- Учителю
- Разработка урока по географии на тему 'Аустралия Одағы' 7- класс
Разработка урока по географии на тему 'Аустралия Одағы' 7- класс
Сыныбы: 7 «А» Күні: 15.12.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: §56 Аустралия Одағы.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік - Оқушыларға Аустралия Одағының физикалық-географиялық орны, табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім беру.
Ә) дамытушылық - географиялық білім берудің әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, талдау жасау, қорытындылау, себеп-салдарлы байланыстарды айқындау біліктіліктерін дамыту.
Б) тәрбиелік - Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайын, табиғат қорларын, халқын оқыта отырып, өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, иллюстративті-түсіндірмелі, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық карталар, кеспе-парақтары, кесте, карта қиындылары, бейнематериалдар, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу;
Ә) Кезекші мәліметі бойынша оқушыларды түгелдеу;
Б) Сынып ахуалын ретке келтіру.
В) Оқушыларды 3 топқа бөлу, топ басшысы мен ұранымен танысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
§ 55 Табиғат зоналары.
-
Кескін картамен жұмыс.
-
Шығармашылық тапсырма: Аустралияда ғана кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұмат жинап келу.
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру:
-
Үлестірмелі кеспе-парақтарымен жұмыс.
Сұрақтар:
-
Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?
-
Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?
-
Скрэб дегеніміз не?
-
Ол қандай табиғат зонасына тән болады?
-
Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?
ІV. Жаңа сабаққа даярлық:
Дүниежүзінің саяси картасынан Аустралия Одағының географиялық орнын анықтау.
V. Жаңа сабақ:
§56 Аустралия Одағы.
Үш топ мәтінді 3-ке бөліп, оқып, түсінгендерін плакатқа түсіреді де қорғайды.
І топ: Аустралия Одағының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары.
ІІ топ: Аустралия халқы, климаты, ішкі сулары.
ІІІ топ: Аустралияның өсімдіктері мен жануарлары.
VІ. Сабақты бекіту:
-
Картамен жұмыс:
Үш топ берілген карта қиындыларын біріктіріп, сол картамен жұмыс жасайды.
І топ: Аустралияның шекарасын сызып, жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды жазып, шеткі нүктелері мен астанасынын түсіру.
ІІ топ: Аустралияның ең биік және ең төмен нүктелерін және пайдалы қазбаларын түсіру.
ІІІ топ: Аустралияның ең төмен және ең жоғары изотермаларын түсіру.
VІІ. Сабақты қорытындылау:
-
«Иә»-«Жоқ» кестесімен жұмыс.
Аустралия материгін бір ғана ел алып жатыр.
Қазіргі кезде Аустралия Одағы халқының саны 32 млн-нан асады.
Материктің байырғы халқы халықтың 1%-ын ғана құрайды.
Аустралия Одағы - экономикасы жағынан артта қалған ел.
Аустралия меринос қойының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.
Аустралияның елтаңбасында кенгуру және киви бейнеленген.
VІ. Бағалау, үйге тапсырма:
-
Оқушыларды тиісті бағалау;
-
Үйге тапсырма:
«Егер мен туристік фирма қызметкері болсам...» Аустралияның туристік нысандарына жарнама даярлау.