7


  • Учителю
  • Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары

Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:12.11.2016

Пәні:география

10 класс

Сабақтың тақырыбы

Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымының формалары

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы мен басқару формалары жөнінде толық мағлұмат беру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасау Оқушыларды сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдалану, ойлау қабілеттерін дамыту. Карта бойынша жұмыс жасату, мемлекеттердің астаналарын карта бойынша көрсету және жаттату.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды сабаққа белсенділігін артады, тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдаланады, ойлау қабілеттерін дамиды. Карта бойынша жұмыс жасайды, мемлекеттердің астаналарын карта бойынша көрсетеді

Ресурстар

Дүние жүзі саяси карта, глобус, атлас, кескін карта. кесте- сызбалар,оқулық, атлас,бағалау парағы,

кіріспе

1Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, сабақ мақсатын, міндетін айту

Бүгін біз сабақта өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендерінді білу барысында Дүниежүзінің саяси картасындағы елдердің ерекшелігін, халықаралық ұйымдарды, және саяси жөніндегі білімдерін жинақтай отырып, тапсырма жұмыстары беру арқылы білімдерін тексеріледі.

Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ басшы бағалау парағына аттарын жазып толтырады.

тұсаукесер

2 Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой шақыру» өзара бір-біріне сұрақ-жауап әдісімен сабақтың тақырыбын ашу:

1. Саяси карта дегеніміз не ?

2. Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ?

3. Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ?

4. Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ?

5. Бүгінгі сабағымыздың Қазақстанмен қандай байланысы бар ?

Негізгі бөлім

«Қызығушылығын ояту мақсатында»

Географиялық жұмбақтау ойын арқылы «Елдерге саяхат» жасаймыз.

1. Жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен

1 орында.Астанасы Пекин. Бұл қай ел? (Қытай Халық Республикасы)

2. Бұл -фламенко мен фиестаның елі.олардың көпшілігі католиктер.Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)

3. Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)

4. Бұл елде өздерінің ұлттық әдет -дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)

5. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана,қыл қаламмен және тушпен көркем жазу өнері- каллиграфия,қағазбен жібекке сурет салу,өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі,ас дайындау, сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі -(Жапония)

6. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі.Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңқалдырады. ХІ ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат берді.ХҮІ ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады.Сүйікті тағамдары-макарон. (Италия)

-Бұл аталған елдер қандай елдер тобына жатады? Жоғары дәрежеде дамыған елдер «Ұлы жетілікке» кіретін елдер.экономикасы жоғары дамыған.

ІҮ. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында Топпен жұмыс. Кітаппен жұмыс.(оқушыларды топқа бөліп тапсырмаларын беру)

1-топ. Тәуелсіз мемелекеттер туралы.

2- топ. Тәуелді аумақтар туралы.

3-топ.Халықаралық ұйымдар туралы.

.«Семантикалық карта» (оқушылар берілген сұрақтарға әр тобы бойынша «+»қойып жауап беру.)

Дамыған ел

Көлемі жөнінен үлкен ел

ТМД елі

«Азия айдаһары»

Нашар дамыған

Республи-калық ел

Монархиялық ел

Бір ұлтты

Қытай

















Қазақстан

















Сингапур

















Италия

















Ұлыбритания

















Жапония

















Вьетнам

















Ресей

















Украина

























Картамен жұмыс.

1- топ

1.Дүниежүзі елдерін географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру.

2.Картаны және оқулықты пайдалана отырып, алып жатқан аумағы бойынша ең үлкен елдерді картадан тауып көрсету.

2- топ

1. АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсастығы неде ?

2.Төмендегі аталған елдердің қайсысы республикалық басқару түріне жатады Болгария, Полша, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы.

3 -топ

1. Төмендегі аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік,

территориялық құрлысы бар елдер ? Ұлыбритания,Куба, АҚШ, Франция, Үндістан, Бразилия.





қорытындылау

Қорытындылауға арналған тапсырмалар





Жасалатын жұмыс тұрі

1- топқа

2- топқа

3- топқа

1- тапсырма

ВЕНН

диограмасы

Монархия мен Республиканың ұқсастығы мен айырмашылығы

Отарлар мен Протектораттардың ұқсастығы мен айырмашылығы

ЮНЕСКО мен ФАО- ның ұқсастығы мен айырмашылығы

2- тапсырма

ауызша

Абсалютті теократты конституциялы монархиялар мен Президенттік Республикалар туралы түсініктерін ортаға салу

Мандаттық аумақтар мен Ассосациялық мемлекеттер туралы түсініктерін ортаға салу

БҰҰ қашан құрылды. Штаб пәтері, мақсаты мен міндеттері туралы сұрау

3- тапсырма

Картамен жұмыс

жүйелігі

Тапсырма шапшандық

Федерациялы, унитарлы туралы түсініктерін сұрау. Екі унитарлы.екі федеративті мемлекетті картадан көрсету

Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар туралы ойын айтып, ол елдерді картадан көрсету

ОПЕК. Мұнай ұйымының құрылу уақыты, штаб пәтері, міндеті, оған мүше елдерді картадан көрсету





бағалау

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген - 2 ұпай

Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай

Үйге тапсырма

*** Шығармашылық тапсырма.

« Егер мен туристік фирма қызметкірі болсам…». жарнама жасау бір мемлекетке қызықты саяхаттың жоспарын ұсынады.

(таңдауы боынша)



</































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал