7


  • Учителю
  • 'Материктер мен мұхиттар географиясы'. Ашық сабақ. 7 сынып.

'Материктер мен мұхиттар географиясы'. Ашық сабақ. 7 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Күні:

Тақырыбы: Солтүстік Америка материгін қорытындылау.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: оқушылардың Солтүстік Америка материгі бойынша алған білімдерін тиянақтап, бекіту.

2.Дамытушылық: оқушылардың географиялық ой - өрісін, танымдық қызығушылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3. Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, суреттер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.Оқушыларға Солтүстік Америка материгіне арналған өлең шумақтарын оқи келе қай материк жайлы айтылғанын сұрап, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар екі топқа бөліп, отырады. Топ басшысы сайланады. Топ басшысы топта оқушылардың жауап бергендері бойынша стикерлер беріп отырады, сабақ соңында стикерлер саналып, бағаланады.

I.Лездік сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

  1. Жер ауданы үлкендігі жөнінде нешінші орында?

  2. Ең ұзын әрі енді тау жүйесі?

  3. Ең үлкен аралы?

  4. Ең үлкен әрі терең каньоны?

  5. Ең үзын жер асты үңгірі?

  6. Ең биік ағашы?

  7. Ең биік нүктесі?

  8. Ең төмен нүктесі?

  9. Ең суық жері?

  10. Ең ыстық жері?

II. Зерттелу тарихы

Кестені толтыру

Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

Ашқан және зерттеген жерлері

Х. Колумб


Джон Кабот


Генри Гудзон

Александр Макензи


Витус Беринг

Алексей Чириков

III. Екі топтың біреуіне Солтүстік Американың жер бедері, екіншісіне пайдалы қазбалары тақырыптары беріледі, оқушылар постер құрып, қорғаулары қажет.

  1. V. Келесі бөлім материкке саяхат деп аталады. Оқушылар тақтада ілініп тұрған картадан стикер алып, стикерде жазылған нысанды картадан көрсетеді.

  2. . Семантикалық карта

Картаны оқушылар толтырады

  1. I. Жануарлар әлемінде

Оқушыларға Солтүстік америкада мекендейтін және басқа материкте мекендейтін жануарлардың суреттері беріледі. Оқушылар берілген суреттердің ішінен Солтүстік Америкада мекендейтін жануарларды тауып, олар жайлы мағлұмат береді.

VII. Әр топқа кескін карта беріледі. Бір топ материктің өзендерін, бір топ көлдерін кескін картаға түсіреді.

VIII. Тест тапсырмасын орындау.

  1. Солтүстік Америка материгі жер бедерінің 1/3 бөлігін нелер алып жатыр?

а) жазықтар

ә) таулар

б) қыраттар

в) ойпаттар

2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

а) Куба ә) Гаити

б) Баффин жері в) Гренландия

4. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м

5. Аппалач тауларында қандай пайдалы қазба кен орындары бар?

а) алтын б) уран,никель

ә) темір,тас көмір в) қалай

Бекіту кезеңінде әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, Солтүстік Америка жайлы оқып, білгендерін картадан көрсету арқылы айтып береді.

Бағалау. Бағалау кезеңінде топ басшысы стикерлерді санап, әр оқушының бағасын айтады.

Үйге тапсырма: Солтүстік Америка материгі тарауын қайталау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал