7


  • Учителю
  • Документ по географии на тему Географиялық белделер және табиғат зоналары (6-класс)

Документ по географии на тему Географиялық белделер және табиғат зоналары (6-класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 19.04.2016ж

Пәні: География

Сыныбы: 6А

Сабақ № 58/2

Сабақ тегі: №6

Тақырыбы: Географиялық белдеулер және табиғат зоналары

Мақсаты:

Б. Географиялық белдеулер, оның саны мен түрлері және әр белдеудің өзіндік ерекшеліктері туралы білім беру; Табиғат зонасысы мен оның орналасу ерекшліктеріне байланысты бөлінуі туралы мағлұмат беру.

Д. Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.

Т. Табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік,Венн диаграммасы арқылы салыстыру, кластерлеу, сәйкестендіру, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ойын, картамен жұмыс, иентербелсенді тақтамен жұмыс т.б.

Көрнекілігі мен жабдығы: Дүние жүзінің физикалық картасы, тақырыптық карталар, оқулық, жұмыс дәптері, кескін карта, атлас, Венн диаграммасы, үйлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, презентация т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Түгелдеу. Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау. Жақсы көңіл-күй атмосферасын қалыптастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Сұрақ-жауап

1. Табиғат компоненттері дегеніміз не?

2. Табиғат кешені дегеніміз не?

3. Жер шарындағы ірі табиғат кешендеріне нелер жатады?

4. Құрлықтағы табиғат кешендерін атап бер.

5. Мұхиттаға табиғат кешендерін ата.

6. Географиялық қабық дегеніміз не?

7. Табиғат компонентіне адам жатады ма?

8. Себебін түсіндір.

Ә) 1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Карточка №1

Атмосфера қандай қабық?



Карточка №2

Гидросфера қандай қабық?



Карточка №3

Биосфера қандай қабық?



Карточка №4

Литосфера қандай қабық?

2. Венн диаграммасы . Табиғат кешендерін салыстыру

Құрлық Мұхит



























Б) Суреттік диктант

Бірінші бағанада берілген суреттерді қай географиялық қабыққа сәйкес келетіндігін анықтау.

ІІІ. Хабарлау

Интербелсенді тақтада Дүние жүзінің климаттық белдеулер картасы және Қазақстанның табиғат зоналары картасы көрсетіледі. Оқушылар карта бойынша жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақтың мақсатын хабарлайды.

IV. Жаңа сабақ

А) Презентация арқылы сабақ түсіндіріледі

Ә) Мәтінмен жұмыс

Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келіп және солардың атымен аталады. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді.

Географиялық белдеу - Жердің географиялық қабығындағы ең ірі табиғат кешені. Ол ендік бағытта созылып жатады. Әр географиялық белдеу өсімдіктер, жануарлар дүниесі және климатымен ерекшеленеді.

Жер шарында (құрлықта да, мұхитта да) 7 негізігі және 6 аралық белдеулер бар. Негізгі географиялық белдеулерге экваторлық (1), тропиктік(2), қоңыржай (2), полярлық(2) белдеулер жатады. Жердің жоғарғы ендіктерінде негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады (өтпелі белдеулерге «суб» (лат.-кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады). Өтпелі белдеулер: Субэкваторлық белдеу - экваторлық пен тропиктік белдеулер араолығында, субтропиктік белдеу- тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеу аралығында, субполярлық белдеу - қоңыржай белдеу мен полярлық белдеу аралығында.

Ендік бағытта температурасы, ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болатын ірі табиғат кешені табиғат зоналары деп аталады. Олар ендік зоналық, биіктік белдеулік және мұхиттағы зоналық болып бөлінеді.

V. Білім бекіту.

А) Дәптермен жұмыс

Ә) Сұрақ-жауап

1. Географиялық белдеу дегеніміз не?

2. Географиялық белдеулер нешеге бөлінеді?

3. Негізгілерін атап бер

4. Өтпелі белдеулерге қайсысы жатады?

5. Табиғат зоналары дегеніміз не?

6. Ендік зоналықты қалай түсінеміз?

7. Биіктік зоналыққа нелер жатады?

8. Мұхиттаға зоналық қалай байқалады?

Б) Сәйкестендіру тесті (жұптық жұмыс)

Экваторлық белдеу мен тропиктік белдеу

аралығында орналасқан белдеу





Субполярлық белдеу

Тропиктік және қоңыржай белдеулері ара

лығында орналасқан белдеу



Негізгі белдеу

Субэкваторлық белдеу ол -

Субэкваторлық белдеу



Полярлық және қожыржай белдеулері ара

лығында орналасқан белдеу

Субтропиктік белдеу



Экваторлық белдеу ол -

Өтпелі белдеу



В) Кластерлеу (топтық жұмыс)



</













































































VІ. Сергіту сәті

«Ең, ең ең» ойыны

VІІ. Сабақ қорытындысы

Мен ................ білдім

Маған ................. қызықты болды

Маған .................. қиын болды

Мен ................ тапсырма орындадым

Мен ................. түсіндім

........ менің өміріме пайдасы тиеді

VІІІ. Үй тапсырмасы

§54 оқу, түсінігін айту, кескін картаға климаттық белдеулерді түсіру

ІХ. Бағалау

Оқушылардың үй тапсырмасын орындалуы мен сабаққа қатысуын бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал