7


Урок по казахском языке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: География Күні 26.11.2014 жыл Сабақ 4 10 сынып Сабақтың тақырыбы Географиялық белдеулер мен табиғат зоналары. Мақсаты Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту Жұмыс нәтижесі Оқушылар геогр
предварительный просмотр материала

География

Күні 26.11.2014 жыл

Сабақ 4 10 сынып

Сабақтың тақырыбы

Географиялық белдеулер мен табиғат зоналары.


Мақсаты

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Жұмыс нәтижесі

Оқушылар географиялық белдеулері мен табиғат зоналарының орналасуын және өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы туралы білімді өз беттерімен меңгереді

Сілтеме

География 10 сынып Алматы «Мектеп»2014 $ 15 75-78 беттер

Негізгі идеясы

Географиялық белдеулер мен табиғат зоналары жайлы жалпы деректер туралы толық ақпарат жинау

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

Оқуды және оқыту үшін бағалау;

АКТ-ны қолдану;

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Ресурстар

Флитчарт, түсті қағаз, маркерлер, оқулық, компьютер, проектор, желім, стикерлер, карта.

Сабақ барысы

Кезеңдері

1.Ұйымдастыру: топқа бөлу, білімдерін жинақтау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

  2. Географиялық нысандармен топқа бөлу

Оқушының іс-әрекеті

1. Географиялық нысандармен топқа бөлінеді

Білу, түсіну.

Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып жаңа ақпаратты игеру

1.Сынып ішінде белгіленген үш оқушының білім алу үрдісіндегі іс-әрекетін сырттай бақылайды.

2.Уақытты қадағалайды .

3.Топтардың жұмыс нәтижелерін тыңдайды.

4. Топ арасындағы байланысты назарда ұстап, үнемі байланыс болуын қамтамасыз етеді.

Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

1.Географиялық қабық дегеніміз не?

2.Оның қандай құрамдас бөліктері бар?


3.Географиялық қабықтың заңдылықтарын ата?


4.Ландшафт дегеніміз не ?


5.Табиғат кешені дегеніміз не?


6. Географиялық қабық туралы ілім қай қай ғасырда қалыптасты?


7.Географиялық қабық терминін алғаш енгізген кім?

1.Оқушылар тапсырманың мәнін түсіне отырып, жаңа білім мазмұнын игереді.

2. Уақытпен санасады.

3. Топ жұмысын дайындайды, қорғайды.

4. Әр топ бір-біріне пікір айтып, толықтырулар енгізеді.

Қолдану:

Кітаппен кескін картамен жұмыс.

«Ой шақыру»

Оқулықпен жұмыс

«ЖИГСО» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау

1-топ: Арктикалық және арктикалық шөлдер,тундра,орманды тундра

2-топ: Орман зоналары,орманды дала,дала

3-топ: Шөлейт, шөл,саванна,субтропиктік орман зоналары

4-топ:Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар,биіктік белдеулік. Топтағы оқушыларға жаңа тақырып тарауға бөлініп беріледі..


Кескін карта жұмыс жасайды. Оқушылар «Жигсо» әдісі бойынша оқулық мәтінімен танысып, өз топтарына кезекпен түсіндіреді.Берілген тапсырманы топта орындайды.Жұппен жұмыс жасайды және оз ойларын сыныппен бөліседі.


Талдау.

Табиғат зоналарына сипаттама беру.


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін пайдалану арқылы тапсырма беріледі.


Топтарға берілетін тапсырмалар.

1.Табиғат зоналары тек солтүстіктен оңтүстікке ғана емес ,сонымен қатар батыстан шығысқа қарай да бір-бірін алмастырады.Бұл құбылыс қай материкте байқалады?Себебі неде?

2.Құрлық пен мұхиттағы табиғат кешендерінің құрамбөліктерінеде айырмашылықтар бар ма?Қандай жердің табиғат кешендері неғұрлым алуан түрлі болады?

3.Тауға көтерілген сайын топырақ,өсімдік және жануарлар дүниесі не себепті өзгереді ?Биіктік белдеулері қай тауларда көп қай тауларда аз болады?

4.Егер адамдар орманды жойып жіберсе,онда табиғат кешенінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?Орман ағаштарының табиғатқа қандай әсері бар?


Берілген тапсырманы топта орындайды.Жұппен жұмыс жасайды және оз ойларын сыныппен бөліседі.

Жинақтау. Алған білімнен шешім қабылдауға үйрету, ойын қорғауға үйрету.

«Ой түйін»


1.Жер шарында климаттық белдеулердің қалыптасу .... байланысты
А) Жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне.
В) Қысымның таралуына.
С) Жауын-шашынның таралуына.
D) Ауа қозғалысына.
Е) Жердің өз білігінен айналуына

2. Ең ірі табиғат кешені
А) Материктер В) Мұхиттар С) Аралдар
D) Географиялық қабық Е) Теңіздер

3.Литосфераның жоғарғы, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан табиғат кешені
А) Атмосфера. В) Гидросфера.
С) Географиялық қабық. D) Биосфера. Е) Литосфера.

4.Географиялық қабықтың маңызды заңдылықтары
А) Тұтастығы, зат айналымы.
В) Зат және энергия айналымы.
С) Ырғақтылығы мен зоналылығы.
D) Зоналылығы, тұтастығы,
Е) Тұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы, зоналылығы.

5.Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері
А) Таулар. В) Жазықтар.
С) Материктер мен мұхиттар. D) Теңіздер.
Е) Антропогендік табиғат кешендері.

6.Адам әрекетінің ықпалымен қалыптасатын табиғат комплекстері:
A) Ландшафтық B) Антропогендік
C) Мұхиттық D) Жазықтық E) Таулық

7.Адам әрекеті нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері:
A) Биогендік B) Неогендік
C) Антрогендік D) Органогендік E) Палеогендік

8.Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы:
A) Судың булануы B) Желдің соғуы
C) Күн мен түннің ауысуы D) Мұздардың еруі
E) Өсімдіктердің өсуі

9.Температура жағдайы, ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлары бір-бірімен байланысқан ірі табиғат кешені
А) Климаттық белдеу. В) Жазықтар.
С) Таулар. D) Табиғат зонасы. Е) Ормандар.

10.Таулардағы табиғат зонасының алмасуы ... деп аталады
А) Биіктік белдеулік В) Таулы зона
С) Ендік зона D) Тауларда табиғат зоналары болмайды Е) Табиғат зонасы.


1.Сұраққа жауап беріп, алған білімін жинақтайды.

1.а

2.д

3.с

4.е

5.с

6.в

7.с

8.с

9.д

10.а

Бағалау.


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Деректер арқылы ойын жеткізуі

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі.


Деректермен жұмыс жасай алады.


Деректер бар, толықтыруды қажет етеді





Оқушылар тапсырманың нәтижесін өзара салыстыра отырып өз жұмысын бағалайды

ІІІ.Үйге тапсырма

. Географиялық белдеулер мен табиғат зоналары



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал