграфиялық диктантқа жауап береді:
1) Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида; 2) Америка, Африка, Еуропа, Азия, Аустралия, Антарктида; 3) Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит; 4) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері; 5) Гренландия, Мадагаскар, Жаңа Зеландия, Үлкен Антиль аралдары, Жаңа Гвинея; 6) Үндістан, Аравия, Үндіқытай, Пиреней, Лабрадор, Сомали; 7) Бенгаль, Мексика, Аден, Гудзон, Аляска; 8) Гидралтар, Гудзонов, Беринг, Мозамбик.
Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді:
«өйткені экватордан полюстерге қарай күн келетін жылудың мөлшері азая береді, мұхит пен құрлық беті күн сәулесінен жылынатындықтан мұхит суы да экватордан полюстерге қарай әркелкі жылынады, яғни мұхит суының температурасы экватордан полюстерге қарай төмендей береді». Мұхит суының тұздылығын сипаттағанда оқушылар әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болатындығын білуі керек. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз - Қара теңіз, оның тұздылығы 39-40 грамға жететінін біледі.Теңізді сипаттау жоспарын жазып алады:
1) географиялық орны, 2) ішкі немесе шеткі теңіз, 3) көлемі мен жағалау сызықтары, 4) ең үлкен және басым тереңдігі, 5) тұздылығы.
Осы жерде оқушылар толқынның элементтерін мұғалімнің тақтаға салған графикалық суреті арқылы айқындап меңгеру мақсатында дәптерлеріне сызып отырады. Кейін оқушылар оқулық мәтінінен толқынның балдық шкаласы суретін тауып, толқынның күші 9 балдық шкаламен анқыталатынын өздері анықтап біледі.
Цунами (жапонша цунами - қойнауындағы үлкен су) - теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.
Мәтінді оқып, оны берілген суретпен салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын сараптайды.
Соқпа толқын - теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.
Тайфун (қытайша тай фын - үлкен жел) - Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады.
4
Тақырыптарды бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:
1) Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсір;. 2) жоспар бойынша бір теңізге сипаттам беру; 3) толысу мен қайту құбылыстарын шаруашылықта пайдаланудың сызбасын жасау; 4) Толқындардың пайда болу себептері қандай? 5) Жер шарының қандай аймақтарында цунами жиі қайталайды және неліктен? 6) Судың толысуы мен қайтуы ненің әсерінен пайда болады? 7) Соқпа толқын, тайфун деген не?
Тақырыпты бекіту тапсырмалары мен сұрақтарына жауаптары:
1) Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсіреді; 2) мысалы, Каспий теңізге сипаттама береді: а) Еуразия материгінде орналасқан; ә) ішкі теңіз; б) 396 мың ш.ш; в) 2000 м; 3) Толысу мен қайту: балық аулау, балдырлар дайындау, жануарларға жем дайындау, куат өндіру, кеме қатынасы; 4) мұхит түбіндегі жер сілкінулерінің әсерінен пайда болады; 5) 1960 ж. Анд тауларындағы жер сілкінуден туған цунами Чили жағалауларын, Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін Жаңа Зеландия жағасын, Аустралияны, Филиппин, Гавай аралдарын, Жапонияны, Куриль аралдарын қамтыды; 6) айдың тартылыс күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуы болады; 7) Соқпа толқын - теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.
Тайфун (қытайша тай фын - үлкен жел) - Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл.
5
Сабақты қоыртындылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жаууап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта мұхиттар мен теіздердің тұздылығы туралы, оларды суының қозғалысы туралы білдім. Соқпа толқын, цунами және тайфун туралы көзқарастарымыз кеңейді.
6
Оқушыларды үй тапсырмасының орындалуына қарай, сабақ үстінде көрсеткен белседіліктеріне қарай бағалайды. Бағаларын айтып, күнделіктеріне қойып береді.
Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.
7
Үй тапсырамысна: 40,41. анықтамаларды жаттау. Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беру.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ №43
Күні: 16.02.10/15.02.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Мұхит ағыстары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Ең алдымен оқушылардың дәптерлерін тексереді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды сұрайды. Қателерін анықтап, бірнеше анықтамаларды сұрайды.
Оқушылар ең алдымен дәптерлерін тексертеді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапысрмаларды тексертеді. Мқғалімнің сұраған анықтамаларын жатқа айтады.
3
Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін жаңа тақырыпқа көшеді.
Мұхитттардың кейбір жерлерінде айналадағы судан айырмашылығы бар зор ағындар өтеді. Олардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Осындай мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Кейін осы ағыстарды туғызатын - тұрақты желдер екенін айтады. Экватор маңында африканың жағалауларынан тұрақты желдер ылғи батысқа қарай соғады. Осы желдер Гольфстрим ағысын тудырады. Мұғалім оқушыларға суық ағыстардың температурасы неліктен төмен болып келеді деген сұрақ қояды.
Оқушылар үй тапсырмасын тексерткеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруін тыңдайды. Осы жерде мұхит ағыстарының анықтамасын жазып алады: мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Олар өткен тақырыпты еске түсіре отырып, байланыстыру (ұштастыру) мақсатында толқындардың пайда болу себептерін еске түсіреді.
Мұғалім Гольфстрим ағысы туралы айтқаннан кейін оқушылар жарты шарлар картасынан ағысты тауып, ол неліктен жылы ағыстарға жатады деген сұраққа жауап іздейді.сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың әр жерінде суық ағыстар да өтетінін анықтайды. Картаға қарап отырып, Гренландияның батыс жағалауларынан Лабрадор ағысы басталып, ал оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жағалауларын бойлап өтетінін сипаттайды. Оқушылар суық ағыстар басталатын жердің ендігіне баланысты температурасы да төмен болатынын айтады.
4
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк сызықтармен түсіру. Олардың аттарын жазу.
Кейін мұғалім оқушыларға неліктен Еуропаның солтүстігі мен батысында қысы жылы болып келеді? деген сұрақ қояды. Осыған жылы ағыстың қатысы бар ма? Егерде болса оны қандай фактілермен дәлелдеуге болады?
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк түспен түсіріп, олардың аттарын жазады.
Кейін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру үшін оқушылар оқулықтың мәтінімен жұмыс істейді: Еуропаның солтүстік-батыс жағалауларын (45° с.е. шамасынан бастап) Солтүстік Атлант ағысы шаяды. Ол - жылы ағыс, суының температурасы айналасындағы сулардан бірнеше градусқа жылы болады. Сондықтан осы жағалауларға жұмсақ климат қалыптастырады.
5
Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты өздері қорытындылайды: бүгінгі сабақта мұхит ағыстары туралы, бірнеше жылы және суыұ ағыстарды білдік. Кескін картаға мұхит ағыстарын түсіру қызықты болды.
6
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай және картамен жұмыс істеу сапасына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.
Оқушылар осы сабақта алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасы: §42. тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу. Номенклатураны жаттау.
Сабақ №44
Күні: 16.02.10/15.02.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Мұхит тар мен теңіздердің адамға қызмет етуі. Мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға м
Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ №45,46
Күні: 23.02.10/22.02.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Өзендер. Көлдер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көл, өзен және оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғымдарын қалыптастыру; жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға млығуы және өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру; өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру. Оқушылардың экологиялық білімдерін жетілдіруге ықпал жасау.
Дамытушылық: Кескін картаға өзендерді, көлдерді түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті
Номенклатура: Ертіс, Миссисипи, Конго, Енисей, Еділ, Амазонка, Амур, Каспий, Арал, Танганьика, Байкал, Зайсан, Бурабай, Шарбақты
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Мұғалім ең алдымен «өзен» деген ұғымға анықтама береді. Содан кейін өзеннің элементтерін сипаттайды. Ол үшін оқулықтағы «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суретін немесе тақтаға сызылған қарапайым сызбаны қолдануға болады. Содан кейін өзен жүйесіне сипаттама береді. Ол үшін мынадай сызбаны қолдану қажет: бастау, орта ағысы, оң саласы, сол саласы, көл (бастау), бұлақ, жоғарғы ағыс, сол жағасы, саға, оң жағасы, теңіз. Мысал ретінде жергілікті өзенді немесе оқулықтың мәтініндегі мысалды ала отырып бастау, сала, өзен аңғары, саға, атырау, өзен алабы, су айрықтары, жоғарғы, орта, төменгі ағысы сияқты ұғымдарды қалыптастыру қажет. Бұл ұғымдарды қалыптастыру барысында олардың ерекше, өздеріне ғана тән белгілеріне оқушылардың назарын аудару қажет. Мұнда оқулық суреті, карта, сызба суреттер пайдаланылады. Ірі өзендердің атырауы өте үлкен болады. Мысалы, Амазонка өзені атырауының аумағы 100 мың км2. Оқушыларға өзен ағысының бағыты туралы түсінік беру үшін мұғалім төмендегідей сұрақтарды пайдаланады.
- Қалай ойлайсыңдар, өзендердің ағу бағыты неге байланысты? Жазық жерде және талы өңірде судың ағысы қандай болады?
«Өзендердің суға молығуы», «су тасуы», «тасқын» ұғымдары эвристикалық әңгімелесу арқылы қалыптастырады. Бұл жерде жергілікті өзенді мысалға алып, оқушылардан мынадай сұрақтарға жауап алған жөн. Мысалы, 1) неліктен өзен көктемде тасиды? 2) қандай кезде суы азаяды? Оның себебін түсіндіріңдер.
Оқушылардың «көл» туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін оның анықтамасын береді. Көлдің өзеннен айырмашылығы - ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы - оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдер де кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдер де бар. Қазақстан аумағында қандай көлдерді теңіз деп атайтынын сұрайды. Қазақстан аумағында 48 мыңға жуық көл бар. Оның көбі Көкшетау өңірінде (оқушылар карта бойынша табады). Қазақстан аумағында Арал, Балқаш сияқты үлкен көлдер орналасқан. Ал енді, балалар, ойланып көрейік, көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады екен? Неліктен олар әр түрлі болып келеді? Жер шарындағы Байкал, Рудольф, Танганьика, Ньясса сияқты терең көлдер, сондай-ақ біөздің еліміздегі Зайсан, Бурабай, Шарбақты көлдері тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған. Ал таудың опырылуы салдарынан өзен аңғарлары бөгеліп қалған жағдайда бөген көлдері пайда болады. Көлдердің үшінші түрі - қалдық көлдер, олар - бір кездегі үлкен теңіздің бөлігі. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көлдерді жанартаулық көл деп атайды. Жазық жерлердегі өзендердің ескі арналары кішігірім көлдерге айналады. Оларды қарасу деп атайды.
Суретке қарай отырып және мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оқушылар әр өзенде арна, жайылма, террасалар, жаға болатынын ұғынады.
Кейін өзен жүйесін сипаттамасына келесі анықтамаларды жазып алады: өзен алабы ол өзеннің және оның салаларының су жинайтын жері. Атырау - өзеннің көлге немесе теңізге құятын сағалық бөлігінде өзен тасқынынан пайда болатын тармақ пен тарамдар торына тілімделген ойпат.
Оқушылар мұғалімнің мысалдарын қарай отырып, өздері карта бойынша кейбір өзендерге сипаттама беруге тырысады.
Кейін мұғалімнің қойған сұрағына жауап іздей отырып, өзеннің ағатын бағыты жер бедерінің еңістігіне байланысты екендігін түсінеді. Сонымен бірге жер бедері өзендердің ағыс сипатына одан да көбірек әсер ететінін аңғару керек. Нәтижесінде жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, ал тау өзендері жылдам, көбік шашып, гүрілдеп ағатынын айту керек.
Жергілікті жердің метериалын пайдалану оқушылардың білімді тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Бұл жағдайда, басқаша айтқанда индуктивті-дедуктивті әдіс қолданылып, себеп-салдар байланыстарын оқушылардың өздері айқындайды. Өзендер молығуының негізінен төрт көзі бар. Олар жаңбыр, қар, мұздық және жер асты сулары. Көп өзендердің қоректенуі аралас болып табылады. Олай болуына жыл мезгілдерінің ауысып тұруы және ағып өтетін ауданы әсер етеді. Жыл маусымдарына қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Өзен деңгейінің, яғни оның су мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын олардың режимі дейді - деген қорытынды айтылады. «Шоңғалдар» мен «сарқырамалар» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқушылардың тау жыныстары туралы білімдері еске түсіріледі. Оқулықтың мәтініндегі түсініктемелерді дәптерлеріне жазып, олардың зиянды және пайдалы жқтары айтылады. Оқушылар ірі сарқырамаларды картадан көрсетіп, неліктен ол сол жерде орналасқанына байланысты өз божамдарын айтады.
«Көлдің» анықтамасын жазып алады: көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі суға толған табиғи тұйық шұңқырлар.
Оқушылар мұ,алімнің сұрағына Каспий мен Арал теңіздерін атайды және олардың «теңіз» деп аталуына әр түрлі болжам жасайды. Мұнан кейін оқушылар атлас немесе картаны ашып, оларға қандай өзендер құятындығын анықтайды. Көлдердің ең терең жерлерін картадан табады және қай бөліктері тереңірек екенін анықтайды. Кейін карта бойынша Қазақстан аумағында көлдің шоғырланған жерін табады. Мұғалімнің көлдер туралы әңгімесінен кейін неліктен көлдер ағынды және ағынсыз деп аталатынын айтады. Осыған байланысты картадан ағынды, ағынсыз көлдерді көрсетеді. Көлдің батпаққа айналуын оқушылар оқулықтың суретін талдау кезінде меңгереді. Кқлдердің шаруашылық маңызы туралы оқушылардың өздері айтуы керек.
3
Жаңа тақырыпты бекіту үшін оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топ - Ертіс өзеніне, екінші топ - Миссисипиге, үшінші топ Конго өзеніне сипаттама береді. Сипаттама мынадай жоспар бойынша оындалады: 1) географиялық орны (қай материкте орналасқан, қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады, бастауы, сағасы, салалары туралы мәліметтер); 2) ағысының сипаты (таулы, жазық); 3) өзен қай кезде тасиды, қай кезде сабасына түседі; 4) өзенде сарқырамалар мен шоңғалдар бар ма? 5) шаруашылықта қалай пайдаланады; 6) экологиялық проблемалары. оқушыларға физикалық картадан Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін тауып, оларды кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.
Оқушылар мұғалімнің берген жоспары бойынша өзендерге сипаттама береді. Кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап талдайды. Қателері түзетіледі. Өзенді сипаттағанда картаның алдында жұмыс істеулері талап етіледі.
Кейін кескін картамен жұмыс ітейді: кескін картаға Еділ, Енисей, Амур, Конго, Амазонка, Миссипи өзендерін түсіреді.
4
Сабақты оқушылардың өздеріне қортындылатады. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: Бүгінгі сбақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қортындылайды: бүгінгі сабақта өзендер мен көлдер туралы, олардың түрлерін, ерекшеліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс істеу қызықты болды.
5
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.
Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.
6
Үй тапсырмасына §44,45. жоспар бойынша көлге сипаттама беру: 1) көлдің атауы, 2) географиялық орны, 3) қалай пайда болғаны; 4) ағынды не ағынсыздығы; 5) көлдің батпаққа айналу қаупінің бар-жоқтығы; 6) көлдің шаруашылық маңызы; 7) экологиялық проблемалары.
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Дәптерлеріне көлді сипаттау жоспарын жазып алады.
Сабақ №47
Күні: 02.03.10/01.03.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Жер асты сулары.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты - Оқушылардың жер асты сулары ұғымдарын қалыптастырып, негізгі анықтамаларын бере отыра, пайда болу себептері мен түрлері жайлы мағлұмат беріп, шаруашылықтағымаңызы туралы, қорғау қажеттілігі туралы білім бере отыра, географиялық көзқарасын кеңейту.
Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты - Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
Сабақ жоспары: І кезең - ұйымдастыру (3мин)
ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (12 мин)
ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)
ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)
V кезең - бағалау кезеңі (3 мин)
VІ кезең -қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, оларды тыныштыққа орнатады да, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Оқушылар сабаққа дайын отырады.
ІІ
Мұғалім үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексереді.
1. Өзен дегеніміз не?
2. Өзен бөліктерін атап, оларды сызып көрсетіңдер.
3. Д.ж. ең биік сарқырама қайда орналасқан?
4. Көл дегеніміз не?
5. Көл қазаншұңқырларының пайда болуы бойынша көлдер қандай түрлерге бөлінеді?
6. Неліктен ағынды көлдер тұщы, ағынсыз көлдер тұзды болып келеді?
7. Еуразия материгінде орналасқан, д. ж. ең ірі және ең терең көл?
Сосын мұғалім өзен мен көл атауларын айтып, оқушылар оларды картадан көрсетеді (Еділ, Объ, Енисей, Дунай, Хуанхэ, Инд, Ганг, Амазонка, Миссисипи, Ніл, Конг, Іле, Сырдария, Әмудария, Ертіс, Каспий, Байкал, Балқаш, Арал, Виктория, т.б.).
Оқушылар ең алдымен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және бір-бірін толықтырады.
Сосын картадан өзендер мен көлдерді атап көрсетеді.
ІІІ
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар оқулықтың «Жер асты суы» тақырыбының басындағы тірек білімдерін тексеруге арналған сұрақтарға жауап береді.
Содан кейін «Жер асты суына» анықтама айтылып және олардың қалай пайда болатындығына көңіл бөлінеді.
Бірінші жолы - жер асты суларының біразы атмосфералық жауын-шашындардан құрылады.
Екінші жолы - атмосферадағы су булары жерге сіңіп салқындағанда - су тамшылары айналады.
Ал үшінші жолын оқушылар өздері айтады. Оның негізгі мәні - судың өте аз бөлігі балқыған магмадан су буының бөлінуі арқылы пайда болады.
Содан кейін суды жақсы өткізетін құм, қиыршық тас, малтатас тау жыныстары көрсетіліп, олар су өткізгіш қабатын құрайтындығын айтады. Сол сияқты су өткізбейтін қабат саз, гранит, құмтас, сазды тақтатастан тұрады.
Сосын мұғалім балаларға сұрақ қояды:
1. Еспе және артезан сулар деген не?
2. Минаралды сулар қалай пайда болады?
Сонымен қатар, жер асты суларының әрекеттеріне көңіл бөлінеді. Оларды мынадай 2 топқа бөлуге болады:
1. Жер бедерінің түзілуіне ықпал жасайды. Мысалы, сырғымалар, үңгірлер, жер асты суларының әрекетінен пайда болады.
2. Жер астынан шығатын бұлақтар, өзендер мен көлдердің молығуына үлкен үлес қосады.
Оқушылар сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар жер асты суларының пайда болуының үшінші жолын өздері оқып, айтады.
Балалар оқулықтағы «Еспе және қабатаралық сулар» суретін пайдаланып, оқушылар еспе мен артезиан суларына өздері анықтама береді.
Сосын сабақтың соңында жер асты суларын неліктен және қалай қорғау шараларын оқушылар жергілікті жердің материалдарымен байланыстырып айтады.
ІV
Жаңа материалды бекіту үшін:
1. Қосымшадан тірек ұғымдар, түсініктер немесе терминдерді дәптерге жазу.
2. Жер асты суының түрлерін және олардың ерекшеліктерін бірдей цифрлармен белгілеңдер.
1 - Еспе суы 2 - Артезиан суы
3. Су өткізбейтін қабат арқылы қабатаралық су қалай өтеді?
4.Неліктен құдықтағы су таза, мөлдір, салқын болады?
Балалар барлық сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.
V
Мұғалім оқушыларды сабақта қатынасу дәрежесі және жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Оқушылардың баллдарын санайды, тиісті бағаларын қояды.
Балалар бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Үзіліске жібереді.
Үзіліске шығады.
Сабақ №48
Күні: 02.03.10/01.03.10
Сынып: 6 «А, Б»
Тақырыбы: Мұздықтар, олардың маңызы.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты - Оқушылардың «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары» , «жабынды мұздақтар» ұғымдарын қалыптастыру. Әр түрлі оқыту құралдарын пайдалана отрып мұздықтардың маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан мұздықтары бар тауларды көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.