- Учителю
- Открытый урок на тему 'Сарыарқа'
Открытый урок на тему 'Сарыарқа'
Сынып: 8 Ғ
Пәні: География
Пән мұғалімі: А.С. Мауленова
Сабақ тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сарыарқаның географиялық орны,жер бедері мен климаты,пайдалы қазбалары мен өзен торы,табиғат зоналары мен экологиясы туралы нақты білім бере отырып, географиялық байланысты аша білуге дағдыландыру.
Дамытушылқ: Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастары мен дүниетанымын кеңейту, өзара қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып ынтымақты түрде ортамен ,топпен жұмыс жүргізуді үйрету.
Тәрбиелік: Азаматтық қасиеттерді тәрбиелей отырып, оқыту арқылы қоғамға пайдалы, білімді,сұлулықты сезінетін, патриот, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: баяндау, әңгімелесу, шығармашылық сабақ.
Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың тәсілі: топпен , жеке оқушымен
Сабақтың әдісі:. Интерактивті оқыту әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас - 8 класс. Слайдтар, оқулық, интерактивтік тақта, карточкалар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка,биология
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Сарыарқа күйі ойнап тұрады
ІІ Үй тапсырмасына шолу: Солтүстік Қазақ жазығы слайды арқылы географиялық диктант, ауызша жауап беру
ІІІ. Жаңа сабақ. «САРЫАРҚА»
Мұғалімнің кіріспе сөзі: тақтада фильм жүріп жатады
Негізгі бөлім:
-
Слайд арқылы түсіндіру (Сарыарқа күйі ойнап тұрады)
-
Интерактивті тақтада Сарыарқанаң географиялық орнын анықтап, картадан орнын көрсету
-
Интерактивті тақтада сызылып тұрған Сарыарқаның орографиялық сызбасына оқушылар жер бедері атауларын толықтырып жазу
-
Топпен жұмыс:
(Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топтың нақты тапсырмаларын беру. Тапсырма нақты түрде беріледі.)
(Топтар жұмыс жасап жатқанда «Сарыарқа» күйін ойнату керек)
Әрбір топ өзінің баяндамашысын, хатшысын тағайындайды.
Топ тапсырмалары:
№ 1 топ. Жер бедері және геологиялық құрылысы
-
Сарыарқа өлкесі неден тұрады, нелер кездеседі, қалай жіктеледі, қандай аймақ?
-
Сарыарқадағы тау жоталары, биік нүктелері
-
Неліктен Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталған?
№2 топ. Пайдалы қазбалары мен климаты
-
Климатына талдау жаса
-
Ірі кен орындарын картадан көрсет.
-
Әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай деп ойлайсыңдар?
№3 топ. Өзендері мен көлдері
-
Сарыарқаның басты өзен жүйелері мен көлдері
-
Өзендері мен көлдерін картадан көрсет
-
Су проблемасының туындауын немен түсіндіресіңдер, оны шешу жолдары қандай?
№4 топ Өсімдіктері мен жануарлары
-
Табиғат зоналарын анықта, әр зонаның топырағы мен өсімдік жамылғысын талда.
-
Қорықтары мен ұлттық саябақтары
-
Неліктен «Қазақстан Швейцариясы» атанған?
Әрбір топ өз тапсырмаларын қорғайды.(презентациялау)
Қарсы топтар бір сұрақ пен бір пікір қосуға болады.
Сабақты бекіту: Нені оқыдық ?
Негізгі мәселе не?
Нені білдік?
Сабақты қорытындылау:
-
Сарыарқаны әлемдік туризм орталығына айналдыруға менің көзқарасым...........
Сабақты бағалау:
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, Сарыарқаның көрікті жерлеріне эссе жазу