- Учителю
- Внеклассные мероприятие Жұлдызды сәт
Внеклассные мероприятие Жұлдызды сәт
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар
Қатысатын сынып: 5а
Сайыс кезеңдері:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. Дода
4. Жұмбақталған суреттер
5. Жорға
Бәйге кезеңі сұрақтары:
1-топ
1. Қазақстанның ең суы мол өзені. Ертіс
2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. Кактус
3. Компьютерде өшірілген құжаттар қайда сақталады. Корзина
4. 1. Қар жана ма? Иә. Қалауын тапса, қар жанады
2-топ
1. Ең кіші жай сан. 2
2. Әлемдегі Екінші Ұстаз. Әль - Фараби
3. Бір қазанға қандай бастар сыймайды? Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды.
4. Фонетика нені зерттейді? дыбыс, әріп, әріп айтылуы мен жазылуын
3-топ
1. Қышқыл, жасуша, метафора, квадрат - қандай сөздер? Термин
2. Кімдер бір - біріне бөле болады? Апалы-сіңлілі қыздардың
балалары
3. 10.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты тропосфера
4. «Синтаксис» грек тілінде қандай мағынаны білдіреді? құрау, біріктіру
4-топ
1. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология
2. Ең тәтті, ең ащы не? тіл
3. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?1991 ж
4.Қазақ тілінде неше септік бар? 7
5-топ
1.Дүние жүзінде неше материк бар және оларды ата.6 материк
2. Оңтүстік Астана Алматы
3. Үш биді ата. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
4. Галактика дегеніміз не? Жеке жұлдыздар тобы
6-топ
1. «Күйдің атасы» атанған қобызшы? (Қорқыт)
2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? (табиғат және тану)
3. Күн дегеніміз не? (балқылған ыстық газды дене)
4. Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
7-топ
1.Судың қасиетін ата? (ақ, түссіз)
2.Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Омыртқалы, омыртқасыз
3. Бір жылда неше ай бар? 12 ай
4. Бие сүті қала аталады? Қымыз
8-топ
1.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады. Карта
2.Сұйықтың өлшем бірлігі? Литр
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім? Тоқтар Әубәкіров
4. Құрлықтағы ең ірі жануар. Піл
II. Полиглот
1. Аққу қазсыз ............. болмас.
Көл, озеро, lake
2. Ол келсе орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды,
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды.
Жел, ветер, wind
3. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Ауа, воздух, air
4. Екі элементтен тұрады,
Жыра, шұңқыр тұрағы,
Ол болмаса әлемде
Барша тірлік қурайды.
Су, вода, water
5. Күмбір-күмбір қарағым, қартайғанша жарадың.
құлақ, ухо, eir
6. Жанды мотор сынбайды
Күні-түні тынбайды
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды.
Жүрек, сердце, heart
7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Сызғыш, линейка, ruler
8. Отыз сөзден шыққан сөз - ................ рулы елге тарайды.
Отыз, тридцать, threety
9. Ашу-дұшпан ,ақыл-.....
дос, друг, friend
10. .......жүрек айнасы.
көз, глаз, eye
11.Талдың көркі-.....
жапырақ, лист, leaf
12. ......өмір шырағы.
білім, знание, education
III. Дода.
Математика
10.Айырмашылығы тек таңбасында болатын сандар (қарама-қарсы)
20.Кез келген шаманың жүзден бір бөлігі (пайыз)
30.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
40.Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
50. Тікелей сұрақ
матем.mp4
матем-2.mp4
матем-2.mp4
матем-2 жауабы.mp4
Қазақ тілі
10. Сөз таптарын ата?
20. «Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?» Қыстырма
сөзді тап.
30. «Сарыағаш, отыз-қырық, медколледж». Бұл қандай сөздер?
40. Мәтін дегеніміз не?
50. Тікелей сұрақ.
Жаратылыстану
10. Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? /Египет/
20. Ауада ең көп кездесетін газ? /Азот/
30. Адам баласы алғаш рет отты қандай нәрседен жақты? /шақпақ
тастан/
40. Арал көліне құятын өзендер? /Әмудария, Сырдария/
50. Тікелей сұрақ.
Русский язык
1. Сколько в русском языке падежей? /6/
2. Как называется слово или сочетание слов, называющее лицо, к
которому обращена речь? /обращение/
3. И шоколадка и планета /Марс/
4. Что находится между небом и землей /Союз и/
5. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств:
восторга, удивления, страха /междометие/
1-сұрақ.mp4
1-сұрақ жауабы.mp4
2-сұрақ.mp4
2-сұрақ жауабы.mp4
Тарих
1. Тарихтың атасы? (Геродот)
2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім. (Р. Қошқарбаев)
3. 316-шы Панфилов дивизиясының басшысы, Мәскеу үшін шайқасқан батыр? (Б.Момышұлы)
4. Адамзат қоғамы туралы ғылым? (тарих)
5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды? (1723 ж.)
20160325_102209.mp4
20160325_102238.mp4
Ағылшын
10. Who teaches pupils at school. Titse
20. Сөйлемнiң аудармасы
Олар әңгiмелесiп тұрды. They stands talking
30. "Зиянсыз" сөзінің аудармасын табыңыз: Harmless
40. What is the capital of the USA. Washington
50. Тікелей сұрақ
20160325_102554.mp4
20160325_102609.mp4
-
Жұмбақ суреттер
Бір қарағанда кімді көрдіңіз? Кемпір ме, жас қызды ма?
1.Пароход өзен ағысымен жоғары ма, әлде төмен бе кетіп
барады?
2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3. Өзен осы жерінде терең бе?
4. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?
Көк шеңбердегі сөзді табыңдар.
Қазақстанның жеті кереметі
1. Таңбалы тас суреттер
Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.
2. Алтын Адам
1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.
3. Қазақтың киіз үйі
Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.
4. Домбыра
Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.
5. Яссауи кесенесі
Ясауи кесенесі
Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан - руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
6.Маңғыстау жерасты мешіті
Маңғыстау жерасты мешіті
Бекет Ата жер асты мешіті</<font face="Times New Roman, serif">- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.
7. .Астана - Бәйтерек
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда
беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде "Бәйтерек" кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
-
V. Жорға.
-
1. -оқушы.
-
1. Тудың авторы кім?
-
2. Мұхтар көбінесе кім туралы жазды?
-
3. Бір жылда неше ай бар?
-
4. Ит жеті қазынаға кіре ме?
-
5. Абайдың анасы кім?
-
6. Бие сүті қала аталады?
-
7. Батырларды ата?
-
8.Сұйықтың өлшем бірлігі?
-
9. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
-
10. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?
-
11. Абылайдың шын аты кім?
-
12. Ы. Алтынсари жазған кітап қалай аталады?
-
2-оқушы.
-
1. Елтаңбаның авторы кім?
-
2. Абай кім?
-
3. Жылдың неше мезгілі бар?
-
4. Тауық жеті қазынаға жата ма?
-
5. Абайдың әжесі кім?
-
6. Түйе сүті?
-
7. Абылайға Төле би қандай ат қойды?
-
8. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?
-
9. Қимылды білдіретін сөз табы?
-
10. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер кім?
-
11. Күннің шуағы жылы
-
Ананың құшағы жылы
-
12. Қазақстанның көрші елдерін ата?
VI. Марапаттау.
Cеребряково жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
(5 сыныптар)
Өткізген: география-биология
пәндерінің I санатты
мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.
2015-2016 оқу жылы